Қашықтан оқыту технологиясының маңызы


Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету



бет8/14
Дата21.12.2022
өлшемі195,5 Kb.
#163758
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Қашықтан оқыту технологиясының маңызы
dosty-brlk-pen-yntyma-negz, жеке даму карта орысша, Куатжан апай 06
Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету.

  1. Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтан оқыту, сондай-ақ процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.

  2. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;

  2. сабақты жүргізетін және білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;

  3. қашықтық курстарын ұйымдастыру жөніндегі мамандар (ұйымдастырушылар);

  4. қашықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);

  5. тьюторлар;

  1. Қашықтықтан оқытудың әлектрондық курстарын әзірлеушілер шешетін міндеттер:

  1. әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және уақытылы көкейкесті ету;

  2. тьюторларды дайындау және олардың қызметтерін ғылыми-әдістемелік қолдау;

  1. Тьюторлар шешетін міндеттер:

  1. білім алушыларды қашықтықтан тікелей басқару.

  2. Дидактикалық материалдарды жасау үшін ақы төлеуді қашықтықтан оқыту проблемалары бойынша жоғары оқу орны ішілік зерттеу тақырыптарын қалыптастыру жолдары арқылы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі анықтайды.

  3. Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесіне қатысты профессор- оқытушылар құрамы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін арнайы дайындалған болуы керек және сол саладағы кәсіби біліктілігі туралы құжаты болуы тиіс.

  1. Қашықтықтан оқытумен жұмыс жасайтын оқытушы:

  1. қашықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдістемесін игеруі;

  2. Интернет арқылы кеңес беруді қоса, жекелеген оқу кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі;

  3. білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, курстық және бақылау, оның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, әсіресе әлектрондық ақпараттық желілермен жұмыс жасау әдістерін білуі тиіс.

  1. Қашықтықтан оқыту үшін қызметкерлердің саны кемінде 1:8 (бір оқытушыға кемінде 8 студенттен) ара қатынасындағы олардың тәртіптік қамтамасыз етулерін есепке ала отырып, іске асырылатыг бағдарламалардың әрбіреуі бойынша білім алушы студенттердің саны бойынша анықталады.

  2. Жоғары оқу орнының қашықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы тек осы жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар телекоммуникацияның ұйымдастырылған, әдістемелік құралдарымен біріккен және желілік режимде білім беру процесін жүргізетін басқа да жоғары оқу орындарының және басқа да өңірлердің профессорлары мен оқытушыларынан тұрады.

  3. Жоғары оқу орындарының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы кафедраларда (аумақтан тысқары кафедраларда) құрылуы мүмкін.

  4. Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау білім беру ұйымы өздігінен белгілеген оқу жұмыстарының түрлері бойынша уақыт нормаларының негізінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет