Қант диабеті ІІ типімен 7 жылдан бері есепте тұрады



Дата09.12.2022
өлшемі115,47 Kb.
#162107
Байланысты:
Ì?ðûí ?óûñûíû?

Науқас Т 68 жастағы ер адам кардиология бөліміне таңертең келді. Шағымдары:физикалық күштемеден кейін пайда болатын ентігуге,түнде 20 минутқа созылған төс артындағы ауырсынуға,әлсіздікке,шаршағыштыққа,жүректің қағып кетуі.Ауырсыну нитроглицериннің 2 таблеткасын қабылдағаннан кейін басылған.
Анамнезінде:Бұрын 4 жыл бұрын және 5 күн бұрын инфаркт алған.Ауырсыну сол қолға,иыққа мойынға беріледі.Соңғы ангиозды ауырсыну 2 күннен бері тәулігіне 10 ретке дейін жиілеп,ұзарған.Ауырсыну нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылады.Науқас 10 жылдан бері артериялық гипертониямен сырқаттанады. Ең жоғары қан қысымы-210/110 мм.сын.бағ.2 жылдан бері базистік ем ретінде энаприл 10 мг,кардиомагнил қабылдайды,
Қант диабеті ІІ типімен 7 жылдан бері есепте тұрады.
Обьективті тексергенле:Жалпы жағдайы орта ауырлықта,тері жамылғылары қалыпты.Бойы-1,70; салмағы-98 кг. Өкпесінде везикулалық тыныс,сырылдар естілмейді.Тыныс жиілігі-19 рет минутына.Жүрек тондары ырғақты,бәсеңдеу.ЖСЖ-98 рет/мин. АҚ-100/70 мм.сын.бағ. Тілі ылғалды,таза,іші жұмсақ,ауырсынусыз,Курловтың бауыр өлшемдері: 9x8x7 см.
Лабораториялық зерттеу; Жалпы қан анализі: гемоглобин-140 г / л, лейкоциттер-6,8х109/ л, эритроциттер - 4,6х1012/л, эозинофилдер -1% лимфоциттер - 22 %, моноциттер - 8 %, ЭТЖ-6 мм/сағ.
Инструментальды зерттеу;
Экг түсірілді:

1.Синдромдарды анықтаңыз
2.Диагнозды құрастырыңыз
3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеу әдістері
4.Ауруды емдеу үшін негізгі дәрілерді жазыңыз.

Жауабы:
1.Синдромдарды анықтаңыз.



  • Коронарлық синдром

  • Ауырсыну синдромы

  • АГ синдромы

2.Диагнозды құрастырыңыз.

  • Негізгі ауру:ЖИА,Тұрақсыз стенокардия,ІІІ С,(Braunwald E), жоғары қауіп

  • Басынан өткерген инфаркт:1-2018 жылы; 2-4.12.2022ж

  • Негізгі аурудың асқынуы:Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ІІ А, ІІ ФК.

  • Ілеспелі аурулары:Артериялық гипертензия ІІІ дәрежелі,қауіп тобы

Қант диабеті ІІ тип декомпенсация сатысы диабеттік ангиопатия

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеу әдістері


Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Биохимиялық қан анализі
Кардиоспецификалық ферменттер (КФК, МВ-КФК, ЛДГ, АСТ) белсенділік деңгейі қалыпты немесе қалыптының жоғарғы шекарасы 50%-дан аспайды. Тропонин Т тұрақсыз стенокардиясы бар науқастардағы миокардтың зақымдалу маркері. Тропонин Т деңгейінің ( 0,55 – 3,1 мкг/л) жоғарылауы ұзақ н/е қысқа мерзімді болуы мүмкін. Жиі ақырғы 48 сағат ішінде тыныштық ұстмасы болған науқастарда кездеседі. Тропонин Т-нің жоғарылауы тұрақсыз стенокардиясы бар науқастардың болжамды мағынасы ЭКГ-дағы қарыншалық комплекстің соңғы бөлімінің өзгерісінің тіркелуімен тең.
Электрокардиография (ЭКГ)
Эхокардиография (ЭхоЭКГ)
Тәуліктік холтерлік ЭКГ
Коронарлы ангиография
4.Ауруды емдеу үшін негізгі дәрілерді жазыңыз.
Медикаментозды емес ем:

  • шұғыл госпитализация;

  • физикалық белсенділікті шектеу, қатаң төсектік тәртіп.

Дәрілік терапия
Ауырсыну синдромын басу:
Тез әсер ететін нитраттар: тіл астына нитроглицерин ( 0,5-1 мг) немесе изосорбид динитрат (10 мг). Эффект жеткіліксіз болса әрбір 4-5 мин сайын препаратты қабылдайды. 20 мин ішінде ангинозды ұстама басылмаса наркотикалы анальгетиктерді вена ішілік енгізеді. Оны әрбір 5-30 мин қайталап отыруға болады. Қарсы көрсеткіштер: гипотензия, тыныс тежелуі, сана бұлыңғырлану
Емінде нитраттар, бета-блокаторлар, аспирин, гепарин қолданылады.
Көктамырға инфузия үшін әдетте нитроглицерин ( 0,1% спиртті ерітіндісі, 0,01 % сулы ерітіндісі – перлинганит ) немесе изокет ( 0,01 % изосорбит динитратының сулы ерітіндісі). Енгізуді 5-10 мкг/мин жылдамдықпен бастайды.
Антиишемиялық және антифибрилляторлы әсер етудің эталоны – пропранолол. 0,5-1 мг вена ішілік енгізеді, міндетті түрде ЭКГ мен АҚ бақылау. 1-2 сағат кейін ішке 40-80 мг әрбір 6-8 сағат сайын.
Гепарин жоғарғы және орташа қауіп тобындағы науқастарға көрсетілген. Терапия гепаринді болюс түрінде 80ед/кг есеппен бастайды. Ары қарай тұрақты инфузия 1000 ед/сағ жылдамдықпен тұрақты инфузия. Қан ұю жүйесін әрбір 24 сағат сайын бақылау.
Антиагрегантты терапия: аспирин 500 мг күнделікті, гепаринмен бірге ем жүргізілгенде 100-250мг/тәул

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет