Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің анықтамасы өткізілген күні



Дата08.01.2022
өлшемі15,2 Kb.
#129183
Байланысты:
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің
АНЫҚТАМАСЫ

Өткізілген күні: 01 .04.2020ж

Ересек топ №4 «Қызғалдақ»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі»

Мақсаты: Қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу. Шаршыдан үшбұрыш, тік төртбұрыштан шаршы, тіктөртбұрыштан жолақшалар қиып, оны үй бөліктерімен толықтырып қоянның үйін жасауды үйрету. Қағаз бетінде бейнелерді құрастырып, желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Командада жұмыс жасауға баулу. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

Ашық оқу қызметіне төмендегідей көрнекіліктер қолдандым:

Ертегі кейіпкерелерінің макеті, үйшік суреті, үлгі сурет, дидактикалық ойын құралдары, жапсыру жұмысына қажет құралдар.

Ашық оқу қызметімді шаттық шеңберге тұрып, өлең шумақтарын айтумен бастадым. Топқа көңілсіз ақ қоян келеді, оның үйін түлкі тартып алып өзінің далада қалғанын, балалардан көмек сұрай келгенін айтады.

Балалар өткен ертегіні естеріне салып сахналайды және ақ қоянға мейірімділік танытып үйшік жасап беруге келіседі.

Оқу қызметі барысында үйшік туралы әңгімелеп, оны жасау жолымен таныстырдым. Балалар жұмысты үш топқа бөлініп командада жұмыс жасады. Жұмыс жасамас бұрын саусақ қимылын дамыту мақсатында саусақ жаттығуын орындады.

Балалар қайшымен, желіммен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген.

Тек қана үйді емес, сонымен бірге эстетикалық талғаммен қосымша бейнелер жапсырды. Әр топ бір бірінің жұмыстарын бағалады. Балалар жұмысынан соң, осы өмірде жануарлардың қандай мекенде тұратынын білдіру мақсатында «Мекенін тап» дид. ойынын ойнаттым. Балалар әр жануардың тұратын мекенін ажыратып, айтып берді.

Ақ қоян балаларға ризашылығын білдіріп рақмет айтып қайтады.

Балалар оқу қызметіне қызығушылықпен қатысты. Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындыладым, балалар сұраққа өте жақсы жауап берді. Алдыма қойған мақсатыма толық қол жеткіздім.


Тәрбиеші: Нургабылова Г.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет