Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


 Жылу мен жұмыс - термодинамикада энергия алмасу формалары. Термодинамиканың бірінші бастамасы



бет20/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

6.1 Жылу мен жұмыс - термодинамикада энергия алмасу формалары. Термодинамиканың бірінші бастамасы
Макроскопиялық денелердің U ішкі энергиясы бөлшектер жүйесінің механикалық энергиясынан сапалық жағынан ерекшеленеді. Бұл айырмашылық ішкі энергияны өзгертудің екі формасы – жұмыс пен жылу болған кезде ғана байқалады.
Жүйенің қоршаған ортамен күштік өзара әсерлесу кезінде оның ішкі энергиясының өзгеру шамасы А жұмысты береді. Жұмыстың атқарылуы жүйенің сыртқы параметрлерінің (мысалы, көлем) өзгеруі арқылы жүретін қандай да бір реттелген қозғалыстың пайда болуына байланысты. Сыртқы параметрлердің өзгерісінсіз жылу алмасу процестерінде ішкі энергиясының өзгеру шамасы жылуды бередіЖылу алмасу механизмдері: жылу өткізгіштік, сәуле шығару, конвекция.
Жылу мен жұмыс энергия түрлері емес, олар - энергияның алмасу формалары.
Жүйе мен қоршаған ортаның арасындағы энергия алмасуының екі тәсілі бар деп тұжырымдалатын термодинамикадағы энергияның сақталу заңы физиканың негізгі заңдарының бірі болып табылады: 
Жүйеге берілген жылу мөлшері және жүйеде атқарылған жұмыс жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады
, немесе  , (6.1)
мұндағы – жүйеде атқарылған жұмыс;
– сыртқы күштердің атқарған жұмысы.
Ішкі энергия жүйенің күй функциясы болып табылады. Оның өзгерісі тек бастапқы және соңғы күйлеріне байланысты және бір күйден екінші күйге өту тәсіліне тәуелсіз.
Жылу мен жұмыс күйлерге ғана тәуелді болып қалмайды, сондай-ақ процестің түріне байланысты болады; олар процестің функциялары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет