Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет38/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
«Қарқаралы ауданының ауыл кеңестерін аудандастыру және шекарасын 
анықтау»
мақсатында төмендегідей әкімшілік өзгерістер болған:
І. Шағын колхоздарды ірі колхоздармен біріктіру, олардың экономикалық 
дәрежесін және жер көлемін ескере отырып, ауыл кеңестерінің шекарасын 
анықтауды шешті: Аудан көлемінде 15 колхоз біріктіріліп, ауыл кеңестерінің 
әкімшілік аймағы кеңейді.
ІІ. Жекелей елді мекендердің ара қашықтығы 12 шақырымнан 30 
шақырымға дейін созылғандықтан, колхоздар Кеңестерін жақындастыру, 
шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту мақсатымен келесі 
ауыл кеңестерін ұлғайту шешілді:
а) Темірші ауыл кеңесі құрамында іріленген екі колхоз – Томар мен 
Қарағаш колхоздары және 57 елді мекен болды. Жаңадан ұйымдасқан Ақтөбе 
ауылдық кеңесіне 33 елді мекені қарады.
б) Бесоба ауылдық кеңесі құрамына екі ұлғайтылған колхоздар Жұмысшы, 
Қызыл-ту мен қатар 43 елді мекен кірді. 
в) Құлболды ауыл кеңесі құрамында іріленген екі шаруашылық Калинин 
және Сталин атындағы колхоздар мен 40 елді мекендерді – 2 ауыл кеңесі 
құрылды.
г) Қаршығалы ауыл кеңесі ұлғайтылған екі колхоз Ворошилов атындағы, 
Новый путь колхоздары, Қарқаралының Заготскот конторының елді учаскелері 
Көктасты және кормосовхоз Ақбұлақ 30 елді мекендерін 2 ауылдық кеңеске 
бөлді.


125
ІІІ. Кіші колхоздардың ұлғайтылуына байланысты Еңбек, Милыбұлақ, 
Комсомол, Сартау, Ленин, Бидайық және Бидайық ауыл кеңестері біріктірілді.
Осы кезде ауылдық кеңестердің шекаралары бекітілді. Қаз ССР-нің 
Жоғарғы Кеңес президиумының жарлығымен 1955 жылы 22 қаңтарда 
Абыралы ауданына Көктөбе ауыл кеңесі берілді.
ҚазССР Жоғарғы Кеңес президиумының жарлығымен 1955 жылы 10 
қазанда Еңбек ал Комсомол ауыл кеңестері Еңбек ауыл кеңесіне біріктірілді.
Серік және Милыбұлақ ауылдық кеңестері Қайнарбұлақ ауыл кеңесіне 
және Күлболды мен Бесоба ауылдық кеңестері Тегісшілдік ауыл кеңесіне 
біріктірілді. Осы жарлықпен Теміршін ауыл кеңесі Қарағаш колхозының 
аймағын Ақтайлақ ауылдың кеңесіне, бұрынғы Томар колхозының аймағын 
Тельман ауылдық кеңесіне берді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен 1955 жылы 22 қарашада 
астықты Киргизия совхозы Киргизия поселкелік кеңесі болып құрылды.
Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен 1956 жылы 27 тамызда аудан 
құрамына Қу ауданынан 4,102 га жер берілді. Қу аудандық кеңес атқару 
комитетінің қаулысы бойынша Бүркітті, Алғабас ауылдық Кеңестері 
біріктірілді.
1955 жылы алғашқыда Қарқаралы аудандық кеңесіне 18 ауылдық 
кеңес қарады. Берікқара ауданы және 7 аудандық кеңес, Хорошевский және 
Пригородный аудандық кеңестері 1931 жылы көктемде 3 ауылдық кеңеске 
көбейді.
Көшпелі және жартылай көшпелі және отырықшы аралас аймақтарда 
аудан бойынша көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындарды біріктіріп, 21 
ауылдық кеңес пен отырықшы тұрғындарды 2 ауылдық кеңестікке біріктірді.
Осы кезде ауыл советтердің шекаралары бекітілді. Қаз ССР-нің Жоғарғы 
Совет президиумының жарлығымен 1955 жылы 22 қаңтарда Абыралы 
ауданына Көктөбе ауыл советі берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Совет кеңесінің жарлығымен 1955 жылы 22 қарашада 
астықты Киргизия совхозы Киргизия поссоветі құрылды.
1955 жылы 10 қазанда Қарқаралы ауданы бойынша Еңбек және Комсомол 
ауыл кеңестері бір Еңбек ауыл кеңесіне бірікті. Мұнан соң Серік және 
Милыбұлақ ауыл кеңестері бір Қайнарбұлақ ауыл кеңесіне және Күлболды 
мен Бесоба ауыл кеңестері бір Тегісшілдік ауыл кеңесіне біріктірілді. Осы 
жарлықпен Темірші ауыл советі Қарағаш колхозының аймағын Ақтайлақ 
ауыл кеңесіне, бұрынғы Томар колхозының аймағын Тельман ауыл кеңесіне 
берді. 22 қарашада астықты Киргизия совхозы Киргизия поссоветі құрылды.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қызылтау совхозы КСРО ІІМ 
Карлагының совхозы болған 1958 жылдан бастап Қызылтау совхозы КСРО 
совхоздар Одағы Министрлігінің трест басшылығына берілді.


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   182




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет