Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет1/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)
ХТСЛВ СРС1 (1), ОШ ТЖБ География 8-сын қаз



Асылхан ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ 
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА
 


 
Оқу құралы 

 
 
 
 



Кіріспе 
Адамзат өмiрiн мәндi де сәндi етуге зор септiгiн тигiзген
жаңалықтардың бiрi – фотография. Фотография 1839 жылдың 7 қаңтарында 
дүниеге келдi. Яғни сол күнi Париж Ғылым академиясында өткен мәжiлiсте 
француз өнертапқышы Л.Дагер ашқан. Бұл ғылыми жаңалық тез арада 
Еуропадан Ресейге, Ресейден Қазақ жеріне аяқ басқан болатын. 
ХІХ ғасырдың басынан бастап қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі бар 
ақын Шәңгерей Бөкеев фотография саласына қызығушылық танытып, 
қазақтың сол кездегi бетке ұстар белгiлi азаматтарының басым көпшiлiгiнің 
фотошежiрелiк суреттерiн түсiргені тарихтан белгілі. 
Қазақстанда 1932 жылдың 9-мамырынан газет-журналдардың штаттық 
кестесiне фототiлшi мамандығы енгiзiлгеннен бастап, бұл саланың 
маңыздылығы арта түсті.
Елiмiзге қауiп-қатер болып төнген екінші дүниежүзілік соғыстың 
салдарынан бұл кезде көптеген облыстық, аудандық газеттер жабылып 
қалды. 
Ендi-ендi 
жаңадан 
қалыптасып 
келе 
жатқан 
қазақ 
фотожурналистикасы осы уақытта сәл болса да тоқырауға тап болды. Оның 
қайта өрлеуi, соғыстан кейiн елуiншi жылдардың екiншi жартысынан 
басталды. Бұл кезде қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетiнiң бiр топ түлегi фотожурналистиканың дамуына барынша үлес 
қосты. Олардың ішінде Р.Дүйсенғалиев, С.Ақпанбетов, Б.Тiлекметов, 
Н.Жұбанов сияқты т.б. фототiлшiлер бар едi. Көп ұзамай, бұлардың қатарына 
Қ.Мұстафин, С.Пернебаев, Ж.Бозымбеков, Ж.Пайызов, С.Бәсiбеков, 
Д.Егiзовтер келiп қосылды. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімiзде БАҚ-тың саны мен сапасының 
артуына байланысты фотожурналистика мамандығының кәсіби деңгейін 
арттыру қажеттілігі туғаны айдан анық. Сол үшін осы салада қызмет етуді 
өмірлік мақсат етіп таңдаған жастарға барынша жағдай жасап, оқулықтар
әдістемелік құралдар шығару қажет етіледі.
Фотожурналистикада қазіргі технологияларды меңгере отырып, 
мемлекеттік тілде, алғаш жарық көріп отырған уақыт тынысын дәл беруге 
үйрететін кәсіби шеберлікке баулуға арналған бұл оқу құралы заман талабы, 
оқу үдерісінің қажеттілігінен туған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет