Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау



Дата11.01.2022
өлшемі14,26 Kb.
#110997
Байланысты:
Жегисов Арман ЭЭ 101 Қарым қатынас


Қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Өзге адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Адам баласы қоғамнан тыс жеке өмір сүре алмайды. Себебі адамның психикасы тек қоршаған ортамен, яғни айналасындағылармен қарым- қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады.Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мысалы, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалады. Адам баласы кез-келген ортада өзiн қоршаған адамдармен өмiр сүредi және қалыптасады, осыған сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Жалпы, қарым-қатынас психологиясында мынандай құбылыстар болады: адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Яғни,өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынасқа түсу арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ, онда мынаны байқаймыз: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз. Қорыта айтқанда, кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай ғана байланыс емес, қандай да бір іс-әрекет кезінде қоршаған ортаны, яғни айналасындағыларды қабылдау, ақпарат алмасу процесі болып табылады. Адам қоғамда қоршаған ортаны қабылдай отыра оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез- құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз. Сондықтан қарым-қатынас процесі адам өмірінің ажырамас маңызды бөлігі десек қателеспеспіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет