Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет140/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
шарайтоп,шаршау, шарқат(төрт бұрышты, шаршы орамал, кей жерде –
мойын  орағыш),шаршы  (квадрат,  тік  бұрыш),  шар  болат,  ширек, 
шерутүлік,  шəрияр  (əдетте:  төрт  шəрияр  –пайғамбардың  төрт  серігі), 
шертер(төрт ішекті музыкалық аспап), сəрсембі (күн аты) т. б.
Ең  алдымен  ескертетініміз:  шар-шəр-шер,  сəр-шир  сөздері,  түптеп 
келгенде  бір-ақ  сөз.  Оның  төркіні  парсы  тіліндегі  (сондай-ақ  тəжік, 
иран, пушту, т. б. иран туыстас тілдеріндегі) чар-чаһар түрінде айтылып, 
«төрт»  мағынасын  білдіретін  түбірлес,  мағыналас  сөздерге  барып  сая-
ды.  Шар  компонентімен  келген  бұл  сөздер  мен  сөз  тіркестері  қазақ
тіліне  əр  дəуірде,  əр  түрлі  жолмен  еніп,  əбден  сіңісіп,  төл  сөзіміздей 
болып кеткендіктен, өзінің о бастағы «төрт» деген мағынасын сақтама-


204
ған.  Сондықтан  да  олардың  əрқайсысы  бізге  əр  түрлі  сөз  болып  көрі-
неді.  Дегенмен  бұл  сөздердің  төркінін,  құрамын,  өзара  жақындығын,
мəн-мағынасын  білгеннің  кімге  болса  да  артықтығы  жоқ.  Мəселен: 
шарбақ:  шар–«төрт»  жəне  бақ,яғни  о  баста  «төрт  жағы  бірдей  бақ» 
деген мағынада қолданылса, шаруа: шар–«төрт» жəне уа болып өзгерген 
парсының па-пай «аяқ» деген сөздерінен туып, «төрт» аяқты «мал» де-
генді  білдіреді.  Сол  сияқты:  шардақ  парсыша – «төрт  тағанды,  қырлы 
күмбез»,  шарайна  парсыша – «төрт  бұрышты  айна»,  ширек  парсы-
ша – «төрттің бірі», шаһар парсыша – «төрт қабырғалы қала», шертер 
парсыша – «төрт ішекті»,шар тарап парсыша – «төрт жақ, төрт құбыла», 
шеру  түлік– «төрт  түлік» (түлігі  қазақша),сəрсембі  о  баста  парсы-
ша –«төртінші  күн».  Ал  енді  шəрияр  дегенніңөзі  парсыша  «төрт  жар, 
пайғамбардың  төрт  қолдаушысы»  бола  тұра,  оған  кейде  алдынан  тағы
да  «төрт»  сөзін  қосып  айту  бар.  Төртке  төрттің  қосылуы,  əрине,  шəр 
сөзінің мағынасы ұмыт болғандықтан туған плеонастық қайталау.
Қорыта келгенде, тілімізде осы сияқты түбірлес, туыстас сөздер өте 
көп. Олардың өзара қатыстығын білу –тіл табиғатын тереңірек түсінудің 
бір шарты.


205
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ  қауымында  этимологиямен  қызығушылар  көп  те,  бірақ 
сонымен нақтылы шұғылданушылар өте аз. Қазақ тілі бойынша бұл 
мəселенің  зерттелуі – ұзақ  жылдық  сипатқа  ие  күрделі  зерттеу  ны-
саны. Оның үстіне этимологиялық зерттеу кешені тек сөздік жасау-
мен ғана шектелмейді. 
Бүгінгі  күні  қазақ  мақал-мəтелдері  мен  фразеологизмдер  құра-
мындағы  мағынасы  күңгірт  сөздердің,  этномəдени  атаулардың,  не
шет елдерден қабылданған сөздердің этимологиялық сөздіктерін жа-
сау мəселесі күн тəртібіне қойылып, зерттелуде. Себебі ғасырлар бо-
йы  халықтың  көкірегінде  жатталып,  жадында  сақталған  көне  та-
мырлы  сөздердің  төркініне  үңіліп,  тілдік  тұрғыдан  табиғатын  бар-
лап,  жасалу  жəне  сақталу  жолдарының  тілдік  құралдарын  анық-
тау,  мағыналық  даму  заңдылықтарын  көрсету  мен  көнеру  (мүжі-
лу)  себептерін  ашу  т.б.  мəселелер  қазақ  тіл  білімінде  ерекше
мəнге  ие  болып  отыр.  Нақты  айтқанда,  қазіргі  қазақ  қоғамын-
дағы  ұлттық  рух  жаңғырып,  салт-дəстүрлер  қайта  жанданып  жат-
қан  кезеңге  сай  рухани-əлеуметтік  құбылысты  дұрыс  бағалап,  бағ-
дарлайтын,  негізін  түсіндіретін  заңдылықтар  адамның  рухани  дү-
ниесімен байланысты екенін қазіргі қазақ тіл білімінің антропоөзек-
тік бағыттағы зерттеулері дəледеп отыр. Осымен байланысты қазір-
гі  қоғамдағы  ұлтты  рухтандырып,  оның  ішкі-сыртқы  келбетін  өр-
нектеп  көрсететін  сипаттардың  бірі  тіл  деп  сезіну  тіл  зерттеу  мəсе-
лесіне бұрынғыдан басқаша талап қойып отыр.
Сондықтан  да  қазақ  этимологиясының  ғылыми-теориялық  не-
гіздері  жаңаша  айқындалып,  этимологиялық  сөздік  жасаудың  ғы-
лыми  принциптерінің  тұтастық  (концептуалдық)  кешенді  сипаты 
сараланады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақ  тілінің  этимологиялық 
сөздігін  жасаудың  ғылыми-əдіснамалық  негізін  белгілеуге  арналған 
іргелі  зерттеу  нəтижелерінің  ұсынылуы – қазақ  тіл  білімі  жаңа 


206
деңгейінің  көрінісі,  болашаққа  жалғасатын  арналардың  басы  деп 
ойлаймыз. 
Мұның  нақты  дəлелі,  ғылыми-деректік  дəйегі  ретіндегі  алғы-
шарты – қазақ  тіл  білімінің  соңғы  кездегі  ғылыми  жетістіктері: 
«Қазақ əдеби тілінің сөздігі» (15 том); «Қазақ тілінің аймақтық сөз-
дігі»;  Ə.Қайдар  «Қазақтар  ана  тілі  əлемінде»  атты  қазақ  тілінің  эт-
нолингвистикалық сөздіг»; Р.Сыздық «Сөздер сөйлейді» т.б.
Сонымен,  ұсынылып  отырған  зерттеуіміз  бүгінге  дейін  баста-
лып, жинақталған мағлұматымыз негізінде, ғылыми-теориялық дең-
гейі  мен  практикалық  тəжірибеміз  нəтижесінде,  қоғамдық  өмірдің 
қажеттігін  қамтамасыз  ететін  зерттеу  қорытындысы  болып  санал-
мақшы.
Тіл  білімі  жоғары  дамыған  елдерде  тілдің  бұл  мəдениетімен 
шұғылдану,  этимологиялық  талпыныстарды  ескеріп,  оның  ғылы-
ми-теориялық  негіздерін  айқындап,  бұл  салаға  жол-жорық  көрсету, 
атап  айтқанда  этимологиялық  сөздік  жасап  отыру  ғылыми  да  прак-
тикалық  мəні  өте  зор  құбылыс,əрбір  өркениетті  елдің  өсу  жолын-
дағы өрелі əрісінің айғағы.


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет