Қарым-қатынасқа ұмтылуында ерекше белсенділік көрсете бастайды. Дүниеге



Дата07.02.2022
өлшемі18,87 Kb.
#83528
Байланысты:
cәбиләк шақ бір
Стоматология ортопедическая (зубной техник), идеал газ күйі қмж

Бір жастан бала дамуының жаңа кезеңі басталады. Нәрестелік кезең оны 
қарауға, тыңдауға және қолының қимылын басқаруға үйретті. Осы кезден 
бастап бала дәрменсіз жан емес, ол өзінің іс-әрекетінде және үлкендермен
қарым-қатынасқа ұмтылуында ерекше белсенділік көрсете бастайды. Дүниеге 
келген алғашқы жылында нәрестеде адамға тән психикалық іс-әрекеттердің 
басқа формалары қалыптасады. Психикалық дамудың алғышарттары енді оның 
нақты тарихына жол береді. Онан кейінгі екі жыл-ерте балалық шақ – баланы 
жаңадан үлкен жетістіктерге жеткізеді. 
Баланың бойында алғашқы үш жылда пайда болатын сапалық 
өзгерістердің елеулі екендігі соншалық , кейбір психологтар адамның туған 
күнінен бастап кәмелеттік жасқа дейінгі аралықта дамудың орта мөлшері 
туралы ойлағанда, оны үш жас деп есептеп жүр. Шынында үш жасар бала 
күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың көпшілігін ұстап тұтуды біледі. 
Ол өзіне-өзі қызмет жасауға қабілетті айналасындағы адамдармен және өзіндей 
балалармен араласады, мінез-құлықтың қарапайым элементтерін орындайды. 
Тік жүруге үйрену заттық іс-әрекетті дамыту және сөйлеуді үйрену - бала 
психикасының дамуын анықтайтын ерте балалық шақтың негізгі жетістігі 
болып табылады. 
Тік жүру. Нәрестелік кезеңнің аяғында бала тәй басып, алғашқы қадам 
жасайды. Тік қозғалу - қиын іс. Кішкене аяқтар үлкен қиыншылықпен аттайды. 
Жүріс қимылын басқаруға әлі үйренбеген, сондықтан бала үнемі тең басып тұра 
алмайды. Айналып өтуге тиіс отырғыш немесе табанының астында қалған 
кішкене нәрсе баланың жүрісін қиындатып, бір-екі аттағаннан кейін-ақ 
үлкендердің қолына немесе еденге құлап түседі. Баланың құлағына қарамастан, 
қайта-қайта жығылып тұрып, қайткенде де алғашқы қадамын жасауға 
ұмтылатын себебі неліктен? Алғашқыда оның тәй басуына үлкендерде қатысып, 
қолдап отырғандықтан. Бірақ, кешікпей, алғашқы табысқа жеткен соң, бала өз 
денесін ұстай білгенге мәз болады да, енді осы іс-әрекетін қайталап, өзін-өзі 
ұстау мерзімін көбейтіп, кедергілерден сүрінбей өтуге тырысады. Оның үстіне, 
еңбектеуді қойғаннан кейін, жүру қозғалудың, өзі қажет еткен затқа 
жақындаудың негізгі құралына айналады. 
Жүруге жаттығу арқылы үлкен орнықтылыққа қол жетеді. Баланың құлауы 
азайып, көздеген жеріне қарай неғұрлым сенімді түрде аяқ басатын болады, 
алайда қозғалыстың өзі әлі де ұзақ уақыт бір қалыпқа келмейді. 
Біртіндеп бала әлдеқайда еркін қозғалатын болады. Қозғалған кезде 
бұрынғыдай көп қиындық кездеспейді. Тіпті қозғалған кезде баланың өзі сол 
қиындық, кедергілерді әдейі іздейтіндей көрінеді-қайдағы ойлы-қырлы, 
баспалдақты жермен жүруге әуес келеді. Жас жарымдағы бала қимыл үстінде 
жаттығады. Жәй жүгіріс және қарапайым жүріс енді оны қанағаттандырмайды. 
Балалар өз жүрісін өзі әдейі қиындатады: әр түрлі ұсақ нәрселерді баса-көктей 
жүреді, арқасын беріп жүреді, айналып дөңгеленеді, жанында ашық жер бола 
тұра бұта-бұтаның арасынан жүгіреді, көзін жұмып алып жүреді. Бұл жаста 
олар тәрбиешілердің басшылығымен арнаулы жаттығулармен қызыға 
айналысады. 
Сонымен, бала үшін жүріп үйрену толғаныстарға толы ерекше міндет 
болып табылады. Қозғалудың бұл әдісі бірте-бірте ғана автоматтанады, сөйтіп 
ол бала үшін дербес ынтықтық болудан қалад. 
Аяғынан басып тік жүруге қабілеттіліктің арқасында бала сыртқы 
дүниемен неғұрлым еркін және өздігінен байланыс жасайтын кезеңге өтеді. 
Жүріп үйрену оның кеңістікте дұрыс бағдарлауын дамытады. Бұлшық еттерінің 
өлшеміне айналады. Көзі түскен затқа жақындағанда бала шын мәнінде оның 
бағытын, басталған қимылдың өзі тұрған жерден қашықтығын біліп алады. 
Жүруге үйренгеннен кейін баланың түсінігіндегі бұйымдар саны едәуір 
көбейеді. Ол бұрын ата-анасы нәрестеге көрметудің қажеті жоқ деп есептеген 
әр түрлі нәрселермен іс-әрекет жасау мүмкіндігін алады. 
Есік алдынан бастап анау тұрған ағашқа дейін бару үшін жапырақтары 
қылтанақты бұтаны айналып өту керек екенін, жолдағы терең сайға құлап 
қалмау керектігін, бет тақтайы түрпідей отырғыштың шөңгесі кіріп кетуі 
мүмкіндігін, тауық балапандары әлжуаз болғанымен мекиенің тұмсығы 
өткірлігін, үш доңғалақты велосипедті рулінен ұстап жүргізуге болатынын, ал 
үлкен қол арбаны орнынан қозғауға болмайтынын т.б. бала өз тәжірибесінен 
жақсы біледі. 
Жүру баланың тәуелсіздігін арттыра отырып, сонымен бірге заттармен, 
оның қасиеттерімен танысуые ұлғайтады, онымен іс-әрекет жасауға үйретеді. 
Заттық іс-әрекетті дамыту. Нәрестелік шақта-ақ бала заттармен едәуір 
күрделі іс-әрекеттер жасайды, үлкендер көрсеткен кейбір қимылдарды үйренеді, 
іс-әрекеттерін басқа затқа аудара алады. Бірақ нәрестенің бұл іс-әрекеттері 
заттардың сыртқы қасиеттері мен қатынастарына ғана байланысты болады, 
мысалы, ол қасықты таяқша, қарындаш немене кішкене күрек сияқты 
пайдаланады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет