Қар дегеніміз не?



бет3/5
Дата22.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#127668
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәтіндер
Well
Қыстағы сабын көпіршігі

Қыс кезіндегі сабын көпіршігі – бұл ерекше әсер қалдыратын таңғажайып көрініс. Мүмкін, сондықтан болар сабын көпіршігі үлкендерге де, балаларға да ұнайды. Көпшілігіміз сабын көпіршігін тек жылы мезгілдерде ғана жасауға үйренгенбіз. Ал оны ешқашан қыста жасап көремегенбіз, тіпті жасауға да тырыспағанбыз. Алайда, қыста жасалған сабын көпіршігі бұл – өте әдемі, нәзік хрустальді шарлар. Мұндай қызық тәжірибені жасап көру үшін су, глицерин, сусабын және пластмасс түтікше жеткілікті. Барлық қоспаларды араластырып, ерітінді жасаймыз. Енді жылы киініп, далаға шығу ғана қалды. Далада 15oС-тан 25oС-қа дейінгі аяз болғанда ғана әдемі сабын көпіршіктерін жасауға болады. Көпіршікті үрлегеннен 10 секунд өткен соң, оның төменгі жағында ұсақ кристалдар түзіле бастайды. Олар өте тез жылдамдықпен көбейіп, соңында бірігіп күміс тәрізді мұз шарын құрайды.



«Балалар әлемі» журналы

(216 сөз ) Орындалу уақыты______

10


Эйнштейннен ақылды бала

Матиматикадағы ең күрделі есептерді меңгеріп, университет профессорларын таң қалдырған Жакоб Барнеттің (Jacob Barnett) IQ- ы 170 болып, Алберт Енштейннен де жоғары болғаны хабарланды. Америкада өмір сүретін Барнет есептеуді, алгебраны, геометрия және тригонометрияны бір аптада өзі үйреніп алған. Бүкіл әлемнің назарын өзіне қаратқан Джейк, үлкен мәлімдемесінде: «Алберт Эйнштейннің “арнайы салыстырмалылық теориясын” дамытып, өзімнің “арнайы салыстырмалылық теориямды” дайындап жатырмын» деген. Баласының не жайлы айтып жатқаның түсінбеген және оның шындыққа қаншалықты жанасатынын білгісі келген анасы, Принстон университетінің жанындағы Advanced Study институтына видеосын жібереді. Институтта қызмет атқаратын атақты профессорлардан Скот Тримейн, Джейктің теориясының шынайылығынан әсерленгенін айтады. Джейктің отбасына электрондық поштамен «Физика пәніне деген қызығушылығынан әсерлендім. Оның жасаған теориясы, астрофизика және теориялық физикадағы ең қиын проблемаларды қамтыған. Бұны шешкен адам Нобель сыйлығына ие бола алады» деген. «Отбасыммен математика жайлы сөйлескенімізде маған таңғалып қарайтын» деген Джейк, екі жасына дейін сөйлей алмапты. Бір жасқа толмай «аспергер синдромы» деп диагноз қойылған Джейк, үш жасында 5 мың сүрет құрастыру ойынын (пазл) бітірген. Елінің жол картасын зерттеген Джейк, бүкіл автожолдарды жаттап алған және көліктердің нөмірлерін жаттан айтып бере алады екен. Сегіз жасында мектепті бітірген Джейк, кейін Индиана университеті-Пурду университеті Индианаполиста жоғарғы астрофизика бөліміне түсті. Джейк оқитын топтағы студенттердің ең жасы болуына қарамай сабақтардан кейін группаластарына сағаттап сабақ беруде. (М.Жолдас)

(192 сөз) Орындалу уақыты__________

Байлық

Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың» – депті. Әкесі өлгеннен соң, жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді-кеш еңбек етіп қазады, көп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.

Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің үгіт-насихатын, өзінің көп әуре болғанын баяндайды, енді не қылсам екен дейді:

- Балам, сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екнсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп,



күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында өнімін төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті.

Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан өсиетіне енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.

(139 сөз). Ы. Алтынсарин




Ғажайып ғимарат

Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің озық үлгісі. Кезінде атақты Әмір Темір Қожа Ахметтің ақындық сөзінің күшіне таң қалады. Көшіп-қонып жүрген қазақтар Әмір Темірдің қылышынан қорықпайды, ал ақынның уағыз сөзіне сенеді. Осыны ойлаған Әмір Темір Қожа Ахметтің құрметіне дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші жинайды. Сөйтіп, ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді. Ғимартты тұрғызу үшін мыңдаған адам қатар тұрып, күйген қышты бір- біріне қолдан беріп, алыстан осы әдіспен жеткізген. Құрылыс іргесіне үйір- үйір жылқы айдап, мал тұяғымен қатайтады. Ғимарат отыз бес бөлмеден тұрады. Солардың бірі «қазандық» деп аталған. Осы бөлмеде салмағы екі тонна үлкен қола қазан орнатылған. Қазанды Әбіләзиз деген шебер Қарнақ деген жерде құйған. Оған жеті жылқының еті сыяды. Ернеуінде қазанды құйған ұстаның есімі араб тілінде жазылған.

Бұл ғажайып ғимаратты он жыл тұрғызған. Сәулетті шебер ұста


Ғұбайдолла Садыр жүргізеді. Ол өз шеберлігіне өзі риза болып, сағананың ең биік басынан жерге түспей қойыпты. Ақырында, сол жерде өлген екен. Өзінің өтініші бойынша, денесін күмбездің қыр арқасына қыш астына қойып, өріп жіберген екен деседі.

Бұл ғимараттың салынғанына алты жүз жылдай болды. Оның бір қышы сынбаған, бір шегесі босамаған, сыры кетпеген. Хандар таққа отырған кезде, Қожа Ахмет ақынның басында ант берген. Өлген соң оларды осы жерге жерлеген. Көне Түркістан топырағында сексен бір хан, би, батырдың сүйегі жерленген.




(170 сөз). Д. Досжан

Қоштасу

Соңғы рет камераның есігі ашылды. Пішпектен кеше келіп жеткен этап бүгін ертелеп жолға шықпақ.Таңғы салқынмен жүріп, ыстық түскенше жол өндірмек. Пішпектен шыққан аттар ауыстырылды. Арбалардың күпшектері майланды. Айдауылдар жаңарды. Азық-түлік тиелді. Қырғыстаннан келе жатқан каторжниктер отырған арбалар Верный түрмесінің алдына келіп, дайын тұрды.

Рысқұлдың аяғын кісендеп, аулаға алып шыққан кезде әлі таң бозала



болатын.Түрменің іші құлаққа ұрған танадай, айдаладағы алып моладай тып- тыныш еді. Кенет қаңғұр-құңғыр, шақыр-шұқыр дыбыстар абақтының ішін кернеп ала жөнелді. Рысқұл түкке түсінбей, бұл салдыр-күлдір аяғымдағы кісеннің дыбысы шығар деп келген. Сөйтсе, Александр Бронников жатқан саяси тұтқындар камерасының терезелері екен. Қайдан естігені белгісіз, Бронников Рысқұлдың дәл қазір айдалып бара жатқанын біліп, өз жолдастарымен бірге терезе торларын тоқпақтап тұр екен. Бұл қоштасу белгісі еді. Ғаламат сәтінде соғылған шіркеу қоңырауларындай осынау үн түрме қызметкерлерін үрейлендіріп жіберді.

Әкесін каторганың алыс сапарына шығарып салуға ілесе шыққан Тұрар мына қаһарлы үнге құлақ түріп, әкесінен айырылу қайғысын ұмытып кеткендей.

Айдауылдар Рұсқылды ауладан шығарып әкеткенше асықты. Кісендеулі аяқтың адымы қысқа. Кісеннің салдыры камера терезелерінің тарсылына қосылып, қоштасу әрі қосылысу гимнін шарықтатып әкеткендей. Мына беймезгіл таңда бүкіл Алматы зіл ұйқыдан оянып, әлдебір таусоғар толқынның, тақтарды сықырлатар соққының алыс сарынын естігендей, елеңдеп қалған сияқты. Бұдан бір жарым жыл бұрын Рысқұл өзі келіп тарсылдатқан қақпа артта қалды.

(195 сөз). Ш.Мұртаза





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет