Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін



Pdf көрінісі
бет22/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
1.3 Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін 
географияда оқытудың мазмұндық-құрылымдық моделі 
Бүгінгі күні біздің қоғамға мәселелерді шеше алатын, шешім қабылдайтын, 
сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, 
топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті 
бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе 
жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті 
емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке 
қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді 
ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.
Болашақ тұлғаны қалыптастырудың негізгі шарты мен көрсеткіші кәсіби 
педагогикалық білім беру саласындағы қажетті біліктілікті қалыптастыру 
болып табылады. Қазіргі уақытта, білікті тұлғалар қалыптастыру 
педагогикалық білім беруде мазмұндық-құрылымдық модельдеу арқылы 


42 
жүзеге асырылатыны белгілі. Модельдеу ғылыми және педагогикалық 
әдістердің бірі болып табылады. Ол ғылыми білімді бекітудің оңтайлы және 
үнемді тәсілі ретінде пайдаланылады. 
Біз алдыңғы бөлімдерде тоқталған теориялық материалдар және далалық 
зерттеу жұмыстары барысында алынған нәтижелерге талдау жасай отырып, 
Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда 
оқытудың құрылымдық - мазмұндық моделін ұсындық (13-сурет). 
Бұл модель бірқатар өзара байланысқан блоктарды қамтиды: мақсат, 
мазмұн, технологиялық және бағалау-нәтижелік. Бұл блоктар моноқалалардың 
инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемесін жетілдіріп, 
пәнді игерудегі мақсаттарға тиімді қол жеткізуге, ғылыми дүниетанымның 
қалыптасып, дамуына оңтайлы нәтиже көрсетеді. 
Мақсаттық блок 
– зерттелетін үрдістердің мақсат-міндеттеріне 
негізделген. Моноқалалардың инновациялық даму үрдістерін географияда 
оқыту мақсаты орта білім беру және ЖОО мысалында орындалды. Орта білім 
беру жүйесінде орындалған «Қалалар географиясы» факультативтік сабағы 
аймақтық компонент ретінде қарастырылып, жаңартылған мазмұндағы 
«География» пәнінің типтік оқу бағдарламасының негізгі мақсат-міндеттеріне 
сәйкестендірілді. Ал, ЖОО-да оқыту мәселесі «Геоурбандалу» элективті 
пәнінің білім беру мазмұнына кіріктірілді. Моноқалалардың инновациялық 
даму үрдістерін жоғары және орта білім беруде оқыту мақсаты - білім 
алушылардың білім сапасын көтеру, жаңа ақпараттық технологияларды тиімді 
пайдалану міндеттерін жүктейді.
Мазмұндық блок
– алға қойған мақсат-міндеттерді орындауға бағытталған 
пән мазмұнынан, оқытудың әдіснамалық негіздерінен тұрады. «Қалалар 
географиясы» факультативтік сабағының мазмұны, біздің зерттеуімізге негіз 
болған Текелі мен Жезқазған моноқалаларын кешенді оқып үйрену 
мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, елді-мекеннің тарихы, табиғаты, 
әлеуметтік-экономикалық жағдайы (халқы, демографиясы, шаруашылық 
салалары, мәдени өмірі), инфрақұрылымының иннновациялық салалары, 
қоршаған орта жағдайы секілді кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Бұл 
құрылған мазмұнды еліміздің басқа да моноқалаларын немесе өңірлерін оқып-
үйренуге үлгі ретінде қарастыруға болады. Жалпы, орындалған факультативтік 
сабақтың негізгі мақсаты - оқушыларға сабақтан тыс уақыттарда өзінің туған 
жері туралы мағлұматтар беріп, тұлға ретінде дамуына жағдай жасауды 
көздейді. Әрине, бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласындағы «Прагматизм», «Туған жер» ұғымдарының 
мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Ал, «Геоурбандалу» элективті пәнінің 
мазмұны бұрын-соңды қарастырылмаған урбандалу үрдісінің жаңа трендтері 
негізінде қайта құрылымдалды. Атап айтқанда, пән мазмұны урбандалудың 
тарихи, заманауи, болашақ көрінісіне қатысты ақпараттармен толықты. 
Моноқалалардың әлемдік және отандық даму трендтері жіті зерделеніп, 
«Геоурбандалу» элективті пәнінің білім мазмұнына енгізілді. Бұл орындалған 
жұмыстар білім алушылар үшін жүйелі жұмыс жасау, жеке тұлға ретінде 
қалыптасу, зерттеушілік іс-әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді.


43 
Сурет 13 - Қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін 
географияда оқытудың мазмұндық-құрылымдық моделі 
 
Технологиялық блок
– орта және жоғары білім беру жүйесінде оқытудың 
әдістері, оқытуға қажетті құрал-жабдықтарды қамтиды. Моноқалалардың 


44 
инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың мақсаты мен 
міндеттерінің орындалуы, осы блокта атқарылатын жұмыстармен тығыз 
байланысты. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту түрі 
күрделілігі жөнінен айырмашылық жасайды. Осы құрылымдағы орындалатын 
жұмыстар білім алушылардың белсенді жұмыс жасауына ммүкіндік береді 
және дамуына ықпал етеді. 
Бағалау-нәтижелік блок
– алға қойған мақсат-міндеттердің, оқыту 
мазмұны мен технологиялық іс-әрекеттердің өзара жүйелі байланысының 
нәтижелерінен тұрады. Яғни, мазмұндық-құрылымдық модельдің мақсаттық
мазмұндық және технологиялық кезеңінде орындалған жұмыстар, орта және 
жоғары білім алушылардың бойында танымдық, ақпараттық, шығармашылық, 
коммуникативтік, зерттеушілік, тұлғалық қасиеттерін дамытуға негізделіп 
орындалған. Алынған нәтижелер жоғары және орта білім алушылардың 
деңгейін анықтайды. Жалпы алғанда, біздің зерттеу жұмысымыздың 
технологиялық картасы немесе мазмұндық-құрылымдық моделі білім 
алушылардың білім, білік дағдыларының тереңдеуіне, зертттеушілік 
құзіреттерінің дамуына, ақпараттық технологияларды еркін игеруіне мүмкіндік 
береді.
Біз 
ұсынған 
мазмұндық-құрылымдық 
модель 
моноқалалардың 
инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың мәселелеріне арналды. 
Бұл модель бойынша орындалған жұмыстар Қазақстан моноқалаларындағы, 
оның ішінде Текелі мен Жезқазғандағы жағдайды танып-білуге, тиімді 
шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді. Осы ретте, зерттеу жұмысын тек 
біржақты қарастырып қоймай, оны әртараптандыру қажет деп таптық. Яғни, тек 
отандық тәжірибелерді ғана талдап қоймай, инновациялық жетістіктерімен 
ерекшеленген әлемдік тәжірибедегі моноқалалардың дамуын зерделеудің 
маңызы зор. Бұл жағдай біздерге болашақта моноқалаларды инновациялық 
дамытуға қатысты тиімді шешімдер қабылдауға, білім алушылардың танымдық 
құзіреттіліктерінің дамуына септігін тигізері анық. 
Бүгінде қалалардың инновациялық орталық ретінде дамуы тек әлемдік 
және аймақтық маңызы бар ірі қалаларға ғана тән құбылыс емес. Шағын 
қалалар да инновациялық жетістіктерімен ерекшеленіп, әлем таныған брендтік 
өнімдер шығаруда. Бұл ретте, мысалды ел тұрғындарының күнделікті 
қажеттіліктерін өтеп жүрген тәжірибелерден келтіруге болады. Мысалы, кез-
келген ел тұрғынының немесе кеңсе қызметкерінің компьютеріндегі
«Microsoft» бағдарламалық өнімдері АҚШ-тың шағын ғана Редмонд қаласында 
(халқы 53 680 адам) жасалады және компанияның бас штаб-пәтері де осы 
қалада орналасқан. Автокөлік шиналарының әлемдік алыбы «Michelin» 
компаниясының өнімдері Францияның 140 мың ғана халқы бар Клермон-
Ферран қаласынан өндіріліп, әлемге тарайды. Әуе тасымалы бойынша әлемдегі 
ең сенімді «Airbus» әуекомпаниясының бас штаб-пәтері осы елдегі 27 мың 
халқы бар Бланьяк қаласында орналасқан. Бұл да көптеген ел азаматтарының 
күнделікті өмірінде қауіпсіз қызметімен танылған. Телекоммуникациялық 
жабдықтар мен ұялы байланыс құрылғылары өндірісіндегі әлемдегі жетекші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет