Аралдары қамтыды. ХVІІІ ғ



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі33,56 Kb.
#119544
1   2   3
Байланысты:
ОТАРЛЫҚ ИМПЕРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
ағылшын тілі ТЖБ модерация, Силл Геогр зерт заманауи әдіс 2020-21 2, СӨЖ, Оап. Все лекции, Оап. Все лекции
VІІ ХVІІІ ғасырдағы отарлық иеліктер үшін ағылшын-француз күресі. ХVІІ ғ. аяғында басталған Англия мен Франция арасындағы жаңа нарық өнімін жаулау мақсатында жүргізілген сауда күресі, ХVІІІ ғ. француз буржуазиялық революциясына дейін жалғасты. Бүкіл əлемдегі екі елдің отарлық мүдделері қақтығысты: Вест-Үндіде ағылшындарға Ямайка, Барбадос жəне кейбір аралдар, ал француздарға Сан-Доминго, Мартиника, Гваделупа енген еді; Солтүстік Америкада ағылшындар қол астына Атлант мұхитынан Аллеган тауларына дейінгі Шығыс жағалаулары енді, ал Канада жəне Луизиана Франция отарлары болды; Үндістанның Мадрас, Бомбей, Калькутта бекініс тіректерін, ал француздар Пондишери, Чандернагор сияқты бекініс базаларын иеленді. Осман империясында сауда жəне саяси билік жүргізуде бақталастығы салдарынан Левантада да Англия мен Франция арасында қақтығыс пайда болды. Ағылшын-француз арасындағы əлемдік отарлық жəне сауда үстемдігі үшін күресі – ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардың аяғында іс жүзінде Батыс Еуропалық саясаттың негізгі құралы болды жəне осы кезеңдегі Англия-Франция арасындағы соғыстың басты себепшісі еді.
1701 -1713 жылдары Англия мен Франция арасындағы отарлық жəне сауда үстемдігі үшін ірі соғыстардың бірі – ең бірінші испандық мұрагерлік үшін соғысы басталды. Франция əулеттік байланысты пайдалана отырып, испаниялық отарларға өзінің бақылауын орнатуға ұмтылды. Англия Францияның бұл бақылау орнатуына кедергі жасап отырды. Сонымен бірге, соғыс барысында біріккен ағылшын-голландық флоты Гибралтарды жаулап алды, ол Утрехт бейбіт келісімшарты бойынша Англияға берілді. Келісімшарт бойынша Франция Англияға Солтүстік Америкадағы өзіне тиісті аумақтар – жаңа Шотландия, Ньюфаунленд аралы жанындағы аралымен бірге берді. Бірақ, Англия мен Франция арасындағы болып өткен қарулы соғыс кезіндегі не испандық мұрагерлік үшін күрес, не артынша 1741–1748 жылдарда австриялық мұрагерлік үшін күрес, не болмаса Солтүстік Америка мен Үндістандағы үстемдік үшін күрес те ағылшын- француздық отарлық қарама-қайшылыққа жол бермеді. Соған қарамастан ХVІІІ ғ. бірінші жартысында француздық Ост-Үнді компаниясы Үндістанда отарлық иеліктерге қол жеткізді. Үндістандағы француздық иеліктердің губернаторы – Дюпле, Үндістан мемлекеттері арасындағы қайшылықтарды
пайдаланды жəне де жалдамалы үнді əскерлерінен құралған əскеріне сүйене отырып, ол Хайдарабад жəне Карнатик ірі князьдықтарын Ост-Үнд компаниясына бағындыруға қол жеткізді. Плесси тұсындағы соғыс – Француздың Үндістанда отарлық империясын орнатуда соңғы үміті еді. Соғыстан кейін Франция Үндістан жағалауындағы тек қана бес қаласын сақтап қала алды. Жеті жылдық соғыстың нəтижесінде Англияға Солтүстік Американың Француздық Канада жəне Апалач пен Миссисипи арасындағы кең көлемді аумақтар өтті. Осылайша, ХVІІІ ғ. екінші жартысында Англия Франциямен соғыста отарлық жаулап алушылық жолында өзінің біріншілігін көрсетті. Ол үлкен отарлық империяның иесі болып табылды.
Х

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет