Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі.«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары



бет5/10
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#141815
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
алаш
Ізбасова Альбина Фко-202, Берілген а параттарды «а и ат не жал ан» екендігін аны тап, жал, pdf24, «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер, HTML ТЕГТЕРІ, фо 5 естествознание, document, Үлгілік оқу бағдарламасы жаратылыстану 2022-2023

Педагогика саласында тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Бірақ М.Жұмабаев төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабы мен сұранысынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды айтарлықтай өзекті мәселе болмаса керек.Ол осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…» – деген тұжырымдар арқылы М.Жұмабаев тәрбиенің мақсатының маңыздылығын ерекше айқындап бередi.Жұмабаев М. Өзінің «Педагогика» оқулығын 5-ке бөледі. Олар:1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді.2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.3.. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді.4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек.5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет