Алтын Орда хандары



бет5/14
Дата24.08.2020
өлшемі52,21 Kb.
#76698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Алтын Орда

Васил, ал-Муфаддал, ибн ал-Фурат, ал-Макризи жазбаларында Египетпен 1267-1273 жылдар iшiнде сан рет елшiлiктер алмасқандығы айтылады. Мөңке Темiр елшiсiнiң Бейбарысқа апарған бiр хатында (бұл 1273 жыл шамасында) «Хұлағу (кейiн Абақ) әскерiнiң басып алған мұсылман жерлерi иелерiне толық қайтарылатын болады» – деген мәтiндегi грамота және «мұсылмандар жерiн дiнсiздерден тазарту үшiн екi жақ бiрiгiп, шешушi ұрысқа шығуымыз керек» деген ұсынысы болғанын айғақтайды ал- Мұфаддал өз жазбаларында.Ибн ал-Фурат 674 хижра жылында (1275/76 жж) Бейбарыс сұлтанның Мөңке Темiр елшiлерiн елiне қайтарғанын, олармен бiрге әмiр Изз-аддин ал-Фахри мен ал-Багдади бастаған өз елшiлерiн жiбергенiн жазады. 1277 жылы Бейбарыс қайтыс болып, Египет Сұлтандығына оның ұлы ас-Саид ибн Бейбарыс отырды. (Сол кезгi Мысыр тарихшылары ал-Мухасин, ал-Макризилардың жазуында Бейбарыс қымызға қосылған уға уланып өлген) Мұсылман елдерiне қауiп төндiрiп тұрған Хұлағу әскерi Египеттiң жаңа сұлтаны ас-Саид ибн-Бейбарыстың да түн ұйқысын бұзғаны түсiнiктi. 1280 жылдың шiлде айында Египет Сұлтаны Шамс-аддин Сонкор ал-Гутми және Сайф-аддин Балабан бастаған елшiлерiн теңiз арқылы Алтын Ордаға жiбердi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет