Амфибия, құстар және сүтқоректілердің даму циклі



бет9/10
Дата13.12.2021
өлшемі45,18 Kb.
#125935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Амфибия

Экологиялық топтары

Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбө, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.

Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.

Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер, делфиндер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.

Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.

Түрлері

Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі.

Жылы қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктида жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді.

 Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттылар, кеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар және ескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі.

Әсіресе, қосаяқ, аламантәрізділер, қуысмүйізділер, жертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпі, жертесер, сусар, аю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқар, таутеке, ақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат, жанаттәрізді ит, борсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкі, қасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т.б.) 2 – 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде – 12 күн, борсық пен жылқыда – бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құлан, марал, бұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 – 18 айдан (тоқалтіс) 20 – 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет