Ароматты көмірсутектер. Бензол


Алу жолдары және табиғи көздері



бет2/4
Дата25.04.2020
өлшемі83,52 Kb.
#64627
1   2   3   4
Байланысты:
химия 9кл Бензол разд

2. Алу жолдары және табиғи көздері

Ароматты көмірсутектерді негізінен тас көмірді құрғақ айдау арқылы алады. Ол үшін тас көмірді 900-10000С ауа қатыстырмай қыздырады. Нәтижесінде құрғақ қалдық кокс, газдар мен тас көмір смоласы алынады. 1м3 газдың құрамында 30 г бензол және 10 г толуол болады. Смола құрамында бензол, толуол, ксилол, фенолдар, көп ядролы ароматты көмірсутектер және гетероциклді қосылыстар болады.

Бензол молекуласын алудың көптеген синтетикалық жолдары бар:

1.  Алкандар оксидті катализатордың қатысуында циклдену және дегидрогендеу реакцияларына түсіп, арендер түзеді:


А)H3C-(CH2)5 –CH3C6H5-CH3+4H2  (Cr2 O3 кат.қатысында)

 

B)H3C-(CH2)6–CH3 C6H4CH3CH3     (Cr2 O3 кат.қатысында)



2. Ацетилен және оның гомологтары металлорганикалық катализатордың қатысуында циклотримерлену реакциясына түсіп, бензол және оның гомологтарын түзеді:

3CH3-C≡CH(1,3,5) C6 H3 (CH3)3



3. Циклоалкандар жоғары темтературада және катализатордың қатысуында дегидрогенделіп, арендерге айналады.

4. Бензой қышқылының тұздары сілтімен қосып айдау арқылы бензол алады:

C6H5COONa+NaOHC6H6 +Na2CO3

5. Бензол гомологтарын галоген туындылардан Вюрц-Фиттиг (1864) реакциясы бойынша жеңіл алады:

C6H5Br+2Na+BrC2H5→C6H5-C2H5+2NaBr

6. Бензол гомологтарын алудың маңызды әдісі Фридель-Крафтс-Густавсон реакциясы (1877):

C6H5-CO-CH3+2H2→C6H5-C2H5+H2O

Тотықсыздану реакциясы қышқылдық ортада мырыш амальгамасының қатысуында жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет