Амалбекова Гульмира Амалбековна Баялиев Улугбек Абдусаматович Тажиев Абдирашид Абдимажитович Маханова Айнур Таджибаевна абай мен əл-фараби



бет7/9
Дата12.06.2020
өлшемі198,25 Kb.
#73290
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АБАЙ ЖӘНЕ (1) (1)
Документ Microsoft Office Word (4), Презентация Социология, Абай қорытынды сабақ, 3 п, Глава 3, Глава 3 2
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ әдебиетінің бәйтерегі Абайдың шығармашылығы бала бақшада тәлім алып жатқан бүлдіршіндерден бастап, жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің де таным мен тәрбие алатын, эстетикалық талғамын өсіріп, көркемдікке жақындататын, әдебиетті түсінуге жол көрсететін жарқын жұлдыз болып табылады. Ақынның шығармаларының мәні мен маңызы, көркемдік әлемімізді байытатын жемісі жыл өткен сайын айқындала түсуде. Мұны біз күнделікті тұрмысымыздан, Абайға, оның асыл мұрасына болған халықтың ықыласынан көріп те, танып та келеміз.


Мен бұл жұмысымда ұлы ақынның лирикалық туындыларын оқытудың мәні мен маңызына және оқыту барысында қолданылатын әдістемелік мәселелерге тоқталып өттім. Әдістеме, яғни бұрынғыша айтқанда оқыту методикасы ғайыптан пайда болмайды, ол озат мұғалімдердің іс - тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогика ғылымының жетістіктерін басшылыққа ала отырып қалыптасады және өркендейді. Абай шығармаларын оқытуда кешегі кеңестік дәуірде қолданылған методикалық әдіс - тәсілдердің бірқатары қазір тиімсіз болып отыр. Ақын лирикасы кеңестік идеологияны басшылыққа ала отырып үйретілді, оларды танытуда бір ғана мәселе, таптық тұрғыдан түсіндіру, жастардың белсенділігінен гөрі дайын материалдың мазмұны мен идеясын мұғалімнің нұсқауы бойынша қабылдату – қазіргі білімге беріліп отырған талаптарға жауап бере алмайды.
Қазіргі талап – оқушы тек үйренуші ғана емес - талдаушы, аналитикалық пікірлеуші, бағалаушы және оқыған, түсінгенін тұрмыста жүзеге асырушы да болуы шарт. Олай болса, қазіргі методикада оқушыны ізденуге, ситуацияларды өзі тудырып, оны дұрыс шешуге, әрбір тақырыпқа сын көзбен қарап, өзінше баға беруге баулу, дағдыландыру қажеттігі айқын байқалуда.
Біз Абайдың лирикалық шығармаларын 5 - 8 сыныптарда оқып үйрену әдістемесі бойынша жазылған мамандық жұмысымызда мынадай тұжырымдарға келдік:

1. Абайдың лирикалық шығармаларын оқытуда текспен жұмыс істеу, ондағы әрбір қатарды байыптап танып, байсалды түсініп отыру

2. Қазіргі методикадағы жаңалықтардың ең тиімділерін ғана пайдалану

3. Абай лирикасын оқытуда сөздік жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру

4. Лирикалық шығармаларды оқытуда теориялық ұғымдарды қалыптастыру, мысалы, пейзаждық лирика, элегия (Әбіш туралы өлеңдер), сатира, дидактика (Ғылым таппай мақтанба)

5. Абай шығармашылығын оқыту барысында Абайтанушылардың еңбектерінен (соңғы шыққандары) пайдалану, кітаптарды көрсету

6. Абайдың табиғат лирикасын оқытуда – қазіргі ақындардың табиғат лирикасымен салыстыру

7. Абай өлеңдерін талдауда оқушыларды іздендіру мақсатымен ситуациялық сұрақтар қойғызу

8. Абай өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру

9. Абай лирикасы бойынша пікір сайысын көбірек жүргізу, оқушыға өз пікірін айтуда еркіндік беру

10. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда Абай лирикасын жүйелі пайдаланып отыру.

Қорыта айтқанда, ұлы Абайдың лирикалық шығармаларын оқушыларға үйрету барысында ең қажетті әдістемелерді пайдаланып, оларды әрбір сабақта жаңалап, жетілдіріп отыру, әрбір тақырыпты өтуге творчестволықпен қатынас жасау бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады. Себебі жастарымыздың дүние танымына, дүниеге көзқарасын қалыптастыруда, олардың заман дәрежесіндегі азамат болып өсуінде, биік интеллектуалдық жетілуінде, олардың бойындағы эстетикалық талғамының ұштала түсуінде ұлы Абайдың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет