Анализаторлардың ортақ қасиеттері. Есту анализаторының жас ерекшелігі. Жоспары



бет2/11
Дата08.02.2022
өлшемі75,3 Kb.
#117330
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анализаторлардың ортақ қасиеттері
Word Document, osnov-postroeniya-podsistem-zashit-informatsii-mnogofunktsionalnoy-informatsionnoy-sitem, Лекция№3 (2), 40-зерт.жұмыс, Аружан, физика 7к үйтапсырма Айгерим Маделханова, физика 7к үйтапсырма Айгерим Маделханова, 10, a919f879a76e8d3153bcd46030775461f171864e, politologia na kaz-1, Ситуационная задача по 1-й теме ЕРМЕКБАЙ ЖАНДОС, хирургия 100%, Анализаторлардың ортақ қасиеттері, Презентация1
Талдағыштардың ортақ қасиеттері. Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1.Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус – төңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Талдағыштардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.
2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.
3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Соңдықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған (айталық, көзімен, ішінен ғана оқып отырған) оқушы маңайындағы көлденең дыбыстарды
естігенімен мағынасын түсінбейді.
4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағышпен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады..
5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, құсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда ұзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін ұзақ жаттықтырады. Сол сияқты, әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, өзінің сезімталдығын төмендеткендіктен шайқалысты қозғалуды сезу қабілеті төмендейді.
Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан, заттардың әсерін сезу жөне контактты (лат. контактус - түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін талдағыштар.
Дистантты талдағыштарға көру, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дәм, тері, висцеральдық, қозғалыс контактты талдағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар қысқа мерзімнің ішінде әжептеуір қашықтықта орналасқан заттар туралы көп мәлімет бере алады. Бұл жағынан көру және есту талдағыштарының маңызы зор.
Нерв импульстері орталық жүйке жүйесінде белгілі бір тәртіппен бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді. Олардың айырмашылығы техникадағы код жүйесі іспетті белгіленетін болғандықтан импульстер сол тәртіппен беріледі деп айтуға болады. Код - ақпаратты белгілі ережелер бойынша шартты түріне түрлендіріп аудару.
Қосақталған код арқылы, яғни әрбір нейронда серпініс дүркінінің болуы немесе жойылуы түрінде беріледі.
Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейіңде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық жөне химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар талдағыштар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік — ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік - ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге кедергісіз серпіністердің қосылуы.
Әр талдағышқа тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын б і р р а й л ы (модальды) жиынтық дейміз. Бір райлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақтылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.
Тітіркендіргіштің бір түрінің өзінде көптеген физикалық, биологиялық сипаттары болады. Сол қасиеттерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштар бар. Оларды 2 топқа бөлуге болады:
а) кезенді қабылдағыш мембрананың алғашқы және соңғы туған қимыл құбылысында өз ісін орындайды, қозады, бірақ біресе өшіп, біресе қозып тұрады;
б) ұдайлы қабылдағыш бүкіл тітіркену кезеңі кезінде қозып тұрады, мұнда үздіксіз қозу орын алады.
2.Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығьп, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол кезден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысьндағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүниетануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.
Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш жөне жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет