Қамабада сақталатын азық-ТҮлікке және мал шаруашылығына зиян келтіретін кеміргіштер


Сұр атжалман – Crіcetulus mіgratorіus Pallas, 1770



бет3/4
Дата10.11.2022
өлшемі3,18 Mb.
#157524
1   2   3   4
Байланысты:
Кеміргіш нематода (копия)

Сұр атжалман – Crіcetulus mіgratorіus Pallas, 1770. Таралуы және сан мөлшері. Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында және Жоңғар Алатауының тау етектерінде кездеседі. Қазақстанның оңтүстік-батысында жиілеу, ал қалған аймақтарда олардың саны сиректеу. Биологиясы. Әртүрлі қоныстарды мекендейді; көбінесе құрғақ жерде өсетін өсімдіктер арасынан жиі кездеседі. Өмірінің көп мерзімін інде өткізеді. Түнде тіршілік ететін жануар. Негізгі қоректері - өсімдіктердің жасыл жапырақтары, жабайы, мәдени өсімдіктердің тұқымдары және бунақденелі жәндіктер. Азықтарын індеріне ұрт қалтасына жинап тасиды. Бүкіл жыл бойы белсенді тіршілік етеді. Сұр атжалманның көбеюі сәуірден қыркүйекке дейін созылады, 5-6 бала табады, жылына бір-ақ рет ұрпақ береді. Жас балаларының туылғандағы салмағы 1,8-2,2 г. Жалаңаш, соқыр, жәрдемсіз болып туылады. Басқа атжалмандармен салыстырғанда балалары баяу өсіп, дамиды. Бір жетіден кейін балалары өсімдік тектес азықтармен қоректеніп, өз бетімен тіршілік ете бастайды. Атжалмандар азықтарын түнде іздейтін барлық жыртқыш аңдар мен құстардың құрбаны болуы мүмкін. Денесінде кенелер, бүргелер тіршілік етеді.

Шаруашылық маңызы. Бұл атжалмандар кәсіптік маңызы бар және сирек кездесетін аңдар азығының құрамына кіреді. Тұрғын үй мен қоймаларды мекендеп, түрлі індеттер таратуы да мүмкін.

  • Шаруашылық маңызы. Бұл атжалмандар кәсіптік маңызы бар және сирек кездесетін аңдар азығының құрамына кіреді. Тұрғын үй мен қоймаларды мекендеп, түрлі індеттер таратуы да мүмкін.
  • Алдын-алу шаралары. Қамба мен қоражайларда кеміргіштермен күресу шараларын олардың саны аздау (тіпті біреу) болғанда да жүргізу керек. Барлық қойма, қоражайларда және тұрғын үй жағдайында кеміргіштерге қолайлы жағдай қалыптасады. Кеміргіштердің саны көбейіп кетпес үшін күн сайын тазалау, азық-түлік өнімдерін арнайы ыдыстарда сақтау қажет. Ал қоқыс пен тағам қалдықтарын беті жабылатын шелектерде сақтап, оларды бір жерге жинап, жойып отыру керек.
  • Кеміргіштерді барлық қойма мен құрылыс орындарын жібермес үшін оларға кедергі жасау керек. Ол үшін қоймалардың жер астындағы бөлімдерінің терезелеріне әйнек немесе металды тор құрып, тесіктерді бетонмен бітеп тастау керек. Осындай шаралар арқасында кеміргіш індері жабылып тасталады. Есіктер жақсы жабылуы керек және олар кемінде 30 см биіктікте қаңылтырмен қапталуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет