Армысыздар, қадірлі ата аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар!



Дата23.12.2019
өлшемі22,42 Kb.
#54485
Байланысты:
елка 1

1 - жүргізуші.
Армысыздар, қадірлі ата - аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар!
Жаңа жыл кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші.
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
1 - жүргізуші.
Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2019 - ші жылан жылы аяқталуға да аз уақыт қалды. Өмірімізге енейін деп тұрған 2020 - ші тышқан жылы табалдырықтан аттайын деп тұр.
2 - жүргізуші.
Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбастарыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.
1 - жүргізуші.
Ортамызға бүгінгі кештің иелерін шақырайық. (Залға 9 - 11 сынып оқушыларын жай музыка ырғағымен қолдарына бенгаль оттарын ұстап кіреді, шыршаны айналып дөңгеленіп вальс билейді.)
2 - жүргізуші.
Лайлының қолтығында жатқан
Жас ұрпақты біліммен сусындатқан
Болғанбаев мектебінен, тәлім алған
Бозбала мен бойжеткеннің аулына барайықшы (9 - 10 сыныптар май шамдарын жағады)
1 - жүргізуші. 10 сыныптарға тілек
Чемпион ұлдары бар,
Қызғалдақтай қыздары бар.
Спортпен достасқан
Татулықпен қырды асқан
10 сыныпты қол соғып қостайықшы
2 - жүргізуші.
9 сыныбымыз жеке дара ғой
Алыстан атойлататын қара ғой.
Мектепте әйгілі алыптар өскен
Ұлдары мен қыздары дана ғой
9 сыныпты қол соғып қостайықшы
Мәжіліс залына «Бақыт құсы» (Анар 11 «ә») музыкамен ұшып келеді, қолында сиқырлы таяқшамен әр сыныптың үстелінде тұрған май шамды жағып, 11 сыныптар отырған орынға жайғасады.
Бір сәтке адам емес
Бақыт құсы болайықшы,
Қалықтап ұшып, мектеп көлемін шолайықшы,
Мектеп бітірер түлектердің бастарына қонайықшы.
Музыкалық ән - шашу (үй тапсырмасы)
11 сыныптар
10 сыныптар
9 сыныптар

Лоторея (ойнату) әр топтан 2 оқушы қатысады (ойынды жүргізеді Шырын - Оразалі)
Ойын газет үстінде вальс билеу (3 топтар 2 бала жүргізеді Ерасыл мен Малика)
КТК бағдарламасы
Жігіт: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық Тышқан жылын
Ұзатып сап Доңызды!
Күй.
Уақыт.(әндетіп). Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа, адамдар, аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа Тышқан жылмен хабарласады.)
Алло, Алло! Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытымды көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау, Тышқан жыл, жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!
Қоян көлеңкелеп айналасына қарайды.
Тышқан керней әуеніне оянып сахнадан төмен түсіп, ортаға жылжып келеді.
Аяз Ата мен ақшақар есіктен кіреді. Хан – тышқан мініп келеді.
Доңыз жылы:
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Тышқан жылы:
Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Доңыз жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Аяз ата: Амансыңдар ма, бозбалалар мен бойжеткендерім! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 - пен 5 - ке оқыңыздар! Өмірдегі бар сыннан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз! Сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Орманды көктей өтіп жеттік - ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып бізді тосып, отырсыңдар екен.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Кейіпкерлер ортада кездеседі.
Әрине сіздерге сахна төрінде орын дайын, жайғасыңыздар!
1 - жүргізуші:
Кәне, кәне келіңіздер
Періштелеріміздің биін көріңіздер!
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар
Жаңа жыл кеші басталды,
Кейіпкерлердің келу құрметіне періште қыздардың биін тамашалап, қошемет көрсетіп отырайық!
Аяз ата ұлдарға тапсырма әкеледі. Әр сыныптан 3 бозбаланы ортаға шақырамыз
1 жұп атқа мініп, шабу.
2 жұп күш сынассын.(қол күрес)
3 жұп кім күшті (арқалап апару)
Ақшақар қыздармен сайыс өткізеді.
1 жұп – бұрымды қыз.
2 жұп – өнерлі қыз (биден сайыс)
3 жұп – викториналық сұрақ - жауап
Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!
1 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда достықты!
1 - жүргізуші: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт – береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
1) «Боксерлер» қолғабы.
1) Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
2) 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек.
Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ. Сондықтан:
Тышқан жылы - тыныштық
Сиыр жылы - сыйлық
Барыс жылы - бірлік
Қоян жылы - қамбалы
Ұлу жылы - үлгілі
Жылан жылы - жайлы
Жылқы жылы - жұтсыз
Қой жылы - құтты
Мешін жылы - мерейлі
Тауық жылы - табысты
Ит жылы - игілік
Доңыз жылы - дүниелі -
деп, қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір - қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған. Бұл адамдардың жан-дүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады

Жігіт: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.

(Аяз Ата өз сыйлығын береді)

Жігіт: Ал, халайық, тұрмайық  


Әндетейік, жырлайық  
Ортамызды ашайық  
Ырыс тілеп бұл жылға  
Жырдан шашу шашайық! 
Ән орындалады

Қыз: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.

Жігіт: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық. 
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.  
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек. 
3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз. 
4. Қоянның қимылын келтіріңіз. 
(Ойын біткен соң) 
Қыз: Мына сандықта әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық! 
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-Ча-Ча

Жігіт: Ендеше келесі ойынымыз "Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту" деп аталады. 

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік. (Орындарына отырады) 


Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. 
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,  
Тек жақсылық көріңдер. 
Жылау, ауру, жамандық 
Қастарыңда болмасын 
Сау болыңдар, балалар! 
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Қыз: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!

Жігіт: Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, ендігі кезекте Жаңа 2014 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырма жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.

Ән қойылып, би билейді. (Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)



Жігіт: Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы ... ал Ханзадасы ... Қане, қошемет білдірейік. 
Қыз: Жаңа жыл, жаңа жыл. 
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,  
Жігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл. 
Сан тілектің бастамасы ғана бұл. 
Қыз: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп 
Жер бетіне кереметті жина көп. 
Жігіт: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес 
Түтін емес, рауан нұры жинап от. 
Жаңа жылдарың құтты болсын!  
Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.  
Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет