Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет22/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
атарман  жəне  шабарман  «ханның  қызметшілері»  сөздерінің  құрамын 
түркілік  «атар»  жəне  шабар,  ағылшындық  ман  аффиксі  (боцман,  биз-
несмен)  жіктеледі. 3) Барлық  этимологиялық  дəйекті  тілдің  экстра-
лингвистикалық  себептерінен,  халықтың  мəдениеті  жəне  тарихынан 
тапқысы келу.
Бірақ  бұдан  қазақ  тілші-ғалымдары  этимологиямен  осы  тұрғыдан 
ғана айналысты деген пікір тумауға тиіс. Сонымен бірге қазіргі уақыт-
та  қазақ  этимологиясында  жеткілікті  зерттеулер  мен  жарамды  тұжы-
рымдар да баршылық.
Қазақстанда  этимологиямен  маман-лингвистермен  қатар  жазушы-
лар  мен  журналистер,  əдебиеттанушылар,  тарихшылар,  мұғалімдер 
тіптен  шопандар  да  айналысады.  Жалпы  алғанда,  этимологиялық  қор-
да  шамамен  екі  мыңнан  аса  сөздің  этимологиясы  тіркелген.  Ғылым 
мəніндегі ғылыми этимологияның ғылыми дəйегін дəлелдейтін онымен 
тамырлас өзегі – түбіртану
Түбіртану – берісі  түркологиялық,  əрісі  алтаистикамен  байланыс-
ты қызықты да қиын сала. Түбі бір түркі тілін жер жүзінде қаншама ғұ-
лама  ғалымдар  зерттеп,  зерделеп  жатыр.  Түптің  түбінде,  түркі  тілдері-
нің  түпкі  тарихы  жекелеген  сөздеріміздің  түп  төркіні  шығу  тегі  олар-
дың этимологиясы айқындалған кезде ғана түпкілікті шешімін таппақ.
Сонымен  қатар  тілінің,  салт-дəстүр,  дала  мəдениетінің  тұтас-
тығымен  ерекше  көзге  түсетін  «түркі  əлемі»  туыстық,  жақындық,  қа-


28
уымдастық жағынан да бұл кең дүниеде жападан жалғыз емес. «Алтай 
теориясы»  бойынша  түркілер  тамыры  тереңнен  қосылатын  (біреулер 
оны  генеологиялық,  енді  біреулер  тарихи  байланыс  деп  қарайтын)  бер 
жағы  моңғол,  тұңғыс-манжұр,  ар  жағы  жапон,  корей,  угрофин,  орал
халықтарымен  де  жақындығы  ғылыми  дəлелденген  нəрсе.  Бұл  қа-
уымдастықтың тілін салыстыра зерттеу – «Алтай теориясының» өзекті 
мəслесі, болашақтағы кең арнасы, қазіргі жаһандану заманына сай тұта-
су үрдісін іске асыратын қонцептуалдану бағыты.
Алайда  осы  бір  ғылымға  белгілі  жалпылама  мағлұматты  атап 
өтуіміздегі  мақсатымыз:  кең  байтақ  Еуроазия  жазықтығында  есте  жоқ 
ескі  замандардан  бері  қалыптасып,  өзіндік  барша  болмысы  айқындал-
ған  «Түркі  əлемінің»  өзегі,  ұйтқысы  болып  саналатын, «өлісі»  бар, 
«тірісі» бар, көптеген түркі тілдерінің өзара алыс-жақындығына, ортақ 
заңдылықтармен қатар өзіндік айырмашылықтары этимологияға қатыс-
ты ғылыми-деректік сипатта дəйектеліп, жан-жақты ашылмақ.
Этиология  айқындауы  тиіс  жоғарыда  аталып  өткендей,  тіл  дамуы-
ның  барысындағы  көнеру  жəне  жаңару  үдерісі  десек,  сол  жаңару 
үдерісінің  негізгі  көзі – халықтардың  араласуы,  əртүрлі  тарихи  жағ-
дайларға  байланысты  мəдениаралық  коммуникация  т.б.  нəтижесіндегі 
тілдегі  ауыс-түйіс  мəселесі.  Бұл  мəселенің  түркі  халықтарының  тіліне 
қатысты  тамыры  тереңде  жатқаны  қазіргі  кешенді  дəйекті  зерттеулер 
арқылы ашылуда.
Мысалы,  сонау  Қытайдың  батыс  жағынан  бастап,  Еуропаның  тө-
ріне  дейін  өзінің  салтанатты  ұлы  көшін  бастап  барып,  сол  үдере  көш-
кен  халықты  бүкіл  əлемге  əйгілі  Рим  империясын  бағындырып  алуға 
ұжым  жасап,  Рим  королінің  туған  қарындасын  алғанда  ғана  бейбіт 
шешімін танытып, мақсатына жеткен Ғұндардың батыры Атилла туралы 
еңбектердің  мəліметтеріне  назар  аударады. (қараңыз:  Ш.Т.Қуанғанов 
«Арий-гунн»  сквозь  века  и  пространство:  свидельства,  топонимы» 
(Астан, 2001); Е.Омаров. Атилла. Жизненый путь. Алматы: Арда, 2006; 
Мурат Аджи, Ə.Ахметов, т.б.).
Тіл  заңдылығы  саясатқа  т.б.  заңдылықтарға  қарамайды.  Араласу 
күшті болса, тілдердің ауыс-түйісі де күшейе түседі.
Осындай  жағдайды  қазақ  тайпаларының  тарихының  əр  кезеңінен-
ақ байқауға болады. Ондай қарым-қатынас кезеңдері араб, иран, қытай, 
моңғол,  славян  елдерімен  де  болғандығын  тарихымыздан  жақсы  біле-
міз. Бұл кезеңдерде жоғарыда аталған тілдерден тілімізге көптеген сөз-


29
дер еніп, сіңісіп, қалыптасып кеткенін көреміз. Олардың біразы əлі күн-
ге  дейін  сақталса  да,  көпшілігі  қолданыстан  шығып,  архаизмге  айна-
лып кеткендігі де мəлім. Сол сөздердің арасында тілімізде сақталғанда-
ры  да  баршылық.  Олар  тарихи  лексикологияның  зерттеу  нысанына 
жатады. (Қараңыз: Мусаев К.М. Лексикология тюркских языков. М.,19).
Сонымен, «тілді  зерттеу,  оның  ішінде  сөз  төркінін  айқындайтын 
этимология  саласы  тілдің  тек  дамуын  ғана  зерттей  ме?»  деген  сұрақ 
түркологияда  қай  заманда  да  туындаған,  Алтайист  ғалымдар  (Г.Рам-
стедт  т.б.)  тілдегі  «мүжілу» («изношенность»)  ұғымына  түбір  құрылы-
мының архетиптік күйін жаңғыртуға байланысты тоқталған болатын.
Содан  берідегі  түркологияда  түбіртануға  қатысты  қол  жеткен 
нəтижелер  (А.М.Щербак,  А.Н.Кононов,  Ə.Қайдаров,  Б.Юнусалиев  т.б.)
жəне  жеке  түркі  тілдері  бойынша  еңбектер  мен  этимологиялық  ізде-
ністердің  негізінде  осы  мəселені  айқындауға  жəне  оны  этимологиямен 
тікелей байланыстыруға мүмкіншілік туып отыр.
Осымен  байланысты  ортақ  түркілік  жүйемен  астасқан  қазақ  эти-
мологиясының  шешілуі  тиіс,  этимологиялық  сөздікті  жасауға  септігі 
тиетін болашақ міндеттері ретінде мына мəселелерді көрсетуге болады:
1.  Ағылшынның  түрколог-ғалымы  Г.Клоусонның  этимологияға 
арналған  мына  еңбегі (G.Klouson. An Etimological Dictionary of pre-
Thirtenth-Century Turkish. Oxford, 1972 – G.Klouson. Этимологический 
словарь тюркских памятников, опубликованных после ХІІІ в.) бойынша 
ХІІІ  ғ. кейінгі қалыптасқан  бірбуынды жəне  бір  буыннан  сөзжасамдық 
жұрнақтар арқылы дамыған сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі семантика-
лық баламасын теріп көрсету, қысқаша түсініктеме беру.
2.  Ұмыт  болған,  ия  ұмыт  бола  бастаған  сөз – атаулардың,  тір-
кестерінің  орнына  өзі  білетін  семантикалық  баламаның  көркем  шы-
ғармаларда  қолданылуын  көрсету.  Бұл  сөздердің  басқа  авторлар  та-
рапынан қолданыс таппай, сөйлем əдеби тіл шеңберінен шығып қалуы 
сөзсіз.  Демек,  бұрынғы  мағынасы  ұмытылған  жəне  ұмытыла  бастаған 
сөздер  жəне  оның  баламасы  да  жалпы  тілден  де  шығып  қалуы  мүм-
кін. Тілдің мүмкіндігінің бір түрі – осы. 
3. Ертеректе жарияланған қазақша жəне басқа тілдердегі сөздіктер-
де сол уақыттарда қолданыста болған, бірақ қазіргі əдеби тіл нормасын-
да жоқ сөздермен сөз тіркестерін тізіп беру. Бұл бұлақтан да біз бірша-
ма  мағынасы  ұмыт  болған  жəне  ұмыт  бола  бастаған  сөздердің  барлы-
ғын көрсете аламыз.


30
4.  Ауызекі  (сөйлеу)  тілінде  де  қолданыстан  мүжіліп,  түсіп  қалған, 
не  түсе  бастаған  сөздер  мен  сөз  тіркестері  кездесетін  жағдайлар  көп. 
Олардың бір сыпырасы қазақ теледидар қызметкерлері ұйымдастырған 
«Алтын қақпа» атты бағдарламада беріледі.
5. Қазақ тілінде этимологиясы айқындалған, не жобаланған сөздер 
мен  сөз  тіркестері  жарияланған  шартты  түрде  қысқартылып  алынған 
бұлақтардан  теріп  алып,  қысқарған  түрде  бұлағын,  авторын  көрсетіп 
қайтадан жариялау.
Міне,  бұл  міндеттер  қазақ  тіл  білімінде  этимологияға  қатысты 
не  істеліп,  не  істелгенін  тілдің  дамуы  мен  мүжілуінің  қатар  жүретін 
заңдылықтарын  дұрыс  пайымдауға  көмектеспек.  Бірақ  ол  тіл  болмы-
сына қатысты баршаға белгілі құбылыс емес.
Қазақ этимологиясы: зерттелу күйі және 
болашақ бағыттары
Ана  тілі  дамуының  табиғаты  мен  заңдылықтарын  танып  білген 
кез  келген  лингвист  ерте  ме,  кеш  пе  тіл  туралы  қарапайым  дəстүрлі 
əңгімелеуден  жоғары  көтерілу  қажеттілігін  сезінеді.  Ол  «сөз  əлеміне» 
тереңірек  бойлап,  сөз  мағыналарының  бұрылыстарынан  жол  табуға, 
ашылмаған жұмбақтардың сырын ашуға ұмтылыс жасайды.
Осымен  байланысты  қазақ  тіл  біліміндегі  этимологиялық  ізде-
ністердің  тарихының  бастауында  Қ.Жұбанов,  Н.Т.Сауранбаев,  І.К.Ке-
ңесбаев,  С.А.Аманжолов,  Ғ.Мұсабаев  т.б.  ғалымдар  тұрғаны  белгілі. 
Кейінгі  ұрпақ  өкілдері – ғалымдар  бай  материал  мен  келелі  дəстүрге 
сүйеніп, олардың ісін жалғастыруда.
Қазақ  этимологиясының  қазіргі  дəрежесі  оның  іштей  түрлі  сала-
ларға  жіктелуімен,  мамандануымен  сипатталады:  көне  лексика – І.Ке-
ңесбаев, Ə.Қайдаров, Р.Сыздықова, А.Махмутов, С.Исаев, Е.Жанпейісов, 
Ғ.Əнесов;  топонимия – Ə.Абдрахманов,  Е.Қайшыбаев,  Р.Қонқашпаев; 
этнонимия  жəне  этнотопонимика – Т.Жанұзақов,  Ə.Абрахманов,  Е.Ке-
рімбаев,  Қ.Рысбергенова;  диалектілік  лексика – Ш.Сарыбаев,  Ə.Нұр-
мағанбетов,  О.Нақысбеков,  С.Омарбеков,  Ғ.Қалиев,  М.Абаева;  кірме 
лексика – Л.Рүстемов,  Н.Қарашева,  А.Құрышжанов;  түбір  лексика  –
Ə.Қайдар, М.Томанов, А.Ибатов, Е.Қажыбеков, Б.Сағындықұлы, Ж.Ман-
кеева,  А.Салқынбай;  біріккен  жəне  қос  сөздер – І.Кеңесбаев,  А.Ысқа-
қов, Ə.Қайдаров, Г.Жəркешова т.б.


31
Кейбір  кемшіліктеріне  қарамастан,  қазақ  тілші-ғалымдарының  ар-
найы  этимологиялық  ізденістерінің  алғашқы  нəтижесі  жəне  басталуы-
на  жол  ашқан  қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігін  құрасты-
руға  он  шақты  адам  қатысты.  Сол  кезде  осы  сөздік  жарық  көргеннен 
кейін  қазақ  əріптестеріне  жазған  хатында  көрнекті  лексикограф-ғалым 
К.К.Юдахин  былай  деп  жазды. «Қазақтар – батыр  халық,  этимология-
лық  сөздік  те  шығарды.  Бірақ  кейде  өзінің  атының  құлағын  да  бірге 
шауып  жіберетіні  бар...».  Бұл  обьективті  берілген  баға  еді.  Содан  бері 
бері  біраз  уақыт  өтті,  тілші-ғалымдардың  да  кəсіби  деңгейі  өсті  жəне 
бүгінде этимологияның пəні туралы жоғары деңгейде сөз қыла алады.
Осыған  орай,  Қазақстан  этимологтарының  алдында  мынадай  мақ-
сатты  түбегейлі  шешуі  тиіс  көзделген  болатын:  Қазақ  тілі  материалы 
негізінде  этимологиялық  реконструкцияның  əдістемесі  мен  қағида-
ларының  мəселелерін  белгілейтін  ғылыми-теориялық  іргелі  зерттеулер 
жүргізу.  Осымен  байланысты  оның  мынадай  болашақ  міндеттері  ай-
қындалады:
1)  Қазақ  тілі  дамуының  қыпшақтық  жəне  ататүркілік  күйін  анық-
тау мақсатында базистік лексиканы барынша тереңірек зерттеу.
2)  Барлық  түркі  тілдерінің  мамандарының  күшін  біріктіретін  кең 
түрдегі салыстырмалы-тарихи зерттеулер жүргізілді. Соның нəтижесін-
де  жалпытүркілік  жəне  тек  жеке  түркі  тіліне  тəн  бірбуынды  түбірлер
мен негіздер жаңғырту;
Моносилабикалық  түбір  морфемаларды  екібуынды  жəне  көпбуын-
ды  негіздер  құрамындағы  этимологиялық  жіктелуге  келмейтін  арнайы 
зерттеу.
3)  Қазіргі  қазақ  этимологиясының  алдында  құрған  өзекті  мін-
деттердің  бірі – этимологиялық  сөздік  жасау.  Ол  үшін,  ең  алдымен, 
қазақ  тілінің  түбір  сөздерінің  этимологиялық  сөздігін  құрастыру.  Оны 
«Түбірлес лексемалардың этимологиялық сөздігі» деп те атауға болады. 
Бұл  тектес  сөздіктің  этимологиялық  реконструкциясын  жасаудың  қа-
ғидалары мен əдістері А.Т.Қайдаров «Структура односложных корней и 
основ  в  казахском  языке» (Алма-Ата, 1986) Кажибеков  Е.З.  Глагольно-
именная  корреляция  гомогенных  корней  в  тюркских  языках  Алма-Ата, 
1986;  Манкеева  Ж.А.  Қазақ  тіліндегі  байырғы  түбірлерді  жаңғырту 
Алматы, 2010; т.б. атты еңбектерде негізделіп, дəйектелген.
4)  Этимология  мəселесі  мен  түбегейлі  айналысу  төмендегі  мін-
деттердің шешімін қажет етеді:


32
а)  тек  қана  қазақ  тіліндегі  ғана  емес,  басқа  да  түркі  тілдеріндегі 
этимологиясы ашылған ортақ лексикалық бірліктер мен грамматикалық 
тұлғалардың толық тізімін жасап, оларды сыни тұрғыдан бағалау жəне 
бірегейлендіру;
ə) түркі этимологиясының проблемасы бойынша толық библиогра-
фия құрастыру;
б)  Этимологиялық  реконструкцияның  қазіргі  ғылыми  əдістері  мен 
қағидаларын толық терген жас ғалым-мамандарды даярлау.
Осы  мақсат  пен  міндеттердің  орындалу  барысының  нəтижесінде 
А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  Институтының  перспективалық 
жоспарында  іргелі  зертеулердің  нəтижесі  ретінде  қазақ  өкілінің  толық 
этимологиялық  сөздігін  жасау  деп  белгіленуі – бұл  мəселенің  шеші-
мін табуы тиіс өзекті мəселе ретінде танылуының дəлелі.
Оның  ғылыми-əдіснамалық  деңгейдегі  алғы  шартының  жасалуы 
бүгінгі  таңда  қазақ  тіл  біліміндегі  қазақ  тілі  тарихи  лексикологиясы-
ның  көптеген  мəселелерінің  жан-жақты  қарастырылуымен  қатар  тіл
арқылы  ұлт  болмысын  танытатын,  төл  мəдениетін  сипаттайтын  этно-
лингвистикалық,  лингвомəдениеттанымдық,  əлеуметтанымдық  сала-
лары  мен  бағыттарына  сай  яғни  тілді  зерттеудің  кешенді  сипаттағы 
зерттеулері арқылы дəйектелуімен тығыз байланысты.
Нақты  тіл  деректеріне  сүйенген  кешенді  зерттеулер,  əсіресе,  лек-
сикология  мен  лексикография  жұмыстарының  картотека  қорынсыз 
жүзеге  аспайтыны  белгілі.  Осыған  орай  қазақ  тіл  біліміндегі  этимо-
логиялық ізденістердің ғылыми-əдістанымдық негізі жасалған алғашқы 
нəтижесі  іспетті  болашақ  «Қазақ  тілі  этимологиялық  сөздігінің»  кар-
тотека  қоры  өте  ерте  дəуірдегі  ата  тіл  (праязык),  жалпытүркілік  ке-
зеңнен  бастап,  аралықтағы  қыпшақ  тілдерінің  сəйкестігін  көрсететін 
материалдарды  ұштастыра  отырып,  қазіргі  қазақ  əдеби  тілі  мен  оның 
говорларын  түгел  қамтитын  ұшан-теңіз  тілдік  фактілерден,  мысалдар-
дан  мысқалдап  жинақталды.  Осымен  байланысты  алдынала  мынадай 
маңызды жұмыстар істелді: қазақ тіл біліміндегі арнайы этимологиялық 
зерттеулерді,  ғалымдарымыздың  пікірлерін  жинақтау,  бір  ізге  салу; 
этимологиялық  талдауға  ұшыраған  сөздердің  тізімін  алып,  ол  зерт-
теулердің  библиографиясын  жасау.  Сонымен  қатар  Вамбери,  Рясянен, 
Э.В.Севортянның  сөздіктеріндегі  басқа  да  туыстас  түркі  тілдеріндегі 
арнайы  этимологиялық,  тарихи-салыстармалы  зерттеулердегі  «Совет-
ская тюркология» журналында жарияланған мақалалардағы əртүрлі жи-


33
нақтар мен монографиялардағы болашақ «Қазақ тілінің этимологиялық 
сөздігі»  үшін  қажетті  құнды  пікірлер,  ғылыми-талдамалық  сараптама 
жасау,  ой-таным  таразысынан  өткізу  сөздікшілер  шама-шарқынша  осы 
пікірлердің  бəріне  сілтеме  жасап,  өз  ой-тұжырымдарын  айтпаса,  бұл 
бүгінгі күннің талабына сай еңбек болып шықпас еді. 
Бұл  материалдар  жоғарыда  аталған  картотека  қорының  құрамдас 
бір бөлімі ретінде, алфавиттік қатаң тəртіпке түсіп, сөздікшінің алдын-
да  тұрады.  Осы  жұмыс  барысында  тілді  тұтынушы  халықтың  болмы-
сына  жақын  «халықтық  этимология»  да  ескіріп,  өзіндік  заңдылығы 
бар қызық та сырлы құбылыс, дəйеккөз ретінде назардан тыс қалмады. 
Сонымен,  қазақ  тіл  біліміндегі  этимологиялық  зерттеулерге  қатысты 
атқарылған  ізденістердің  айғағы  ретінде 1966 жылы  жарық  көрген 
«Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігінің»
12
  орны  ерекше.  Бұл 
түркология  ғылымында  жеке  бір  тілдің  материалдары  негізінде  жасал-
ған алғашқы этимологиялық сөздіктердің бірі еді
13
. Ал жалпы түрколо-
гия ғылымындағы этимологиялық сөздіктер саны санаулы-ақ
14
 екендігін 
еске  алсақ,  солардың  бірі  ретінде  түркологиялық  əдебиеттерде  үнемі 
ҚТҚЭС көрсетіліп, сілтеме беріліп жүргендігін қазақ тіл білімпаздары-
ның озық табыстарының бірі ретінде бағалауға болады.
Бұл  кітапта 337 сөз  бен  сөз  тіркестері  реестрге  алынып,  арнайы 
этимологиялық  талдау  жасалды.  Ал  кітаптағы  мақалаларды  түгелдей 
карточкаларға  түсірген  кезде  авторлардың  бұлардан  өзге 182 яғни  бар-
лығы  жарты  мыңнан  астам  сөзден  түп-төркінінің  ашылғандығы  анық-
талды. Бұлардың көбі бір түбірден өрбіген, көпшілік жағдайда о баста-
ғы  тұлғасы  мен  мағынасы  əбден  күңгірттенген  сөздер  болып  келеді. 
Талдау  барысында  авторлар  осы  ұялас,  түбірлес  сөздерді  де  көрсетіп 
отырады.  Ал  кей  жағдайда  айтылған  пікірді  дəлелдеу  мақсатымен  сол 
сөзге ұқсас, жасалу жолдары бірдей модельдер салыстырылады. Сөйтіп, 
реестр сөзге алынбаса да, екінші бір сөздің этимологиясы келіп шығады. 
«Қазақ  тілінің  тұңғыш  этимологиялық  сөздігіне  арналған  талдау-
лар жасауға талаптанған авторлар ұжымы бірсыпыра қиыншылықтарға 
кездесті»
15
, - деп кітаптың «Алғысөзінде» Р.Ғ.Сыздықова жазғандай, бұл 
12
 Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1966. 240 бет./ Ред-гия: 
А.Ысқақов, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев/. Бұдан əрі ҚТ ҚЭС деп қысқартып береміз.
13
 Егрорв В.Г. Этимологический словарь чувашского языка. Чебоксары, 1964.
14
 Uamberi N7 Etymologisches W?rterbuch der T?rko tatarischer Sprachen.Zeipziq, 1878; R?s?nen 
M. Versuch eines Etimologischen W?rterbuchs der Turksprachen. Heisinki,1969; Clouson J. An 
Etimological Dictionary of Pre-Thirteeth7 Jentury Turkish.Oxford, 1972.
15
 ҚТҚЭС., 6-бет.


34
тұңғыш  еңбектің  жарыққа  шығуы,  жазылуы  оңай  болған  жоқ.  Кезінде 
жұртшылық жылы қабылдаған бұл сөздік кейінгі жылдардағы көптеген 
зерттеулерге  «мұрындық»  болды.  Сөздікті  құрастырушылардың  ең-
бектеріне  кейінірек  жеке-жеке  арнайы  тоқталған  сəтте  сөздіктегі  ма-
қалалардың  сапасы  жөнінде  арнайы  тоқталуға  тырысамыз.  Жалпы 
алғанда,  жүз  жылдан  астам  тарихы  бар
16
  қазақ  тіл  біліміндегі  барлық 
этимологиялық зерттеулер мен талдауларды «паспорттап» шығу тез бі-
те  қоятын,  оңай  шаруа  емес.  Сол  уақыттан  бері  тілді  зерттеудің  қол
жеткен  толымды  нəтижелері  оның  бер  жағында,  атап  айтқанда,  тəуел-
сіздік  кезеңіндегі  қоғамдық-рухани  жағдаят  пен  тіл  мен  ұлт,  тіл  мен 
мəдениет  сабақтастығына  сай  тілді  зерттеудің  арналы  үрдістегі  жəне 
қоғамның  мəдени-əлеуметтік  талаптарына  жауап  беретін  кешенді  зерт-
теулердің ықпалымен тілге деген қызығушылық күшейіп, жандануының 
айғағы  ретіндегі  қоғамдық  сұраныс  пен  қызығушылыққа  қажетті  нақ-
ты  этимологиялық  ізденістер  ғылыми  тұжырымдауды  біртұтастықта 
жүйелеуді  қажет  етеді.  Сондықтан  бұл  сөздікті  тек  дайындық  си-
патында,  шаруа  тəжірибе  ретінде,  деп  қарамай,  одан  беріде  де  кар-
тотека  қоры  күннен-күнге  өсіп,  толығып  отыратын,  үздіксіз  ғылыми 
үдерістің  жалғастыратын  бастау  көзі  ретінде  қараймыз.  Сондықтан 
да  ҚТҚЭС-н  талдау  барысында  алғашқы  байқаулар  деген  сөзге  баса 
назар  аударылады.  Сөзіміз  жалаң  болмас  үшін  бірер  мысал  келтірейік. 
Мəселен  қазақ  этнонимінің  шығу  төркіні  жөнінде  бірнеше  ондаған 
пікірлер айтылды. Революциядан бұрын айтылған пікірлер көбінесе ол 
сөздің сол халық тілінде айтылуын, мағынасын, шет жұрттықтардың ол 
сөзді бұзып айтуы (қайсақ, киргиз т.б.) жөнінде болса, бертін келе əуелі 
«халықтық этимологиясы жасалды. Қазақ ғалымдарымен бірге бұл сөз-
дің тарихына академиктер В.В.Бартольд, Н.Я.Марр, А.Н.Самойловичтер 
мен  А.Н.Бернштам  секілді  көпке  танымал  тарихшылар  да  үңілді. «Қа-
зақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігінде»  бұл  сөзге  нақты  эти-
мологиялық  талдау  жасап,  дұрыс  қорытындыға  келу  үшін  «қазақ»  сө-
зінің  түп-төркіні  туралы  бұрын-соңды  айтылған  пікірлерді  ғылыми 
этимологияның,  этнолингвистиканың  барлық  соңғы  жетістіктерін 
пайдалана отырып, ой елегінен өткізіп, «асылын алып, жасығын тастау» 
көзделді.  Сонда  ғана  əлі  күнге  даулы  бұл  мəселенің  бір  ортақ  шешімі 
16
 «Но все же первый печатной грамматикой казахского языка остются «Материалы к изучению 
киргизского наречия» Н.И.Ильминского (Казань, 1861)», - деп жазады Р.Ғ.Сыздықова. Қара: 
Р.Г.Сыздыкова. Изучение казахского языка в дооктбрский период. // Развитие казахского 
советского языкознания. Алма-Ата, 1980, с.21.


35
табылып, бір ұштығына жетеріміз ақиқат. Ол үшін, сол кезеңдегі қазақ 
этнонимі туралы қолда бар пікірлер, деректер түгел жиналып, мынадай 
көрініс табады: қазақ сөзіне жасалған этимологиялық библиографиясы: +
Бір  фактінің  көптеген  этимологиялық  ізденістерге  нысан  болуы 
тəжірибеде  жиі  кездеседі.  Əрине,  бұл  жағдайда  ғылыми  дəйектер  мен 
ғылыми  емес  дəйектер  араласып  жатады.  Осы  жайттың  нақты  үлгісі  –
қазақ  этнонимінің  этимологиясына  қатысты 100-ден  аса  нұсқалар. 
Оларды былайша топтастыруға болады:
1) қазақ – этноним, антропоним, топоним, мифтік түсінік, тотемдік 
белгі, географиялық, этникалық немесе əлеуметтік ұғым;
2) қазақ мынадай ұғымдарды білдіреді: «кезбе», «қаңғыбас», «тек-
сіз», «қашқан  құл», «бассыз», «қаруланған  сарбаз», «салтатты», «жал-
дамалы жауынгер», «елінен кеткен шекарашы», «қарулы күзет», «жеңіл 
қаруланған жауынгер», «əскери күзет», «қарақшы», «батыл», «берілген 
адал», «бастаушы», «ер мінезді», «қызба», «Кавказдағы тайпа», «таулық», 
«Хазардың  бір  түрі», «орыс  казактарының  құарымандағы  түркі  тілді 
тайпалар», «славяндардың батырының аты», «түркітілді черкестер» т.б.
3)  Мағынасы  əртүрлі  түсіндірілетін  қазақ  сөзінің  екі  сыңары:
1) қаз/аз – а) тайпаның аты, ə) қаз, аққу; б) қос - орыс тіліндегі «қашу» 
мағынасындағы  оморфтың  етістіктен;  д)  қас – «нағыз», «таза», «қос-
пасыз»; е) қаз – «биіктік», «тау» (Қазығұрт - ?); ж) қос – «екі», «пар» т.б.
2) а) сақ – сақ тайпасының атауы; ə) сақ – «садақ», «жебе», б) оқ –
«тайпа», «ру», «халық»;  в)  ақ//ық – этнонимдер  тудырушы  аффикс 
қараңыз: печееч, урақ, қыпшақ т.б. г) ақ – «белый» жəне ауысу «таза»; 
д)  оқ – «оқ», «жебе» (қосоқ – тайпа  таңы)  жəне  тіл.  Мұндай  пікірлер 
этнонимдер  атауларының  жалпы  алғанда  «Он  шақты  нұсқасын  құрай-
ды. Өкінішке орай қазақ этнонимі əлі күнге дейін шын мəніндегі ғылы-
ми түсініктемеге ие болған жоқ.
Жалпы тіл білімінде «Этимология – грек тілінің etymos – «ақиқат» 
жəне logos «білім» деген сөздерінің бірігуінен жасалған» деп анықтала-
ды.  Осыған  сай  тарихи  лексикологияның  арналы  да  арнаулы  саласы 
ретінде жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалар мен 
морфемалардың,  кейде  тіптен  сөйлем  сияқты  жайылыңқы  болып  келе-
тін  фразеологизмдер  мен  мақал-мəтелдердің  де  түп-төркіні  мен  шығу 
тегін, олардың даму жолдары мен қазіргі тілдердегі көрініс сабақтасты-
ғын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді. Этимология, əрине, 
тіл  тарихы,  тарихи  грамматика  сияқты  пəндерді  айырбастай  алмайды. 


36
Ол  пəндер  тіл  білімінің  барлық  соңғы  жетістіктеріне  сүйене  отырып, 
тілдің  жалпы  даму  заңдылықтарын  сипаттаса,  ал  этимология  көбінесе 
осы  пəндердің  жетістіктерін  пайдалана  отырып,  жеке  сөздер,  жеке 
тұлғалар дамуын, тарихын əңгімелейді. Сонымен қатар, тіл білімінде бұл 
сөз тар мағынада «сөздің шығу тегі, түп-төркіні» дегенді де білдіреді.
Бір  сөзбен  осылайша  қорытып  анықтама  бергенімізбен,  этимо-
логиялық  зерттеулер  өзінің  алдына  қойған  мақсаты  мен  міндетіне  сай 
əртүрлі  болып  келеді.  Сондықтан  түркі  тілдеріне,  оның  ішінде  қазақ 
тіліне қатысты этимологиялық ізденістердің негізгі мақсатын біз былай 
деп белгіледік: а) түркі тілдерінің өте көне дəуіріне тəн ортақ түбірлер-
ді  анықтау;  ə)  түркі  тілдерінің  ішінде  өз  ара  жақын  топтарға  ортақ 
лексикалық  элементтердің  сыр-сипатын  ашу;  б)  əрбір  тілдің,  мəселен, 
қазақ  тілінің  сөздік  қорындағы  жалпы  түркі  тілдеріне,  оның  ішінде 
қыпшақ тобына жататын тілдерге ортақ, сондай-ақ тек қазақ тілінің өзі-
не ғана тəн əсіресе бір буынды түбірлер мен туынды түбірлердің табиға-
тын ашу; в) қазақ тіліне əр түрлі тарихи, мəдени, саяси, географиялық 
себептерге байланысты сырттан (араб, парсы, моңғол, қытай, орыс т.б. 
тілдерден)  енген  лексика-грамматикалық  элементтерді  анықтау,  олар-
дың  дыбыстық  тұлғалық  жəне  мағыналық  өзгерітерін  белгілеу;  г)  лек-
сикалық  элементтердің  өз  ара  қатыстығы  мен  алшақтығы  тілдің  даму 
процесіне байланысты заңды құбылыс екенін дəлелдеу т.б.
17
Этимологиялық зерттеулердің бірі сөздің ілкі, түпкі түбірін тауып, 
оған  қосылған  қосымшаларды  анықтап,  негізгі  жəне  туынды  түбірлер-
дің ара жігін ашып береді. Кейбір этимологиялық зерттеулер өз алдына 
тіліміздегі мағынасы күңгірттенген, тіл иесі сөйлеу үдерісінде ол сөзді 
қолданғанымен,  мағынасын  жете  түсіне  бермейтін  сөздер  тобын  арна-
йы бөліп алып текереді. Бұндай сөздер көбіне-көп қос сөздердің, бірік-
кен  жəне  кіріккен  сөздердің,  мақал-мəтелдер  мен  фразеологизмдердің 
құрамында  көп  кездеседі.  Өйткені,  ғасырлар  бойы  ауыздан-ауызға  кө-
шіп,  атадан  балаға  мирас  болып  қала  беретін  бұл  сөздер  құрамында 
«ескінің  көзі»  есептес  көне  сөздер,  грамматикалық  тұлғалар  сақталып 
қалған, тіл иесі бұл «сөз комбинацияларын» жаттанды түрде, мағынасын 
тек ішкі интуициямен сезіп қана қолдана береді. 
Этимологиялық  зерттеу  нысандарының,  əдістері  мен  алдына  қой-
ған  мақсатының  күрделілігіне  байланысты  мынадай  қиыншылықтарды 
атап өтуге болады:
17
 Ə.Т.Қайдаров. «Қазақ тілінің этимологиясы» атты арнаулы курстың программасы» 
(қолжазба).


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   144




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет