Амбулатория дегенімізге анықтама беріңіз?


Артериялдық қан қысымды өлшеуді түсіндір



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі173,54 Kb.
#79331
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мамандыққа кіріспе
Ohran truv farm otr, Ою, 11.12.20 Жеңіл атлетика тапсырма, 11.12.20 Жеңіл атлетика тапсырма, Икт КАЗ 3 ВАРИАНТ, ОШ СОЧ Казахская литература ЕМН 10 класс каз, 1 зерт.жұмыс, 5 Практикалық жұмыс , Лабка6
5.Артериялдық қан қысымды өлшеуді түсіндір.
Жүректің жұмысы кезінде артерия жүйесінде түзілетін қысым артериялық қысым деп аталады. Жүрек жү-мысының фазасына байланысты қысым систолалық (САҚ), және диастола кезінде артерияларда олардың серпілгіштігінің арқасында сақталатын диастолалық (ДАҚ) болады.САҚ мен ДАҚ мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық пульс қысымы деп аталады.
Сфигмоманометр манжетпен және алмұрт тәріздес резеңке баллонмен біріктірілген сынаптық немесе көбінесе серіппелі манометрден тұрады. Ауанын манжетке енуі манжеттегі қысымды сақтап және жайлап түсіруге мүмкіндік беретін арнайы тетікпен реттелінеді. АҚ миллиметрлік бөлімдері бар циферблатгың қозғалатын тіліне берілетін серіппенің кедергі күшімен өлшенеді.
АҚ-ның мөлшерін мейірбике температуралық паракқа қызыл түсті бағаналар түрінде АҚ шкаласына сәйкес белгілейді.
- Үлкен адамның систолалық АҚ - ның қалыпты деңгейі 100-ден 139 мм.с.б. дейін тербеледі, диастолалық- 60-тан 89 мм.с.б. дейін.
- 140/90 мм.с.б. деңгейінен бастап және одан жоғары АҚ жоғары (артериялық гипертензия немесе артериялык гипотония), 100/60 мм.с.б. аз АҚ төмен деп саналады (артериялық гипотензия). АҚ-ның күрт көтерілуі гипертониялық криз деп аталады. АҚ-ның тез көтерілуінен басқа ол қатты бас ауруымен, бас айналуымен, лоқсумен және құсумен көрінеді.
АҚ өлшеу.
1. АҚ әдетте иық артериясында, қажет болғанда - ұршық, тізе асты және т.б. артерияларда өлшенеді.2. Әдеттегі жағдайда науқастың жатуына немесе отыруына болады (орындықтың аркасына сүйеніп), резеңке түтік шығатын шеті шынтақ бүгісінен екі көлденең саусақ мөлшерінде жоғары жерге, науқастың иығы мен манжеттің арасына бір саусақ сиятындай етіп оның иығына манжетті орайды.
3. Тексерілушінің қолының алақаны жоғары қаратылып, жүрекпен бір деңгейге жуықтау, ыңғайлы жатуы керек; шынтақ қуысына иық артериясының үстіне (оны пульсациясы бойынша табады) фонендоскоп орналастырылады.
4. Манжеттегі кысым манометр бойынша иық артериясындағы пульсация жоғалған деңгейден 30 - 40 мм с.б. артқанша тетігі жабық алмұрт тәріздес резеңке баллонмен манжетке ауаны үрлейді.
5. Содан кейін тетікті ашыңкырайды да иық артериясының аускультациясын жүргізе отырып, секундына 2 мм с.б. жылдамдығымен манжеттен ауаны шығарады.
6. Алғашқы дыбыс (Коротков тондары) пайда болуына сәйкес қысым деңгейін белгілейді - бұл систолалық АҚ, дыбыс естілмей кеткен деңгей -диастолалық АҚ.
7. Қазіргі кездегі кейбір құралдарда шкаланың сәулелік индикаторына дыбыс сигналдарын беретін микрофон бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет