«Алтын сақа» балабақшасының директоры Ж.Қ. Оспановаға



Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Kb.
#118753
Байланысты:
Алтын сақа
Мереке Айбек МД-21-1

«Алтын сақа» балабақшасының
директоры Ж.Қ.Оспановаға
«Бота» тобының ата-аналарынан

ӨТІНІШ

Шликбаева Салтанат Амановнаны оқу жылының соңына дейін «Бота» тобының тәрбиешісі ретінде орнында қалдыруыңызды сұраймыз. Салтанат Амановнаны топтағы балалар қатты жақсы көреді, кейбірі «апайымыз ауысады» деп жылап, ал кейбірі қимай, көңілсіз жүр. Балаларымыздың психологиясындағы бұл өзгерістерге бей-жай қарамағандықтан, Сізбен бетпе-бет кездесіп, мән-жайды сұрауымызға тура келіп тұр. Оқу процесі басталған кезде тәрбиешілердің ауысуына алаңдаулымыз. Бұл мектепалды даярлық тобы болғандықтан, кез-келген сабақ, сонымен қатар балаларымызға өздерінің сүйікті тәрбиешісі берген сабақ біз үшін аса маңызды. Жаңа тәрбиеші екі жыл бұрын балабақша тәрбиеленушілері 3 жас кезінде декреттік демалысқа шыққан. Заңды орыны сақталғанымен, ол жұмыс жасаған балалардың көбісі 5жасқа толуына байланысты мектепке кеткен болатын. Бүгінгі таңда топ жаңа балалармен толыққан. Сол балалармен Салтанат апай жаз бойына жұмыс жасап, олар бір-біріне өте жақсы бейімделген. Балалардың жаңа апайына бейімделуі үшін уақыт керек. Ал бұл уақыт балалардың оқу процесіне, балабақшаға қызығушылығына қиындық туғызуы мүмкін деген қорқынышымыз да бар. Осы уақытқа дейін тәрбиешілердің жиі ауысып отыруы балаларымыз тұрмақ, бізге де әсер етті. Тәрбиешілер ауысқан кезде бірде киімдерді ауыстырып, бірде балаларды танымай қалатын түсінбестіктер көп болды. Біз апайлардың ауысуына түбегейлі қарсымыз. Ескере кететін жайт - декреттік демалыстан келетін тәрбиешінің қабілетіне, біліктілігіне күмәніміз жоқ. Ол кісі үшін жаңа балалармен толыққан «Бота» тобымен жұмыс жасаса да, басқа топпен жұмыс жасаса да бәрібір. Сізден сұрарымыз -ағымдағы оқу жылы аяқталғанша, басқа топта тәрбиеленуші бола тұрып, келесі оқу жылынан бастап қана, өз тобына ауысса деген өтінішімізді қызметкеріңізге жеткізсеңіз деген тілегіміз бар. Басқарып отырған ұжымыңыз Сіздің сөзіңізге құлақ асады деген сенімдеміз. Егер Сіз бұл мәселені шешпесеңіз, қалалыық білім бөліміне өтініш жасауға тура келеді.

таныстым, қосыламын. (ата-аналар тізімі)


Тоқтар Асанәлі
Уахит Айару
Әдікен Мұса
Жанатулы Жанайдар
Сұңқар Зере
Шарип Диана
Мұхамеджан Ернар
Женис Амир
Берик Жанторе
Бүркітбай Ақпейіл
Мағзұм Айғаным
Магзи Абубакир
Мұратов Амирхан
Омар Нұрислам
Салидэ Қожабай

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет