А.Құнанбаевтың қара сөзіндеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлардың педгогикалық-психологиялық негізі. Жасқайратова Гүлсезім Екпінқызы «педагогика және психология»



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі29,05 Kb.
#110318
1   2   3
Байланысты:
Мақала Абай
мәтіндік талдау слайд стандарт, сауалнама, Новая таблица 1, Мақала Абай, Мақала Абай
«Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты...», - дейді.

«Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Қара сөздердің бүгінгі таңда тәрбиелік мәні зор. [3, 330-38б]

Шығыс пен Батыс классиктерiнiң ағартушылық ой- пiкiрлерiнен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелерiне де кеңiнен тоқталып, өзінің өлеңдерi мен қара сөздерiнде педагогикалық көзқарасын бiлдiредi. Адам мiнезiндегi орынсыз мақтан, ойсыздык, салғырттық, күншiлдiк, көрсеқызарлық сияты жаман әдеттердiң ақыл мен ойды тоздыратынын айта келiп, естiгендi есте сақтау көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсiнi ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершiлiк қасиеттердi насихаттайды. "Егер естi кiсiнiң қатарында болғын келсе, күнiнде бip мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмiрдi қалай өткiзгенiң жайында өзiңнен өзің есеп ал", - дейдi. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесiнің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. [4, 7б]

Абай сана-сезiмдi тәрбиелеудегi қоғамдық ортаның рөлін материалистiк тұрғыдан түсiндiре білді. Адамның жақсы-жаман, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдiк, идеалистiк көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдедi. Өзінің отыз жетiнші қара сөзінде: "Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кісінің тiлiн кесер едім", - деді.

Абай даналығы еңбек ет – мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбеккеқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты – еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді – деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.

Еңбек Абайша айтсаң – өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігіне айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі – басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, экологиялық пен экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді.

Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі – деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін, бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін – парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне талғамын, үлгілері – өмірдің, тіршіліктің жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы – еңбек пен адамгершілік санасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілікк, көрнектілікке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек – адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ой, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы – даналықтың, ғұмалықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.

Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп береді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз.

Тарихи принцип тәрбиелік тағылым Абай творчествосының сол дәуірдегі қоғамдық өмірден тамырластығын танып-білудің бірден-бір қажетті шарты екенін мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгінгі оқырмандар әсіресе, жасөспірімдер қалайда өздерінің өмірге көзқарасы, арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз.Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірмен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнерінде не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейіңгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының өміршеңдігін, заман озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптасақ, оның өз заманының озық тілек-мақсаттарына сәйкес тарихи өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат-қаситтерін айқынырақ тани аламыз. Оның ең басты бір қыры оқу-тәрбиелік маңызында.

Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің ерекше зор екенін көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиелік демек, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды.

Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Абай ақыл, адамгершілік, жоғары саналылық еңбектің еңбек тәрбиесіне негізделуін өзінің өлең-жырларының ғақлималарының арқауы етті. Мысалы, «Ақыл бітпесе дәулетке, дәулет бітпесе қабілетке жан-жақты болып жетілу тіреледі еңбекке» деп жырлауы соның айғағы.

Осы жерде ерекше атап айтатын нәрсе, өмірдегі келеңсіз құбылыстарды анықтап, айғақтап беру арқылы жамандықтан сақтандырудағы әрі онымен күресуге үндеудегі педагогиканы және әдебиеттің, ондағы тәрбиелі образдың рөлі айрықша. Бұл жалпы әдебиет атаулының адам тәрбиесіндегі және адамгершілік рухани байлықты молайтудағы ең негізгі эстетикалық, этикалық міндеттерімен тікелей байланысты. Демек, қоғамдағы орны бөлек орта, дүние – адамгершілік рухани байлықтың ортаймауына жауап беретін бірден-бір рухани ұлы күш тәрбие болып келген. [5, 4б]

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Қадыржан Сейталиев, Педагогика тарихы / Алматы «Білім». – 2008. – Б. 256

  2. Малик, Л. Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні / Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2018. - №9.- Б.41-46

  3. Ж.Әбиев, Педагогика тарихы / Алматы 2006ж. Б.330-386

  4. Мұратбай Жолдасбаев, Еділ Мамытбеков. Даналық кілтін ғылымнан іздеген: Egemen Qazaqstan . – 2020. – 25 ақпан Б-7

  5. Асқарбек Құсайынов .Абай тағылымы : / Вестник академии педагогических наук Казакстана.- 2020.- №2.- Б 4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет