Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасы негіздері пәнінің мазмұны



Дата02.03.2023
өлшемі50,05 Kb.
#170847
Байланысты:
Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасы негіздері пәнінің мазмұны
Гальтон

Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасы негіздері пәнінің мазмұны
Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.
Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас балалар мен жасөспірімдер организмміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер физиологиясын өздігінше ғылым деп санауын және оқуға ыңғайлы болу үшін балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ болар еді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.
Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, химия, метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол ауруларды жою туралы ғылым ) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше. Балалар мен жасөспірімдер гигинеасы сол сияқты зияңды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірту және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті.
Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.
Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастытың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас.
М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И. Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет