Ақпараттық құқық түсінігі. Ақпараттық құқықтың даму тарихы. 1997жылы шыққан «Ақпараттық құқық»



бет1/8
Дата29.09.2023
өлшемі32,99 Kb.
#183017
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Презентация по информатике на тему Ақпараттық құқық
file-2708 (1), fulltext

Ақпараттық құқық түсінігі. Ақпараттық құқықтың даму тарихы.

1997жылы шыққан «Ақпараттық құқық», пәнінің алғашқы басылымында ақпараттық құқық пәні құқық жүйесіне кірген жаңа пәндердің бірі ретінде қарастырылды. Басты назар ақпараттар аумағына, ақпараттар мен оны пайдалануға байланысты туындағын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге арналды. Ақпараттық құқық объектілерінің ерекшеліктеріне, ақпараттардың түрлері мен таралу формаларына, ақпараттық технологияларға, оны қамтамасыз ету мен ақпараттық қауіпсіздікке де баса назар аударылды. Ақпараттық құқықтың қайнар көздерінің сипаттамалары берілді.Уақыт өте келе адам мен қоғам даму процесінде ерекше рол атқаратын ақпараттар жүйесінің жаңа ақпараттық технологиялары дами түсті, сөйтіп бүкіл әлемге әйгілі ақпараттық Интернет жүйесі пайда болды.


Ақпараттық құқық саласының жан-жақтылығын, бұл саланың ақпараттарды даярлау, беру, талдау жасау, іздеу, пайдалану таратуға байланысты туындайтын барлық қоғамдық қатынастарды ретке келтіріп отыратындығымен түсіндіруге болады. Ақпарат адам және қоғам өмірінің барлық деңгейінде, барлық саласында бірдей қолданылады, адаммен қоғамның күнделікті ақпараттарсыз дамуы, алға басуы мүмкін емес.
Ақпараттық құқықтың да құқық саласы ретінде ретке келтіріп отыратын өз алдына қоғамдық қатынастары бар-ол ақпараттарды пайдалануға байланысты орнайтын қоғамдық қатынастар.Құқық саласының өзге түрлерінен басты айырмашылығының бірі құқықтық қатынастарды реттеуде құқықтық информатика, құқықтық кибернетика тәсілдерін қолданатындығында.
Құқықтық информатика және құқықтық кибернетика тәсілдері ақпараттық аумақтарда ақпараттарды зерттеу, басқару, объектілердің бір-бірімен байланысын құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялармен және құралдармен қамтамасыз етуге байланысты туындайды. Бұл ақпараттық құқықтық қатынастар орнатқан объектілер арасындағы қатынастардың сапалылығын және екі жаққа бірдей тиімділігін орнатады.
Ақпараттық құқық құқық әлемінде аралық ғылым ретінде күрделі әлеуметтік жүйедегі ақпараттық маңызын түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зерттейтін ғылым саласы.
«Ақпараттық құқық» пәнін орта мектептерде, арнайы және жоғары білім беретін оқу орындарында білім алып жүрген болашақ мамандарға оқытудың өзектілігі-ақпараттық құқықтың XXI ғ. ақпараттық қоғамның негізділігіне байланысты.
Ақпараттық құқық пәнінің жүйесін Жалпы және Ерекше бөлімдер құрайды.
Жалпы бөлімі ақпараттық құқық жүйесін құрайтын жалпы мәліметтерден тұрады, атап айтқанда; ақпараттық құқық пәнінің түсінігі, әдістері, тәсілдері, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын қағидалар және олардың түрлері т.б жалпылама мәліметтер. Ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялар мен құралдарды пайдалануды қамтамасыз ету, Интернетті пайдалануға байланысты туындайтын сұрақтардың шешімін табу жайлы мәліметтер береді.
Ақпараттық құқықтың Ерекше бөлімінде түрліше салалардан ақпараттарды алу, пайдалану, таратуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жолдары, әдіс-тәсілдері жайлы оқытады.Сөйтіп, ақпараттық құқықтық институттың екі тобы –ашық мәліметтерді тарату институты және таратуға шектеу қойылған мәліметтер институты, ақпараттық құқықтың екі білімін құрайды.
Ақпараттық құқықтың ашық мәліметтерді тарату институтына жеке меншік институты, бұқаралық ақпарат институты, кітапханалық ақпарат институты, мұрағаттық ақпарат институттары жатады. Таратуға шектеу қойылған мәліметтер институтына, мемлекеттік құпия, коммерциялық құпия, жеке құпиялар институты жатқызылады.
Ақпарат мемлекет және қоғам өмірінің дамуының барлық кезеңдерінде маңызды мәселелерге байланысты қажетті шешімдер қабылдауда басты рол атқарды. Ақпараттарға талдау жасап, тиісті шешімдер қабылдау нәтижесінде қоғамда күн сайын үлкен өзгерістер болып жатады.
Алғашқы ақпараттық революция жазуды ойлап шығарумен тікелей байланысты, сөйтіп қоғамда болып жатқан өзгерістерді тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Екінші ақпараттық революция кітап басуды ойлап шығарумен тікелей байланысты. (XVIғ.) (алғашқы кітап басуды ойлап шығарғандар Гуттенберг және Иван Федоров). Келе-келе ірі тираждармен кітап басып шығару жолға қойылды да адамдардың білім алу мүмкіндігі кеңіді.
Үшінші ақпараттық революция (XIXғ. ) электрді ойлап табумен тікелей байланысты, өйткені сол уақытта телеграф, телефон, радио құралдары арқылы көп мөлшердегі ақпараттарды беру мүмкіндігі пайда болды.
Төртінші ақпараттық революция (XX ғ. ортасы.) есептеу техникаларын және жеке компьютерлер, телекоммуникация жүйесін пайдалануды ойлап табумен байланысты.Мәліметтерді электрондық пошта жүйесі арқылы жинау, сақтау, талдау жасау, пайдалануға ұсыну мүмкінлігі пайда болды.
Бесінші ақпараттық революция барлық мемлекеттер мен елдерді байланыстыратын, барлық адамдардың бір уақытта пайдалануына мүмкіндігі бар Интернет жүйесінің ашылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет