«Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері» бағдарламасы


«Үй құрылысы» іскер ойыны



бет23/36
Дата02.06.2020
өлшемі1,57 Mb.
#72053
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
құрал

«Үй құрылысы» іскер ойыны
Ойын мақсаты: балаларға үй құрылысын жүргізу барысында үй салуға арналған экономикалық ресурстармен таныстыру, тауарды сату, айырбастау принциптерін түсіндіру

Ойын басында үй құрылысына қажетті құрал-жабдықтар жазылған ойын карточкалары дайындалады. Карточкада ресурстардың аты, саны, өлшем бірліктері көрсетіледі. Карточкалар келесідей түрде жасалады:

Жұмыс күші – 10 адам, инженерлер – 5 адам, кірпіш – 20 мың дана, бетон -20 тонна, әйнек – 500 м2, кран – 1 дана, автомобиль – 1 дана, электркөтергіш – 1 дана, жер – 1га.
Ойынды жүргізу үшін ресурстық карточкалардан бөлек ойын ақшалары дайындалады.

Балалар 3-4 адамнан топтарға бөлінеді. Әр топ құрылыс фирмасы болып табылады.

Әр топ өз фирмасына ат қойып, өзара қызметтерін бөліседі және ортадан фирма басшысын тағайындайды.

Әр фирма қолында бар ресурстармен мүмкіндігінше көп үй салуға тырысады. Үй соғуға алдын-ала дайындалған карточкалар бойынша экономикалық ресурстар пайдаланылады. Ең алдымен үй тұрғызылатын жер қажет болады. Үйдің жобасын жасайтын инженерлер үйдің үлгісін ұсынады. Үйді салатын құрылысшылар мен құрылысшыларға көмек беретін кран, автомобиль мен электркөтергіштер қажет.

Әр ресурс көрсетілген карточканы әр фирма ойын жүргізушіден алады немесе қолда бар ақша соммасына қарай жетіспейтін ресурс түрлерін басқа фирмадан сатып алу керек.

Бір үйді салуға келесідей ресурс түрлері қажет:



  1. Жер 1га (1 карточка)

  2. Инженер 5 адам (1 карточка 5 адамға)

  3. Құрылысшылар 20 адам (2 карточка 10 адамнан)

  4. Кран 1 дана (1 карточка)

  5. Автомобиль 2 (2 карточка 1 автомобильден)

  6. Электркөтергіш 1 дана (1 карточка)

  7. Кірпіш 100 мың дана(5 карточка 20 мың данадан)

  8. Бетон 60 тонна(3 карточка 200 тоннадан)

  9. Әйнек 1000м2(2 карточка 500м2)

Ойын басында 12 үй салуға арналған карточкалар дайындалады. Карточкалар жақсылап араластырылып, теңдей бөлінеді. Карточкалар топтастырылып қойылып, әр фирма өз фирмасына қажетті ресурстарды және 10 ойын ақша чектерін алады. Содан соң әр фирма карточкаларына талдау жасап, үй соғуға қажетті ресурстарды реттейді. Жетіспейтін ресурстарды басқа фирмадан айырбас негізінде алуға немесе қолда бар қаражатқа сатып алуға болады. Үй салуға арналған барлық ресурстарды реттеп болған соң, соғылған үйдің саны бойынша үйді ойын жүргізушісіне тапсырады. Жүргізуші толық салынған үйді қабылдап, қай фирманың қанша үй салғанын анықтайды. Көп үй тұрғызған фирма жеңімпаз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет