Антикалық мәдениет философиясы



бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#118491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Антикалық философия!
ТЕМЫ 205-206, Реферат

Милеттік мектеп

Милет мектебі – ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп (б.з.б. 6 ғасыр). Негізгі өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Ионий аймағындағы (Кіші Азияның батыс жағалауы) Милет қаласының атымен аталған. Милет мектебі ежелгі грек философиясының негізін қалады. Милет философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуан құбылыстардың ар жағында онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді. Милет мектебі өкілдері көңіл аударған басты мәселе – әлемнің негізін іздеу. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Тіпті жердің өзі су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Анаксимандр дүниенің негізі – су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама – апейрон деп білді. Дүние пайда болып, жойылып жатады, ал мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон ғана. Ол әлемнің түрлері көп болатынын болжады. Анаксимен дүниенің негізі ауа деп есептеді. Оның көзқарасы бойынша, ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болған. Милет мектебі кейінгі грек ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарына зор ықпал етіп, ежелгі Грекияда философтар ойдың әрі қарай дамуына елеулі әсер етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет