Амирбекова А. М., Мустафаева Г. Ш



Дата08.07.2018
өлшемі2,08 Mb.
#48599


Амирбекова А.М., Мустафаева Г.Ш.

«№ 93 гимназия» ағылшын және қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері.

Қарағанды қаласы

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Білім алу - өте күрделі және жеке үдеріс. Яғни, болашақ ұрпағымызды білімді де, білікті, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеуде мемлекеттік тілді заман талабына сай жаңаша оқыту мұғалім тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, қазіргі педагогикалық технологиялар балалардың қабілеттерін, біліктілік деңгейін, зеректіліктерін ескере отырып, даралап оқытуды қамтамасыз етеді және оқытуда құзыреттіліктерін іске асыруға көмектеседі. Сол себепті, мұғалім әр сабаққа жауапкершілікпен дайындылып, оқушылардың қазақ және ағылшын тіліне деген қызығушылығын ояту үшін әр түрлі технологияларды қолдануы керек. Сонымен, қазақ және ағылшын тілі сабақтарында оқушының байқау, көру қабілетінің ерекшеліктерін еске отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясын жиі қолдану қажет. Ең алдымен, оқушылармен шаттық шеңбер құру арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтып, көтеріңкі және жақсы көңіл-күй сыйлаймыз. Сабақ басталар алдында «алтын ережемізді» еске түсіріп, сабақ барысында «алтын ережені» қолдануға бір-бірімізге уәде береміз. Біздің ойымызша, топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бір-бірлерімен бірлесе бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден өзгенің пікірін тыңдауға, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге, уақытты үнемдеуге жағдай жасайды. [1, бет 12] Осы технологияны қолдану нәтижесінде, оқушының есте сақтау қабілеті, сауатты жазу дағдысы қалыптасады. Сонымен қатар, күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға көп септігін тигізеді. Мысалы: сөз құрамын меңгерткенде «Орнын тап!» атты ойында ойнату арқылы, оқушылардың ойын шақыртып, ойлануға мәжбүрлейміз. Осы әдісті қолдану арқылы проблема шешіледі: оқушылар ойлап тауып, сөйлем құрастырады немесе байланыстырады.Нәтижесінде ойларын жазады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімін жіктейді, саралай біледі, ең негізгі түйінін түсіне біледі. Бірақ, оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогте жиі кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтың дұрыс құрылуына баса мән береміз. Бірлесе отырып, «Диалог арқылы оқытуды» технология басты назарға алдық. Бұл әдіс мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушының арасында өзіндік ой-пікірді жүйелеу ойын толық айту амалында қарастырылды. Бұл модульді барлық сабақтарымызда қолданамыз, себебі бастауыш сынып оқушылары сабақта тез шаршайды, сондықтан, «Мені түсін», «Understand me»,«Жұбыңды тап», «Find the pair», «Қайталай ғой», «Repeat after me», «Брейн-ринг», «Brain Ring», «Тірек белгілері», «Signs» сияқты оқыта үйрету ойындарын жиі қолданамыз. Оқушыларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Сондай-ақ, өзіміздің тәжірибемізге келсек, профессор Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының элементтерін қазақ және ағылшын тілінде сабақтарында жиі қолданамыз.

Осы технология бойынша сабағымызда мына бағытта жұмыс жасаймыз:

- ұжыммен жұмыс;

- топпен жұмыс;

- жеке оқушымен жұмыс;

- дарынды оқушы дайындау.

Мысал ретінде, екі тілде өткізілген өз сабағымыздың бір бөлігін ұсынамыз. Сабақтың тақырыбы:Киіз үй. Сонымен, тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың үлгілері. Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол - кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бірі талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер - үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария. Үйші киіз үйдің ағаштан жасайтын бұйымдарын көктемде бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық құрал - саймандарды пайдаланған. Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: желкөз, торкөз. Желкөз қатты желге төзімді, ал торкөз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Сағанақтар қиғаш орналасады. Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді. сағанақ – pole, қанат – grille, қиғаш – diagonally, шеңбер – a circle. I деңгей 1. Мәтіннен зат есімдерді теріп, жекеше және көпше түрінде жазыңыз. 2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.(қазақша немесе ағылшынша) II деңгей 2. Берілген сөздерді қазақ жіне ағылшын тіліне аударыңыз. Сильный ветер, дождливые дни; большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узелок, шестиканатная юрта, легкое дерево, не пропустит ветер. III деңгей Мәтінді оқып шығып, екеуара сөйлесіңіз. (қазақша немесе ағылшынша).IV деңгей Мәтін бойынша өз ойларыңды жазыңыздар.

Сабақтарда біз оқушыларды бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек»-«Two stars,one wish» арқылы бағалауын өз таңдаған тілде ұсындық. Сигнал таяқшалары арқылы әр топ бірін-бірі бағалауды, бағалау парақтары,бағалау критерийлері арқылы бағалауды үйренді. Біздің мақсатымыз өзгені бағалау арқылы немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны келесі сабақта болдырмаудың жолын іздету. Бұл бағалаудың бізге өте жеңіл және тиімді.

Сабақтың соңында тақырыпқа байланысты өз ойларын білдіруді, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіруді үйренді және дағдыға айналды. Сын тұрғысынан ойлай білетін оқушы сұрақтар қоя біледі: - Мен не білемін? Мен жаңаша нені білдім?Менің білімім қалай өзгерді? Мен осы біліммен не істей аламын? Оқушылар күнде сабаққа жақсы көңіл- күймен келеді «мұғалім бүгін тағы қандай тапсырмалар істейміз?, «қандай тренингтер өткізесіз?», «топқа немен бөлесіз?» деген сөздер есту өз жұмысымызға деген сенімдерімізді арттыра түсті. Өздеріңді бағалай қойыңдар десек, «мұғалім мұнау сіздің бағаңыз, сіз сабақты өте қызықты өткізесіз»,-дейді мұндай сөздер есту біз үшін үлкен бақыт, үлкен жетістік.Ізденудің нәтижесінде бүгінгі заман талабына сай сауатты, білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады. Ол үшін ең бастысы мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек деп деп ойлаймыз.

Қорыта келе, осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде: оқушының екі тілде шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық тапсырмаларды және лексикалық тақырыптарды жүйелеуге дағдыландырады., ой еңбегімен айналысуға жетелейді.

Әдебиеттер:

1. Мектеп оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

2. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. // Қазақстан мектебі, №4, 2013ж

4. Көшімбетова С. Инновациялық технология және білім сапасы // Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі. Алматы, 2012ж.



5. Колыхалова О.А., Махмурян К.С. Учитесь говорить по-английски. М., ВЛАДОС, 2000.

6. Рогова, Г.В. Методика обучения иностранным языкам в средней школе/ Г.В. Рогова, – М.: Просвещение, 1991 – 187 с.
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет