«Алматы ќ±с» ¦лттыќ Акционерлік Компания (¦АК) µз ќызметін 1998 жылдыњ науырыз айынан бастап, Алматылыќ аоот «Алтын ќ±с»


Құс шаруашылығында өндіріс шығындарының есебі



бет3/4
Дата29.01.2022
өлшемі285,5 Kb.
#115970
1   2   3   4
Байланысты:
Қабылда отчет.docx
Қазақстан мұғалімі Ұлттық Сыйлығы, Қазақстан мұғалімі Ұлттық Сыйлығы, Қазақстан мұғалімі Ұлттық Сыйлығы, Қазақстан мұғалімі Ұлттық Сыйлығы, -213268199, Қабылда отчет.docx, Научный факт
2. Құс шаруашылығында өндіріс шығындарының есебі
Құс шаруашылығында өндірістік шығындар есебі, өзіндік құнға қосылатын шығындар тізімі бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі» стандартына сәйкес анықталады. Өндірістік шығындарды қалыптастыру мен өнімнің өзіндік құнын анықтаудың біріңғай принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның есеп саясатында өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарды анықтау, топтастыру және есепте бейнелеудің «жалпы тәртібі» анықталады. Есеп саясатындағы негізгі тұжырымдар шаруашылық жүргізуші субъектісінің өндіріс ерекшеліктері мен технологиясын міндетті түрде есепке алады.

Өндірістің түріне, тұрпатына тәуелсіз өндіріс шығындарының есебінде ұйымдастырылатын өндірістік есептің маңызы зор. Құс шаруашылығы саласында шығындар есебінің негізгі мақсат-міндеттері бұл:

- шығындарды өндіріс түрлері және құс топтары бойынша бөліп таратудың экономикалық негізділігін қамтамасыз ету;

- өндірілетін өнімнің өзіндік құнын құрайтын барлық шығындарды экономикалық жағынан біртекті элементтер мен баптар бойынша дәл бөлу;



  • құс шаруашылығынан алынатын өнім шығымын өз уақытында, шынайы және толық бейнелеу;

  • шаруашылық бөлімшелері бойынша шығындарды дәл бейнелеу;

  • негізгі және жанама өнімнің өзіндік құнын экономикалық жағынан негіздеп анықтау.

Құс шаруашылығында өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл саланың ерекшелігімен тығыз байланысты, яғни өндіріс барысында алынатын өнімдердің көп түрлілігімен (жұмыртқа, құс еті, қауырсын, құс саңғырығы және т.б.) шартталған. Сондай-ақ, саланың өнеркәсіптік бағытында болуы, өндіріс технологиясы барлық өндірістерді негізгі және қосымша өндірістер болып бөлінуін анықтап берді.

Құс шаруашылығында негізгі өндірістерге құс өсірумен айналысатын өндірістер: инкубациялық цех, аналық табын, төлдер, өндірістік мекиен-тауықтар тобы жатады. Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді. Негізгі өндірістің цехтары көмекші өндірістің қызметтерін пайдаланады, олардың көмегінсіз толыққанды, сапалы өнім өндіру мүмкін емес. Көмекші өндірістерге: жөндеу шеберханалары, ғимараттар мен құрылғыларды жөндеу, машино-тракторлық парк, автомобильді көлік, энергетикалық өндірістер (электро, жылу, газбен қамтамасыз ету, тоңазытқыш қондырғылары), сумен қамтамасыз ету, құсты сою цехы, жұмыртқаны сорттау цехы, санитарлық цех, жатады.

Нарықтық экономика талаптары, сондай-ақ бұл саладағы жоғары бәсекелестік аталмыш құрылымды барынша оңтайландыруға, өнімнің өзіндік құнын өсіруге әкелетін барлық қосымша шығындарды қысқарту жолдарын іздеуге итермелейді. Осыған байланысты «Green food» ААҚ -ның басшылығы өнім өндіру және өндіріс процесін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анағұрлым тиімді етіп құруға шешім қабылдайды. Нәтижесінде асхана, санитариялық цех, жөндеу-механикалық цехы, бу қазандық цехы, жемдерді әзірлейтін цех, тракторлық бригада, құрылыс цехы және т.б. негізгі өндіріске қызмет көрсететін бөлімдердің қызмет етуі тоқтатылды. Мұның өзі өнімнің өндірістік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өндірісті зерттеу және берілген бөлімшелердің жұмыс істеуі қаншалықты тиімді екендігі талданғаннан кейін, кәсіпорын үшін жүздеген қызметкерлері бар көмекші өндірісті ұстағанша, сырттан жабдықтаушылар мен мердігерлердің қызметін пайдалану үнемді болып шықты.

Кәсіпорында жұмыртқа өндірісі жаппай өндіріс тұрпатына жатады. Өйткені ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығарады. Мұнда шығарылатын өнім ассортименті аса көп болмағанымен, олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп, құс өсіру мен ұстауға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағы жоғары болады.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындарды жоспарлау, есептеу және талдау кезінде шығыстарды топтастырудың мынандай түрлері қолданылады:


  1. Шығындар туындайтын орындар (өндірістер, цехтар, учаскелер және т.б.) бойынша.

  2. Өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша. Өндіріске жұмсалған шығындар жеке өнім не қызмет түрлерінің өзіндік құнына қосылады.

  3. Шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша тікелей және жанама болып бөлінеді.

  4. Өндірістік шығындар өзінің экономикалық мазмұнына сәйкес негізгі және үстеме болып бөлінеді.

  5. Өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы- шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі не азаюы мүмкін (жемдер, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысы, өнімді тасымалдау шығындары, дайын өнімді қаптамасы және т.б.); тұрақты-өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (негізгі құралдардың амортизациясы, жалдық ақысы, күзет қызметі және т.б.)

Өндірістерде шығындардың кейбір категорияларын тұрақты және айнымалы болып бөлу шартты сипатта болады, сондықтан да оларды шартты тұрақты және шартты айнымалы деп көрсету дұрысырақ болады.

Экономикалық мазмұны бойынша өндірістік шығындар экономикалық элементтерге және шығыс баптарына (калькуляция баптарына) бөлінеді.

Өнеркәсіп бағытандағы құс шаруашылығында өндіріске жұмсалған шығындар келесідей элементтерге топтастырылады: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, еңбек ақыдан аударымдар, үстеме шығындар.

«Материалдық шығындар» элементінде еңбек заттарына (өндірісте пайдаланылатын), өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтердің төлеміне жұмсалатын шығындар бейнеленеді:



  • құсты жемдеуге арналған өз өндірісінің және сатып алынған жем-шөп, оны жеткізуге жұмсалған шығындарды қоспағанда;

  • жұмыстарды орындауға және өндіріске қызмет көрсетуге арналған мұнай -өнімдері (жанар-жағар май, дизельдік отын, бензин);

  • отын, мұнай өнімдерін қоспағанда (көмір, газ, ағаш және т.б.)

  • шеттен алынған және меншікті электр станциясында өндірілген, электр энергиясы, жылу энергиясы, суық және энергияның басқа да түрлері;

  • негізгі құралдарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және материалдар;

  • құсты қорғауға арналған заттар, дәрі-дермек пен препараттар;

  • сыртқы ұйымдар мен кәсіпорындар немесе негізгі қызмет түріне жатпайтын, кәсіпорынның өндірістерімен орындалатын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған шығындар. Өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге өндіріске қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның көлігімен орындалатын тасымалдау жұмыстары жатады;

  • кәсіпорын ішінде орталық қоймадан басқа бөлімшелерге жүктерді тасымалдау және дайын өнімді сақтау қоймаларына жеткізу бойынша сыртқы ұйымдардың тасымалдау қызметтеріне ақы төлеу.

Құстың өлім-жітімі кәсіпорын қызметкерлерінің кінәсінан болған жағдайда олардың мойнына жүктеледі, ал табиғи апат салдарынан- зияндарға жатқызылады. Құстың өлім-жітіміне кінәлі адамдар болмаған жағдайда және ол сәйкес құжаттармен рәсімделсе, берілген жоғалтуларды материалдық шығын элементі бойынша өндірістік шығындарға жатқызуға болады. Сондай-ақ материалдық шығындарға сақтау мен тасымалдау кезінде табиғи кему нормалары шегінде өнім және материалдар бойынша жоғалтуларды жатқызуға болады.

«Еңбек ақы бойынша шығындар» элементінде өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік персоналдың жал ақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік төлемдері, сондай-ақ кәсіпорын штатында тұрмайтын, негізгі қызметпен шұғылданатын қызметкерлердің еңбек ақысы бейнеленеді.

Еңбек ақы шығындарының құрамына келесілер қосылады:


  • кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу нысаны мен жүйесіне сәйкес, сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымдық айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жал ақы;

  • жүйелік ережелерге сәйкес ынталандыру сипатындағы төлемдер;

  • жұмыс режимі мен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер;

  • қызмет етуші заңға сәйкес кезекті (жыл сайынғы) және қосымша демалыстарға (пайдаланылмаған демалыс үшін жәрдем ақы) ақы төлеу;

  • уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалықы мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;

  • егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың азаматтық-құқықтық сипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған жұмыстарына ақы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын қаржының мөлшері осы жұмыстардың және төлем құжаттарының сметалары негізге алына отырып белгіленеді.

«Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар» элементінде Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (20% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.

«Үстеме шығыстар» элементіне келесілер жатады: өндірісті материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасыз ету бойынша шығындар; ғимараттардың, қондырғылардың, өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарының және басқа да мүліктердің амортизациясы; жөндеу қорына қаржы бөлу немесе ғимараттар, қондырғылар, өндіріс жабдықтары мен көлік құралдарын жөндеу жөніндегі шығындар; ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп-ұстау шығындары, жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындар; аспаптар мен ыңғайластырылған құрылғыларды жөндеу және қалпына келтіру; сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар; цехтар қызметкерлерінің еңбегін қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын күтіп-ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; желдеткішті күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; санитариялық-тұрмыстық құрылғыларды күтіп-ұстауға арналған шығындары; арнаулы киім мен бейтараптандырушы құрылғыларға арналған шығындар; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да шығындары; басқа да үстеме шығындар (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу, іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу); өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындары, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындары; шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен болған шығындары; басқа да өнімсіз шығындар.

Есеп, жоспарлау және бақылау мақсаттары үшін шығындарды калькуляциялық баптар бойынша сыныптаудың маңызы ерекше. Біз құс шаруашылығында өнім өндірумен және оны сатумен байланысты шығындарды келесідей калькуляциялық баптар бойынша топтастыруды жөн деп санаймыз:


  1. Еңбек ақы және жалақыдан аударылатын аударымдар;

  2. Жемдер;

  3. Құстарды қорғау заттары;

  4. Негізгі құралдарды күтіп-ұстау (оның ішінде жаңар-жағар май, негізгі құралдардың амортизациясы, негізгі құралдарды жөндеу);

  5. Жұмыстар мен қызметтер;

  6. Өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;

  7. Басқа да шығындар.

Құс шаруашылығының ерекшеліктерін есепке ала отырып, қосымша баптар қосылу мүмкін, мысалы құс шаруашылығында жұмыртқаларды инкубациялау бойынша «Инкубацияға салынған жұмыртқалардың құны» бабын еңгізуге болады.

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланылады, оған 90 «Негізгі өндіріс», 92 «Көмекші өндіріс», 93 «Үстеме шығындар» бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 900- «Негізгі өндіріс» шоты арналған. Осы шоттың 901- «Материалдар», 902- «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы», 903- «Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар», 904- «Үстеме шығыстары» жинақталады, сондан соң жыл соңында 900 «Негізгі өндіріс» шотында қорытындыланады.

Өнеркәсіптік негізде құс өсірумен айналысатын құс шаруашылықтарында негізгі өндіріс шоттарына келесідей субшоттар ашылады: «Аналық табын», «Жұмыртқа инкубациясы», «Өсірудегі төлдер (1-105 күн, 1-126 күн)», «Өндірістік мекиен-тауық табыны 105-455», «Ет алынатын бордақыда тұрған балапандар» (бройлер) (1-46 күн)



«Green food» ААҚ-ның асыл тұқымды құс балапандарын шығарумен айналысатын құс фабрикасы 1 тәуліктік балапандарды кәсіпорынның басқа құс фабрикаларына өсірудегі төлдердің тобын қалыптастыру үшін жібереді. Бұл өндірістегі шығындар есебі жоғарыда келтірілген шығын баптарының номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Тек оған «Инкубацияға салынған жұмыртқалардың құны» бабы қосылу мүмкін.

Кесте 3- Жұмыртқа өндірісіне жұмсалған шығындар
























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет