Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет4/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар
Колданбалы курс, математика ТЖБ 4-ТОҚСАН 3-СЫНЫП[1], ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС 7
АҚШ-тағы
саралап оқытудың теориясы мен практикасының ұзақ жылғы 
тарихы бар. Оның пайда болуы мен ары қарай дамуы басқа дамыған елдермен 
салыстырғанда белгілі өзгешілігімен ерекшеленеді. Бейіндік жіктеу көмегімен 
талантты жастарды анықтау және оқыту, білім алуға, өзінің кәсіби деңгейін 
өмір бойы көтеруге олардың қабілеті мен ынтасын қалыптастыру бойынша 
АҚШ мектептерінде іске асырылатын шаралар назар аударуға тұрарлық. Бұл 
және бұдан басқа шаралар білім берудің бірқатар күрделі мәселелерін шешуді 
қамтамасыз етті, бұл өз кезегінде елдің шығармашылық әлеуетін 
қалыптастыруға, оның экономикасының тиімділігін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, көпбейінді мектептер пайда болған алғашқы жылдардан-
ақ саралаудың көмегімен американдық қоғам мектепте прагматизм рухын 
«орнатуға» мүмкіндік алды. Э. Торндайк, Л. Терменнің және АҚШ-тың басқа 
педагогтері мен психологтерінің жұмыстарында көпбейінді мектептердің 
артықшылықтары және осы қағидаға сәйкес оқушылардың әртүрлі санаттарына 
арналған әртүрлі оқу жоспарлары негізделеді. Мұнда оқытылатын білімнің 
тереңдігі мен көлеміндегі айырмашылықтар оқушылардың жеке сұраныстарын 
қанағаттандыру қажеттілігі, «олардың ары қарай тағдырын адекватты 
қалыптасуына» ықпал ететіндігі сенімді көрсетілген. Олар ұсынған 
оқушыларды іріктеуге арналған әдіс бірінші кезекте «интеллектуалды 
дарындық» теориясының ережелерімен және олардың негізінде жасалған 
тестілердің («айкью») көрсеткіштеріне негізделген [3].
Саралау көзқарасы әртүрлі қабілеттерге, жалпы даму және оқу жетістіктері 
деңгейіне ие оқушыларды, оқу бағдарламаларының күрделілігі мен 
толықтығының әртүрлілігі бойынша оқытуды болжамдайды. Кейде «группинг», 
«фуркация» деп аталатын саралаудың бұл түрі, білім берудің келесі 
кезеңдерінде үнемі тереңделіп, жетілдіріліп, ары қарай едәуір дәрежеде 
ағындар мен бейіндерге бөлінуін алдын ала анықтайды.
Білім берудің бейіндік саралау негіздері орта мектептің жоғары сатысында 



(10-шы, 11-ші және 12-ші сыныптар) толық ашылады. Міндетті пәндер 
топтамасы мұнда 3 пәнді: ағылшын тілін, қоғамтануды, дене шынықтыруды 
қамтиды. Ал білім алушылардың таңдауына курстардың көптеген түрлері 
ұсынылады. Кейде олардың саны 150-200-ге жетеді.
Ағым бойынша оқушыларды бөлу үшін олармен әртүрлі курстарды 
таңдауы ғана емес, арнайы толтырылатын сауалнамалық форма түріндегі 
стандартты тестілер және мұғалім және кеңесшілермен берілетін 
ұсынымдардың көрсеткіштері өлшемдік негіз болып табылады. Бұл 
көрсеткіштер негізінен бұрынғы саралау нәтижелерін (бастауыш мектептегі 
қабілеттілікке байланысты топтар, бастауыш, орта сатыдағы әртүрлі оқу 
бағдарламалары бойынша дәрістер) сипаттайтын болғандықтан, олар білім 
алушылардың болашағының мәнін өзгерте қоймайды. Ресми түрде сабақ 
барысында оқушының орта мектептегі таңдалған (дұрысырақ, ол үшін 
орнатылған) оқу сипатын өзгертуіне мүмкіндігі бар. Егер ол бар болған 
жағдайда, әдетте мұнда «төменге апаратын лифт» қолданылады. «Сәтсіздікке 
ұшырағандар» мен «көңілі қалғандарды», негізінен жалпы ағынды 
абсорбациялайды [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет