Ал бақыт дегеніміз ең алдымен, адамды сүю, Отанды сүю, солардың игілігі үшін жан аямай еңбек ету болып табылады



Дата11.12.2021
өлшемі12,3 Kb.
#99154
Байланысты:
Оқушыға хат


Оқушыға хат.

«Азамат болу - парызың». Иә, бұл баршамызға айтылған сөз. Ол еңкейген кәріге де, есейе бастаған жасқа да тән. Осыған орай, әрбір азаматтың алға қойған мақсаты болады.

Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда, бақыт кілті - әр адамның өз қолында.

Өмір жолы оңай жол емес. Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақта сол сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп-жұлып күн көру – адамгершілік жол емес.

Ал бақыт дегеніміз – ең алдымен, адамды сүю, Отанды сүю, солардың игілігі үшін жан аямай еңбек ету болып табылады.

Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиеттеріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек. Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстың ұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір демалады...» деген екен. Ал сол демалудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек.

Жас кездегі басты міндет – білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы ғана апарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді болсаң да, оған қанағат етпей, білген үстіне біле берген жөн.

Өмірдегі ең жаман әдеттерінің бірі – табысқа масаттану, менменсу. Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі.

Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты жарамсыз қылықтар адамды тұрпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады. Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейілділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.

Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәніне түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі.

Өмір жолы жеңіл емес. Бұл жолда кедір – бұдыр да болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, өзіңді-өзің ілгеріге тарту – адамшылық парызың.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,



Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деген Абай сөзін естен шығармаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет