Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет44/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Ботақара
елді мекен, көл, тау аты.
93
Орталық Қазақстандағы ұсақ 
шоқылар. Қара сөзі бұл жерде көлемін, жалпы биіктікті көрсетеді. Баянтау 
маңында Найзақара, Ерейментау жағында Балтақара осы атауларға ұқсас 
құралған жер аты. Қоянқара – төбе, Ботақара кенті тұсында орналасқан. 
Шешенқара – елді мекен, тау аты. Екі түрлі компоненттен құралған күрделі 
атау. Шешен сөзінің негізі «тілді» дегені. «Қара сөзінің бұл жердегі мағынасы 
– тау, биік деген ұғымға сәйкес. Сарыарқада «қара» сөзімен құрылған атаулар 
жиі кездеседі. Мысалы, Үшқара, Таңқара, Найзақара, т. б. Қазақ аңыздарында.
94
Шешенқара атауы ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ-қалмақ жаугершілігі тұсында пайда 
болған (аңызы алда айтылатын болады – 
М.А.
). Тарихи деректер бойынша 
қалмақтың хошутын
95
бір мезгіл Цэцэн хан басқарған (Батор қонтайшы
96
заманы). Аңыз бойынша Цэцэн қалмақ қызының аты. Қазақ тілінде шешен – 
тілі өткір, қара – тау, биік түсінігіне сәйкесі.
Ботақара-Нұра өңірінің жер атауларының бір ерекшелігі зооним атаулардың 
жиі кездесуімен байланысты. Мысалы, Аюлы тауы кәдімгі жыртқыш аң – аю 
атымен байланысты. Біздің заманда бұл арада жабайы аюлар болмағанымен, 
ертеде аю бұл жерде болған. Қасқыр, бөрі, түлкі, қарсақ бүгін де бар. Аюлы – 
тау. Биіктігі 812 м және Белағаш ауылының сыртында тұрған тау аты. Аюлы 
– таулар жүйесі. Арқада бірнеше Аюлы атауы кездеседі. Үлкен Аюлы, Кіші 
Аюлы – таулар. Енді бір зооним – бұғы атымен байланысты. Семізбұғы – тау, 
елді мекен. Бұл көне топоним (семіз-), бұғы көне түрік тілдеріне тән атау. 
Семізбұғы атты шөптің түрі де бар. 
Елібай – жер аты, бұл жерге тоқтаған ел қоңды, мал төлді келеді. Елібай 
Бес Мейрам арғынның Қуандық тармағындағы бір атаның аты. Елібай деп 
аталатын жерді ақ патшаның жендеттері Покорное («Покоряться должны, их 
дело покоряться») - деген сөзден шыққан) деп ат берген. Өйткені бұл жерге 
Эстониядан бір топ халықты жер аударған. Самарқан – село, Ленин ауылының 
93
Тоғжанов Е., Аршабеков Т. Атамекен. оқу құралы. – Қарағанды, 2002.
94
Ескерту. Ботақара мен Шешенқараға қатысты аңыздарды баяндаушылар: Ғабит Нұрмахан, Жамбыл 
Омари, М. Спатайұлы, Қалиасқар Шыныбектегі. Соның ішінде, бір нұсқада Цецен қалмақтың жігіті, 
ал Бота қазақтың қызы деген үлгі бар. Олай болса, аңызыдың тарихи мағынасы бар, өйткені Цецен 
тарихта болған тұлға – М.А.
95
Ескерту. Хошут – ойрат одағын құрған төрт ірі руды бірі. 
96
Ескерту. Қонтайшы – хунтайчжи, Моңғолия жерінде XIV ғ. бері Шыңғысханның туыстары болып 
келетін төрелердің лауазымы. 1635 жылы құрылған Жоңғар хандығының билеушілері Қ. атанды. Қ.-
дан төмен лауазымдар – тайчжи (тайшы), ноәон (ноян), зайсан (жайсан) болып келеді – М.А.


133
орталық мекені. Теміртау қаласының алғашқы атауы
97

Доскей – елді мекен.
98
Асыл – ауылы, бұл жер егін шаруашылығымен 
айналысуға өте ыңғайлы болған. Оның себебі ауылды Шерубай-Нұра, Соқыр 
өзендері қоршап тұр. 
Шешенқара ауылдық округі.
Шешенқара ауылы Нұраның сол жақ 
жағалауында, Шешенқара тауынын етегінде, Ботақара кентінен шығысқа 
қарай 25 км, ал облыс орталығы Қарағандыдан шығысқа қарай 75 км жерде 
орналасқан. 1907 жылы мұнда шығыс-еуропалық қоныс аударушылар келіп, 
қоныс тепті. Қазақтың жаз жайлауы болған Шешенқара алқабы 1910 жылы 
Меколай деген атпен белгілі 1910 жеке елді мекен ретінде бекітілді. 1920 
жылы большевиктер Пролетарское деп өзгертті. 1965 жылы «Кузнецк», 
«Буденый» ат. кеңшарларының жерінен құрылған «Пролетар» кеңшарының 
және Пролетар ауылдык Кенесінің орталығы болды. 1997 жылдан бері 
Шешенқара деген байырғы қазақша атымен аталады. Халқының саны 2005 
жылы 1, 2 мың. Жерінің жалпы ауданы – 105,7 мың га. Бұл жерде Шешенқара, 
Үштау ауылдары және Ащысу темір жол станциясы, өндірістік құрылымдар 
мен 22 шаруа қожалығы бар. Негізгі саласы егін шаруашылығы. Жалпы 
жерінің ауданы – 31,0 мың га, егістік жер ауданы – 5,4 мың га. 
Баймырза селолық округі
– аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына 
Баймырза, Астахов ауылдары кіреді. Тұрғыны 2,1 мың адам. Орталығы – 
Баймырза ауылы. 
Березняки селолық округі (тарихи атауы –Қызылқайың)
– аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қызылқайың, Тасауыл, 
Сарытау ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,6 мың адам. Орталығы – Қызылқайыңда. 
Ботақара селолық округі
– аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына 
Ботақара ауылы кіреді. Тұрғыны 0,8 мың адам. Орталығы – Ботақара ауылы. 
Есен – өзен. Бұқар жырау мен Жаңаарқа ауданының жерін басып ағады 
да Нұра өзеніне құяды. Басын Арқалық тауынан алады, ұзындығы 85 км. 
Бөрілісай – өзен. Атау өзінің тура мағынасында тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   182




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет