Анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану Баймағамбетов Ерлан Русланұлы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата23.07.2020
өлшемі444,1 Kb.
#75533
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты
саба0, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ, САПАЛЫ БІЛІМ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ (1), «МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ, Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны
3. Аң стилі 

Аң  стиліндегі  бұйымдар  археологиялық  мәдениеттің  ертедегі  скиф-сақ  көшпелі 

қауымына  тиесілі  екендігін  көрсетті.  Аң  стилі  шеберлерінің  жануарларды  бейнелеуі 

андрондықтардағы секілді тотемдік табынуды білдіреді. Жануарлар бейнесін салу үшін 

түрлі  материалдар  пайдаланған,  табылған  заттарға  қарап  көбіне  алтынды  қолданған 

деуге болады. 

Сақ-скиф  аң  стилінің  туындылары  ерте  көшпелілердің  көптүрлі  және  өзіндік 

өнерінің  айырықша  белгісі  болып  саналады.  Себебі,  бұл  терминнің  астарында  б.з.д.  І 

мыңжылдықта Еуразия жазирасында көшіп-қонып жүрген, Алдыңғы Азияның дамыған 

елдеріне  басып  кіріп  отырған,  Қара  теңіз  жағалауындағы  грек  отарларымен  байланыс 

жүргізген  көптеген  ру-тайпалардың  аң  стилі,  көптеген  өзіне  тән  ерекшеліктерімен 

қатар  басқа  да  айырмашылықтарға  ие  болады.  Көшпелі  тайпалардың  өнердегі  жалпы 

ұқсастықтары  ең  алдымен  олардың  мәдениеттерінің  дамуындағы  бірдеңгейлігі, 

әлеуметтік  тұрмыс  жағдайының,  діни-мифологиялық  түсініктерінің  ұқсастығымен 

түсіндіріледі.    Ежелгі  шеберлер  көп  жағдайда  жыртқыштардың  тұяқты  жануарларды 

жаралау  сәтін  т.б    кездерін  бейнелеген.  Солардың  ішінде  кең  таралғаны  марал, 

жолбарыс, арқар, барыс, бұлан, жылқы, жыртқыш құстар болса,  қабан мен ақбөкеннің  

аюдың  бейнелері.  Сақ-скиф  аң  стиліне  алдыңғыазиялық  кейбір  сарындардың  болуы, 

оның  ішінде  қиял-ғажайып  жануарлардың  болуы  да  тән.  Мұндай  жануарлардың 

бейнелері  сақ-скиф  өнерінің  өзіндік  ерекшелігіне  айналды.  Аң  стилімен  апталаған 

б.з.д.VІІІ-VII  ғасырлармен  мерзімделетін  Шілікті  «Алтын  адамы»  профессор 

Ә.Т.Төлеубаевтың  жетекшілігімен  қазылған  болатын.  Шілікті  қорымының  Бәйгетөбе 

обасынан барлығы 4303 дана алтын заттар табылды.  



Есіктен  табылған  «Алтын    адам»  киімінде  бұлан,жолбарыс,  арқар,  ағыздардағы 

хайуанаттар бейнелері кездеседі. 

Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады. 

4. Алтын адам.  

Алматының  күн  шығыс  жағында  50  шақырымдай  жерде,  Іле  Алатауының 

баурайындағы  жазықта  40-тан  астам  оба  орналасқан.  Соның  ішінде  «Есік  обасы»  да 

бар. «Есік обасы» б.з.б. 5-4 ғасырлар мен мерзімделеді. Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 

6  метр.  Үйілген  топырақ  құрылымы  айқын  емес,  бірақ  көп  қабаттан  тұратыны 

байқалады. 

 Малтатас  қабаты  қиыршық-сазды  қабатпен  ауысып  отырған.  Үйінді  орталық 

және бүйірдегі екі қабірден тұрады.Орталық қабір бірнеше  рет тоналған. Ал бүйірдегі 

қабір  тонауға  ұшырамай,  сол  күйінде  сақталған.  Қабірдің  ішінен  басқа  да  көп  алтын 

түймешелер, алтынмен апталған қола тегенелер табылды. Олардың ұзын саны 4000-нан 

астам. 

Антропологтардың  анықтауынша,  Есік  обасында  жерленген  адам  17-18  жас 

шамасында сақ ханзадасы. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына 

қарап,  бүл  мәйіт  «Алтын  адам»  деп  аталды.  «Алтын  адам»    Ұлы  дала  мәдениетінің 

бірегей үлгісі. 

Мақалада:  «Біздің  түп-тамырымызға  жаңаша  көзқараспен  қарауға  жол  ашып, 

әлемдік  ғылым  үшін  сенсация  саналған  жаңалық  –  1969  жылы  Қазақстанның  Есік 

қорғанынан  табылған,  өнертанушы  ғалымдар  арасында  «қазақстандық  Тутанхамон» 

деген атқа ие болған «Алтын адам». 

Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге 

дейін  өзінің  асқан  көркемдігімен  тамсандыратын  аса  жоғары  деңгейдегі  көркем 

дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын 

өңдеу  техникасын  жақсы  меңгергенін  аңғартады.  Сонымен  бірге  бұл  жаңалық  Дала 

өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. 

Дала  халқы  өз  көсемдерін  осылайша  ұлықтап,  оның  мәртебесін  күн  секілді 

құдірет  деңгейіне  көтеріп  асқақтатқан.  Қорымдағы  сән-салтанатты  жасау-жабдықтар 

ежелгі  бабаларымыздың  зияткерлік  дәстүрлерінен  де  мол  хабар  береді.  Жауынгердің 

жанынан  табылған  күміс  кеселердің  бірінде  ойып  жазылған  таңбалар  бар.  Бұл  – 

Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет