Алматыкiтап баспасы 2014 Өнер



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата11.05.2022
өлшемі0,73 Mb.
#141839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
21995 921429 16
Бонус- 1000 английских слов, kpfu.ru
Бұқалардың
үлкен залы
Б. д. бұрынғы 15000 – 1300 ж. 
шамасы . 
Франциядағы 
Монтиньяк коммунасы 
маңындағы Ласко үңгірі.
Ласко – ең атақты, сонымен 
қатар, сурет салынған 
үңгірлер арасындағы ең 
әсем безендірілген үңгір. 
Барлығы 900-ден астам жануар 
тұлғаларының ұқсастықтары 
анықталған. Нағыз кескіндік 
үлгілер орасан зор алты 
бұқа суреті салынған залда. 
Олардың ең үлкені көлемінің 
ұзындығы 5,2 метрден
(17 фут) астам..


0
13
МАҒЫНАЛЫ МӘТІН
Мұз дәуірінің суретшілері
Еуропадағы жартас суреттерді 
Мұз
дәуірінің кешеуілдеу кезеңдерінде аңшы-жинақ-
таушы лардың қауымдастықтары жасаған. Бұл 
сурет терді ең алғаш зерттей бастағанда олар тек 
осы адамдардың күнделікті тұрмыстарын
бей нелеген болар деген болжам болған. Алайда 
көп уақыт өтпей-ақ бұл үңгірлерде адамдардың 
тұрмағандары, оның үстіне өрнектер көзге 
түсе бермейтін тұстарда салынғаны анықталды. 
Нәтижесінде, кейбір үңгірлер киелі орындар 
саналған, ал сурет салу қандай да бір рәсімдік 
мақсаттарға қызмет еткен деген болжам жасалды. 
Көптеген жылдар бойына суреттер аңшылық 
құдіретімен байланысты деген теория барынша 
кең таралып жүрді. Қоректенудің таптырмас 
көзі – аса ірі, тұрықты жануарларды бейнелеу 
арқылы үңгір адамдары өз аңшыларының 
болашақ қорларын қамтамасыз етуге дәме ленген. 
Алайда кейінірек жаңа суреттердің табылуына 
байланысты бұл теорияның қате лігі анықталды. 
Жинақталған азық-түлік қалдық тарын зерттеу 
көпшілік жағдайларда үңгір суретшілерінің 
оларға азық болған аңдарды бейнелемегендерін 
көрсетті. Мәселен, Ласко үңгірінен табылған тағам 
қалдықтарының 90 пайызы солтүстік бұғыларының 
сүйектері болып шыққанымен, бұл жануардың 
суреті бір рет қана салынған. 
Кейінгі жылдары жаңа теориялар жылдам 
тарала бастады. Кейбір ғалымдар жекелеген 
жануарларды өз алдына қарастыру қажет 
емес деп есептейді. Олардың пікірінше, «пан-
нолардың» барлығын толығымен, соның ішінде 
олардағы белгілерді де (алақандар, жебелер, 
торлар) тұтастай алып қараған тиімдірек болады. 
«Қытай жылқысынан» (20-21 б. қара) бастау алған 
болжамдар осы ұстанымға мысал бола алады. 
Сонымен қатар олардың шамандықпен бай-
ланыстарына да үлкен қызығушылық бар.
ХІХ және ХХ ғасырларда Еуропа антрополог-
тары жергілікті ұлыс – бушмендердің шамандық 
тәжірибелерін зерттеу жолымен Оңтүстік
Аф рикадағы жартас өнерінің тереңіне бойлады. 
Содан бері ғалымдар еуропалық жартас өнерін 
зерттеуді сол тәжірибемен өзектес қарастырып 
келеді. 
ТАРИХҚА ДЕЙІНГІ КЕСКІНДЕМЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет