Анатомия«Зәр шығару жүйесі»



Дата30.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#151292
Байланысты:
МВС. АНАТ
Ибрагимова Мерей 3003ом, Сая презентация днк мырыш рөлі, 119731 2, $ =G ›07 1 B , 184172, АЛИНА, klinich-prot2015-aip-smp-gs, Сфо 1-001 пбл Жансая Тулебай, Мәдениеттану- ГТХ1, Арс и Бурта бизнесмены, Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары, Микро толқынды активтендіру жағдайында гуанинді дайындау, Компьютерлік желілер ж не а паратты ауіпсіздік п ні бойынша те, Бұлшық ет ұлпасы

Анатомия«Зәр шығару жүйесі»


1. Несеп шығару жүйесінің жалпы сипаттамасы. 1


2. Бүйректер: топографиясы, құрылысы, қызметтері. 1
3. Бүйректің бекітуші аппараты 1
4. Бүйректің тостағанша-түбектік комплексі. 1
5. Бүйректің ішкі құрылысы. 1
6. Несеп шығаратын жолдардың анатомиясы. 1
7. Несепағарлар: топографиясы,құрылысы,қызметтері. 1
8. Несепқуық: топографиясы,құрылысы,қызметтері. 1
9. Несеп шығарғыш өзектің құрылысы, жыныстық ерекшеліктері. 1
10. Еркектің несеп шығарғыш өзегінің құрылысы. 1

1. Несеп шығару жүйесінің жалпы сипаттамасы.


Осы несеп-жыныс жүйесіне келер болсам, латынша systema urogenitale деп аталады. Бұл жүйе organa urinaria, яғни несеп ағзаларын және де organa genitalia, яғни жыныс ағзаларын біріктіреді. Негізінен осы ағзалар өзінің дамуы жағынан бір-бірімен тығыз байланысқан болады, сонымен қатар, олардың шығару түтіктері не үлкен бір несеп жыныс түтігіне бірігеді, яғни ол ерлерде несеп шығаратын өзек, немесе бір ортақ кеңістікке ашылады, яғни бұл әйелдерде қынап кіреберісі. Келесі осы несеп мүшелері бұл атап өткендей, organa urinaria, яғни бұл біріншіден, екі безден, яғни бүйректер, бұлардың экскреті несепболып табылады. Ал екіншіден, яғни осы атап өткен несепті шығаруға арналған мүшелерден, яғни несепағар, сонымен қатар несепқуық және де несеп шығаратын өзектен тұрады.

2. Бүйректер: топографиясы, құрылысы, қызметтері.


Интернетте Рақышев бар екен жақсылап өзгертіп жазыңдар!!!
Бүйрекке келер болсам, латынша ren, бұл іш қуысының артқы қабырғасында, яғни ішастардың артында жататын жұп экскретті несеп шығаратын мүше болып табылады. Бүйректер негізінен омыртқа бағанасының бүйір жақтарында, соңғы кеуде, сонымен қатар, екі жоғарғы бел омыртқа деңгейінде орналасады. Бауырдың оң үлесінің қысымына байланысты оң бүйрек сол бүйректен орташа есеппен 1-1,5 см төмен орналасады. Ал осы бүйректің жоғарғы шеті XI қабырға деңгейіне жететін болса, төменгі шеті мықын қырынан 3-5 см кашықта орналасады. Негізінен бұл аталған бүйректің шекаралары жеке адамдарда өзгеріп отырады, мысалға жоғарғы шекарасы XI кеуде омыртқасының жоғарғы жиегі деңгейіне дейін көтерілсе, ал төменгі шекарасы 1-1,5 омыртқаға төмен түседі. Бүйрек пішіні бойынша сопакша болып келеді. Оның заты бет жағында тегіс, сонымен қатар, қою қызыл түсті болып келеді. Бүйректің жоғарғы және де төменгі шеттері, яғни extremitas superior et inferior, сонымен қатар, латералды және медиалды жиектерін, margo lateralis et medialis және де алдыңғы, артқы беттерін, facies anterior et posterior ажыратылады. Негізінен осы бүйректің латералды жиегі дөңес болып келеді, ал медиалды жиегі ортасында ойыс болады. Осы медиалды жиектің ортаңғы ойыс бөлігі қақпасы, hilus renalis, осы арқылы бүйрек артериялары мен жүйкелері кіреді, ал осы вена, сонымен қатар, лимфа тамырлары және де несепағар шығады. Қақпа бүйрек койнауы, sinus renalis деп аталатын, бүйрек затына еніп тұратын кішкентай кеңістікке ашылады, ал оның бойлық білігі бүйректің бойлық білігіне дәл келеді. Осы бүйректің алдыңғы бетін артқы бетімен салыстырғанда дөңес болып келеді.
Келесі бүйректің топографиясына келер болсам, оң және де сол бүйректердің мүшелерге қатынасы бірдей емес. Оң бүйрек алдыңғы іш қабырғасына regiones epigastrica, umblicalis et abdominalis lateralis dextra, ал сол бүйрек болса, r. epigastrica et abdominalis lateralis sinistra-да проекцияланады. Оң бүйрек кішкене бөлігі арқылы бүйрек үсті безімен жанасып, бұдан кейін төмен қарай оның алдыңғы бетінің көп бөлігі бауырмен жанасады. Бұның төменгі үштен бірі flexura coli dextra-ға жанасады, ал медиалды жиегі бойымен duodeni- дің төмендеген бөлігі өтсе, ал соңғы екі бөліктің ішастары болмайды. Оң бүйректің ең төменгі шетінің сірлі жабындысы бар. Сол бүйректің жоғарғы шетінің жанында, оң бүйректегі сияқты алдыңғы бетінің бір бөлігі бүйрек үсті безімен жанасады, ал төменде іле-шала сол бүйректің жоғарғы үштен бір бөлігі бойында асқазанмен, ортаңғы үштен бірінде pancreas-қа, алдыңғы бетінің латералды жиегі негізінен жоғарғы бөлігінде көкбауырға жанасып орналасады. Ал осы сол бүйректің алдыңғы бетінің төменгі шеті аш ішектің бөліктерімен медиалды, ал төмендеген жиек ішектің бастапқы бөлігімен латералды жанасады. Әрбір бүйрек өзінің жоғарғы бөлімінде артқы беті арқылы бүйректі өкпеқаптан бөлетін көкетке, ал XII кабырғадан төмен бүйрек орнын түзетін m.transversus abdominis және де m.psoas major m.quadratus lumborum-ге жанасып орналасады.
Бүйректің қабықтарына келер болсам, бүйрек тікелей бүйрек затына жанасатын жұка тегіс табақша түріндегі меншікті талшықты қапшықпен қоршалған, қалыпты жағдайда бұл бүйрек затынан оңай ажыратылады. Фиброзды қабықтан сыртқа қарай, әсіресе осы hilum аймағы және де артқы бетінде бүйректің майлы қапшығын құрайтын борпылдақ майлы тін қабаты жатса, ал алдыңғы бетінде көбінесе май жоқ. Майлы қапшықтан сыртқа қарай бүйректің дәнекер тінді шандыры орналасады, бұл талшықтар арқылы фиброзды қапшықпен байланысқан, сонымен қатар, екі жапырақшаға ажырайды: оның біреуі бүйректердің латералды жиегімен екі жапырақша бірге қосылады да, өздері дамып шыққан артқы ішастардың дәнекер тінді қабатына ауысады. Бүйректің медиалды жиегімен екі жапырақша қосылмай, одан әрі ортаңғы сызыққа қарай жеке-дара созылады: алдыңғы жапырақша бүйрек тамырлары, қолқа, сонымен қатар, төменгі куыс венаның алдынан өтіп, қарама-қарсы жақтың осындай жапырақшасымен косылады, ал артқы жапырақша омыртқалар денелерінен алға қарай өтеді де, соларға бекиді. Бүйректердің жоғарғы шеттерінде, бүйрек үсті бездерін қамтиды да, екі жапырақша бірге қосылып, бүйректердің осы бағыттағы қозғалғыштығын шектейді. Төменгі шеттерінде жапырақшалардың мұндай қосылуы байқалмайды.
Бүйректін өз орнында бекіп тұруы негізінен іш бұлшыкеттері жиырылуынан туатын іштің ішкі қысымына, аз дәрежеде бүйрек қабықтарына, бүйрек орнына сонымен қатар, бүйректің қолқа және де төменгі қуыс венадан алыстауына кедергі жасайтын бүйрек тамырларына байланысты. Осы бекітуші аппарат әлсіз болғанда, бүйректің төмен түсуі мүмкін, осындай болған жағдайда операция керек. Негізінен қалыпты жағдайда екі бүйректің қиғаш жоғарғы және медиалды бағытталған ұзын біліктері бүйректерден жоғары төмен қарай ашылатын бұрыш жасайды. Бүйрек түскенде ортаңғы сызықта тамырлармен бекігендіктен, төмен сонымен қатар медиалды ығысады. Осы себепті де бүйректердің ұзын біліктері олардан төменде, жоғары қарай ашылған бұрыш жасай түйіседі.
Құрылысы. Бүйректердің бойлық кесіндіде бүйректі тұтастай алғанда, біріншіден, бүйрек тостағаншалары мен түбектің жоғарғы бөлігі орналасқан қойнаудан, яғни, sinus renalis, екіншіден, қақпаны есептемегенде қойнауды барлық жағынан қоршап жататын меншікті бүйрек затынан құралатындығы көрінеді. Бүйректе кыртыс затты, яғни cortex renis, сонымен қатар, милы затты, яғни medulla renis ажыратылады.
Қалыңдығы орташа есеппен 4 мм-ге жуық қыртыс зат ағзаның шеткі қабатын алып жатады. Милы зат болса, бұл конус тәріздес түзілістер-бүйрек пирамидаларынан, pyramides renales-тан тұрады. Пирамидалардың кең негіздері ағзаның бет жағына, ал ұштары синус жаққа қарайды. Екі н/е бірнеше ұштары бүртіктерге, papillae renales бірігеді, сирек жағдайда бір ұшына жеке бүртік сәйкес келеді. Барлық бүртіктер саны орташа есеппен 12-ге жуық. Әрбір бүртікте ұсақ тесіктер болады. Foramina papillaria арқылы несеп жолдарының бастапқы бөлігіне, яғни тостағаншаларға шығарылады. Қыртыс зат пирамидалар арасынан өтіп, оларды бір-бірінен бөледі; қыртыс заттың бұл бөлігі бүйрек бағаналары, яғни columnae renalis деп аталады. Пирамидалар оларда тура бағытта орналасқан несеп өзекшелері мен тамырларға байланысты жолақ сияқты түрде болады. Пирамидалардың болуы жануарлардың көбіне тән бүйректің үлесті кұрылысын көрсетеді. Жаңа туған нәрестеде бұрынғы бөлінудің іздері тіпті сыртқы бетінде де сақталады, онда жүлгелер байқалады. Ересек адам бүйрегі сыртқы жағынан тегіс, бірақ та іші бірнеше пирамида бір бүртікке косылғанымен үлестерге – пирамидаларға бөлінген күйде қалады.
Милы зат жолақтары кыртыс затына өтіп (pars convoluta, pars radiata) қыртыс үлесшелері, яғни lobulus corticalis деген атпен біріктіріледі.
Бүйрек негізінен күрделі экскретті мүше болып табылады. Бұнда бүйрек түтікшелері болады. Осы түтікшелердің тұйық шеттері қос қабырғалы қапшық түрінде қан капиллярлары шумактарын қамтиды. Әр шумақ терең тостағанша тәрізді қапшықта жатады, капшықтың екі жапырақшасы аралығы бұның қуысын құрайды да, несеп түтікшесінің басы болып табылады. Glomerulus оны қаусыратын қапшықпен бірге бүйрек денешігін құрайды. Бүйрек денешіктері қыртыс заттың бүктелген бөлігінде орналасады, бұл жерде олар жай көзге қызыл нүктелер түрінде көрінеді. Бүйрек денешігінен қыртыс затының тарамдалған бөлігінде pars radiata орналасқан иреленген өзекше шығады. Осыдан кейін өзекше пирамидаға түседі де, ол жерде нефрон ілмегін жасай кері бұрылып, қыртыс затына қайта келеді. Бүйрек өзекшесінің ақырғы бөлігі — бірнеше өзекшелерді қабылдап, қыртыс затының pars radiata-сы және де пирамида аркылы тура бағытпен жүретін жинаушы түтікшеге құяды. Тік түтікшелер бірте-бірте бір-бірімен қосылып шамамен 15-20 қысқа түтіктер, түрінде бүртік ұшында area cribrosa аймағында foramen papillaria-ға ашылады.
Бүйрек денешігі және де оған жататын өзекшелер бүйректің кұрылымдык- кызметтік бірлігі яғни нефронды кұрайды. Нефронда несеп түзіледі. Осы үдеріс екі кезеңде іске асады: бүйрек денешігінде капилляр шумағынан капсула қуысына канның сұйық бөлігі сүзіліп өтеді де, алғашқы несеп түзеді, ал бүйрек өзекшелерінде — реабсорбция — судың көп бөлігін, глюкозаны, амин кышқылдарын сонымен қатар, кейбір тұздарды сіңіру үдерісі жүріп, соның нәтижесінде ақырғы несеп түзіледі.
Әр бүйректе миллионға жуық нефрондар болады, олардың жиынтығы бүйрек затының негізгі массасын кұрайды. Бүйрек және де оның нефрон құрылысын түсіну үшін оның қантамырлар жүйесін ескеру керек. Бүйрек артериясы қолқадан басталады және онын көлемі едәуір үлкен болады, бұл қанды «сүзумен» байланысты мүшенің несеп айыру кызметіне сәйкес келеді.
Бүйрек қақпасында бүйрек артериясы бүйрек бөліктеріне сәйкес жоғарғы полюс артериялары, төменгі полюс артериялары және де бүйректің орталық бөлігіне баратын артериялар болып бөлінеді. Бүйрек паренхимасында бұл артериялар пирамидалар, яғни бүйрек үлестері арасынан өтеді, сондыктан аа. Interlobare renis деп аталады. Пирамидалар негізінде милы зат және де қыртыс зат шекарасында олар доғалар түзеді.
Бүйректің барлық атқаратын қызметтерін атап өтсем, яғни бұл бастысы зәрді түзу және де шығару, қышқылдық-сілтілік гомеостазды тұрақтау, сонымен қатар, су мен тұздың алмасуын реттеу, артериалдық қан қысымын реттеу, және де зат алмасуға қатысу, қанның ұю жүйесіне қатысу, бүйрек эритроциттер түзілуі үдерісіне қатысады, қан арнасына қосылуына әсер етеді, сонымен қатар, бүйрек қан ұюға қатысады және де эндокриндік қызметі мен биологиялық белсенді заттарды, яғни ренинді, эритропоэтинді, простогландиндерді, эритрогенинді, биогенді аминдерді, Д3 витаминін, кининогенинді және де интерлейкиндерді синтездеу қызметтерін атқарады.
3. Бүйректің бекітуші аппараты
Жалпы, адам бүйрегі қозғалып жүрмейді, құрсақ қуысының артқы қабырғасына арнайы құралдың көмегімен бекітіледі. Бүйректің бекітуші немесе фиксациялық аппараты- бүйректі өз орнынан жылжытпай, оның қалыпты, бір деңгейде орналасуын қамтамасыз ететін бірнеше факторлар жиынынан тұрады. Оларға:
1) белдің үлкен бұлшықеті (m.psoas major) мен белдің шаршы бұлшықетінен (m.guadratus lumborum) түзілген бүйрек орны;
2) іш қуысы, көкет пен шат бұлшықеттерінің жиырылуынан пайда болатын кұрсақтық қысым;
3) бүйрек аяқшасы: бүйрек қантамырлары мен жүйкелері, лимфа тамырлары және бүйрек түбегі (несепағар), толығырақ айта кетсем, бүйректің қолқа және де қуыс вена тамырларынан алыс болуына кедергі жасайтын бүйрек тамырларына (аяқшаларына) байланысты болады;
4) бүйрек қабықтары, оның ішінде бүйрек шандыры: бүйрек жалпы, бүйрек затынан оңай ажыратылатын фиброзды қабықпен қапталады, ал одан сыртқа қарай, hilum аймағында майлы қапшықты (capsula adiposa) құрайтын майлы тін орналасады. Капсуладан тысқа қарай fascia renalis орналасады да, екі жапырақшаға айырылады. Ол екі жапырақша бүйректің жоғарғы бөлігінде бірігіп, бүйрек қозғалуына кедергі болады. Бұл функция бекітуші аппаратта маңызды болып табылады.
5) ішкі мүшелермен тығыз жанасып орналасуы;
6) ішастар байламдары: мысалы, оң бүйректі ұлтабар-бүйрек және бауыр-бүйрек байланыстары, ал сол бүйректі френико-колон байламы ұстап тұрады;

Бұл бекітуші аппарат өзінің күрделігіне қарамастан, тыныс алу барысында 2- 5 см қозғалып тұрады.


Бүйректер жеткілікті қозғалмалы түрде бекітіледі, ал олардың қозғалыс амплитудасы орташа есеппен 3,5 сантиметрді құрайды, бірақ қалыпты диапазонда ол 5 сантиметрге жетуі мүмкін. Әр түрлі жарақаттармен, шамадан тыс жүктеме кезінде және қиын босану нәтижесінде бүйректің бекіту аппараты созылуы мүмкін, бұл бүйректің пролапсына әкеледі (нефроптоз). Бұл жағдайда бүйрек өз орнынан ауытқиды және кейбір ауырсынулар мен ыңғайсыздықтармен қатар жүреді. Көбінесе оң бүйрек төмендейді. Осы фиксациялық аппараттың әлсіз болуынан- кезбе бүйрек (төмен түсіа кетуі) пайда болады да, ота жасау арқылы қалыпқа келтіріледі.
Нормалды жағдайда, бүйректің ұзын келген біліктері (қиғаш жоғары, медиалды бағытта орналасқан) жоғары-төмен ашылатын бұрыш жасауға қатысады. Бүйрек төмен түскен сәтте ортаңғы бөлігінде тамырлармен бекітіледі, соның әсерінен бүйрек төмен-медиалды ығысып кетеді.

4. Бүйректің тостағанша-түбектік комплексі.


Бүйрек пирамидасынан ұшына қарай құйғыш тәріздес кіші тостағанша calyx renalis minor, қапсыра жалғасып жатады. Әр тостағаншаға 2-3 бүйрек бүртігі ашылады да, ол бүртіктер үлкен тостағаншаны calyx renalis major қалыптастырады. Қалыптасқан үлкен тостағаншалар бірігіп, жалпы қуысты бүйрек түбегін pelvis renalis seu pyolis құрайды да, несепағарға жалғасады. Жалпы айтып жатқан үлкен және кіші тостағаншалар, бүйрек түбегі несепағар бүйректің несеп шығаратын жолдарына жатады.Бүйрек түбегінің қалыптасуының негізгі үш пішіні болады: эмбрионалды пішінінде кіші тостағаншалар тікелей бүйрек түбегіне ашылады, сомен үлкен тостағанша болмайды. Келесі феталды пішінінде кіші және үлкен тостағаншалар несепағарға ашылады да, бүйрек түбегі болмайды. Жетілген пішінінде қалыпты 2-3кіші тостағаншалар, үлкен тостағаншаға ашылып одан әрі бүйрек түбегіне жалғасады, одан несепағар басталады. Осы аталған үш құрылымдық мүшенің құрылысы жағынан айрмашылық жоқ, біртекті болып келеді. Олар: шырышты, бұлшықетті және сыртқы дәнекер тіндік қабаттардан тұрады. Кіші тостағаншаның бастапты бөлігінде біріңғай салалы бұлшықет талшықтары сақинатәрізді қабат-күмбез қысыңқысын түзеді. Осы кіші тостағаншаның осы бөлігінде нерф талшықтары мен қан, лимфа тамыр шоғырлары жақын жатады. Осы құрылымдар бүйректің форникалды аппаратының құрамына кіреді. Форникалды аппараттың маңызын айта кетсек: бүйректің өзекшелерінен кіші тостағаншалардан несептің өтуі жіне кері қарай өтіп кетпеуіне жағдай жасайды. Форникалды аппараттың жұмыс істеу принципі өз бетінше жүрмейді, былай айтқанда бүртңктен кңшң тостағаншаға сауылады. Форникалды аппарат жұмыс механизміне бірнеше бұлшықет қатысып, жиырылу қабілетімен иемделеді.
Бүйректің тостағаншаларының қабырғасында, күмбезден жоғары m. levator fornicis, оның айналасында m. sphinster fornicis, кіші тостағанша айналасында m. spiralis calycus орналасқан.

5. Бүйректің ішкі құрылысы.


Жалпы бүйректің ішкі құрылысы бойынша, бүйректің кесіндісінде: нервтер мен қантамырлар шоғырланған қойнауды (sinus renalis), бүйректің кіші және үлкен тостағаншаларын (calyces renales majores et minores ) және бүйрек түбегін (pelvis renalis), сонымен қатар бүйректің паренхима тіндерін байқай аламыз. Бүйрек паренхимасы сыртында орналасқан қыртысты заттан (cortex renalis) және ішінде орналасатын ашық түсті милы заттан (medulla renalis) құралған. Бүйректің милы заты бір-бірінен бүйрек бағаналары (columnae renales) қатысымен шектелетін, 12-18 бүйрек пирамидаларынан (pyramides renales) құралған. Пирамидалардың латералды жиекке бағытталған негізгі және бүйрек бүртігін (papilla renalis) ажыратамыз. Әрбір бүртіктерде ұсақ тесіктер (foramina papillaria) болады. Пирамидалардың 2 немесе 3 ұштары бүртікке біріккендіктен, пирамидалар саны бүртік сандарына сәйкес болмайды және де пирамидаларды қыртысты зат қоршап тұрады. Бүйректің шеткі қабатын қалыңдығы шамамен 4 мм-дей қыртысты зат алып жатады. Қыртысты зат қою дәнді түрінде – қыртыс лабиринтімен (labyrinthis corticis) айқындалады және олар милы сәулелермен (radii medullares) бөлінген болып келеді. Негізінен ағза беті мен пирамида негізі арасындағы қыртысты заттың учаскесі қыртыс үлесшесі (lobulus corticalis) деп аталады. Сонымен қатар пирамида мен қыртыс үлесшесінің арасында бөлік – бүйрек үлесі (lobus renalis) болады.

6. Несеп шығаратын жолдардың анатомиясы.


7. Несепағарлар: топографиясы,құрылысы,қызметтері.
Несепағар бұл –ureter- бүйректің түбегі тарылған аймағынан несепқуыққа дейінгі аралықтағы жұп мүше . ұзынд ерлерде 30-35см, әйелдерде 27-29см , ені 4-8мм, ал несепағардың қуысы ені-3-4мм. Оның 3тарылулары-
-бүйректің түбегінде несепағардың басталған аймағында
-келесі –несепағар мүшесініің ішті бөлігі жамбас астау бөлігіне қарай өткен жерде
-несепағардың несепқуыққа қарай ашылатын жерінде
Топографиясына келсем- орналасуына сай 3 бөлік- іштік pars abdominalis, жамбас астаулық пен қабырғаішкі
Іштік бөлік-белдің үлкен бұлшықеті бетінде орналасады.
Голотопиясы –ол іш қуысы мен кіші жамбас астауында жатады.
-мүщшенің іштің алдыңғы қабырғасына сай орналсауы-кіндік тұсында іштің тік бұлшықеттері латеральді жиегіне сай
-мүшелердің іштің артқы арқы қабырғасына сай проекциялануы –белдің омыртқаларының көлденең өсінділері ұштарын байланыстыратын вертикальды сызық бойына сай келеді.
Синтопия- L2-S4 деңгейлерінде
Синтопиясына келер болсам-
-несепағарлар ішастарартқының фасцияның жапырақшалры бойынша түзілетін футлярда шелмаймен қоршала жатады.
-олар ішастар артқы жағында ретропариетональды орналасады.
- оң жақтағы несепағардан ішке қарай төменгі қуыс вена, ал тысқа қарай сорық ішекпен жоғарылаған жиекішектердің медиальдық жиектері орналасады.
-сол жақтағы несепағардан ішке қарай аорта , ал тысқа қарай төмендеген жиекішектердің медиальдық жиектері орналасатын болады.
Келесі голотопиясына сай синтопиясы-
Іштік бөлігі-
-Оң жақ несепағарың проксимальдық бөлігі pars descendes duodeni дің артында, ал сол жақ несеп ағар болса flexura duodeno-jejnalis артында орналасатын болады. Ал несепағарлардың алдыңғы жағынан аталық бездің немесе аналық бездің артериясы және венасы, және де париетальды ішастар орналасады.
-олар кіші жамбас астауына өтетін жерде мықынның тамырларын қиып өтетін болады.
-сол мықынның тамырларымен қиылысқан жерден жоғарырақ аймақта несепағар артық жағымен n.genitofemoralis жанасады.
Кіші жамбас астауы-
-оң жақ несепағардың жамбас астаулық бөлігі оң ішкі мықын артериясы және венасы алдынан, ал сол несепағар –мықын артериясы мен венасы алдынан өтетін болады. Несепағарлар кіші жамбас астауында ішкі мықын артерияларының алдынан , сонымен бірге жапқыш артерия және венадан медиальді түрде орналасатын болады.
Әйел адамдарда несепағардың жамбас астау бөлімі аналық без артында, ал жатыр мойнының бүйір жағынан орап өтеді, және қынаптың алдыіңы қабырғасы және несепқуықтың арасында орналасатын болады. Ер адамдарда болса-несепағардың жамбас астау бөлімі щәует шығаратын түтіктің сырқы жағында орналасып және оны қияды да шәует қуыөшасының жоғары жиегі жағынан кішірек төмен несепқуыққа қарай ашылатын болады. Осы несепағардың жамбас астаулық бөлігінің соңғы бһлімі несепқуықтң қабырғасына 1,5-2 см дей қиғаш бағытта өтеді, сол арқылы қабырғаішілік бөлік деп pars intramuralis аталады.
Несепағар қабырғасы 3қабықты-
-ішкі –шырышты қабық-онда шырышты бездер көп болады және бойлық қатпарларды құрады.
-ортаңғы –бұлшықеттік қабық- оның жоғарғы бөлігі 2 қабатты-сыртқы бойлық пен ішкі циркулярлы. Ал төменгі бқлшықеттік бөлігі-3 қабатты-сыртқы мен ішкі бойлық және ортаңғы циркулярлық.
-сыртқы-адвентициялды –яғни дәнекер тінді.

8. Несепқуық: топографиясы,құрылысы,қызметтері.


Несепқуық –vesica urinaria seu cystis – несеп жиналатын дара қуысты мүше. Мүшенің көлемі мен пішіні оның ішіне несеп жиналуы себепті өзгермелі болады- мысалы толған несепқуық –дөңгелек. Орташа сыйм 250-300мл дей.
Несепқуық ұшының алдыңғы жоғары бөлігі алдыңғы іш қабырғасына бағытталады. Несепқуықтың ұшынан кіндікке қарай lig.umbilicale medianum тартылады. Несепқуықтың ұшы кеңейе несепқуықтың денесіне жалғасады. Ал сол денесі болса артқа және де төмен бағыттала несепқуықтың түбіне fundus vesicae жалғасып кетеді. Қуықтың төменгі бөлігі құйғышқа ұқсай тарыла несеп шығаратын өзекке жалғаып кетеді. Аталған бөлікті қуықтың мойны деп аталады cervix vesicae. Аталған қуықтың мойны несеп шығаратын өзектің тесігіне ostium uretrae internum орнығады. Топографиясына келсем-
Голотопиясы-
-кіші жамбас қуысында орнығады
- жас балалық кезде несепқуық симфизден толықтай жоғары орнығады, ал жас өсе келе қуық төмен түсе бастайды, ал 20 жаста симфиздің артында, ал кәрі симфизден төмен.
Скелетопиясы- несеп жоқ кезде қасаға симфизі артында , ал несеп барда несепқуықтың үшы қасаға симфизінен жоғары орналасады да сол арқылы іштің алдңғы қабырғасымен жанасып жатады.
Синтопиясы- алдыңғы беті қасаға симфизіне қарап орналасады, ал оны қасаға артқы симфизінед орналасқан майлы қатпармен шектелетін болады. Ер адамдарда қуықтың артқы бетімен шектеседі- тік ішек, шәует қуықшалары, шәует шығаратын түтік ампуласы. Ал түбі-простатамен.
Ал әйел адамдарда несепқуықтың артқы беті шектеседі-жатырдың мойнының алдыңғы қабырғасымен және қынап. Ал түбі болса-несепжыныс диафрагмасымен. Ерлермен әйелдерде бүйір бет шектеселі-артқы өтісті көтеретін бұлшықет. Ер адамдарда несепқуық жоғарғы жағында орналасады-жіңішке ішек ілмектері, ал әйелдерде –жатыр. Несепқуық ішастармен несеп толғанда-мезопариетональді, бос кезде-ретроперитонеалді жабылған. Несепқуықтың төменгі бөлігі кіші жамбас астауы қабырғасымен жамбас шандыры талшықтары арқылы түзілген байламмен байланысады.
Несепқуыктың фиксациялық аппараты
-Ер адамда қасаға-қуықасты байламы, lig. puboprostaticum;
-Әйеладамда -қасаға-қуық байламы, lig. pubovesicale;
-Қасаға-қуык бұлшықеті, т. pubovesicalis;
-Ерлерде тік ішек-қуык бүлшықеті т. rectovesicalis; түзіледі.
– Несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және несепағардың соңғы бөлігі;
-Ерлерде қуықасты безі, әйелдерде несепжыныс диафрагмасы.
Қабырғасына келсем-ол тұрады-шырышты, шырышасты негіз, бұлшықеттік, сірлі қабықтар.
-шырышты қабық- іші қызғылт-сары түсті. Және шырышасты негіз жақсы даму себепті қатпар түзеді. Несепкуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепкуықүшбүрышының артқы шекарасының жиегінде екі несепағар тесіктері, ostium ureterus (dextrum et sinistrum), орналаскан. Несепқуық үшбүрышының негізінде шырышты қабықтың несепағараралық қатпары, plica interureterica, өтеді.
-шырышасты негіз жақсы дамыған соған сай қатпар жинала алады. Ал несепқуықтың үшбұршында шырышасты негіз болмайды.
-бұлшықет қабық-ьіріңғай салы 3 қабатты. Сырты мен ішкісі бойлық , ал ортаңғы – қте жақсы дамыған циркулярлық қабат. Сыртқы- адвентициялдық қабық.

9. Несеп шығарғыш өзектің құрылысы, жыныстық ерекшеліктері.


Ерлердің несеп шығаратын өзегі – uretra masculine- ұзындық 16-22см диаметр 0,5-0,7см болатын тақ түтікті мүше. Ол тұрады-қуықасты безі мен несеп-жыныс көкетінен, еркек жыныс мүшесі кеуекті денесі. Оның функциясы-несепті шығару, шәуетті лақтыру. Несеп шығаратын өзек ostium urethrae internum нан басталады да ерлердің жыныс мүшесіның басында орналасатын несепті шығаратын өзек сыртқы тесігімен –ostium urethrae externum- аяқталатын болады. Топограыиялық орналасуына сай 3 бөлікті-қуықасты мен жарғақты , кеуекті . қозғалмалығына сай-қозғалмалы мен козғалмайтын.
Pars prostatica- қуықасты бөлігі-вертикальды түрде қуықасты безден өтетін 3см ұзындықта. Ерлерде несеп шығаратын өзек қуысы қуыасты без бөлігі ортасында кеңейеді және бөліктің артқы қабырғасында һзектің қыры crista urethralis болады. Аталған қырдың ең шығыңқырақ бөілігі colliculus –шәует төмешігі болса, ал ұш жағында ұңғылы -жатыршасы –utriculus prostaticus болады. Оның жан жақтарынан шәуетті жіберетін түтік тесіктері ашылатын болады.
Pars membranacea-жарғақты бөлік- ол қуысасты бездің ұшынан жыныс мүшесі буылтығы арасында . 1,5см дей қысқа және тар. Несеп –жыныс көкеті тұсында m.sphincter urethrae талшықтарымен қоршалады.
Pars spongiosa- кеуекті бһлік-ең ұзын, ол жыныс мүшенің кеуеті денесі қалыңдығында орналасқан. Несеп шығаратын өзек жыныыс мүше буылтығы аймағында кеңейе түседі,.оның соңы жыныс мүшесі басында орналса fossa navicularis urethrea түзе қайта кеңейеді. Ерлердің несеп шығаратын өзегі S секілді иілім жасай 3 тарылу болады.
-еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында;
--несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде;
-еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы
тесігі аймағында.
Еркек несеп шығаратын өзектің кеңею
жерлері:
-куықасты без бөлігінде;
-жыныс мүшесінің буылтығында;
-соңғы бөлімінде, кайықтәрізді шұңқырда,
Құрылысы бойынша-шырышты қабықта-көптеген Литтре бездері бар. Кеуекті бөлігінде ұсақ және тұйық ұңғыл lacunae urethrales бар. Шырышасты негіз бен бұлықеттік қабық бар. Бұлшықеттік-біріңғай салалы бойлық пен дөңгелек қабаттар . сырты-адвентициялық қабық Каналдың иілімдері-қасағаасты иілім curvature infrapubica, қасаға алды иілім curvatura prepubica.
Келесі әйелдердің несеп шығаратын өзегі-urethra femina- ол қуықтан әйелдің несеп шығаратын сыртқы тесігі арұылы ostium urethrae internum басталып, қынап тесігінен жоғары және де алға ашылатын ostium urethrae externum аяқталатын тақ мүше. Диамет -8-12мм ал ұзынд 2,5-3,5см арасында болатын қысқа және сіл ғвна иілген төмпешігімен сыртқа қарайтын түтікті мүше. . Өз жолында әйел несеп шығаратын өзегі қынаптың алдыңғы қабырғасымен бітісе өскен. Төмен бағыттала отырып, несеп шығаратын өзек қасаға симфизінің төменгі шетін астынан айналып, несепжыныс көкетін тесіп өтеді. Оның құрылысында-бұлшықеттік пен шырышты қабықтары болады. Шырышты қабығында-беткейі бойлық қатпарлар мен ұңғыл-шұңқыршалардан тұрады. Ал қалыңдығында-әйелдің несеп шығаратын өзігі бездері болады. өзектің артқы қабырғасындағы шырышты қабық қатпары жақсы дамыған- ол әйел несеп шығаратын өзегінін қырына ұқсас келеді. Шырышты қабықтың сыртына қарай ішкі бойлық және сыртқы дөңгелек қабаттардан құралған бүлшықеттік қабық орналасады. Дөңгелек қабат қуықтың бұлшықеттік қабығымен бітісіп, іш кі тесігіне еріксіз қысқыш құрайды. Төменгі бөлікте, несеп-жыныс көкеті арқылы өтетін жерде әйел несеп шығаратын өзегі ерікті қысқыш m. sphincter urethrae кұрайтын бұлшықет талшықтарының шоғырларымен капталады.

10. Еркектің несеп шығарғыш өзегінің құрылысы.


Еркектің несеп шығаратын өзегі түтік пішінді тақ мүше болып келеді. Ол несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінен ostium urethrae internum басталады да, жыныс мүшесінің басында орналасатын несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен ostium urethrae externum аяқталады. Ересек ер кісілерде жалпы ұзындығы 16-22см, сәбилерде 5-6см, жыныстық жетілу кезіндегі жасөспірімдерде 10-12см болып келеді. Ал оның орташа ені 5-7мм, бірақ оның тарылу мен кеңею жерлері болады. Несеп шығаратын өзегі созылады, себебі бойында фиброзды-эластикалық сақинасы болғандықтан. Бұл өзек өз жолында S-сияқты иіліп, 3тарылу жасайды:
Бірінші тарылуы несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында, содан кейінгі несеп жыныс көкетінен өткен жерде, және соңғы тарылуы несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында осындай тарылулар болады. Енді кеңею жерлерін айтатын болсақ: бірінші кеңеюі қуық астыбез бөлігінде, сосын жыныс мүшесінің буылтығында, және соңғы бөлімінде қайықтәрізді шұңқырда болады.
Несеп шығаратын өзектің келесі бөліктерін ажыратады: қуықасты, жарғақты және кеуекті болады. Ал қозғалысына байланысты қозғалатын және қозғалмайтын болып табылады.
Қуық асты бөлігі- ол қуық асты безден өтеді және ұзындығы 3см болып келеді. Оның осы бөлігі ортаңғы бөліміне дейін кеңейген, яғни тарылулар жоқ. Ал артқы қабырғасында сопақша төмпе-несеп шығаратын өзектің қыры crista urethralis орналасады. Қырының шығыңқы бөлігі шәует төбешігі colliculis seminalis, оның ұш жағында қуық асты жатыршасы utriculis prostaticus болады. Осы жатыршаның жан-жағынан шәует жіберетін түтіктің тесігі ашылады. Ал шәует төбешігінің айналасында қуық асты бездің шығару түтігінің тесіктері орналасқан.
Келесі бөлігі жарғақты бөлігі pars membranacea, Бұл бөлік қысқа шамамен 1,5см және өте тар болып келеді. Ол қуық асты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықты қамтиды. Жарғақты бөлігі несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлщықетін, m. sphincter urethrae, құрайтын көлденең-жолақты бұлшықет талшықтарымен айнала қоршалып жатыр.
Ең ұзын бөлігі кеуекті бөлігі pars spongiosa бұл жыныс мүшесінің кеуекті денесінің қалың жерінде орналасады. Бұл бөлігі жыныс мүшесінің буылтығы аймағында кішкене кеңейеді, басқа жерлерінде өзінің қалпын сақтайды. Несеп шығаратын өзектің ақырғы бөлімі жыныс мүшесінің басында орналасады. Сосын несеп шығаратын өзектің қайық тәріздес шұңқырын fossa navicularis түзеді де, қайттан кейейеді.

Бүйрек құрылысы топографиясы


Бүйрек латын тілінен аударғанда "ren" деп аталады. Бүйректің ішкі құрылысына тоқталатын болсақ, оны құрайды:
- бүйректің кіші және де үлкен тостағаншалары (calyces renales majores et minores)
- бүйрек түбегі (pelvis renalis)
- қойнауы (sinus renalis)
- паренхима тіндері
Бүйрек паренхимасы түрады:
- қыртыс заттан (cortex renalis)- сары-қызғылт түсті
- милы заттан (medulla renalis)- көгілдір-қызғылт түсті
Cortex renalis
Бүйректің қыртыс затына тоқталатын болсақ, латын тіліне аударғанда- cortex renalis. Ол бүйректің беткей қабатын құрай орналасып, милы заттың аралығына қарай өткенде, бағаналар түзеді. Оларды біз бүйрек бағаналары деп атаймыз (латынша columnae renalis) Қалыңдығы шамамен 4мм-дей болады, саны 15-20 шақты, яғни әр бүйректе. Құрылысына келсек, біркелкі емес. Және де екі бөліктерден тұрады:
- Жарық бөлік. Жарық бөлігі- конустәрізді болып келеді. Милы заттан қырыс затқа қарай сәуле секілді шашырап орналасқан. Және де тарамдалған бөлігі болып табылады. Латын тілінде- pars radiata. Орналасқан: тік бүйрек өзекшелері және жинаушы түтікшенің бастапқы бөлігі.
- Қою бөлік.Қою бөлігі- бүктелген бөлік деп те атаймыз. Латын тілінде- pars convoluta. Онда орналасқан:
- қыртыс заттың бүйрек денешігі (corpusculum renalis)
- бүйректің иреленге өзекшелерінің проксималді мен дисталді бөліктері
Medulla renalis
10-15 пирамидадан тұрады. Латын тілінде- pyramides renales. Олар өзара бүйрек бағаналары(columnae renales) арқылы шектелінген. Оның бөліктерін ажыратамыз:
- негізі- basis pyramidis (қыртыс затқа қарай бағытталған)
- ұшы бүртіктер ретінде- papilla renalis (қойнауына бағыт алады- sinus renalis)
Сондай-ақ, құрамына кіреді:
-тік өзекшелер (нефрон ілмегін құрайды)
- бүйрек түтікшелері (милы заттан өтеді)
Бүйрек түтігі аймағында өзара қосылып, қысқа түтіктер түзеді. Латын тілінде- ductuli papillares. Саны- 15-20 шақты. Сондай-ақ, олар бүртіктің бетіне бүртік тесіге арқылы ашылады. Латын тілінде- foramina papillares. Және де торлы алаң бар. Латын тілінде- area cribrosa. Сол тесіктердің болғанынан бүртіктері торлы болып келеді, сондықтан да осындай атау алған.
Бүйректің сегменттік құрылысы:
Негізінен, бүйректі 5 сегментке бөліп қарастырады, олар:
- жоғары сегмент- segmentum superius;
-жоғарғы алдыңғы- segmentum anterius superius;
- төменгі сегмент- segmentum inferius;
- төменгі алдыңғы- segmentum anterius inferius;
- артқы сегмен- segmentum posterius
Әр сегмент 2-3 бүйрек үлестерін қосатын болады (lobus renalis). Бір бүйрек үлесінің құрамында болады:
- бүйрек пирамидасы
- қыртыс заты
Қыртыс үлесшелері- lobulus corticalis. Саны 600 шақты және бүйрек үлесіне кіреді. Осы қыртыстық үлестің құрамына кіреді:
- бүктелген бөлік- pars convoluta;
- тармақталған бөлік- pars radiata.
Нефрон
Ол бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады. Латын тілінде- nephron. Әр бүйректе 1.000.000-ға жуық нефрондар кездеседі. Нефрондардың көп бөлігі қыртысты затта орналасқан, шамамен 80%, ал қалған 20% милы затта. Милы заттағы нефрондарды латынша- nephronum jugstamedullare деп атаймыз. Бір нефронның ұзындығы негізінен 20-50мм-ді құрайтын болса, екі бүйректегі жалпы нефрондардың барлығы 100км-ді құрайды екен. Өз кезегінде нефрондар:
- мальпигий денешігінен- corpusculum renale
- бүйрек өзекшелерінен
Corpusculum renale, Мальпигий денешігін 2 түрлі бөлік құрайды:
- шумақ
- шумақ қапшық- capsula glomeruli (шумақты қоршаған бокалтәрізді Шумлянский-Боумен атты)
Шумақ қапшығының қуысы жалғасады:
- нефронның өзекшесінің проесималді бөлігіне- pars proximalis tubuli nephroni
- иірілген проксималді өзекшеге-
- одан әрі милы заттың тереңдеген қабатына
- содан соң нефрон ілмегіне- Генле ілмегі (ansa nephroni)
- жалғасады- өзекшенің дисталді бөлігіне
- әрі қарай ол ашылады- жинаушы түтікшеге, латынша- tubulus renalis colligens
- жинақтаушы түтікше жалғасады- бүртік түтігіне.
Бүйрек пирамидасының ұшы кіші тостағаншалармен жабылады. Латын тілінде- calyx renalis minor. Олар- құйғыш пішінді. 1 кіші тостағаншаға бүйрек түтігі(2-3) ашылады. Кіші тостағаншалар (2-3 шамасында) бірігіп үлкен тостағаншаны қалыптастырады. Латын тілінде- calyx renalis majoris. Кейін үлкен тостағаншалар (2-3 шамасында) қосыла отырып, бүйрек түбегін құрайды. Латын тілінде- pelvis renalis seu pyelos. Ол әрі қарай несепағарға, ureter, жалғасады

несепқуық құрылысы





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет