Алматы қаласы Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектеп кмм



бет8/9
Дата17.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#132153
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
пропорция (1)

IV.ҚОРЫТЫНДЫ
Мен осы тақырыпты таңдаған себебім: пропорцияның не екендігін, оның біздің өмірімізге не қатысы, пайдасы бар екенін түсінгім келді. Әрине, пропорция болмаса, өміріміздің бәрі, салынып жатқан ғимарттар, тігіліп жатқан киімдер, тіпті ас мәзірі де өзгеше болушы еді. Демек, пропорцияның адам өмірінде алатын орны зор. Мен осы тақырыпты зерттеу барысында бірнеше әдебиеттер мен ғаламтордан көп мағлұмат таптым. Математика оқулығымен бірге анықтамалықтардан пропорцияның анықтамасын, формуласын меңгеріп алдым.
Адамның өмірінде пропорцияның маңызы зор екендігіне көз жеткіздім. Дене құрылысының пропорциясын зерттеп білу, ғажайып мүсіндер, керемет өнер шығармаларын жасау үшін және белгілі денеге дұрыс киімдер тігу мақсатында пропорция қажет. Медицина саласында көптеген дәрілердің жасалуы және дәрумендердің қосылуы пропорция арқылы жасалады. Тамақ жасауда да пропорцияның қосатын үлесі үлкен. «Алтын қиманың» әр саладағы, яғни медецинада, сәулет өнерінде, музыкада, табиғатта, тіптен адам мүшелерінде кездесетіндігін сыныптастарыма және ініме айтқанда, олардың да көздерінен қызығушылықты көрдім. Сабақ барысында мұғаліммен қоса есептер құрастыруды қолға алдым.Осы жобамның нәтижесі ретінде бірнеше есептер ұсындым.
Мені таң қалдырғаны Астанадағы сәулет өнері, оның ішінде Бейбітшілік пен Ынтымақ Сарайы және Триумфал қақпасы «Алтын пропорция» әдісі арқылы құрылған. Ал қазақтың атын асқақтатып жүрген ұлттық аспабымыз домбыраның осы пропорцияның қасиеті бойынша жасалған. Демек, математиканың, оның ішінде пропорцияның адам өміріндегі маңызы туралы көп деректер келтіруге болады және « ғылымдар патшасы» қай салада болса да өзінің орнын биіктен көрсете бермек деген ойдамын.Сондықтан да осы тақырыпты тереңдете түспекпін.
Ұсыныс:

  • Математика пәнінен үйірме жұмысы ашылса.

  • Математика терминдері, ұғымдарына байланысты оқушыларға анықтамалық бюллетеньдер жасалса.

  • Математика пәнінен әдістемелік бұрыш жасаса.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет