Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет54/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
технологиялар танымы» 
атты анкеталық сауалнамаға
 
20 студенттің 10-ы
 
бақылау тобы
, ал 10-ы 
эксперименттік топ 
ретінде қатысты. Олардың 
бақылау тобы 
бойынша 30% - «төмен, 50% - «орташа», 20% - жоғары» 
деңгейлерді көрсетті. Ал, 
эксперимент тобы 
бойынша 50% - «төмен, 40% -
«орташа», 10% - жоғары» деңгейлеріне ие болды. Сауалнама нәтижелері 
пропорциялық теңдеулер құру арқылы есептелді. Көрсеткіштер 31-суретте
берілді. 
 
Сурет 31 - Анкеталық сауалнама бойынша болашақ мамандардың 
ақпараттық технологияларды игеру деңгейлері (%-бен) 
Қалыптастыру экспериментінің алдыға қойған міндеттеріне сәйкес студенттер 
алдымен ГАЖ құруға арналған ArcView 10.3 бағдарламасында жұмыс жасауды 
үйренді. Мұнда, растрлық файлдарды кеңістікте байлау, шейп-файлдар құру, 
сызықтық, тұйық және нүктелік әдістер арқылы картографиялау жұмыстарын 
жүргізу, студенттердің өзіндік ізденістері негізінде жинақталған ақпараттарды 
талдау және саралау арқылы мәліметтер базасын құру, үрдістерді рангтерге 
жіктеу, мәліметтердің экспорт-импорт алмасуларын қаматамасыз ету, сандық 
мәліметтерді графикалық бейнелеу (диаграмма, гистограмма т.б.) сынды 
тапсырмалар орындады.
ГАЖ құруға арналған бағдарламаны игерген эксперименттік топ 
студенттеріне «Геоурбандалу» элективті курсының практикалық жұмыстарын 
орындау үшін тиісті тапсырмалар берілді. Кейбір тапсырмаларды орындауға 
30%
50%
50%
40%
20%
10%
бақылау тобы
эксперименттік 
топ
0%
20%
40%
60%
80%
100%
төмен
орташа
жоғары


105 
қажетті материалдар біздің тарапымыздан ұсынылды. Мысалы, далалық 
зерттеулер барысындағы фотоматериалдар және көпжылдық метеорологиялық 
ақпараттар. Осы орайда, күрделілігі бойынша қарапайым, яғни төмен деп 
бағалауға болатын тапсырмадан мысал келтіруге болады (32-сурет). ЭТ 
студенттері арасында мұндай көрсеткішті бір студент көрсетті.
Сурет 32 - Жезқазған қаласы орналасқан аумақтың жер бедері
(әуеғарыштық және фотокөрінісі) 
Жезқазған қаласы орналасқан аумақтың жер бедерін сипаттайтын инфографика 
құрастырған студент, аумақтың жер бедерінің қалыптасуындағы антропогендік 
және техногендік факторлардың рөліне сипаттама беріп, өзінің ақпараттық 
және ізденімпаздық дағдыларының біршама артқанын байқатты.
ЭТ студенттерінің басым көпшілігі ГАЖ құруға арналған бағдарламамен 
жұмыс жасауда күрделілігі орташа нәтиже көрсетті. Мысал ретінде, бұл 
бағытта орындалған жұмыстар арасынан Жезқазған қаласы аумағына түсетін 
жауын-шашын көрсеткішін сипаттайтын климатограмманы келтіруге болады 
(33-сурет). Мұнда жауын-шашын таралуының көп жылғы мәліметтері (1951-
2016), абсолюттік максимум және минимум ауытқулар, қар жамылғысының 
көрсеткіштері МБ-да жүйеленді. Студенттер жылдық жауын-шашын көрсеткіші 
187 мм-ді құрайтын Жезқазған қаласы үшін, бұл жерде мынадай 
қызықты 
ақпараттарға
қол жеткізді: 1) айлық максимум - 97 мм (1978 ж., мамыр айы). 
Яғни, жылдық жауын-шашынның 50%-ке жуығы осы айда түседі (қазір де бұл 


106 
тенденция сақталған, жауын-шашынның көп мөлшері осы айда түседі); 2) 
Айлық минимум 0-ге тең жағдайлар кезігеді. 1951, 1957, 1974, 1975 жылдардың 
маусым-қазан айлары аралығында мүлдем жаңбыр жаумаған. Тарихи 
деректерді және қазіргі таңдағы метеорологиялық мәліметтерді салыстыра 
отырып, ең жаңбырлы ай – мамыр, ең жаңбырсыз ай ретінде қыркүйек айын 
айтуға болады.
Сурет 33 - Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы 
жай-күйін сипаттайтын климатограмма
Бұдан бөлек, ЭТ студенттері Жезқазған қаласының ауа температурасы 
туралы да мәліметтерді жүйелеп, тиісті нәтижелерге қол жеткізгенін атауға 
болады. Онда студенттер абсолюттік максимум (43°С, 1988 ж., маусым) және 
минимум (-41°С, 1951 ж., ақпан) сияқты қызықты мәліметтерді анықтап, оның 
себебі мен салдарын түсіндіруге тырысты. «Амплитудалық ауытқулардың 
үлкен айырмашылығы Жезқазған қаласының аридті зонада орласуы негіз 
болады» - деген қорытынды жасалынды. Яғни, ГАЖ құру студенттер үшін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет