Алашұлы. –Алматы: «Өлке», 2011. 239 бет



бет5/5
Дата14.11.2016
өлшемі4,15 Mb.
#1695
1   2   3   4   5

Сәруар ҚАМАЕВА,


филология ғылымдарының кандидаты,

ақын

СЫРЛЫ СӨЗДІҢ САРДАРЫ


Кеше ғана ортамызда әдебиет әлемін шарлап, сөздің сыры мен сынын, ойы мен қырын барлап жүрген академик аға Рымғали Нұрғалидың дүниеден озғанына үш айдың жүзі болыпты. Өзі жоқ деп, көзі жоқ деп, уақыт шіркін тоқтап тұрсын ба?! Жетпей қалған 70 жасты жеткізіп-ақ тастады. Жүрекке рухани нұр құйып, өзінде бар терең білім, кемел ғылыммен жан-жағына сәулесін шашып жүретін жан еді. Бір ауыз сөзбен мақтауыңды жеткізіп, бір ғана сөзбен сынын да өткізіп қоятын ерекше қасиеті бар адамның 70 жасына арнап не жазсам, қалай жазсам деп көп ойландым. Алдымен, асқаралы 60-тың асуындай болған «Айғақ» кітабын ақтардым. Парақтай отырып, өткенді сабақтай отырып түйгенім – ғалым ағаның замандастары мен қаламдастары ол туралы көсіліп сөйлеп, шешіліп айтып, ғылыми-зерттеу еңбектеріне жан-жақты талдау жасап, таразылапты.

Келесі кезекте қолға алғаным – өз қолтаңбасымен берген бір томдық «Сырлы сөз» әдеби сын, зерттеулер жинағы. Оны да біраз шолып қарап шықтым. Мен айтар ештеңе қалмаған сияқты. Қолыма қалам алып, ойланып отырған сәттерімде ғалым аға өзі тірі кезіндегідей сырбазданып, сынай қарап, «Өлең жазудан қиын болып тұр ма?» дегендей болады.

Әрине, қазақ халқының біртуар перзенті, дарқан дарын иесі, бірегей ғалым, ғұмыр бойы Алаш туын көтеріп келген қайраткер, жазушы, академик Рымғали Нұрғали туралы жазу қиынның қиыны.

Алаш туын биіктете жүріп, өзі де Алты Алаштың ардағына айналған адамның бойындағы орасан зор намыс, күш-жігер, өз ұлтына, халқына деген шексіз сүйіспеншілігіне таң қаласың. Таңдана отырып, бұл қасиеттердің бәрі кешегі ұлылар өткен, Абай, Мұхтар туған топырақтан дарыған деген ойға келесің, бұл заңды да. Осы бір ой төңірегінде «Сырлы сөзбен» сырласа отырып, осы заңдылықтың екінші бір қырын танығандай болдым.

Кітаптың кіріспесі «Парасат» журналының тілшісімен сұхбаттан басталады. Тілшінің отбасы, ата-анасы жайлы сұрағына:

- Әкем Нұрғали Байзолдаұлы (паспорт бойынша Файзуллин) шындығында 1897 жылы Қарқаралы уезінің Дегелең болысында туса керек. Екі нөліне қызығып документімді 1900 жылы туған деп өзгертіп алғанмын деп күліп отыратын. Ұзақ өмір сүрді, тоқсанның жуан ішіне кіріп, 1991 жылы тамызда дүние салды. Семейдегі бес кластық қалалық училищені бітірген, 1916 жылы тыл жұмыстарына алынған, алғашқы кеңестік болыстардың бірі. Қарқаралы ауданындағы алғашқы совхоз директоры. 1937 жылы халық жауы деп айыпталып, сотталып, 1939 жылы М.И. Калининнің араласуы бойынша босатылған.

Абыралы, Шар аудандарының атқару комитеттерінің төрағасы, Егіндібұлақ, Шұбартау аудандарында жауапты қызметтер атқарған. Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтермен Семейде бір мезгілде оқыған, әр кезде Әлиханды, Ахметті, Міржақыпты көрген, дастарқандас болған, сөздерін тыңдаған. Қажымұқан ауылдастары Сапарғали Бегалин, Жүсіпбек Елебековтермен дос болған, көзі қарақты адам еді. Менің қазақ тарихына, Алаш азаматтарына деген көзқарасым өз әкемнің ықпалымен қалыптасты деп жауап берген.

Сөйтсек, сөз сардарының алашшыл рухы мен ұлтшыл намысы әкеден балаға мирас болып қалған, жастайынан бойына сіңген қасиет екен.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің арыстары ақталып, тарих төріне қайта оралған кезде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов мұраларының халқымен қайта табысуына мұрындық болып, жан-жақты талдау жасап, алғы сөз жазуы соның айғағы дер едік.

Осы ұрпақтар сабақтастығының жүйесін ғалым аға «Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген азаттық идеясы» атты еңбегінде («Сырлы сөз». Алматы: Жазушы. 2000 ж. 13-бет) былай көрсетеді.

«Совет дәуірі әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бәрі де Алаш ұранды әдебиет шығармаларымен ауызданған, жазу-сызудың әліпбиін солардан үйренген. Желісі үзілмеген жеке адамдар арасындағы ұстаздық-шәкірттік, ағалық-інілік, туыстық бауырластық қарым-қатынастар қаншама. Мағжан мен Сәкеннің Омбы семинариясында қатар оқуы, Жүсіпбек пен Мұхтардың «Абай» журналында бірге істеуі, Смағұлдың Әлімханға күйеу бала болуы, Ахметтің Смет Кеңесбаевты, Жүсіпбектің Мәулен Балақаевты, Мағжанның Бейсенбай Кенжебаевты оқытуы – Алаш қозғалысы рухын кейінгі ұрпақпен жалғастыратын мың сан тамырлар».

Өзі айтып кеткен «мың сан тамырдың» тереңінен сыр тартқан сырлы сөздің сардары, Рымғали Нұрғалидың адамдық қалпы мен азаматтық бейнесін айқындайтын белгілер әрі қарай былай тарқатылады.

Сұхбат «Отбасы», «Мықты мектепте оқыдық», «Буын сипаты», «Аспирантураға неге қабылдамады», «Екі рет қорғалған диссертация», «Ленин сілтемесінің әлегі», «Үмітсіз сайтан», «Қазақша білу» деген тақырыптарға бөлінген. Әр тақырыпта, әр жауапта сырлы сөздің астары, өмір жолдарының қатпары жатыр. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесі, бабалар аманатына адалдықты, биік парасатты көрсететін «Қазақша білу» бөліміндегі тілші сұрағы:

- Отыздан аса кітап шығарыпсыз. Сол еңбектеріңізді балаларыңыз қазақша оқи ала ма? Дәл айтқанда, ұрпағыңыз қазақша сөйлей ме, жоқ па?!

- Мен жетпісінші жылдары қазіргі Қаз дауысты Қазыбек көшесінде Ә. деген генералмен көрші тұрдым. Сол кісі айтты: «Балаларыңның келешегін неге ойламайсың? Қазақша оқытпа, ертең түкке жарамайды»,- деді. Қазақ генералының түсінігі сондай болған заман да өтті. Құдайға шүкір, төрт баламның бәрі де Алматыдағы №12 қазақ орта мектебін бітірді (Рабиғамен бесеу). Немерелерімнің тілі де қазақша шыққан.

Тегінде қазақтан қазақша білесің бе деп сұрауды оны қорлау деп түсіну керек,- дейді.

Туған тілдің тұғырлы болуына сөзбен ғана емес, ісімен де ықпал еткен, ұрпағының қазақша сөйлеуін аталық, әкелік парызы санаған ғалым ағаның ашына айтқан ой нысанасы бүгінде ана тіліміздің төңірегінде туындап жататын түрлі пікірлер мен шешуі табылмайтын түйіндерге сілтеме, соққы тәрізді. Енді бірде кітап шығарудың қиындығы туралы ой-толғауларында көрген қиындықтарын саралай келе, «уақыттың мінезі» деген тіркесті қолданыпты.

Сол уақыттың мінезімен күресе беріп, қозғалыс көшіне ілесе келіп халқының қайраткер ұлы кешегі 60 асқан абыз жасында: «Біз көреміз бе, көрмейміз бе, ол алланың қолындағы іс, бірақ заман жақсарады, дүние оңалады, дәулет келеді, бақ қонады,- деген сенімсіз өмір сүруге болмайды, өйткені үмітсіз сайтан»,- деп ой түйген екен. Бүгінде сол үміт пен сенімге серік болып жүрегімізде жылы сөзіңіз, жарқын бейнеңіз қалды, аға,- дегім келеді.



Арилана ЖАМАНКОЗОВА,

кандидат филологических наук,

доцент

ХУДОЖЕСТВЕННО-ЭСТЕТИЧЕСКОЕ ЗНАЧЕНИЕ ЦИКЛА РАССКАЗОВ РЫМГАЛИ НУРГАЛИ «НЕОКОНЧЕННАЯ ТРАГЕДИЯ»

В 1949 году вблизи сел Абай, Кайнар, Абыралы Семипалатинской области впервые взорвали водородную бомбу. В 1989 году Семипалатинский ядерный полигон был закрыт. 40 долгих и трудных лет проводились испытания ядерного и водородного оружия на территории Казахстана; в месте, где выросло не одно поколение людей, родине Абая. Трагическое величайшего заблуждения, конфликт воли человека и природы породили экологическую катастрофу.

Об экологической катастрофе и вытекающего из него трагизма жизни написано достаточно произведений. Это роман-дилогия А. Нурпеисова «Последний долг» о высыхании Аральского моря, цикл рассказов Р.Нургали «Неоконченная трагедия» о последствиях Семипалатинского ядерного полигона, триптих Ж.Елшибека «Судьба моря» о Балхаше, роман Б.Тлегенова «Қара жел». По мнению исследователя Р.А.Досмахановой «В отмеченных произведениях встречаются факты вынужденного переезда людей с опасных для жизни и здоровья родных мест. Можно оставить годами насиженные места. Но нельзя убежать от себя, вырвать память и привязанность к малой родине. Вот и мучаются герои произведений разных авторов об одном и том же: что будет с родной землей? Что ожидает человечество завтра? Монологи – откровения героев, чувствующих трагедию окружающей природы как свою личную беду, воспринимающих драму природного мира как собственную боль, их отчаянные риторические вопросы («Что делать?», «Кто виноват?») – это разноликое многоголосие человеческих переживаний сливается в единый душевный крик, вопиющий о дне грядущем» [1, 46].

Замечательный писатель и известный ученый Р.Нургали одним из первых поднял экологическую проблему до уровня трагического восприятия и освещения. Цикл рассказов «Неоконченная трагедия» поражают силой и глубиной писательской мысли. В небольших по объему произведениях трагическое выступает основной движущей силой, через боль и страдания героев читатель поднимается до уровня трагического осмысления происходящих событий. Так, в рассказе «Қылмыс» («Преступление» - перевод наш, Ж.А.Т.) автор выносит в название главный смысл. Глубоко символичное заглавие настораживает читателя, заставляя думать о судьбе не только одного маленького аула, но и всего народа. Р.Нургали подходит к проблеме с позиций народной судьбы: «Осы бейбіт тіршілікті кенет бұзып, бұл атырап естімеген ғаламат жойқын қуатпен бұрқ ете түскен, жерді сілкілеп, аспанды тітіркенткен, кісі көзі қарай алмайтындай қып-қызыл дөңгелек от шығарып, ол саңырауқұлақ болып көкке көтеріліп, қорыққан, зәресі ұшқан тіршілік атаулының жандарын қоярға орын таптырмай, құт-берекелерін алып, зәрелерін ұшырып, бірін-бірінің бауырына тығып, бүрістіріп жүректерін ауыздарына келтіріп, қол-аяқтарын дірілдеткен зұлматты құдіреттің аты, осы атыраптың қазіргі буын, келер ұрпағының қасіретінің аты – сутегі бомбасы еді» [2, 5]. Страх, отчаяние, страдание и беспомощность перед надвигающейся трагедией аула – это боль за судьбу всего казахского народа, который подвергся угрозе извне. Нарушен привычный уклад жизни, традиции, заботы простого труженика. Небольшой аул Абралы оказался на грани полного исчезновения. Неслучайно, бабушка Кульшим, словами которой говорит многовековая мудрость, советует брать в дорогу только самое ценное: седло, бесик и домбру. Эти вещи стали символом сути казахов. Они были и остались основой, непреходящей ценностью народа, характеризуя его смысл: «Айтпақшы, ана ер-тоқымдарды, бесікті, домбыраны қалдырмаңдаршы. Болды, осы екі-үш тең жетіп жатыр» [2, 5]. Седло – это мужчина, хозяин, продолжатель рода и традиций дедов, опора и сила семьи, рода, народа. Бесик – дети, будущее казахов. Домбра – дух, гордость, история и культура народа. Домбра воспевала силу и независимость людей, домбра взывала к подвигам во имя будущей жизни, домбра помогала сохранять человеческое в человеке.

Для усиления мысли автор вводит трагические детали в ткань повествования. Это – колбаса и консервы, с удовольствием и с удивлением поедаемые детьми, ничего не подозревающими о надвигающихся ужасах последствий ядерных испытаний. Это – 50 рублей на семью в качестве моральной компенсации за вынужденный переезд. Это – вера бабушки Кульшим в государство и власть, которые решили проводить испытания в этом месте. Это – привыкшие к взрывам дети. Контрастом проходят картины ядерного гриба и играющих детей. И только тяжелые мысли стариков аула, словно трагические предчувствия надвигающейся беды, становятся предвестником тяжелых испытаний. Потеря малой родины – что может быть страшнее для человека? Земли, где выросло не одно поколение людей, где не прерывалась связь людей и корней, священных родных мест! Р.Нургали пишет: «… үлкендер көздері суланып, атамекен, бабалар зираты, өскен-өнген топырақ – бұлардан айырылып қалай күн көруге болады...» [2, 5]. Невозможность быть похороненным на родной земле, разрыв с корнями, насильственное вырывание памяти – составляют трагическое в рассказе. Абыралы – богатое, дружное и сильное место, где прожило не одно поколение людей и которое стало колыбелью мудрости и добра, теперь забывается людьми: «Бірте-бірте Абыралы деген ат ұмытылып, оның кезінде бай, іргелі, берекелі елді мекен болғанын біреу біліп, біреу білмейтін күйге түсті» [3, 5]. Писатель завершает повествование риторическим вопросом. 15 лет на поверхности земли и 25 лет под землей проводились взрывы водородной бомбы. Неизвестно, от этого или по другой причине, но в маленьком селе Кайнар увеличилось количество умерших людей от рака, белокровия, полоумных детей от рождения, а также показатель суицида среди местного населения.

В рассказе «Полковник Кашкин, студент Асанов» Р.Нургали раскрывает трагический конфликт с новых позиций. В центре повествования трагические судьбы умных людей. Еще А.Шопенгауэр отмечал, что гений страдает больше и глубже всех. Человек наделен разумом, аполлоническое начало (Ницше) не может мириться с несправедливостью или злом. Полковник Кашкин понимает всю нелепость и трагичность ситуации; испытания ядерного оружия – преступление над живыми людьми. В нем закономерно борются аполлоническое и дионисические начала; человек создал ядерное оружие для развития цивилизации, но человек теперь сам стал испытуемым, жертвой своего открытия, завися от внешней, хаотической силы. Так, полковник Кашкин говорит: «Адам баласы жер бетіндегі тіршілікке, цивилизацияға қауіп төндіріп тұрған тажал қаруды өзі ойлап тауып, енді содан қалай құтылуды өзі білмей екіұдай жарылған, дал болған шақ бұл» [3, 5]. Герой рассказа выступает как образованный, умный, думающий герой. Понимая, насколько опасна для народа работа ядерного полигона он, тем не менее, не может открыто выразить свою позицию. К сожалению, полковник Кашкин становится узником системы. Но герой не может смириться с этим, поэтому и уезжает в Ригу. Студент Асанов, талантливый молодой казах, который мог бы стать цветом нации, интеллектуальной элитой народа, умирает в расцвете сил от белокровия.

В небольшом диалоге двух героев мы чувствуем боль людей. Студент Асанов переживает за казахский народ, а через него за судьбу соседних братских народов: «Семей полигоны ең алдымен қазақ халқының, одан кейін көршілес, қойындас отырған орыс халқының қасірет-дерті, қүллі совет халқының трагедиясы деп білем» [3, 5]. Молодому человеку не понятно, почему Семипалатинский ядерный полигон расположен в месте, где многие годы проживают люди. Почему именно в его стране, в Казахстане, на казахской земле, в мирное время руками человека искусственно создана трагическая ситуация.

Полковник Кашкин думает шире: его беспокоит судьба всего человечества, создавшего страшное оружие, которое может истребить все живое на земле. Весь мир стоит на грани ядерной катастрофы. В рассказе представлено трагическое разумного начала. Умные люди, понимая и не принимая сложившуюся трагическую ситуацию, не могут изменить систему! Равно как и не могут противостоять ей, иррациональной, хаотической воле внешних сил. Разум героев не согласен с тем, что происходит, сознание не принимает трагизм происходящего, однако страх людей перед властью рождают горечь и боль, вынуждают Кашкина в 35 лет оставить военное дело и навсегда покинуть Казахстан. Внутреннее противоречие, конфликт разумного и объективного начал рождают трагическое в образе полковника Кашкина. Автор описывает переживания героя следующим образом: «Шындап келгенде, атом бомбасын сынайтын совет полигоны қай жерде, оны мен білмеймін, сендер де білмейсіндер. Қара бұларды, полигонның қасында жұмыс істеген, бәрін көрген. Өтірік мұның бәрі! Сендер еш нәрсе көрген жоқсыңдар, қайталап айтам, көрген жоқсыңдар. Полигон, атом бомбасы туралы ешқандай талқылау болған жоқ» [3, 5]. Конечно, с высоты сегодняшних дней, когда весь мир заговорил о жертвах ядерных испытаний в Хиросиме и Нагасаке, Неваде и Семее открыто рассуждать и осуждать спокойнее и безопаснее. Но поднимать проблему в советский период, когда за действиями военных и ученых следили спецслужбы, было крайне небезопасно. И тем трагичнее судьбы людей, реально осознавших ужасы происходящего, бессмысленность и глупость издевательств над землей и людьми.

Р.Нургали впервые поднимает проблему трагической судьбы умных людей, рано осознавших и понявших нелепость ситуации, но не имеющих возможности что-либо изменить. И тем трагичнее участь этих людей. Действительно, гений страдает больше всех. Русский ученый В.Е.Хализев пишет: «Литературные персонажи, однако, способны отделяться от произведений, в составе которых они появились на свет и жить в сознании публики самостоятельной жизнью, не подвластной авторской воле. Герои становятся своего рода символами определенного рода мироотношения и поведения, сохраняя одновременно свою неповторимость» [4, 170]. Оба героя рассказа близки нам по духу, понятны по поведению и мыслям. Они своего рода символы той эпохи. Трагические символы судеб многих сотен людей.

В рассказе «Сағыныш» («Тоска» - перевод наш, Ж.А.Т.) писатель поражает нас новым видением трагического. В центре повествования судьба семьи Толеубека. Но доминантой в рассказе проходит тоска и неизбывная боль, любовь и верность родной земле. По просьбе матери Толеубек оставляет хорошо оплачиваемую работу шахтера в Караганде, уютную просторную квартиру и возвращается в родной аул Кайнар. Тоска матери по малой родине заставили переехать семью туда, где жизнь разделена на до и после открытия полигона, а ядерный гриб стал привычным явлением. Но самое страшное, что слова «радиация, бомба, вихрь, газ» прочно вошли в детский лексикон. Близость полигона уже не пугает детей, они растут рядом с войной. В рассказе автор проводит, на наш взгляд, две очень важные мысли. Люди, в лице Толеубека, пытаясь защитить себя от радиации, спиваются, высыхают, размышляют и страдают, но не оставляют родные места несмотря на опасность. И второе. Все чаще люди кончают жизнь самоубийством. Что это, как не предвестники великой трагедии народа? Толеубеку непонятно, почему не приезжают в родной аул именитые и простые земляки? Неужели боятся радиации? Но ведь невозможно истребить в человеке его любовь к родной земле! Это – высшая ценность. Трагическое в рассказе предстает как насильственный разрыв людей с землей. Неизбывная тоска, горечь и боль человека по дорогой и милой сердцу малой родине лейтмотивом звучат в повествовании. Конфликт человеческого и объективного, любви и невозможности единения с этой высшей ценностью составляют трагическое в рассказе: «Сонда мен ойлаймын, біздің мықтылар неге келмейді деп. ...Радиация деген тажалдан шошиды. Әйтпесе менің марқұм жаман анам мына тұрған Қарағандыға сыймай, ауылды сағынып, осында бір тығып кеткен көмбе алтынымыз бардай-ақ, қаладағы ыстық су, жайлы үй, дәмді тамақ, ақшасы көп жұмысты тастап, Қайнарға көшіп келгенде, халқымызға тұтқа болған, атақтары жер жарған генерал, министр, академик ағаларымыз туған ауылын сағынбайды дегенге мен сенбеймін» [5, 5].

В рассказе «Үш аяқты құлын» («Трехногий жеребенок» - перевод наш, Ж.А.Т.) автор повествует о мечте мальчика. Бейбыт, выросший в лучших традициях казахского аула в доме бабушки и дедушки, с детства мечтал о тулпаре. Конь – крылья джигита, опора батыра, гордость мужчины. Дедушка Бейбыта мог часами рассказывать о героических сражениях батыров Бошана, Камбара, Жалыкпаса, Жугинея, Кыдыралы, Есбалака, кони которых были под стать своим хозяевам. Поэтому, неслучайно старики пообещали внуку подарить жеребенка. Но мечтам мальчика не суждено было сбыться: передние ноги жеребенка срослись, сам он больше напоминал чудовище, чем животное. Р.Нургали пишет: «Енді аңғарды: алдыңғы екі аяқ қосылып бітеу біткен, тау салып жүріп кететін, төрт аяғы қалт-қалт еткен құлыншақтың орнында үш аяқты, тарбиған ойқы-шойқы бірдеңе жыбыр-жыбыр етеді. Мұндай пәлені кім естіп, кім көрген! Сұмдық-ай!» [6, 3]. За многовековую историю народа впервые природа так отреагировала на злодеяния людей, близость к полигону и радиация жестоко посмеялись над мечтой ребенка. Что это? Конец света? Крах человечества? Риторические вопросы бабушки усиливают трагические предчувствия надвигающейся беды в рассказе. Автор пишет: «Жер азды ма? Су азды ма? Адам азды ма? Не болды? Қайдасың, Қамбар ием, неге көрмейсің мына пәлені? Қайдасың, аруақтар, атыңдар зілзала кесапатты! – деп әжесі кісі өлгендей дауыстап жылады» [6, 3].

Люди в смятении. Каждый чувствует свою беспомощность и страх. Аульчане понимают причину трагических перемен. Но что они могут сделать? Закрыть полигон? Нет. Прекратить испытания и взрывы? Нет. Трагизм повествования в том, что последствия испытаний водородной бомбы отразились не только на животных, но и на детях. Все больше рождаются инвалидов, трагедия приходит в каждый дом. Может трехногий жеребенок – это предупреждение природы о тех несчастиях, что еще падут на головы живущих возле полигона людей. Р.Нургали пишет: «Басқалары да тынып тұрмай, сыбырлап «мұндай пәле малдан ғана шықса бірсәрі, масқара болғанда неше түрлі жарымжан, мүгедек сәбилер де туып жатыр ғой. Шетінеп кетсе, кетті, әйтпесе, өмірбақи өзіне де, ата-анасына да арылмас бейнет, айықпас сор. Әй, соның бәрі іргедегі кесапат. Қырық жыл бойы жарылып жатқан бомбаның зардабы. Біз асарымызды асап, жасарымызды жасадық. Табиғат ана құлын орнына үш аяқты мақұлық жаратып, әлдене зобалаң, қатерден хабар, белгі беріп, ишарат жасап, ескерткені ме, кім білсін» [6, 3].

Трагическое в рассказе раскрывается сквозь призму двух плоскостей. С одной стороны – это крушение мечты ребенка, через которую писатель высказывает тревогу за будущее народа. Трагический герой в рассказе не борется, не умирает во имя высоких идеалов. Да и нужна ли ему победа? Нет. Через образ мальчика, не понимающего, что же все-таки случилось, прослеживается трагизм будущего молодого поколения. С другой стороны, читателя потрясает финал рассказа, когда дедушка хочет купить Бейбыту велосипед. Может ли велосипед заменить мальчику лошадь? Тулпар – символ опоры и силы джигита, традиционно выступающий символом батыра, защитника родной земли заменен велосипедом. Дедушка предчувствует насильственный разрыв с корнями, традициями народа. Риторические восклицания яркое тому подтверждение. Р.Нургали пишет: «Әжесі, ақша берші. Қай бала бүгінде құлынтай мініп жүр, құлыны құрсын! – деген кезде атасының иегі кемсендеп кетті» [6, 3]. Трагическое в рассказе раскрывается с позиций народной судьбы.

В следующем рассказе «Өлген тау» («Мертвая гора» - перевод наш, Ж.А.Т.) Р.Нургали раскрывает проблему трагического в новом ракурсе. В центре повествования судьба казахской интеллигенции. Герой рассказа -известный казахский писатель Сапаргали Бегалин, приехавший на свое восьмидесятилетие в родные края. Писатель посетил урочище Жидебай, родину батыра Кушикбая, село Абыралы и символ многих поколений людей, родившихся и выросших на этой земле – гору Дегелен. У подножия этой священной горы расположился Семипалатинский ядерный полигон. Подземные и наземные взрывы разрушили ее. Вместо величественной и гордой горы осталась груда камней.

Для усиления трагического повествования Р.Нургали использует в рассказе функцию детали. Попавшая под ноги герою рассказа колючка ассоциируется со стрелой, пущенной в сердце народа. Устами героя писатель говорит: «Бұл менің аяғыма кірген шөгір деп отырмысың, біле білсең, қазақ халқының жүрегіне қадалған оқ емес пе? Жазылмайтын жара, арылмайтын дерт. Бұл зілзаланың басы бар да, аяғы жоқ секілді ғой. Ұрпағыңның қылтасын кесетін зұлматтан қалай құтыласың, тәңірім-ау...» [7, 3]. Другая деталь - запрещающий знак, символизирует не просто конец пути, но и разрыв связи поколений. Нельзя теперь поклониться праху предков, как нельзя пройти на священную гору.

Малая родина всегда давала силы и дух любому человеку. Сапаргали Бегалин остро переживает за судьбу своего народа. Разрушенная гора выступает символом народного отчаяния, бедствия и горя. Гора – сильная и величавая, взрастившая не одно поколение казахов, превратилась в жалкую груду камней и высохших мертвых родников. В лице своего героя автор показывает как надломился внутренний стержень, духовная опора писателя. Риторические вопросы и восклицания усиливают трагическое состояние интеллигента. Сапаргали Бегалин, как никто другой, понимает всю тяжесть и бесчеловечность ситуации, жестокость и ужас происходящего. Открытие Семипалатинского ядерного полигона в месте, где живут люди, уничтожение святыни – горы Дегелен составляют трагическое в произведении. Слезы героя, его отчаяние и горечь усиливают авторскую мысль. В рассказе читаем: «- Құдайым-ау, бұл не сұмдық?! Дәл осындай болар деп үш ұйықтасам ойыма кірер ме? Дегелең тауын құртып жіберіпті ғой, тауды құртқан! Тау жоғалған! Ұялының шыңы, Әулие асу қайда? Ұзынбұлақ, Қарабұлақ қайда кеткен? Өзен-бұлақ өлген, арнасы да жоқ. Тау құрыған, оның орнында тас-қиыршық төбе жатыр. Хамит, Мәжит, бала кезінде бауырында асыр салған тауларың өліпті! Ата-бабаларыңның зираты да жойылған. Енді ол жерлерді біз ешқашан көре алмаймыз. ...Әй, балаларым, інілерім, о заманда, бұ заман, тау өлгенін көрген кісі бар ма, міне, соған да жеттік, менің атамекенім, туған тауым – Дегелең өлген екен, маған көңіл айтыңдар, - Сапарғалидың көзінен бұршақ-бұршақ жас ыршып-ыршып кетті» [7, 3].

Пейзаж в рассказе выступает самостоятельной частью произведения. Он – говорящий, эмоционально-насыщенный. Образ героя переплетается с образом мертвой горы, потому что Дегелен для Бегалина не просто объект восхищения или эстетического воздействия. Гора для него – родные места, корни, традиции, вечность. Люди бренны, природа – вечна. Потому так тяжело герою принять смерть Дегелена. Потому отказывается сознание писателя понять и принять ужас происшедшего, так как малая родина - часть живой души человека. Ее стержень и смысл. Исследователь Р.А.Досмаханова пишет: «...пейзаж в произведениях на экологическую тему является разрушенным образом, экологическим пейзажем. Экологический пейзаж окружает людей, для которых природа не есть уже объект эстетического любования и психологического покоя. Напротив, природный мир со своими катаклизмами вселяет в человека тревогу, заставляет испытать горечь сожаления и душевные муки» [1, 47].

Таким образом, трагическое в рассказе «Өлген тау» показано сквозь призму восприятия и переживания героя. Причем, чем человек умнее, тем невыносимее его мучения. Гений страдает больше всех, считал Артур Шопенгауэр. Поэтому неслучайно трагический герой в рассказе выступает в образе писателя С.Бегалина. Это - герой думающий, ищущий и тонко чувствующий несовершенства и несправедливости бытия. Только умный человек способен увидеть трагическое в жизни, гибель справедливого и, вместе с тем, нести великие страдания. «Все, что ни есть в познании, и самый мир – объект в отношении к субъекту, лишь для субъекта он и существует. Мир есть мое представление», - писал А.Шопенгауэр [8, 145]. Истина, по мысли философа, состоит в том, что окружающий мир есть только в представлении, т.е. всегда и только в связи с другим воспринимающим бытием. «Субъект и объект, следовательно, неотделимы: каждая из двух половинок осмысленна только посредством другой, то есть каждая существует рядом с другой, с ней же вместе исчезает», - считал философ [8, 146]. Значит, для того, чтобы понять мир не обязательно иметь миллион представлений, достаточно одного представления одного субъекта. Тогда мировосприятие отдельной личности есть отображение реальной действительности, поэтому в рассказе писатель представляет нам позицию известного писателя Сапаргали Бегалина. Трагическое осмысление происходящего сквозь призму размышлений и разочарований героя есть объективное отражение состояния человечества. Смерть героя рассказа яркое тому подтверждение. Неслучайно, Р.Нургали завершает повествование риторическим вопросом: «Әлде бәйбішесінің, әлде ұлы Мәжиттің өлімін көтере алмады ма, Сапарғали тоқсанға ілікпей күрт кетті. Әлде туған жері – Дегелең тауының өлгенін көтере алмады ма?» [7, 3].

Таким образом, Рымгали Нургали, отражая современную действительность, изображал трагическое из жизненного материала, жизненных коллизий. В малой форме казахской прозы, в небольших по объему рассказах писатель смог раскрыть глубокие проблемы объективной действительности, поднять трагическое до уровня философского осмысления жизни. Герои его рассказов решают сложные социальные конфликты, жизнь их насыщена тяжелыми страданиями и смертью, внутренней борьбой, насильственным разрывом с корнями, прошлым, системой традиционных ценностей.

Цикл рассказов Рымгали Нургали «Неоконченная трагедия» явился эмоциональной рефлексией писателя на трагедию казахского аула, стоящего на грани исчезновения в связи с ядерными испытаниями на Семипалатинском ядерном полигоне. Такого трагизма и внутреннего напряжения в описании последствий испытаний, боли и страдания за судьбу казахского народа до Рымгали Нургали не было. Это свидетельствует о величайшем таланте писателя и активной гражданской позиции личности. Это свидетельствует о смелости и благородстве автора, сумевшего обратить внимание общественности на запретную и закрытую тему. Трагическое в этом смысле выступает универсальной и развивающей категорией современной казахской прозы.



Список литературы

  1. Досмаханова Р.А. Экологическая проблематика в казахском мега тексте // Вестник КазНУ. Сер. фил. – 2008. - № 5. – С. 45 – 48.

  2. Нұрғали Р. Қылмыс // Егемен Қазақстан. – 2009. - 26 тамыз.

  3. Нұрғали Р. Полковник Кашкин, студент Асанов // Егемен Қазақстан. – 2009. - 26 тамыз.

4. Хализев В.Е. Теория литературы. – М.: Высшая школа, 2000. – 398 с.

  1. Нұрғали Р. Сағыныш // Егемен Қазақстан. - 2009. - 26 тамыз.

  2. Нұрғали Р. Үш аяқты құлын // Нұрғали Р. Аяқталмаған трагедия. Егемен Қазақстан. – 2009. – 23 қыркүйек.

  3. Нұрғали Р. Өлген тау // Нұрғали Р. Аяқталмаған трагедия. Егемен Қазақстан. – 2009. - 23 қыркүйек.

  4. Шопенгауэр Артур. Мир как воля и представление // Д. Реале, Д.Антисери. Западная философия от истоков до наших дней. Том 4. От романтизма до наших дней. – ТОО ТК «Петрополис», Санкт-Петербург: ТОО ТК «Петрополис», 1997. – 880с.

Жанар ҚҰЛЫБЕКОВА,

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент

АКАДЕМИК РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ Ғ.МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Өмірдегідей, ғылым мен білімнің талаптану және ізденіске толы жолында еңбектерін басшылыққа алып, ғылыми ой-пікірлерін дәріс барысында әрдайым қолданып, ұстаздық бейнесін Темірқазықтай үлгі тұтып ұстанатын биік тұлғалар бар. Сондай бірегей ғалым – академик Рымғали Нұрғали деп зор ілтипатпен атауға болады.

Өз зерттеулері арқылы әдебиеттану ғылымына жаңа көзқарас, дәлелді, нақты, негізді тұжырымдар әкелген ғалым ағамыз ұлттық әдебиет пен сынның дамуына қомақты үлес қосты. Еңбектеріндегі келелі пайымдаулары бүгінгі ғылыми жұртшылық бірден-бір сүйенетін айнымас қағидаға айналды,көркем туындылары оқырман жүрегінен орын алды.

Өнегелі Ұстазымның, ардақ тұтар Ағайымның қомақты мұрасы қаншалықты қымбат қазына екенін мақтан тұтып, ғылым жолындағы жетекшім, әділ қазым екенін еш есімнен шығармаймын. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары:аударылуы, әдеби сында бағалануы» атты тақырыптағы кандидаттық диссертацияға жетекшілік жасап, ғылым жолындағы қадамдарыма бас-көз болған Ағайымның еңбекқорлығына, шәкірттеріне берер мол ұлағатына сол кезде-ақ көзіміз жетті, ұстаздың сенімін ақтау – біз үшін үлкен жауапкершілік пен мақсатқа айналды. Шәкірт жетістіктеріне шын ниетімен қуанатын, қателіктеріне кешіріммен қарап, орынды кеңесін беретін ұлағатты ұстазымның жарқын бейнесі есте қалатыны сөзсіз,еңбектерінің маңыздылығы да кемімейді.

Ғалым Р.Нұрғали кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы белгілі М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды қаламгерлердің шығармашылықтарына жан-жақты тоқтап, толымды әдеби талдау жасайды, автордың жазу мәнерін, тақырып таңдау ерекшелігін, өмірлік фактілерді пайдалану дәлдігін, көркемдік-эстетикалық табиғатын тереңнен зерделейді, әсіресе драматургия жанрындағы еңбектерге көбірек тоқталады. «Драмалық туындыларды пайымдап, талдауға теориялық тереңдік, эстетикалық биік талғам тұрғысынан келеді. Драмалық шығармадағы жаңалықтарды екшеп, авторлық концепцияны нақ таниды» [1,291 б.].

Қаламгер шығармашылығындағы соны тақырыптар, оны игеру жолындағы ізденіс кезеңдерін, баяндау мен суреттеу амалдарын ,оқырман жүрегіне жол табатын тәсіл түрлерін, поэтикалық талдау мәнерін зерттеуші Р.Нұрғали өз еңбектеріне арқау еткен. Яғни «Р.Нұрғалиев еңбектерінің бұл тұғырдағы ерекшелігі – теориялық ой мен практикалық талдауды тең ұстап, жарыстыра қатар пайдаланатындығы» [1,253 б.].

Осы негізде ғалым Р.Нұрғали «Әлеуметтік күреске, қоғамдық қызметке, көркем өнерге ХХ ғасырдың басында келген, заман қуатымен түлеген, қазақ мәдениетінің бүкіл саласында халқын мол олжаға кенелткен ғажайып талантты буынның өкілі –Ғабит» [2,489 б.] демекші, әдебиет тарихындағы Ғ.Мүсірепов есімі Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтар, Сәбиттермен қатар аталып, бұл алыптардың қазақтың жаңа әдебиетінің негізін қалаудағы міндеттері үлкен абыроймен, мол жетістіктермен, мазмұнды да сан-салалы туындылармен өрнектелгенін атап өтеді. Қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсіреповтің мәдениет, көркемдік, тереңдік әкеліп, оның шығармашылығындағы ұлттық және интернационалдық белгілердің айқындығы мен тұтастығына, қазақ өнерінің сұлу да мөлдір арнасының ғажайып үлгісі ретіндегі ерекшелігіне көзімізді жеткізеді.

Зерттеуші 1968 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» жинағы [3] туралы «Тастың түйедейінен – алмастың түймедейі» атты мақаласында жинаққа енген «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы, «Қаз қалпында» циклындағы әңгімелері, «Жапон балладалары» және «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелеріне жеке-жеке тоқталып, өз пікірлерімен бөліседі, суреткерлік шеберлік, автордың табиғи талғам-талабы, көркемдік құралдарды сұрыптап, бұрын қолданбаған тәсіл-амалдарды байқап көру қадамдары турасында көзқарасын білдіреді, аталмыш жинаққа бағасын береді: «Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне » жинағы- ең алдымен жазушының өзін-өзі сынауы, қиын өрістегі ізденістер жемісін байыптауы. Бүгінгі прозаның аса қатал деген талаптарын ескере жазған туындылар оқушысын терең тебіреніске түсіреді. Стильдік табыстар, форма жаңалықтары бірден көзге шалынады, идея өткірлігі, ой салмағы бұл кітаптың негізгі қасиеттері болса керек» [4,63 б.].

Автордың Сәкен өмірі сияқты қиын да қызықты тақырыпқа батыл барып, бұндай ауыр да салмақты жүкті жазушының жазушысы ғана көтере алатынын атап, басты кейіпкер Еркебұланның бейнесі жазушы қиялының жемісі дүниеге әкелген тың әдеби образ екенін, сонымен қатар, «жазушының фактылар құрсауына шырмалып қалмай, еркін, кең сілтеуіне, болмаса да болуға тиісті нәрселерді аңғартуға мүмкіндік береді» [4,64 б.] дейді. Сюжет ширақтығы, характерлер қақтығысы бірден байқалып, психологиялық арбасулардың нанымды, орынды, сенімді түрде көрініп, әр детальдің өз орнында болып, диалог, монолог арқылы қаһармандардың ішкі дүниесіндегі тебіреніс-толғаныстарды, қуаныш-күйзелісті, жан сырын дөп басқанын атайды. Әсіресе ақын Еркебұланның ел еркесі болған Біржан мен Ақан сері жайлы ойлары бей-жай қалдырмай, өнерлі адамдар тағдырының трагедиялы жақтарын, топас та озбыр топ тарапынан зорлыққа ұшырап, көп ретте қара күштің қамшы үйіруіне көнбей, жігерлілік танытатын өр мінездері суреттелетін сәттерге ерекше көңіл бөледі. «Ел аузында Біржан да жынданып өлген. Ақан сері де жынданып кеткен. Неге олай? Осы өлкенің атақты адамдары жындана беруі керек пе?! Біржан сияқты арқаның ардагер әншісі жұрт алдында поштабайдан таяқ жеп қорлық көрсе, іш құса болмай, не болмақ? Сол жерде өліп кетпеді демесең, өлімнен оның несі жеңіл? Бұған дейінгі өр көкірек ән, бұған дейінгі асқақ үн сөне бермегенде қайтпек? Ақын үшін іш құса мен жынданудың арасы қайбір алысым еді! Біржан сал да, ақын Абай да, Ақан сері де бұған бір соқпай өте алмаған» [3,29 б.],-деген автор ойына сәйкес бұндай тұлғалардың кіріптарлық жағдайына кінәлі – заманның өзі деген пікірді білдіреді. Осыдан заман және адам деген өзара тығыз байланысты ұғымның сырына тағы бір үңіліп, егер заман, қоғам адамды бір уақытта қаншалықты асқақтатса, енді бір кезеңде соншалықты тұқыртып, Мағжан айтпақшы «қызыл тілді кісендеп», шығармашылықпен айналысуына да тосқауыл жасағанын көреміз.

Ғалым Р.Нұрғали бұл туынды аяғының логикалық жағынан ойға қонымды болып, Еркебұланның кейінгі өмірімен тиянақталуын автор идеясының қаншалықты терең, байламдарының біртұтас, форма жағынан жаңа, символ қолдануы дәл, көбірек екенін айтып «Ғ.Мүсіреповтің әңгімеге қайта оралуы туған әдебиетімізді қымбат олжалармен байытып отыр. Барлық жанрлардағы соңғы табыстар, ішкі мүмкіндіктердің артуы сияқты факторларды жазушы мұқият ескеріп, жаңа сатыларға көтерілді, ортақ сипаттармен қоса, олардың арасында сапалық айырма бар» [4,65 б.] деп көрсетті. Сонымен қоса «Домбыраның шегінің үзіліп кетуі – жақсы деталь. Ол жеткіліксіз. Поэма финалын әлі де ойластыра түсуге, тереңдетуге болатын мүмкіндіктер жоқ емес» [4,65 б.] деп автордың одан әрі ізденіп, өзіндік белгілерін жетілдіру мүмкіндігіне назар аударады. Бұдан біз Рымғали Нұрғалидың шығарманың үлкен, шағын көлемдісінің бәріне нақты ғылыми тұжырымдар жасап, әдеби талдауға бару негізінде сол туындының жан-жақты қырынан қарастырғанын көре аламыз. «Ол қандай мәселе төңірегінде ой толғаса да, сыншы ретіндегі, зерттеуші ретіндегі түпкі мұраты әдебиет пен ғылымның дамуына, қаламгер мен ғалымның өсуіне, әлеуметтің таным-түсінік аясының кеңеюіне қызмет ету болғандығы үлкенді-кішілі еңбектерінің әрқайсысынан-ақ аңғарылып тұрады» [1,704 б.] деген зерттеуші К.Ахметовтің пікірі Р.Нұрғалидың зерттеушілік ерекшеліктері жайлы орынды айтылған.

«Қаз қалпында» циклындағы әңгімелер қатары турасында Р.Нұрғали «Алып-жұлып әкетіп бара жатқан оқшау сюжет, ерекше оқиға жоқ. Баппен айтылған, өмірден өз қалпында алынған жәйттер. Бас-аяғы бір-екі беттен аспайтын әңгімеге сорлы адамның өмірі , бақытсыз тағдыры сыйып кеткен» [4,65 б.] деп нақты да дәл қайырған.

Адал да арлы Тимка-Димкаға жанымыз ашып, жақын тартсақ, «Бұзау көздеу, бұқа бұғақтау, өнімсіз де болымсыздау. Талант -талабы таяздау, талап етуі шексіздеу» [3,120 б.] Сілекеевтерден жиреніп, бойымызды аулақ ұстағымыз келеді, «Жарқын жүзді, жайдары мінезді, балажан, мейірімді шеше, сергек шеше, сенімді шеше, қай баланың аяғына қай күні қандай шөгір кіргенін білетін шеше» [3,123 б.] Әминаның, қырық екі баланың қамқор анасы Әминаның , ерлік ісіне тәнті болатын ойымызды қуаттандырады.

Ғалым Р.Нұрғали жазушы Ғ.Мүсіреповтің проза жанрындағы сөз саптау, идея тереңдігін беру шеберлігін дүниежүзілік майталман қаламгерлер Хемингуэй, Бунин, Шолоховтармен бір деңгейде қойып, «Қазақтың бүгінгі көркем ойының тамаша бір жемісі» [4, 66 б.] ретінде бағалайды, көлемі шағын шығармалар арқылы да қаламгердің кейіпкер характерін ашып, терең ой мен көркем шындықты жеткізе алатын қабілетін талант құдіретінде деп біледі. Бұл ретте зерттеуші «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелерінің өнебойындағы тіршілік үшін, ұрпақ жалғастығы үшін күрес-тартыстың қаншалықты нанымды, тартымды және көркемдік тараптан жоғары деңгейде суреттелгенін тілге тиек етеді: «Жойқын теңіздің көкала айдын тереңінде жүйткіген Көкқасқа еркектіктің, аталықтың, ұрпақ көшінің басшысындай, өмір күресі, тірлік тартысы симфониясындай, ғаламат музыка естігендей күйге түсесіз. «Қыран жырында» ұрпақтар, буындар жалғастығы, әкелік, аталық идея жалын атып тұр» [4,66 б.].

Дүниеге жан-жағы шебер пішіліп, толыққанды жазылған көркем шығарма келсе, оны бүге-шүгесіне дейін дұрыс талдап, даралық қасиеттерін саралап беретін сыншының да қажет екені сөзсіз. Бұндай биіктен табылуда теориялық дайындықтың да, табиғи дарынның да, тынымсыз еңбектің де өз орны бар.

Ғалым-зерттеуші Р.Нұрғалидың бойынан осы қасиеттердің бәрін де аңғаруға болады. «Қазіргі санаулы зерек ғалымдарымыздың бірі Рымғали Нұрғалиев үлкен теориялық дайындықпен, табиғатынан біткен сыншылық талғампазды дарынмен келді де, бірден танылды. Әдеби ортада сыншы шыншыл, нанымды толғамдары өз үнімен өз орнын тауып жатты. Қазақ әдебиетінің сынындағы танымы мен таланты үндескен, білімі мен қабілеті жарасқан жаңа толқын зерттеушілердің ірі өкілдерінің бірі» [1,344 б.] деп түйіндеген филология ғылымдарының докторы Ә.Шәріпов пікірі құптарлық.

Еліне талантымен, қаламгерлік қарымымен танылған академик Р.Нұрғалидың азаматтық, ғалымдық, ұстаздық тұлғасы жайлы біршама еңбектер, естеліктер бар. Олардың ортақ белгісі – барлығында да Р.Нұрғалидың биік парасат иесі, зерделі зерттеуші, адал адам, үлкен ғалым, эстет сыншы, кәсіби білімді, озық ойлы, ұлтжанды қайраткер, «Қазақ ғылымының Құлагері» [1,420 б.] ретіндегі келбеті танылады, ғылыми-педагогикалық еңбектерінің құндылығы, өміршеңдігі, шынайылығы, мағыналылығы сарапқа салынады. «Зерделі зерттеушінің ізденіс – көзқарастарынан ұлт мұраты, руханият әлемі, жекелеген ақын-жазушылардың өзіндік өзгешеліктері байыпты, сергек сараланады» [1,547 б].

Сын, әдебиеттану, әдебиет тарихы, өнер, публицистика салаларында талмай еңбектеніп, сүбелі туындылар әкелген ғалым мұрасы тек салмақты ойларға жетелейді, ұлт әдебиетінің даму тарихының қойнауына терең үңілуге жол ашады. « Әдеби дәстүр, әдеби байланыс, әдеби шығарманың туу диалектикасы, заңдылығы, әдеби тұлға, әдеби қозғалыс мәселелерін қазақ әдебиетінің даму мысалында сөз ете отырып , Р.Нұрғалиев қызғылықты шешімдер жасайды. Әдеби шығарманы, әдеби процестерді және оның дәстүрлі байланыстарын зерттеп, тани білудің әдіс-методологиясы жөнінде сындарлы пікір-байламдар айтады» [1,271 б.].

Жүрдек қаламынан «Дән», «Полигон әңгімелері» атты новеллалар жинағы мен «Атшабыс ертең», «Жартастағы қарағай», «Оқ» секілді повестері туған Р.Нұрғали жазушылық шеберлігімен де көрініп, туындыларының идеялық-көркемдік салмағымен, әсерлі баяндау тәсілімен, архитектоникалық құрылымымен, қаһармандардың бейнесін ашуда психологиялық құбылыстарды бере алу ерекшелігімен оқырмандарын тәнті етті. Яғни 1950 жылдардан бастап әдебиет пен журналистика саласын қатар алып жүрген зерттеуші Рымғали Нұрғали әдебиетіміздің даму мәселелеріне байланысты өзінің келелі сын-пікірлерін ортаға салумен қоса, өз жанынан да айтарлықтай шығармалар жазды, көркем әдебиет пен сын заңдылықтарын теория жүзінде ғана емес, нақты туындыларын дүниеге әкелуі негізінде бұл бағыттағы өзге қаламгер, сыншылардың ұстанар көрнекті үлгісі болып отыр.

Ғылымилық, жүйелілік, нақтылық сияқты қағидалардан таймаған акдемик Р.Нұрғали зерттеу объектісі етіп алған мәселе төңірегінде өзіндік көзқарасымен көрінеді, өзгені қайталамайды, тың ойлар ұсынады. Бұл орайда зерттеушінің Ғ.Мүсіреповтің «Жапон балладалары» жайлы пікіріне ден қойсақ: «Қазақ жазушысы адам баласының басындағы еңбір қанды тарих жайлы қайғылы әңгімеге оңтайлы кілт тапқан. Жазушы сөйлемейді. Бомба сұрапылын өздері көрген Арқа, Көз, Тас сөйлейді. Мысқылдай да артық бояу жоқ, қанды тарих өзі сөйлеп тұр. Өзін өзі әшкерелеп тұр. Аттан сап тұр. Адамзатқа дабыл қағып тұр» [4,66 б.] деп атом бомбасының зұлматы жайлы жазған Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшеліктерін танытады.

Өзі Абыралының жаралы топырағынан келген Р.Нұрғалидың бұл мәселе жайында терең ой қозғап,мәнін ашып бере алуы да заңды деуге болады. Ғ.Мүсіреповтің көлемді туындылары жайлы да кең арнада талдау жасаған академик Р.Нұрғалидың әдеби-сын зерттеулері қазақ ғылымының алға ұстар бағыт-бағдары,тура жолы,ақиқат-шындығы ретінде берік орнын алады.



Әдебиеттер

  1. Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы.Айғақ. Қосымша том(8). – Астана,Фолиант,2006.-824 б.

  2. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, Күлтегін,2002.-528 б.

  3. Мүсірепов Ғ. Кездеспей кеткен бір бейне. – Алматы,Жазушы,1987.-160 б.

  4. Нұрғали Р. Сырлы сөз. – Алматы, Жазушы, 2000.-400 б.

Қарлығаш ҚҰРМАМБАЕВА,

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ АҒА

«Еліміздің тұңғыш энциклопедиясын шығару кезінде жұртшылық өзіңізді іскер ұйымдастырушы, биік өрелі ғалым және халқымыздың рухани мұрасының жанашыр азаматы ретінде танып білді. Ұзақ жылдар бойы еліміздің басты білім ұясында ұстаздықпен айналысып, шәкірттер тәрбиелеудегі еңбегіңізді ілтипатпен атап өтуге лайық»

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Қазақ сөз өнерінің, тарихы бай мұрасының жан-жақты зерттелуі туралы тілге тиек еткенде біз үшін мән-маңызы жоғалмайтын, қайта уақыт өткен сайын кие тұтар, қастерлі есімдерге айналатын ұлтымыздың аяулы ұлдары баршылық. Әдебиетіміздің қалыптасу кезеңі мен дәуір өткен сайын жаңаруы жайында кеңқұлашты терең зерттеу жасап, керегі мол, дерегі тың дүниелерді тудырған мұндай тұлғалар туралы сөз қозғаудың өзі оңай емес. Өйткені, ол кімге де болса, үлкен жауапкершілікті жүктейтін ерекше міндет десек, шындықтан алыс кетпесіміз анық. Сарқылмас қазына мен таусылмас мұрамыздың тоғысқан саласы - әдебиетіміздің кешегісі мен бүгініне жүгінсек, еселі еңбек еткен сыншы-ғалымдарымыздың өзі бір шоғыр екенін байқаймыз.

Сонау Алаштың алыбы – Ахмет Байтұрсыновтан бастап, Әуезовке дейінгі аралық арқылы Қайым Мұхамедханұлын қамтып өтсек, одан Бейсенбай Кенжебаев, Зейнолла Қабдолов, Зейнолла Серікқалиев, Серік Қирабаев, Жұмағали Ысмағұлов, Мекемтас Мырзахметұлы сынды кесек тұлғаларды тізбелей жөнелгенде айналып өтуге болмайтын айрықша ұстанымдағы тағы бір мақтанышымыз бар. Ол - ғалымдық болмысының өзі қазыналы биіктен менмұндалай көрінетін, ұлт әдебиетін зерттеушілердің бірегей ұстазы деген ұғымға да сыятын Рымғали Нұрғали десек, сөзіміздің шындығына ешкімнің де таласпасы анық. Ауыз толтырып айтатын, бір басынан асып жығылатын атақтарынан бұрын, ғылыммен ұштасқан ғұмыр жолындағы ұшан-теңіз еңбектерінің өзінен ғұлама ғалымға тән сұңғыла сыншылдығы айқын көрінеді. Еңселі зерттеу еңбектерімен әдебиетіміздің күрделі тақырыптарына бойлай еніп, ақтаңдақтардың ақиқатын ашудағы ізденістері, қазақ энциклопедиясын жаңа белеске көтерудегі төккен тері, қысқасы, сөз өнеріне қатысты қандай саланы қамтысақ та біз Рымғали Нұрғалидың әдебиет әлеміндегі соныдан салып кеткен соқпағына тоқталмай өте алмаймыз.

Жетпіс жасы дүбірлеп салтанат құрар шағына санаулы айлар қалғанда, ғұмырына нүкте қойылып, мәңгілік мекеніне сағынышқа айналып кете барған жайсаңның жарқын бейнесі жайында ой қозғау да оңай емес екен. Өңшең ығайлар мен сығайлар топтасатын, сыншылық өнердің жілігін шаққан әдеби ортада асқақ қалпында тұратын білікті ғалыммен біте қайнасып, ғылымда қоян-қолтық бірге аралас-құралас болмасам да жақсының жақсылығын айтуды өзіме парыз санадым.

Иә, рас, Рымғали аға туралы, оның ғалымдық болмысы, шығармашылық жолы, зерттеу еңбектері туралы лайықты баға әлдеқашан беріліп, мойындалып қойған. Естеліктердің ұшан-теңіз екені де мәлім. Десек те, «Трагедия табиғатынан» тамыр алған тұлғаның «Қазақтың жүз романын» талдап, Алаш арыстарын халқына қайта оралтудағы зерттеулеріне дейінгі аралықта әдеби зерттеудің тұтас бір дәуірін қалыптастырды деуге толықтай негіз бар. Осының бәрі тың тақырыптарды игерудегі ізденістерінің берген жемісі екені белгілі. Танымы терең, ғылымға құштар жасты көрсе ізденісінің қандай боларын жазбай танып, оған ұстаздық қамқорлықпен қарап, қажетінше қолдау көрсетуге даяр тұрған адамгершілік қасиетінің қайсын айтып тауысарсың?!

Көсемсөздің көш басынан көрінген зиялы адам туралы білетінімді ортаға салмас бұрын, алдымен ол жайында әр кезеңдерде жарияланған естеліктерге зер салдым. Қолыма іліккен «Қазыналы биікте (Р.Нұрғалидың азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті)» атты кітапты парақтағанда өз басым сирек жүздескен аға болмысын жақынырақ, бұрынғыдан да жақсырақ біле түскендей болдым. Бірінен соң бірі тізбектеле жөнелетін замандастар естеліктерінің қай-қайсына назар салсаңыз да заңғар болмыс иесінің өзіне тән пайым-парасаты, зиялы жаратылысы жан-жақты әңгіме болады. Сонымен бірге қазақтың сөз өнерінің қазынасына бойлай үңілгендердің бәрі де о баста осы саланы таңдағанда Рымғалидай ұстазынан қандай тәлім-тәрбие алғандығын тамсана жыр етеді. Ғылымдағы алғашқы талпыныстар кезеңінің өзінде ғалымдық ізденісін Ғабит Мүсірепов, Мәлік Ғабдуллин, Бейсенбай Кенжебаев секілді сындарлы ұлт зиялылары жоғары бағалаған білімдар дарынның зерттеулерінің «ұлттық әдебиеттанудың сан алуан проблемалық мәселелерін жан-жақты да терең қарастыруымен ерекшеленетіні» де содан болса керек.

Ғалымның білікті сыншылығының бір дәлелін бертінде жарық көрген «Қазақтың жүз романы» атты еселі еңбегінен көреміз. Оқырман қауымнан әлдеқашан лайықты бағасын алған сүбелі шығармаларға білдірген құнды пікірлері ешуақытта маңызын жоғалтпайтыны анық.

Мәселен, қазақ руханиятының қайнары болған, әлемдік әдебиеттің асыл қазынасы - М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын талдау тұсында мынадай байлам жасайды: «Кейіпкерлерін бір жақсылық бір жаманшылықта сынау - Әуезов поэтикасындағы ерекше шебер қолданылатын өнімді көркемдік тәсілдердің бірі екенін, әсіресе, Абай характерін сомдау принципінен көреміз. Қараңыз: жылы сөз айтып, маңдайдан бір иіскемейтін қатал әке, мейір-шафқат төгіп, елжіреп, еміркеніп отырған әже мен ана, жаттан бетер жауығып кеткен туған аға, қоң етін кесіп берсе, қыңқ етпейтін туған іні, ата дәстүрімен қосылып балаларына ана болып отырған құшағы суық әйелі. Бұл бір шаңырақ астындағы кереғар жәйттер. Ал енді бұдан сыртқа шығып көріңіз» дей отырып бүтіндей бір кесек шығарманы жан-жақты жіліктеп талдап шығады. Сондай-ақ Шәкәрімнің «Әділ мен Мария», Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» атты шығармаларына да ысылған сыншыға тән көзқарасын білдіреді. Шәкәрімнің әйгілі шығармасы турасында: «Әділ мен Мария» романын талдау үстінде онда байқалатын архитектоникалық, композициялық, пішіндік т.б. бейтаныс өрнектерді көзтаныс классикалық романдар поэтикасымен салыстырып Ш.Құдайбердиев романынан кемшілік іздеудің берері аз біз үшін маңыздысы «Әділ мен Мария» романының көркемдік-идеялық жүйесінің өзге, дара сипаты мен авторлық ізденістер бағытын пайымдау ғана».

Расын айту керек, қазақ әдебиетінде алғаш пайда бола бастаған романдарды рет-ретімен талдауда Р.Нұрғали секілді осындай әділ көзқарастағы нақты түйін жасаған зерттеуші сирек. Міржақыптың романын қалай пайымдағанына назар аударайық: «Бақытсыз Жамал» стилінде таза реалистік проза тіліне лайық салмақты, орнықтылық бар. Жазушы ұйқасты, ырғақты өлеңдетіп отыратын өрнектерден бойын мүлде аулақ салған. Тіпті кейінгі дәуірлердегі туындылардың өзінде кездесе беретін әсірелілікке, сөйлемдегі сөздердің табиғи орын ауыстырып жасайтын инверсияға да бармайды».

Осы бір шағын үзінділердің өзінен біз әдебиеттану ғылымындағы биігін уақытынан бұрын бағындырған сыншының айтып отырған ойының тереңдігін, шығарманы талдаудағы тәжірибесінің молдығын көреміз. Тіпті, «Қазақтың жүз романы» секілді құнды зерттеу нәтижесінде Міржақып, Шәкәрім, Бейімбет, Сәбит, Ғабит, Ғабиден шығармаларымен бірге М.Мағауин, Ш.Мұртаза, Д.Исабеков, О.Бөкей, К.Сегізбаев, Қ.Найманбаев тағы басқа жазушылардың қаламынан туған қабырғалы дүниелерге қатысты мұндай жинақталған түрдегі тиянақты зерттеу еңбектер бүгінгі әдебиетімізге әлі де ауадай қажет екені түсінікті.

Ал, енді өз басым осы бір кемел білім иесімен жүздескенде алған әсерім жайында реті келген соң айтқаным артық болмас. Осыдан, біраз жылдар бұрын Cерікзат Дүйсенғазин, Айбек Қалиев сынды айтыстың ақтаңгерлері әдейілеп арнау айтып, Астанада Рымғали ағамыздың абыройын арттырған тағылымды кездесу болды. Сонда ғибраты мол ағамен аз-кем дидарласып, әңгімелесудің сәті түсті. Ол кісі менің қайдан екенімді , руымның кім екенін сұрады.

- Шарданмын, - дедім мен. Неге екенін білмеймін, осы тұста менің бойымда әлдебір батылдық пайда болды:

- Найманмын дедім, әлдебір беймәлім күш жетелегендей жауабымды нығыздап.

- Қалың қазақтың жартысы найман. Оның ішінде қайсысың, Матайсың ба? – деді ұстаз қаршадай баладан ата тегін қазбалай сұраған қарттай қадала түсіп. - Төртуыл едім,- дедім, имене қарап, баяу үнмен.

Біртіндеп әңгіме барысы ғылымға, әдеби-тарихи дүниелерге қарай ойысып, ағалық қамқорлықпен ғылымдағы ізденістеріме өзіндік бағыт-бағдар берді. Сонда екеуара әңгіме желісін тереңдетіп, өрісін кеңейтіп отырды да әлденеден үміт еткен, я болмаса, кемеліне келген жанның кейпімен біраз уақыт үнсіз қалды да: «Өмірде жалғасы жоқтың бәрі жалған» деп тосын байлам жасады. Өз басым мұндай түйінді сөзді бұрын-соңды естіп көрмегендіктен шығар, адам ғұмырына қатысты айтылған керемет айшықты сөз болып әсер етті. Тегі кімнің болсын, ұрпағы болуы өз алдына соңында атқарған істерінің өрістеуіне себепкер болатын шәкірт тәрбиелеу де басты парыз болатынын меңзеген шығар.

Абзал ағаға қатысты әңгімелер легін көз алдыма келтіргенде жазушы, атақты «Абайдан соң» трилогиясының авторы Кәмен Оразалинмен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесіп отырып, «тоқсанға келу сізге серт, сол кезде келмесек бізге серт» дегені ойыма орала береді. Сұңғыла сыншы әлденені сезіп айтты ма, кім білсін, Шыңғыстаудың абызы атанған Кәмен ата межелі мерейтойына жете алған жоқ... Ал, Рымғали Нұрғалидай бірегей ағамыз 70 жасына санаулы айлар қалғанда ортамызды ойсыратып, мәңгілік мекеннен тұрақ тапты. Бірақ, асыл ағалардың өзара отырғанда айтатын тосын сөздері оларға деген сағыныш сезімі билегенде ойыңда жаңғырып сала береді екен.

Кейіннен ғұлама ғалым, әдебиетіміздің ірі ойшылы Шәкәрім шығармашылығына қатысты «Шәкәрім поэмаларының тарихи және әдеби негіздері» атты тақырыпта кандидаттық тақырыпта диссертация қорғауыма түрткі болды. Өзі дәріс беретін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көздеген тақырыбымның өзектілігіне назар аударып, зор ынтызарлық таныттты. Бір жағынан ұлы ақын шығармашылығының туған әдебиетімізге қайта оралуына бастамашы болғандардың бірі өзі болғандықтан шығар, жетекшілік міндетіне өзі де үлкен жауапкершілікпен қарап, менен де тиянақты байлам, соны пікір, мазмұнды ой күткендігін іштей сезіндім. Зерттеуге құлшынысы бар жан көрсе, кейінгі толқынға үлкен үміт артып, қолдан келгенше ізденісімнің тереңдеуіне ат салысқан жанның ұстаз атына сай білімдарлық көрсеткенін қалайша ұмытайын?! Менің кандидаттық диссертациямды қорғау үстінде, Шәкәрімдей алыптың мұрасын арқалаған ғылыми жұмыстың қорғалу барысында ұстаз - ғалымның қаншалықты толқыныста болып қобалжуға түскенін тілмен тіпті де айтып жеткізе алмаспын. Тақырыптың ауырлығын ескергеннен бе, әлде шәкіртіне деген ерекше қамқор пейілі ме, әйтеуір ұстаз-ғалым байыз таппай, дегбірсізденіп, «алты жастағы бала атқа шапса, алпыстағы ақсақал тақымын қысады» дегендей, тағатсыздық танытқанына іштей мақтаныш сезіміне бөленгенімде әлі есімде.

Сол бір ұстаздық жанашырлық бойыма қуат дарытқандай, қанат бітіргендей, өзім үш жыл көлеміне тереңдеп талқылаған тақырыбымды өзгеше шабытпен, ерекше екпінмен сөйлеп, қойылған сұрақтарға да сындарлы жауап бергенім бар. Сол кезде өзінің денсаулығының сәл сыр беріп жүргеніне қарамай, ғылымға деген шексіз адалдығын танытып: «Бұл ерекше бір жарқыраған қорғау болды» деп шынайы тебіренісін білдіріп, ұстаздық алғысқа толы көңілмен, ағалық мейірмен маңдайымнан сүйіп еді. Сол мезетте шәкірттік ерекше бір мақтаныш сезім жүрегімді толтырып, қуанышқа бөленген едім. Ойлап қарасам, ұстазымның өз қоштауын білдіруі шәкіртке деген шынайы ілтипаты ғана емес, сонымен қатар ұлттық әдебиеттану ғылымын өркендетсем деген адал ниетінің шексіз риясыздығы екендігі анық.

Кейіннен осы бір шынайы қамқорлығы мен жарқын жүздесулердің нәтижесінде арада туыстай жақын көрінетін жақсы бір сыйластық орнағаны да күні кеше сияқты...

Сол бір шақтардың толқынды тебіренісін еске түсіріп, енді ғалым атына айтылған айшықты бағалардың бірінен кейін біріне көз салсақ қай-қайсының да ғалымның өз болмысына лайық екенін аңғару қиын емес.

«Рымғали Нұрғали қаламгерлігінің ерекше сипаты - шығармашылық шабыт, терең теориялық білім, үздіксіз іздену, өнердің, әдебиеттің даму процесіне әлемдік биік талап тұрғысынан қарау болып табылады. Р.Нұрғали қаламынан туған сын, зерттеулер мен көркем туындылар ерен еңбектің, қайсар талаптың, қажырлы таланттың жемісі. Ғалымның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алған (1998) «Айдын», «Қазақ драматургиясының жанр жүйесі», «Телағыс. Әдеби дәстүр мен әдеби даму», «Қазақ революциялық поэзиясы» ғылыми трилогиясы автордың әдебиет тарихын, теориясын, жанрларын зерттеу саласындағы көп жылғы еңбектерінің үлкен бір қорытындысы тәрізді».

Осы бір шағын үзік сырдың өзінен кемел ғалымның кемері шексіз әдебиеттану ғылымын жаңа бір белеске көтергендін көретініміз анық. Ол - талай білікті сыншыны тәрбиелеген, әдеби-тарихи мектептің негізін салушы, ұстаз-ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың білікті шәкірттерінің бірі. Тек туған әдебиетімен ғана шектелмей әлем әдебиетінің асыл қазынасына бойлай үңіліп, тынымсыз ізденуінің нәтижесінде Кеңестік Одақ көлемінде танылған ғалым еңбектері сөз өнерінің зерттелуін жаңа сатыға көтерді. ТМД кеңістігіндегі Тбилиси, Душанбе, Рига, Баку, Мәскеу, Кишинев қалаларында халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда көш басынан көрініп, құнды баяндамалар жасағаны да Алаш жұртына жақсы мәлім. Сонымен бірге Франция, Германия, Иран, Түркия, Қытай, Монғолия, Үндістан, Венгрия мемлекеттеріне сапарлап барған шақта қазақ елінің әдеби-мәдени өмірі, тарихы мен руханияты тұрғысынан да теңдессіз зерттеулерімен танылған талантты ғалым ретінде көзге түскендігі бәріміз де мойындаймыз.

Қазақтың театр өнерінің қалыптасуына, драматургия жанрының қандай болуы керектігі жайында жан-жақты қамтылған құлаш-құлаш мақалалры әдеби ортаның серпілісін туғызды десек, артық айтқандық емес. Өмірбаян жолдарын білгенімізше екшеп шықсақ та сан қырлы тұлға туралы толымды ойлар толқыны бір сәт те толастамайтындай көрінеді. Мәселен, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңестерінің мүшесі болғандығы оның осынау ғылыми мектептерде ұлт әдебиетінің саласын зерттеуде тыңнан жол ашуға мұрындық болғанын көреміз. Ал, еліміз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болып мойындалған шақтан бастап, маман ғалымдар даярлауға белсене атсалысқанын ешкім де жоққа шығара қоймаса керек. Яғни, Л.И.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдарының дәрежесін беретін диссертациялық кеңесті басқарған кезеңде (2001-2008 жылдар аралығы-авт) әдебиеттану саласының мамандықтары бойынша еліміздің Ақтау, Тараз, Талдықорған, Павлодар, Семей қаласындағы жоғары оқу орындары үшін ауадай қажет ғылым кандидаттары мен докторлары қанат жайды. Бүгіндері шәкірттерінің арасында Тұрсын Жұртбай, Уәлихан Қалижан, Бақытжан Майтанов, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері өздеріне дәріс берген Рымғали Нұрғалиды мақтан тұтып, естеліктерінде майын тамыза әңгімелейтіні де осы тұрғыдағы ойымызды нақтылай түсетіні күмәнсіз. Мұны айтпағанның өзінде ғалым-педагог Р.Нұрғалидың ғалым даярлау жолында жиырмаға тарта докторлық, қырықтан аса кандидаттық диссертацияның қорғалғандығы да оның ұстаз-ғалымдық келбетін паш етіп тұрғандай. (. Бұл тұста ұстаз шеберлігін танытатын қанша ғалымның қорғағаны емес, қандай тақырыптардың қамтылғаны маңызды болатыны түсінікті. Рымағаңның жетекшілігімен ұсынылған тақырыптардың саналуандығы өз алдына олардың әрқайсының әдебиет тарихында атқаратын рөлі зор. Мәселен, «Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері және қазақ әдебиеті мен дәстүр сабақтастығы («Мұхаббат-нама», Хұсрау-Шырын» поэмалары негізінде) зерттеу еңбегін талдатып, ізденушіге тыңнан жол ашты. Сондай-ақ, «Мағжан поэзиясының көркемдік жүйесі», «ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы қазақ әдеби сыны», «Қазақ романдарындағы драматизм», «М.Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясының тарихилығы» т.с.с мән-мазмұны маңызын жоғалтпайтын, ізденуші үшін де ғылыми көзқарасының терең қалыптасуына септігін тигізетін тақырыптар таңдалғаны көрініп тұр.

Еңбегін қанша насихаттасаң да таусылмайтын қазынаға айналған Рымғали Нұрғалидың әр жылдарда атқарған жауапты қызметтерін айтпағанның өзінде оның әрқайсының салмағы атан түйеге жүк боларлық ғылыми атақ-дәрежесінің өзі неге тұрады?! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ғылым саласындағы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты тағысын-тағылар. (Осы ретте өзімнің Семейден академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен қорғаған жалғыз шәкірті екенімді зор мақтанышпен айта кеткім келеді)

Профессор, академик жоғары деңгейдегі сарабдал ғалымның жасына келген кезде Қазақ Энциклопедиясының Бас редакторлығына тағайындалғаны оны тағы бір жаңа қырынан танытты. Ұлттық энциклопедиямызды классикалық үлгіге түсіріп, ғылыми-теориялық деңгейін байытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Бұрын-соңды болмаған қалаларға, облыстарға арналған жеке энциклопедиялар жасалып, ел-жердің тарихы мен келешегінің тоғысуын шебер ұштастыратын еңбектер дүниеге көптеп келді. «Қарағанды. Қарғанды облысы», «Ақмола», «Алматы»... бірінен кейін бірі сан алуандығымен көз тарта түсетін мұндай еңбектер еліміздің қай шаңырағында болсын қасиетті дүниеге айналды. Бұдан өзге Абай, М.Әуезов тағы да басқа энциклопедияларды шығарып, кесек тұлғалар өміріне қатысты тың жаңалықтар ашты, қызықты деректерді көптеп топтастырды. Осындай бірінен-бірі өтетін еселі еңбектері оны «Рымғали Нұрғали – энциклопедист» деген жаңа бір шыңға көтерді.

Бірде тарихтың қойнауына еркін бойлап, енді бірде әдебиеттің кешегісі мен бүгінін әділ таразылап, одан бөлек өнертану саласының өркен жаю кезеңіне де білек сыбана кіріскен Рымғали Нұрғалиды ірі ғалым ретінде танытқан істердің бір парасы осындай. Әдебиеттану ғылымында ғылыми тұрғыдан талап деңгейінде ерекше еңбек еткен, жанрлардың әсіресе жанрлық жүйеде ұлт болған, көрнекті сыншы, жазушы, энциклопедияшы, педагог, ғалым- Рымғали Нұрғали.

Ғалым туралы, оның кеңқұлашты зерттеу еңбектері жайында әржылдары пікір білдірген әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің бағасы да біз үшін үлкен роль атқаратыны анық. Қазақ әдебиетінің сыншылық мектебінің негізін салған майталман сыншы Қажым Жұмалиев өз уақытында «Талантты жас сыншы Р.Нұрғалиевтің қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті тақырыптарына арналған проблемалық мақалалары көпке танымал» десе, орыстың көрнекті жазушысы Леонид Соболев «Мұхтар Әуезов сияқты ұлы суреткер шығармашылығын зерттеу - совет әдебиеттануының аса зор да жауапты міндеттерінің бірі. Осы орайда жас ғалым Р.Нұрғалиевтің бұрын белгісіз архивтік, тарихи материалдар тауып, сол негізде ойлар айтқанын атап өткізіміз келеді» деп ерекше тоқталады. Ал, өзінің үлгі тұтқан ұстаздарының бірі, сыншы ғалым Темірғали Нұртазин: «Күрделі тақырыпты көтеріп зерттегенде дағдылы сарапқа түспей, шығарманың туу жолын, төркінін ашу, табиғатын талдап ажырату, өмірлік, идеялық, эстетикалық арқауларын жүйелеп, жұрт бірден танырлық дәрежеде айқындау - Р.Нұрғалиевтің өзіне тән қасиет» деп жоғары деңгейдегі пікірін білдіреді.

Айтпақшы, ғылымға бет бұрып, ізденген жылдарда Рымғали ағаның азаматтық болмысы жайында жақынырақ біле түстім десем, қателеспеген болармын. Өзім үшін үлгі болатын ол кісінің жаңа қырларын таныдым. Қарымды қаламгер, білімі теңіздей ғалым, ұқтырары мол ұстаз, елін сүйген ер, адами қасиеттері биік азамат мен үшін жақын таныған сайын биіктей бергендей болды. Ең бастысы ғалым үшін өзі сүйген саланың қатпар-қатпар құпияларын тауып, оны халық игілігіне ортақ қазынаға айналдыру жолын табу. Рымғали аға осы ұстаным шыңына талмай ізденісі арқылы жеткен білікті ғалым. Мен тек ұстаздығы, азаматтығы туралы ғана тілге тиек еткенді жөн көрген едім. Рымғали Нұрғалиұлының ғалымдығы, қаламгерлігі жайлы көп жазылғандығы, әлі де жазыла берері анық. Бүкіл қазақ әдебиетінің даму процесіне соныдан соқпақ салып, жаңа деңгейге көтерген тұлға болмысы туралы сөз қозғар сәттер алдағы уақыт еншісінде.



Ардақ АБДУЛЛИНА,

аға оқытушы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АҚТАҢГЕРІ

Өткен жылы Ұстаздың 70 жылдығы тойланды. Тойда өзі болмады. Ол Абайша айтқанда «алдыңғы толқын ағалар» қатарында дүние салған-ды... Жоқтаушылары көп болды. «Кейінгі толқын інілері» мен бастастары да, ағалары да Ғалымды егіле еске алды, азаматтығын, әдебиеттанудағы ізденісті еңбектерімен қалдырған мол мұрасын атады. Жазушылық пен ғылымда қол жеткен табыстарын саралады. Рымғали Нұрғалиұлындай ғалымға шәкірт болғаныма бұрынғыдан да мейірлене түстім, бойымды мақтаныш кернеді, қайғылы сәттерде шүкіршілік еттім. Әсіресе, Ұстаздың қатарлары мен інілері жазған естеліктерді Ғалымға деген мақтаныш сезімде оқып жүрдім, тірісінде қол жеткен табыстарына сүйсіндім, санамалап жаза да бердім. Күнделігіме Ұстаз өмірінен деректер қалдырдым.

Рымғали аға Кеңес кезеңінде атом бомбасының сынақ алаңында Абыралы ауданының Қайнар ауылында өмірге келіпті. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы университетінің филология факультетін бітірген. Қазақстанның ұлттық ғылым академиясының академигі. Республикамыздың ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. Халықаралық Ақпараттандыру академиясының мүшесі. Халықаралық Ш. Айтматов академиясының академигі. Республика Мемлекеттік стипендиясының иегері. Ш. Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Жоғарғы оқу орындарының үздік оқытушысы грантының иегері. Білім беру саласының үздігі. А. Байтұрсынов атындағы сыйлықтың иегері... «Парасат» орденімен марапатталған. Ресейдің М. Шолохов медалімен, Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған...

Демек, Рымғали Нұрғалиұлы қазақ әдебиеттану ғылымында, көркем әдебиетте еліміз құрметтеген, шет жұртқа да танылған беделді ғалым, танымал көсемсөзші, ұлағатты Ұстаз болған жан, Алаштың ардағы болған жан.

Алаш әдебиеттану ғылымының бүгінгі жарық жұлдызы, Рымғали ұстаздың жақын інілерінің бірі Тұрсын Жұртбай «Ардакүрең» естелігінде мына бір жайтты еске алады. Көпшілік әдебиет сүйер қауым бас қосқан жиында (ішінде менің ағаларым Қойшығара Салғарин, Төлен Әбдіков, Серік Тұрғынбековте болған) Тұрсын аға Рымғали ұстазды «Қазақтың қызыл жалды, қызыл көз арыстаны», -деп Қойшығара мен Төлен ағаларым араша түседі. Бұл ұстаздың барынша қарапайымдылығынан, көзінше ұнатпайтынына саяды. Ал, әдебиет пен өнердің үш алыбы, жерлестері Рымғали ұстазымды көзі тірісінде-ақ: - Ардакүрең атапты. Бұлар: Жәнібек, Несіпбек, Тұрсын үшеуі, Жәнібек ерте дүние салды. Тұрсын Жұртбай Рымғали ұстазға арнаған естелігінде «Ардакүрең» атапты. Тұрсын аға болса, өткен күзде этнограф қаламгер Сейіт Кенжеахметовтың туғанына 70 жыл толуына орай біздің Арқалық институтында болды. Сейіт аға туралы кереметтей сөз алды. Ахаң мен Жақаңның шығармашылығы, Алаш алыптарынан қалған мұраның зерттелуі жайында да көсіле сөйледі. Осы арада Ахаң мен Жақаң жайлы әңгіме болғанда, Рымғали ұстаз тағылымы да ойға орала берді. Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтардай біздің мақтан етер жерлестерімізді алғаш еліне танытқан, олардың мол әдеби мұрасы туралы жазған да Рымғали ұстаз еді ғой. Ахаң шығармаларын алғаш шыққан «Ақ жол» кітабына алғысөз жазған да саралаған Рымғали Нұрғалиев болатын.

«Алыптар қайта оралғанда» зерттеу еңбегін жазды. Мұнда Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев шығармашылығы туралы сөз болады. Жалпы Рымғали Нұрғалиев кезінде ұлт ұстазы танылған қаламгер, тілі білімінің білгірі, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов туралы көп жазды, біліктілік танытты. Халқына қайта оралған Ахаңды ерекше бағалай білген, жұртымен табыстырған Рымғали ұстаз болды.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов туралы да ұлтжандылықпен талантты зерттеу жазған да Р. Нұрғалиев деп таныған орынды болар еді. Ол Ә. Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы туралы да терең зерттеген әдебиеттанушы – ғалым. Жалпы, Алаштың саласы әдебиетші ғалым Рымғали Нұрғалиевтің жұмыстары ішіндегі өзекті сала болды.

Рымғали ұстаз туралы бұрынғы естеліктерімде де жазған едім. Мен Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ әдебиеті кафедрасын меңгерген, академик Рымғали Нұрғалиевке шәкірт болып, ол жетекшілік еткен ізденушілердің бірі болдым. Ғалым-ұстаз, сонымен қатар көптеген ғылым докторларын да дайындаған. Соған орай, мақтанарым Рымғали ұстаздай көшелі ғалымға шәкірт болғаным. Өкініштісі бүгінде Ұстаз арамызда жоқ. «Ой, Торғай қызы, келдің бе?! Қойшығара ағаңды көрдің бе?»-деп күлімдей қарсы алатын Ұстаз бейнесі көз алдымнан бір-бір ұшады. Өкініштісі де сол. Қуаныштысы – Қазақ әдебиеттану ғылымының ақтаңгері академиктен мол мұра қалды. Бұл еңбектер Ұстаздың көзі тірісінде шыққан-ды. Ендігі жинағы, академиялық толық мұрасы еселеп өсе түсері анық.

Рымғали ұстаздай талант тағылымы ұмытылмақ емес.

ІІІ бөлім

АЛАШТЫҢ АЙ ҚАНАТТЫ

АРҒЫМАҒЫ

Несіпбек АЙТҰЛЫ,

ақын

АҒАМЕН ҚОШТАСУ

Шалқыған нұр сөнгенмен жүзіңдегі,

Ағатай, үлгің өшпес ізіңдегі.

Қапыда қиын болды-ау ғұмырыңның

Домбыра ішегіндей үзілгені.

Ұйтқыған қасіреті көк дауылдай,

Япыр-ау, неге шықтың жолға мұндай?

Қадалды қайдан ғана қарғыс атқыр,

Ажалдың азу тісі қандауырдай?

Тойлайтын жетпісіңді кезің еді,

Еске алсам ет жүрегім езіледі.

Сен едің қара тілді, айыр көмей,

Бүгіннің Қаздауысты Қазыбегі.

Елес боп жарқын бейнең нар тұлғалы,

Шұбырып көшің қалды артындағы.

Түсіме үш ұйықтасам кірмеп еді,

Жазам деп қаралы өлең сен туралы.

Күңіреніп Алматың да, Астанаң да,

Аңырап қала берді баспанаң да.

Бақыттан бал құятын тостағанға,

Қызығың көп еді ғой тосқан алда.

Осылай болады деп ойлаған кім,

Ағатай, қайдан келдің, қайда бардың?

Қайғыңды көтере алмай әзер тұрмын,

Түнеріп төбемдегі жайнаған күн.

Дөңгелеп ай мен жұлдыз аспаныңда,

Жетпіс жыл өте шықты қас қағымда.

Халқыңа қош айтпастан кете бардың,

Опасыз бұл жалғанды тастадың да.

Алдыңнан жарылқасын, асыл аға,

Өкініш жылағанмен басыла ма?

Бітпестей көріп жүрген тіршіліктің,

Екен ғой бар болғаны осы ғана...

Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ,

ақын

ҰЛТ НАМЫСЫН ҰСТАНҒАН

Қара хабар…

Аяқ асты…

Тосын-ай…

Қалды-ау құлап көңіл деген қосым-ай.

Алты алашты қазасымен жылатқан,

Арысым-ай!

Аяулым-ай!

Досым-ай!

Қара көзден аққан жастың жосыны-ай,

Қайран жүрек қайдан тұрсын шошымай.

Басы сайран, түбі ойран дүниеден

Ойда жоқта өткенің бе осылай?!

Өзіңсің бұл өмір-дүние босын-ай.

Тірлігіңе тілек, ниет қосып-ай,

Жетпісіңді тойлаймыз деп жүрсек біз,

Алдыңда ажал тұр екен ау тосып-ай!

Ірісі едің, бірісі едің алыптың,

Алаш десе, айтады енді жанып кім?!

Иесі едің ұлт намысын ұстанған,

Киесі едің қазақ деген халықтың.

Асыл сөзден моншақ тізген, лағылдан,

Арысым-ай, Арға ғана бағынған!

Академик Рымғали ең біз үшін

Жиырмадағы студенттік шағыңнан.

Жап-жасыл сол кезіңнен-ақ жалын жас,

Ер едің сен жалғандыққа қаның қас.

«Еуразияға» ұстаз аға табылар,

Есенбайға өзіңдей дос табылмас!

Ессіз ажал берген кімге есені,

Құлап тауым, қайтты көңіл меселі…

Достарыңмен қоштасуың екен-ау –

«Сағыныштың бір тамшысы» кешегі…

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ,

ақын, Халықаралық "Алаш"

сыйлығының лауреаты

ДҮР ҒАЛЫМ

Дүниеде менің біліп, бір ұғарым,

Рағаң,

Расында – ірі ғалым.



Кеткенде арқасы ұстап,

Білім қыстап,

Білмейді қайда барып ұрынарын.

Әуезов ұлы Абайдың нұсқасы еді,

Шәкәрім Толстойдың тұстасы еді,

Рымғали болмаса,

Бірге оқыған –

Мағауин де мықты боп шықпасы еді.

Әдебиет –

Бәйтерек бір тамырлы,

Әбіштермен есімі бір танылды.

Әкімдерді тоқтатып,

Әзілімен

Жүргізбейді сыртынан Сұлтаныңды.

Болмысында –

Болмаған байлыққа алаң,

Мақтаудан да жүрегі шайлықпаған.

Қайсар ағам,

Сері ағам,

Семейдегі –

Полигонның өзінен қаймықпаған.

Түріктің қыпшақтарын, оғыздарын,

Айырып,

Асылдарын,

Абыздарын,

Жіліктеп руыңды бөліп берер,

Рекең шынында да нағыз ғалым.

Асыл мен жасықты тез салмақтаған,

Таланттарды тамсанып сан мақтаған.

Алаш үшін –

Әспеттеп Әлиханды,

Алаш үші –

Ахаңды ардақтаған.

Ол бір қанжар,

Қос жүзі кетілмеген.

Өжеттікпен ешкімге өтінбеген,

- «Жақсы ақынға қоям» деп, -

жақсы баға!»

«Зачеткам» да бар белгің «отл» деген.

Келем әлі мен сенің сол бағаңмен,

Жақсылыққа жоралғы жолдап өлең.

Сол бетіммен ізіңнен жүріп келем,

Ешкімге де қолшоқпар болған емен.

Құптамаңдар,

Құптаңдар сендер мейлі

Бір бұзылса бұл ағам жөнделмейді…

Жан-жағында

Жүз ару жүрсе-дағы,

Жас жеңгеме ешкімді теңгермейді.

Кемдігіңді көрсетіп батыра айтып,

Сойып салар,

Көзіңді бақырайтып.

Құр мылжыңдап,

Шау тартқан шалдар құсап,

Отырмайды

Әншейін ақыл айтып.

Жұбатады –

Ұрғызып тағы да өзі,

Құлатады –

Тұрғызып тағы да өзі.

Жайшылықта

Жабы боп көрінгенмен,

Топқа түссе,

Тұлпардың нағыз өзі.

Бұл күнде де

Біртуар,


Бабында ағам.

Қыран құстай

Құйқылжып-ағындаған.

Қанша мықты болса да,

Алшаң басқан,

Қабдоловтың өзіне бағынбаған.

Бүкіл дүние

Білігі


Бір басында.

Бір ғасырды жалғады бір ғасырға.

Кілтін тауып

Көңілінің аша білсең,

Құрдасың да болады, сырласың да!

Светқали НҰРЖАН,

ақын

АЙТЫЛМАҒАН АЛҒЫС ТУРАЛЫ ХИКАЯ

(Ұстазым Рымғали Нұрғалиға)

Біле жүрсін алды-арттағы жас-кәрі,

Бізден де өткен жастық иттің мас халі.

«Өлең шіркін өсекші ғой»…

Отырмын

Отыз жылғы ұрлығымды ашқалы.



Күндіз – мұзға, түнде – қызға тайғанап,

Жығылушы ек, от боп жылап, аймалап.

Тығылушы ед тасасына таулардың

«Алтын кірпік, қызыл ерін» Ай-қарақ.

Аламын деп қара өлеңнің бәйгісін,

Сан жұлқынған мына отырған байғұсың.

Еледік пе, тасасынан таулардың

Қарап тұрған Ай-қарақтың қайғысын?..

Жындай орап «ақын» деген қошемет,

Тартылатын, өрті ұратын кесе көп.

Тәліптерге таптырмайтын шәйірді

Ұстаз қауым жақтырмайды, – не себеп?..

Көз көгеріп, бет жыртылып, шеке ісіп,

Достармен де қалам кейде шекісіп,

Мен – сабақтан, сабақ – менен сытылып,

«Уф!» дегенде өзегімнен от ұшып.

Сол өрттердің табы жатыр ерінде,

Сол дерттердің зәрі жатыр көңілде.

«Би» атанып, «сыйапа» алып, отырдық,

«Думандар» мен «Шолпанжанның» төрінде.

Бір жақты ұрып – тәлім болып дарыным,

Бір жақта ұлып – жалын болып арыным:

Бар анығым қалған екен білініп,

Деканатқа мәшһүр болып дәрібім.

«Елді қырды! Жау шаптылап!»

Атойлап,


Ылақтарға көрсетпекке теке-айбат –

«Зам. деканым» (бастығым ғой) – ауылға

Жіберіпті бес парақты хат айдап.

Сол бір хаттың «жылытқаны» жадымда,

Алатаудың ұлып қары қанымда.

Маңғыстаудан ағам менен інім кеп,

Ұстаз хатты «ұмытқаны» жадымда...

Көп ұзамай көктем жетті елбіреп,

Алатаудың жасын сүртіп жел-жібек.

Тағы да есте бір түн «жуған» шағымыз:

«Рымғали декан болып келді» деп...

Пәле екенмін жолыма жын үшкірген,

Тумай жатып талай отқа түстім мен! –

Аян еді шығатыным оқудан,

Он мұғалім арыз жазып үстімнен!

Бірі айтпапты: «бар деп мұның обалы»,

«Шықты оқудан!» деген хабар қаралы –

«Халық жауы» атанғаннан сәл төмен,

Сол кездегі атақ еді жоғары.

Өтті сөйтіп факультетте зор Кеңес,

Зор Кеңестен төмен бе еді мендегі өш! –

Тайып тұрдым қағып тастап қолдарын,

Ақын деген анау айтқан сорлы емес!

Жаттым сөйтіп, хабар күтіп қаралы,

Немен басам – өрт жайлаған сананы?..

«Сүйіншілеп!» достар жетті түс ауа,

Мәлім болды зор Кеңестің хабары.

Нұрғалиев он арызды оқытқан,

Оқытқан да біз шырақты жете ұққан.

«Бұл КазГУ-де кімдер оқып жатқанын

Білмеймін бе?!» – Сауал қойған жекіп паң.

«Жақсы білем. Күлді менен не көмеш

Бықып жатыр: өлі жүрек, көр-өңеш...

Кім-көрінген қыла берер келемеш,

Бұл қазақтың ақындары көп емес!

Кешегі бір кесапатты жолсызда

Ақындарды көп жылаттық онсыз да.

Теппеу керек, сыйпау керек маңдайын,

Текті сұңқар қолға қонад торсыз да.

Түнін – тозақ, көрген күнін азап қып,

Қорламаңдар шын талантты мазақ қып.

Армандарын аялаңдар олардың,

Ал ақынның Ұлы Арманы – АЗАТТЫҚ!

Тобында емес, – жылмақай мен ыржаңның,

Соңында жүр Ақан менен Біржанның...

Осы орында декан болып мен тұрсам,

Оқиды әлі – ақын ұлы Нұржанның!»

Тәмәт тамам!

Бар хикая осы еді,

Ұстаздардың шықпай қалды есебі.

Оларда – айып, менде – обал жоқ! –

Дегенмен


Сап тыйылды өсегі мен кесегі.

Нұр-хабарды көктемде есту! –

Ол – жалын! –

Өртеп кетер тар қоғамның торларын.

Тағы да есте – қуаныштан сол күні

Талай гүлге көбелек боп қонғаным!

Көп алдында жатпайын деп жалбақтап,

Алғысты да айтпай кеткем мен бетбақ!

Мен – кім едім?

Нөл едім ғой ол күнде,

Қайран Ағам алды сол күн нөлді ақтап!

Кеудеде шер, қалмап еді-ау құса түк,

Самғап едім қайтқан жандай құс атып.

Шығарды да кілең нөлдің алдына,

Кісінетті – Единица құсатып!

Міне, тура жиырма алты жыл өткенде,

Есім кіріп, егделікке жеткенде,

Айтпай кеткен АЛҒЫСЫМДЫ арқалап,

Қайта оралдым сонау балғын көктемге.

Шынында да жәннат еді-ау сол көктем,

Тау бесігін үр-ғылмандар тербеткен.

Шақалақты – жатқан мендей былғанып,

Тап-таза ғып шығарып ед жөргектен!

Біздер қанша былғамадық жөргекті,

Іңгәладық жаңғыртып кеп жер-көкті.

Менен басқа қанша ақынын қазақтың,

Ғылман-ағам жан-бесікте тербетті!..

Зәһар емес, әбілҺаят ішкендей,

Сөйлемейміз тебіренбей, тістенбей.

Кеттік талай «өзі болған қыз» құсап,

Бұтқа толып – көктен бүгін түскендей.

Дегенменен, ағам түсіп жадыма

Ораламын сонау бозым шағыма.

Бойды жыйып ала қоям әп-сәтте,

Біреу тартып қалғандай-ақ жағыма...

Қайран менің жақсыға бай мекенім,

Жетеледің қырдың желгір бөкенін.

Кейін ұқтым, сыйпағаны маңдайдан,

Ар-ұяттың шапалағы екенін!..

Енді қызға ұрынбаймыз аймалап,

Енді мұзға жығылмаймыз тайғанап.

Шықты аспанға тасасынан таулардың,

«Алтын кірпік, қызыл ерін» Ай-қарақ.

Талай күн кеп өтті езіп малталап,

Талай күн кеп шөкті көзі қанталап...

Ай астында Ағам кетіп баратыр,

Ақындардың Армандарын арқалап!..

Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы,

профессор, ақын

АЛАШТЫҢ АЛТЫН САҚАСЫ

Ардақты ұстазым, әйгілі ғалым Р.Нұрғалиұлына

Рахман жаңбырындай тұрған иіп,

Жіберер жанға мерей, нұр да құйып.

Аспанын алты алаштың әспеттеген,

Байтақтың бәйтерегі – Нұрғалиев.

Дәуірдің дара тұлға хас білгіші,

«Байқамай» бұздың талай «дәстүрді» шын.

Сол үшін бөлтірікті соймақ болды,

Қандендер қайдан білсін қасқыр күшін.

Әр сөзің абыздардың батасындай,

Талабың мен талғамың ата шыңдай.

Алшыдан бір жазбадың иіргенде,

Алаштың алтындаған сақасындай.

Өкілі өмірдегі аппақ ардың,

Демедің бақайлықтан бақ табармын.

Анық қилы заманда өмір сүріп,

Алып «Қилы заманды» ақтап алдың.

Ар болып, намыс болып жүгінгенің,

Мансап деп, бақ қайда деп жүгірмедің.

Тасын салып қуғанда тасыр тағдыр,

Түңілмедің өмірден, бүгілмедің.

Бүгілмедің, боп өстің кемел, мықты,

Төңірек «төңкерісті» сенен күтті.

Өйткені Ахаң берген ұлылық бар,

Әуезовтен ап қалдың кемелдікті.

Сенгенің елің еді, еңбек еді,

(Қылышың қиып тұрды ең керегі).

Тағынан тая берді кесір кезең,

Өлкеңнің өрге тасы дөңгеледі.

Таң атты, өлкең нұрлы елің жарық,

Ол – қанша күткен таңың сенің де анық.

Алаштың азат төрі орның бүгін,

Жол бермес төбесінен тегін халық.

Көңілің – жаз, жаның – жайлау, жүзің – көктем,

Тағдыр да талабыңды қызырлы еткен.

Сен өзің ортамызда жүргеніңмен,

Келешек керуені боп ізің кеткен.

Ол рас ғасырлармен таласарың,

Данышпан, бүгін сенің дана шағың.

Өргізіп арман-тауға үмітіңді,

Алаштың әлдилей бер болашағын!

АРДА ЕМГЕН АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРЫСЫ ЕДІ...

(Аяулы ұстазым, акадамик Р.Нұрғалидың рухына)

Қой бағып жүріп, той бағып жүріп – ой бағам,

Жалғанды мынау көрген түс дейді ойлы адам.

Жалмады қанша жандары жайсаң жақсыны...

Сонда да мынау қара жер қарны тоймаған.

Сұм ажал кімді аяп қалушы ед қайырым ғып,

Бүгін де міне, арыстан ұлдан айырылдық.

Алты Алашымның арысы едің Рағам,

Аңырап қалдық, қанатымыздан қайырылдық.

Хас батыр едің, басыңды елге атаған,

Жыға алмап еді бодандық желі қақаған.

Алаштың сөзін сөйлеумен өтті өмірің,

Ұл туса егер сендей-ақ болсын атадан.

Қызғыштай қорып тіліңді, азат еліңді,

Атыңнан түспей, шешпей де кеттің беліңді.

Алшыдан жазбас Алаштың алтын сақасы ең,

Кебенек кимей, таңдадың неге кебінді?!

Қаламың – семсер, сөз бастап кетсең серке едің,

Мезгілсіз кетіп, өзегін елдің өртедің.

Ағасы едің «Дүр Дүкен» дейтін ініңнің,

Жағасы едің жалаулы мынау өлкенің.

Рағам барда, шынымен мен де дүр едім,

Қайыспаушы еді қабырғам, белім, білегім...

Тірісің аға, бізбенен мәңгі біргесің,

Алты Алаш барда, аманда мынау ұлы елің!

Қолыңнан кетсе алтынның болмақ нарқы шын,

Бақыл бол, аға, жаннатта рухың шалқысын.

Өзіңдей ұлдар өлмейді, мәңгі жасайды,

Бозторғай болып шырылдап өткен халқы үшін!

Аманжол ӘЛТАЙ,

филология ғылымдарының докторы,

ақын

АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ҰЛДАРЫ

Текті ұлдардың таусылып тылсым демі,

Аз болған жоқ қарт Шыңғыс күрсінгені.

Боз далада боздаған боз інгендей

Қасіреттен қалғандай құр сүлдері.

Атомның да залалын арқалады,

Қарағайын қарақшы балталады.

Жараланған жүрегін жұбатады,

Құдандалы құрдасы Қарқаралы.

Асыл туған ұлдары ұлы өлкенің,

Көп ойлайтын халқының күні ертеңін.

Екі тауға еркелеп ержететін,

Арда туған баласы бұл өлкенің.

Тұқымындай тұлпардың Қарақасқа,

Озып олжа салатын нар Алашқа.

Қос құлағы қырық жыл бұрын туып,

Бидің сөзін айтатын бала жаста.

Бұл екі тау біледі ер бағасын,

Даналықпен өсірген ер данасын.

Құнанбайдың баласы көз жұмғалы,

Ешкім емдеп жазған жоқ шер-жарасын.

Болжай алар пенденің сапарын кім,

Құба заман көрсеткен қаһарын мың.

Осы екі тау егіліп жоқтау айтқан,

Кеудесін оқ тескенде Шәкәрімнің.

Оған ермей ешкім жоқ жеке қалған,

Жетелейді тағдырдың жетегі алдан.

Дүниеден дәм-тұзы таусылғанда,

Омарханның ұлы да кете барған.

Қысқа ғұмыр жұлдыздай ағып өттің,

Көлбеңдеуін қойған ба лағынет мұң.

Шыңғыстаудың жолына көк шыққанмен,

Басылған жоқ қайғысы Жәнібектің.

Қоюланып батқанда күн қарасы,

Қарт Шыңғыстың көбейді бір шарасы.

Ойсыратып ортаңды тағы кетті,

Абайдың ауылының бір баласы.

Жүрегіне сіңіріп елдің мұңын,

Иығына көтеріп елдің жүгін.

Келдібектің ұлындай кесіп айтып,

Екі сөзбен шешетін ердің құнын.

Табанынан Ертістің терең еді,

Ғылым көшін бастаған ерен еді.

Шешен сөйлей білетін, көсем ойлап,

Байтұрсынның ұлындай берен еді.

Сүріндірер сапарда текті іздегі,

Жалған өмір шынымен сепсіз бе еді ?!

Ардакүрең ағасын аламынның,

Жайлауына жетпістің жеткізбеді.

Күреңіткен өмірдің күзіменен,

Құлап түсті-ау тамырын үзіп емен.

Ұлы Абайдың ауылында туған ұлдар,

Кетіп жатыр Абайдың ізіменен.

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН,

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент, ақын

АБЫРАЛЫҒА БАРҒЫМ КЕП ЖҮР...

(Ұстазым Рымғали Нұрғалидың рухына арнаймын)

Басында Қобыландының арша жалғыз,

Жете алмай сол аршаға шаршағанбыз.

Айрылып Алты алаштың абызынан,

Қайғырып талай жылды қарсы алармыз.

Дегелең ежелден-ақ дертің қалың,

Көргенбіз қойнауыңда шер тұнғанын.

Ақандай күңіренеді қобыз далаң,

Құшақтап Құлагердің ер-тұрманын.

Жалғызтау аңқаны ашсын ақ самалың,

Көңілдің шипа болар тапшы амалын.

Қайнардан қайнап шыққан әрбір бұлақ

Лебізін аңсағанда жақсы ағаның.

Түсініп туған жердің мәнін үстем,

Тасбұлақ тұнығыңнан қанып ішкен.

Батырдың жығасындай Сұлушоқы

Сұңқарын күтіп жатыр сағынышпен.

Көрсем деп тарихтағы төл бейнеңді,

Көңілін ондай ешкім бөлмейді енді.

Шежіре Таңбалытас баурайыңа,

Тұлпарың дүбірлетіп келмейді енді.

Бармайды қазығына жанын байлап,

Қазақы қасиеті қанында ойнап.

Көсіліп көсемдердей сөйлемейді ол,

Кіндігін кескен жердің төрін жайлап.

Көрмейміз қалжың айтып қағытқанын,

Ұмытып сол сәт барлық жабыққанын.

Дөңінен Доғалаңның аса бере,

Аңыздың ақ тиегін ағытқанын.

Алды да кетті өмірден мәңгі үлесін,

Босатып талай елдің жан-жүйесін.

Алаңдап Абыралыға барғым кеп жүр,

Ұстаздың тыңдайтындай әңгімесін.

Сәруар ҚАМАЕВА,

филология ғылымдарының кандидаты,

ақын

ЖЕТПЕЙ ҚАЛҒАН ЖЕТПІС ЖАС...

(Ардақты аға Рымғали Нұрғалидың рухына)

Жетпей қалған жетпісің,

Соңыңнан қуып жеткен бе?

Жасындай жарқ еткізіп,

Аспаннан нұрын төккен бе?

Келер деп, аға, күтіп ек,

Құстармен қайтып көктемде.

Көктем де өтті, жаз келді,

Көрмедік мүлде жүзіңді,

Мекендеп қалдың тар жерді,

Жат елде демің үзілді,

Мүрде боп келді мүсінің

Жанарға моншақ тізілді.

Көз жасы көлдей құйылды,

Азалап жұртың жиылды.

Ойсырап қалды орының,

Ғұмырың сәтте қиылды.

Жетпей қалған жетпіс жас,

Жер астына бұйырды.

Тоқтады да жүрегің,

Түстің бейне қалыпқа.

Кеше ғана тірі едің,

Еттің қызмет халыққа.

Ірілердің бірі едің,

Қалай сыйдың табытқа?

Дәулеткерей КӘПҰЛЫ,

ақын

СОҢҒЫ АЛАШ

Бұлдырайды алыстан Абыралы таулары,

Сансыратып сағыныш, сағым буып аумағы.

Абай төніп төбеңнен, тұрған кезде бақылдап,

Қалай төгіп тастайсың қасиетті қандағы?!

Құдіретке бас идің, құшағыңды күнге ашып,

Сетерледі жаныңды селеу басы тұнба шық.

Саятқора жаныңа сая болған шақтарда,

Қолтықтықтасып қажымен шағыл кездің мұңдасып!

Дертті жаның әуелден Дегелеңнен дерт емген,

Көлегейлеп көзіңді Қарауылға ертеңмен.

Мұхтарменен бір туып, мұхит кешіп кеттің-ау,

Жағаласып дауылда, кемедегі желкенмен!

«Менің әкем, білсеңдер, Ұлы Алаш, Ахаң», - деп,

Ұлт жолында шегіп ең, ауыр азап, сапар көп.

Рухымен тербетті, тектілікке жетелеп,

Елің үшін еңкеймей басын берген Махамбет!

Содан, содан, жан көке, ертеңі үшін текті елдің,

Жарымаған уызға жарымжанға кектендің.

Жүрегіңді жеміріп жегіқұрты жалғанның,

Болашаққа ұрпақты сендіруге серт бердің.

...Алаш Алаш болғалы ұлы еліңді аядың,

Қан ұйыған басына жүрегіңді аядым.

Дүрбелеңде таба алмай дүниенің баянын,

Хаққа ұсынды жаныңды жаңылмайтын «баяғым».

Көкбөрілік киемен тартып туған қанына,

Данам қайда бұл күнде дақ түсірмес арына?!

Алаш жұрты жиылып, Тәңіріне тәубе айтты,

Ұлы Мағжан жұртында, тірі Алаштың барына!

Айбек Қалиев,

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент, ақын

ЕҢ АҚЫРҒЫ САРБАЗЫ АЛАШОРДАНЫҢ

Ақ қағазға қадалсам да жан салып,

Жанарымнан мөлт-мөлт етіп тамшы ағып.

Ұстаз жайлы айту оңай болғанмен,

Өлең жазу қиын еді қаншалық.

Ащы өксік өзекті кеп кептейді,

Қаламнан нұр, сөзден сәуле кет, мейлі.

Бейнелеуге әз ұстаздың бейнесін

Қара өлеңнің құдіреті жетпейді.

Кей кездері көңілі көлдей толатын,

Кей кездері ақ түтек боп соғатын.

Әкемдей боп кеткен менің ұстазым

Академик Нұрғалиев болатын.

Қай кезде де аспайтын да таспайтын,

Әңгімесін әріректен бастайтын.

Шешілмейтін мәселенің түйінін

Қалжыңменен тарқатып-ақ тастайтын.

Әр ісінен, әр сөзінен мән ұқтық,

Бар сырына еріп жүріп қанықтық.

Сарказмы сұр жебедей тесетін,

Кекесіні кесіп түсер, жарықтық.

Мінезінің көрдік алуан кездерін,

Бір қисайса, қыңыр еді, сезгенім.

Бірақ та сол қисықтығы, құдай-ау,

Түзуінен түзу еді өзгенің.

Алашпенен ұштастырып арманын,

Жайқалтып ед ойларының орманын,

Әлихан мен Ахметке аттанды,

Ең ақырғы сарбазы Алашорданың.

МАЗМҰНЫ

Ұстаздық ұлағаты (Кіріспе орнына). Қ.Алпысбаев .....................................

І бөлім

ТҰЛПАР ТЕКТІ ТҰЛҒА ЕДІ .........................................................................

ІІ бөлім

АРДАКҮРЕҢ

Құл-Мұхаммед М.А. Алашұлы .........................................................................

Оразалы С. Жансерік ........................................................................................

Сәрсекеев Қ. Алаштың азаматы ......................................................................

Алпысбаев Қ. Санадан өшпес зор бейне …………………………………….

Жұртбай Т. Ардакүрең ………………………………………………………

Сәрсекеев Қ. Толық адам яки РНН – Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалиев

жайлы эссе …………………………………………………………………….



Ысқақұлы Д. Алашшыл азамат ………………………………………………

Еспенбетов А. Ай қанатты арғымақ ................................................................

Хамзин М. Асыл аға туралы бірер сөз .............................................................

Есембеков Т. Ғалым туралы сөз ........................................................................

Әбдиманұлы Ө. Қазақ руханиятының жарық жұлдызы ...............................

Бисенғали З. Қазақ әдебиетiнiң тарихы және алаш ұранды

әдебиет мәселелерi .............................................................................................



Тұрысбек Р. Асыл сөздің арлы өкілі ...............................................................

Тұрышев А. Ғылымның жілігін шағып, майын ішкен нағыз ғалым ..............

Шаштайұлы Ж. Рымғали Нұрғалиев лекциясы .............................................

Елеукенова Г. Академик Р.Нургали ..................................................................

Чынар А.А. Қазақстанның тағы бір алып бәйтерегі құлады: профессор

Рымғали Нұрғали және оның Түркиядағы орны .............................................



Көпіш Ә. Тұлға ....................................................................................................

Тапанова С. Академик-ұстаз ..............................................................................

Ержанова Г. Соңғы жаңа жыл ..........................................................................

Аймұхамбетова Ж. Ұлағатты ұстаз, рухани тірегіміз еді................................

Байтанасова Қ. Тұлғаны танытқан тұлға .........................................................

Мешімбаева Б. Ұлттық рухты жоғары көтерген ғалым-ұстаз .......................

Баймолдаев Т., Саметова Ж. Тау сілеміндей мол мұра қалдырған ..............

Боранбаева Ж. Рымғали Нұрғали тілінің көркемдігі ........................................

Айтуғанова С. Кең жүректі ұстаз .......................................................................

Серғазы Л. Сағыныш ............................................................................................

Қамаева С. Сырлы сөздің сардары .....................................................................


Жаманкозова А. Художественно-эстетическое значение цикла рассказов

Рымгали Нургали «Неоконченная трагедия» ....................................................



Құлыбекова Ж. Академик Рымғали Нұрғалидың ғылыми зерттеулеріндегі

Ғ.Мүсірепов шығармашылығы ..........................................................................



Құрмамбаева Қ. Ұлағатты ұстаз аға ..................................................................

Абдуллина А. Қазақ әдебиеттану ғылымының ақтаңгері ...............................

ІІІ бөлім

АЛАШТЫҢ АЙ ҚАНАТТЫ АРҒЫМАҒЫ

Айтұлы Н. Ағамен қоштасу ..............................................................................

Дүйсенбайұлы Е. Ұлт намысын ұстанған .......................................................

Тұрғынбекұлы С. Дүр ғалым ..............................................................................

Нұржан С. Айтылмаған алғыс туралы хикая ..................................................

Мәсімханұлы Д. Алаштың алтын сақасы ..........................................................

Мәсімханұлы Д. Арда емген алты алаштың арысы еді.....................................

Әлтай А. Абай аулының ұлдары ........................................................................

Дүйсенғазин С. Абыралыға барғым кеп жүр ......................................................

Қамаева С. Жетпей қалған жетпіс жас .................................................................

Кәпұлы Д. Соңғы Алаш .........................................................................................

Қалиев А. Ең ақырғы сарбазы Алашорданың......................................................

АЛАШҰЛЫ

Құрастырып, баспаға әзірлегендер филология ғылымдарының докторы,

профессор Қ.Қ.Алпысбаев, филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Ж.Ә.Аймұхамбетова



Редакторлар: Г.Б.Ержанова, Қ.М.Байтанасова

Компьютерге терген: А.Балташева

Басуға 11.01.2011. Пішімі 60х84 1/16



Офсеттік басылым. Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы ???

Таралымы ??? дана. Тапсырыс № 215


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет