Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§ 1. Іс номенклатурасын жасау тəртібі



Pdf көрінісі
бет20/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188

§ 1. Іс номенклатурасын жасау тəртібі 
 
§ 2. Іс номенклатурасы нысанын толтыруға қойылатын талаптар 
 
§ 3. Істерді қалыптастыру тəртібі 
 
19-тарау. Құжаттарды архивке тапсыруға дайындау тəртібі 
 
§ 1. Істерді ресімдеу тəртібі 
 
§ 2. Іс тізімдемелерін жасау тəртібі 
 
20-тарау. Мұрағат жұмысының тəртібі 
 
§ 1. Құжаттардың құндылығына сараптама жасау 
 
21-тарау. Мекеме филиалдарында жəне өкілдігінде іс жүргізуді 
ұйымдастыру тəртібі 
 
 
 
1-тарау. Жалпы ережелер 
 
1.  Осы  іс  қағаздарын  жүргізу  ережесі  (бұдан  əрі  -  Ереже)  Қазақстан 
Республикасының  мекемесінде    (бұдан  əрі  –  Мекеме)  іс  жүргізудің  бірыңғай 
жүйесін  ішкі  құжаттар  айналымы  процесін  автоматтандыруды  ескере  отырып 
белгілейді. 


 
38
2. Осы Ереже: 
1) құпия емес сипаттағы құжаттарды қабылдау, дайындау, ресімдеу, тіркеу, 
өткізу жəне жөнелту, олардың орындалуын бақылау; 
2) қызметтік бланкілерді есепке алу, сақтау жəне пайдалану; 
3)  Мекеменің  нормативтік  басқару  құжаттары  мен  басқа  да  құжаттарды 
мемлекеттік тілден орыс тіліне жəне орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару; 
4) Мекеменің қызметкерлері жұмыстан босатылғанда немесе басқа жұмысқа 
ауысқанда іс қағаздарын, құжаттарды беру; 
5) номенклатуралық іс қағаздарын жасау, құжаттарды іс қағазына жинақтау, 
құжаттар  мен  іс  қағаздарын  мұрағатқа  өткізуге  əзірлеу,  құжаттарды  сақтау  жəне 
мұрағат жұмысы; 
6)  Мекеменің  бөлімшелерінде  электронды  құжат  айналымының  шағын 
жүйесін қолдану тəртібін анықтайды. 
3.  Ережені  Мекеменің  орталық  аппаратының  бөлімшелері,  филиалдары, 
өкілдігі (бұдан əрі – бөлімшелер) жəне ұйымдары орындауға міндетті. 
4. Бөлімшелерде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жəне оның жай-күйі, 
құжаттарды  уақтылы,  сапалы  орындау  жəне  сақтау,  сондай-ақ  электронды  құжат 
айналымының  шағын  жүйесін  тиімді  пайдалану  жауапкершілігі  Мекеме   
бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі. 
Бөлімшелердің басшылары хат жазысуды қысқарту шараларын қабылдауға, 
ұйымдастыру  техникасы  құралдарын,  қызметтік  бланкілер  мен  қағаздың  дұрыс 
жəне тиімді пайдаланылуы мен жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті. 
5.  Бөлімше  қызметкерлері  Ереже  талаптарының  орындалуына,  өздеріндегі 
қызметтік  құжаттардың  сақталуына    дербес  жауап  береді.  Олардың  жоғалғаны 
туралы  бөлімше  басшысына  жəне  уəкілетті  бөлімшеге  дереу  хабарлайды. 
Электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесін  пайдаланатын  бөлімшелер 
қызметкерлері шағын жүйені пайдалану жөніндегі техникалық талаптарды сақтауға 
міндетті. 
6. Мекемеде іс жүргізу тіл туралы заңға сəйкес мемлекеттік тілде жүргізіледі. 
7.  Мекеменің  бөлімшелері  арасында  (ішінде)  жедел  шешуге  болатын  жəне 
бөлімшелер келісе алатын мəселелер бойынша хат алысуға болмайды. 
8. Заңды жəне жеке тұлғалармен хат алысу - мемлекеттік тілде немесе орыс 
тілінде,  шет  елдердің  корреспонденттерімен  мемлекеттік  тілде,  орыс  тілінде 
немесе шет тілде жүргізіледі. 
Хат  қай  тілде  жазылса,  сол  тілде  жауап  қайтарылады  (егер  бұл  белгілі  бір 
себептермен мүмкін болмаса, мемлекеттік тілде жауап қайтарылады). 
9.  Мемлекеттік  билік,  басқару  жəне  сот-құқық  органдарымен,  заңды  жəне 
жеке  тұлғалармен,  сондай-ақ  Мекеме  бөлімшелерінің  арасында  ағымдағы  хат 
жазысудың  бəрі  қойылған  мəселелердің  қай  бөлімге  қандай  тұрғыдан 
қатыстылығына қарай жүргізіледі.  
10.  Бөлімшеде  іс  қағаздарын  жүргізуге  жауапты  қызметкер  (бұдан  əрі  – 
бөлімшенің  жауапты  адамы)  бөлімшенің  барлық  қызметкерлерін  Ереженің 
талаптарымен қолдарын қойғызып таныстыруға міндетті. 
11.  Құпия  құжаттармен  жұмыс  жүргізу  тəртібі  Қазақстан  Республикасының 
заңдарына,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  құпиясын  қорғау  жөніндегі 
уəкілетті  мемлекеттік  органның  талаптарына  жəне  Мекеменің  тиісті  нормативтік 
құқықтық  актілеріне  сəйкес  айқындалады.  Таратылуы  шектеулі  құпия  емес 
мəліметтері жəне құпия ақпараты бар құжаттармен жұмыс істеу тəртібі Мекеменің 
тиісті нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет