Алматы облысы,Талдықорған қаласы «А. С. Макаренко атындағы №6 орта мектебі мдшо» кмм директордың оқу ісі



Дата29.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#115883
Байланысты:
Семинар коорд Кусанова Д. план


«Критериалды багалау окытуды багалаудын тиімді әдісі – талдау –білімдегі олқылықты жою –жоспар »

Алматы облысы,Талдықорған қаласы

«А.С.Макаренко атындағы № 6 орта

мектебі МДШО» КММ

директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары Д.Кусанова

Бүгінгі күні мектептің алдында тұрған негізгі мәселенің бірі –ол сапалы білім беру, білімдегі олқылықтарды жою арқылы –білім сапаны арттыру.Ол үшін біз білім сападағы олқылықтарды анықтап, талдау жасап, нақты сұрақтарды анықтап барып жұмыс жоспарын құрамыз. Осы бағытта жұмыс жасау үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және мектеп үйлестірушілері тығыз байланыста жұмыс жасай отыра жетеді деп ойлаймын. Себебі мектеп үйлестірушісі тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы негізінде мектеп бойынша жалпы талдау жасай отыра, әрбір пән бойынша қиындықтар туғызған мақсаттарды айқындай келе жұмыс жоспарын құрып, пән мұғалімдерге нұсқау береді. Жалпы осы мәселеге біз Талдықорған қаласының мектеп үйлестірушілері аса назар аудара отырып, қалалық әдістемелік кабинетінің қолдауымен 2021 жылдың 22 сәуір күні Талдықорған қала мектептерінің координаторларына «Критериалды багалау окытуды багалаудын тиімді әдісі» тақырыбында вебинар өткіздім. Вебинардың негізгі мақсаты «Сараптама жүргізудің білім сапасын арттырудағы маңыздылығын анықтау» - іс-тәжірибемен бөлісу, критериалдық бағалаудың білімдегі олқылықтарды жою үшін бағыт бағдар беру, талдау нәтижесінде білім сапаны арттыру болып табылады.Вебинар барысында қатысушылармен практикалық жұмыс жүргізілді: критериалдық бағалаудың мұғалім,ата-ана және оқушы үшін маңызы неде деге? критерий құру және сұраққа жауап «Миға шабуыл» арқылы әріптестерімізбен ой бөлістік. Вебинардың екінші бөлімінде : №2 орта мектеп координаторы Г.Боскомбаева «Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын саралау», К.Ушинский атындағы № 7 орта мектеп координаторы Б.Сейитова «Білім сапасындағы олқылықтарды жою жолдары», А.Макаренко атындағы № 6 орта мектеп координаторы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Кусанованың «Тоқсандық жиынтық бағалаудың талдауы»тақырыбында іс-тәжірибелерімізбен бөлісті.





Модератор

Кусанова Дина Доскельдиновна

Тақырыбы:

«Критериалды багалау окытуды багалаудын тиімді әдісі»


Мақсаты:

1. «Сараптама жүргізудің білім сапасын арттырудағы маңыздылығын анықтау» -іс-тәжірибемен бөлісу;

2.Критериалды бағалаудың ұстаздар, ата-аналар және оқушылар үшін маңызы



Сілтеме:

Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау

Білімдегі олқылықтарды жою



Күтілетін нәтиже:

Тоқсандық жиынтық бағалаудың талдауы білімдегі олқылықтарды жоюға арналған талаптар қою, жұмыс жоспарын нақтылау, білім сапа арттыру

Ресурстар:

АКТ, презентация, ZOOM платформасы

Өту барысы:

Кезеңдері

Уақыты

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылар әрекеті

«Есім-акроним»

3 мин

Семинарға қатысушалыр өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіреді

Айнур -ақылды

Салтанат - салмақты

Қарлығаш -қамқор

Айгүл -ардақты

Роза -рахымды



Семинар онлайн форматта өтуіне байланысты қатысушылар ұшақтың сүретін салып,« Сізге арналған ұшақ » деп жазып әріптестеріне «ұшырады»( чат арқылы)

Топқа бөлу

2 мин

Қатысушыларды топқа бөлу – платформа арқылы

Топқа бөлініп отыру


Тапсырма беру, орындау

10 мин

Топ мүшелелеріне тапсырманы түсіндіру

1.«Миға шабуыл

-бағалау деген не?

-бағалау не үшін керек?

2. «Гүлдің сүретін салу» -топ арасында алмасу, 10 балдық шкаламен бағалау, комментарий жазу. Гүлдің сүреті бойынша критерий дайындау

3. Критериалдық бағалаудың мұғалім, ата-ана және оқушы үшін артықшылығы ?



Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды

Критерий құру

Кері байланыс


Ой шақыру

  1. мин

1.«Тоқсандық ТЖБ қорытындысын саралау» -Боскомбаева Г. № 2 орта мектеп координаторы

2.»Білім сапасындағы олқылықтарды жою жолдары.» Сейитова Б.-№ 7 орта мектеп координаторы



3. «Тоқсандық жиынтық бағалау талдауы» Кусанова Д.


Тыңдалым

Кері байланыс

5мин




Қорытынды ойларын айтады.













Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет