Астана, 2016 Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып Қазақ əдебиеті



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата29.03.2020
өлшемі1,69 Mb.
#61037
1   2   3
Байланысты:
Қазақ әдебиеті ҚБ 9кл


Ұстаным 

Мүдде 

Қажет

тілік 

25 


көлемінде) үндеу  хат жазыңыз.  

Бауырмалдық  пен    жанашырлық  сезімінің    өлеңдегі    көріну  сипатына  талдау  жасап,  

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген тақырыпта  шағын  жоба ұсыныңыздар. 

 

 



 

Бөлім 

Абай Құнанбаев (1845-1904) 

 

 

Оқу мақсаты   

АИ7 Мәтіндегі қажетті, қажетсіз ақпараттарды таңдайды,салыстырады,  

өзіндік ой қорытындысын жасайды. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды таба алады және мағынасын түсіндіреді, өз көзқарасын 

дәлелді (өлеңнен мысал келтіре отырып) түрде жеткізеді, өлеңдегі жасырын мағыналы 

сөздерді таба біледі, мағынасын түсіндіре алады, сыни пікір білдіреді. 

 

 

Тапсырма  

4 топқа бөлініп, «Сегіз аяқ» өлеңін оқыңыздар.  

Барлық топтарға ортақ тапсырма: 1. Өздеріңізге берілген өлең шумақтарына пікірлеріңізді 

білдіріңіздер. 

2. Ақын шеберлігі туралы не айта аласыздар? 

3. Сіздерді тамсандырған өлең жолдары болды ма? 

1 – 

топтың тапсырмалары 



1  – 

шумақ:  Етістіктерге  назар  аудара  отырып,  олардың  иесін  табыңыз,  қиуа,  тағы 

сөздерінің өлеңдегі мағынасын түсіндіріңіз. 

2 – 


шумақ: Көркемдеуіш құралдарды, контекстегі антоним сөздерді табыңыз, өлеңге берер 

мәнін түсіндіріңіз. 

3 – 

шумақ: «Надан адамның» бейнесін Абайдың сөздерімен суреттеңіз. 



4 – 

шумақ: Авторлық көзқарас, авторлық идеяға талдау жасаңыз.   

2 – 

топтың тапсырмалары 



5  – 

шумақ: Автордың адамдарға тағар сынын анықтаңыз. «Пайдасыз тақыл – байлаусыз 

ақыл» сөзі қандай көркемдеуіш құрал? Мағынасын түсіндіріңіз. 

6  – 


шумақ:  Автордың  адам  бейнесіне  тағар  сынын  анықтаңыз.  «Күпілдек  мақтан, 

табытын қаққан» сөздерінің мәнісін түсіндіріңіз. 

7 – 


шумақ: Автордың оқырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз. 

8 – 


шумақ: Автордың оқырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз. 

3 – 


топтың тапсырмалары 

9 – 


шумақ: Абай өлеңіндегі заман мәселесі(проблемасы) неде? Афоризм сөзді табыңыз. 

10 – 


шумақ: Өлең шумағында бейнеленген автордың сезімін анықтаңыз. 

11 – 


шумақ: Автор бейнелеген образға мінездеме беріңіз. 

12  – 


шумақ:  Алғашқы  6  жолдағы  іс  –  әрекетке  анықтама  беріп,  авторлық  ойды 

түсіндіріңіз. Риторикалық сұрақты пайдаланудағы авторлық мақсат неде? 

4 – 

топтың тапсырмалары: 



13 – 

шумақ: Автордың оқырманға айтар ақыл – кеңесін анықтаңыз. 

14  – 

шумақ:  Өлең  жолдарындағы  авторды  өкінішке  душар  ететін  мәселені  анықтаңыз, 



түсініктеме беріңіз.  

15  – 


шумақ:  Өлең  жолдарына  түсініктеме  беріңіз,  бұл  өлең  жолдарында  не  туралы 

26 


айтылған? «Жартас» сөзінің мәні неде? 

16  – 


шумақ:  «Атадан  алтау,  анадан  төртеу»  сөздерінің  мағынасын  түсіндіріңіз?  Өлең 

жолдарындағы ақынның көңіл күйін анықтаңыз. 

 

 

 

 

Бөлім 

Абай Құнанбаев (1845-1904) 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж4 Прозалық, драмалық шығармадан, поэзиядан кең көлемді өлең, үзінділерді мәнерлеп 

жатқа айтады. 

 

 



Жетістік критерийлері 

Өлеңді нақышына келтіріп оқи алады, мазмұнына сәйкес интонация қойып оқиды, ерекше 

мән беріп тұрған сөздерді анықтайды. 

 

 



Тапсырма  

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңін мәнерлеп оқыңыз. Өлеңдегі заман бейнесіне 

қатысты символ сөздерге назар аударып, өлеңге берер әсерін талдаңыз.  

Абайдың  «Сегіз  аяқ»  өлеңін  мәнерлеп  оқыңыз.  Абай  суреттеген  адам  бейнесіне  назар 

аударыңыз.  

  

 



 

Бөлім 

Абай Құнанбаев (1845-1904) 

 

 

Оқу мақсаты   

БС3  Көркем  шығармадан  алынған  білімдерін  қолдана  отырып,  әдеби  көркемдегіш 

құралдарды 

(метафора, 

метанимия, 

психологиялық 

параллелизм, 

суреттеу, 

сипаттауларды) пайдаланып, өзгеше стильмен күнделік, естелік жазады. 

 

 



Жетістік критерийлері 

Таңдалған жанр мен стильді сақтап жазады, Абай өлеңдерінің тіліне (көркемдеуіш 

құралдарына, образды сөздерге) талдау жасайды, әсерлерін эмоционалды түрде жеткізеді, 

сөз көлемін сақтайды, сауатты жазады. 

 

 

Тапсырма  

 

Абай  шығармаларын  оқығаннан  кейінгі  алған  әсеріңді  хат,  естелік,  мақала  түрінде 



жазыңыз. 

 

 



 

 

27 


 

Бөлім 

Абай Құнанбаев (1845-1904) 

 

 

Оқу мақсаты   

БС1 Шығарманың негізгі ойын кең көлемде пайдаланып, өзіндік стилін қалыптастырады, 

жоспар құрып жазба жұмыстарын жазады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Өзіндік көзқарасын 2-3 аргумент келтіре отырып дәлелдейді, эссе мазмұнына сәйкес 

қарапайым жоспар құрады, өз ойын білдіруде образды сөздерді тиімді қолданады. 

 

 

Тапсырма  

 

Төмендегі тақырыптарды таңдап, эссе жазыңыз. 



1.Зар заман ақындары өлеңдеріндегі замана көрінісі 

2. Тарихи шындық пен ақындар шешімі (Зар заман ақындарының көтерген мәселелері 

бойынша) 

3. Абай өлеңдерінде көтерілген адамгершілік мәселесі 

4. «Ескендір» поэмасы мен әлем әдебиеті 

 

 



 

 

28 


3-

тоқсан 

 

 



Бөлім 

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж6 Медиаматериал арқылы шығармадағы  мәліметтер, дәлелдемелер тізбегін түсінеді, 

туындаған  мәселе төңірегінде түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Шығармадағы  мәліметтер, дәлелдемелер тізбегін түсінеді, туындаған  мәселе төңірегінде 

түрлі көзқарасты талдайды, салыстырады. 

 

 



Тапсырма 

 

Шығарманың жанрлық сипаты мен тақырып, идеясын анықтап, мазмұны бойынша 



сұрақтарды талқылаңыз. 

1. 


Шығарманың жанры қандай? Жанрлық ерекшелігіне  қатысты талдаңыз. 

2. 


Жарық көрген жылы: 

3. 


Тақырыбы 

4. 


Идеясы 

 

1. 



Есенейдің қасында төрт жолдасы бар еді. 

2. 


Есенейге Мүсірептің қандай сөздері  шаншудай қадалды? 

3. 


Мүсіреп бала жігіттің қыз екенін қайдан білді? 

4. 


Ұлпан неге айыпты болды және құнына не беріп кетті? 

5. 


Есенейлер Артықбай батырдың үйіне барғанда, кімді ертпеді және  неліктен? 

6. 


Ұлпанды байлап-матап әкетпекші болып келгендер кімдер? 

7. 


Ұлпанды ұстап әкетпекші болғандар қалай жазаланды? 

8. 


Романдағы жазушының Кенесары туралы пікірі қандай? 

9. 


Артықбай батыр қалай жараланды? 

10. 


Есенейдің Тілеміспен тіл табыса алмау себебі 

11. 


Кенжетай «Мұзбелді» неге Артықбай батырға байлады? 

12. 


Ұлпан өзін айттырған жігітті неге ұнатпады? 

13. 


Ұлпан Есенейдің айттырғанына неге көнді? 

14. 


Өзінен қырық жас үлкен адамға тұрмысқа шыққан Ұлпанның шешімін қолдайсыз 

ба? 


 

«Ұлпан» романының 2-тарауын, 3-тарауын, оқып, өзара мазмұндап айтыңыз. 

1. 

Мәтінді оқып шығыңыз, жұпта мазмұндап айтыңыз. 



2. 

Бір мәселеге қатысты 3 түрлі көзқарасты анықтап, талдау жасап салыстырыңыз. 



 

«Бұрыш»  стратегиясы.  Пікірлердің  біреуіне  таңдау  жасап,  көзқарасыңызды  дәлелдеп 

сөйлеңіз. 

Есенейдің Кенесарыға деген  наразылығын қолдаймын. 

Есенейдің Кенесарыға деген  наразылығын қолдамаймын. 

Екі ойлымын. 

 

29 


 

 

 



Бөлім 

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

АИ7    Мәтіндегі    қажетті,  қажетсіз  ақпараттарды  таңдайды,  салыстырады,  өзіндік  ой 

қорытындысын жасайды. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Мәтіндегі қажетті, қажетсіз ақпараттарды таңдап, салыстырып, өзіндік ой қорытындысын  

шығара алады. 

 

 



Тапсырма 

 

Ұлпан»  романының  2-тарауын  1-оқушы,  3-тарауын  2-оқушы  оқып,  өзара 



мазмұндап айтыңыз.  

Оқыған  тарауыңыз    бойынша  өзіңіз  үшін  автор  немесе  кейіпкер    қабылдаған  шешімге 

қатысты  қажетті  деген  5  түрлі  ақпаратты  таңдап  алып,  қажет  болу  себептері  мен 

салдарларын анықтап,  дәлелдеңіз. Автор немесе кейіпкер  қабылдаған шешімге қатысты 

қажетсіз  деген  5  түрлі  ақпаратты  таңдап  алып,  ақпараттарды  салыстырыңыз,  өзіндік  ой 

қорытындысын жасап, тұжырым ұсыныңыз. 

5 түрлі қажетті ақпарат 

Себептері мен салдарлары 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ақпараттарды салыстырып, өзіндік ой қорытындысын жасап, тұжырым  

 

5 түрлі қажетсіз  ақпарат 



Себептері мен салдарлары 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Автор орындығы» топтағы оқушылар ең үздігін таңдап алып ортада оқиды. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



30 

 

Бөлім 

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж5 Өз пікірін білдіре отырып, шығармадағы   ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін 

әдебиет қайраткерлері берген бағамен салыстырады, суреттейді. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Әрекеттердің себебін ашып, құндылық тұрғысынан баға береді, әдебиет қайраткерлері 

берген бағамен салыстырып, қорытынды тұжырым ұсына алады. 

 

 



Тапсырма 

Ой шақыру.  

Шығармада қандай құндылықтар көрініс тапқан? 

Әр жұп өз жұмыстарыңызды 20 минут дайындап, басқа жұпқа барып қорғаңыз.  

2-

бөлім бойынша 



1. 

Берілген үзіндіден әрекеттердің себебін ашып, құндылықтарды ( немесе болуы керек 

құндылықты) анықтаңыздар. 

2. 


Ғаламтор деректерінен    көтеріліп отырған  құндылық ерекшеліктері жайлы әдебиет 

қайраткерлерінің  берген пікірлерін оқып, салыстырып, қорытындысын сызба немесе 

кесте  түрінде ұсыныңыздар. 

1-

жұп 



 

«...Үшеуі де қабырғаласып өте берген Есенейдің пәуескесіне беттерін бұрып бір тізерлеп 

сәлем етті...» 278-бет 

«...Шашуға таласқан жас балалар  бәрі де қарны қампиған, ши борбай, ірің көз,  қотыр-

шотыр екен. Есеней ауылында осынша арық-тұрық бала болар  деп ойламаған Ұлпан таң 

қалады. Мұнысы несі, бұл ел биыл қырғын жұтқа ұшырап қалған ба?..»  (279-бет) 

2-

жұп 


«...Сибанның өзі Есенейге енжарлау ма, қалай?Кейде шетке қадірі бар адамдардың  өз 

еліне қадірсізі болады. Ондай адамдар ағайын- туғандарын ығыстыра ұстап, елемей ұстап, 

атағымен, атымен иықтап жүреді де, түптеп келгенде жалғыз қалады. Есеней осыған 

ұшырап бара жатқандай екен...» (286-бет) 

«Сырымның қасиетті кісесі өз әулетіне оралып келе жатқанына бүкіл Кіші жүз түгел 

қуанып, Ұлпанның алдын ала Байбақты еліне қарай шапқыншы жіберіле бастады...» 

«Ақ көңіл ел Ұлпанға ырзалығын ұмытқысы келмей, кіші Шалқарды бұдан былай » 

3-

жұп 



 

«...Жабағы сұрайды, қыл сұрайды, сүт сұрайды, киіз сұрайды, шай сұрайды, бөрікке 

тыстық сұрайды, көйлекке түйме сұрайды, жайлауға көшетін көлік сұрайды. Ұлпан 

ешкімнің қолын бос қайтармай бере берді. Әлденеге іштей наразы, әлденеге іштей 

намыстанып үлестірді... Қандай әдемі қыз-келіншектер қайыршыдай жалаңаш, 

қайыршыдай сұраншақ. Шешелері әдейі ертіп әкелетін балалар өңкей мес қарын, ши 

борбай, ірің көз... Бұларға өмір тілеу, бақыт тілеу мазақтау сияқты көрінеді Таң ертемен 

бастаған сұраншақ әйелдер мен балалар түс ауа әрең аяқсыды. Ұлпан отауына кіре- бере 

жылап жіберді...» 301-бет 

«Бұл балалық шақтарында ойналмай қалған ойындары еді. Балалық шақта күлінбей қалған 

күлкілері еді.Қазір сол ойналмай қалған бала шақтың  ойыны мен күлкісі бір сәтте жарқ 

етіп жарып шығып, бір-ақ бұрқ етті. Бойда қала берген қайғы- шердей жинала берген 

кектей, ойналмай қалған ойын-күлкі де сәті келіп қалса жарылып шықпай 

31 


қоймайды...» 311-бет. 

4-

жұп 



«...Төрттен астам ауылының жігіттері ғой «Алтыбақан» құрып жатқан. 

Төрттен астам? 



Бесбай ауылы дегенді «Төрттен астам» ауылы демегенде, қалай атаймыз?..» 

«Ендеше... Балаңның басы үлкен болса милы болсын.Алыс-жақын жерге сыйлы болсын. 

Есенейдей бай болмасын. Іздегені дау болмасын, өнер болсын. Сегіз серідей ойынан өлеңі, 

қолынан өнері төгілген шебер болсын! Алла акбар!» деп Есеней иегін сипады. 

5-

жұп 



«Осы қырық үй малшы жалшылардың қырық жылдан бергі жалақылары сенің мойныңда 

кете беріпті... обал ғой, -деді...» 

«Бай адамның айналасы осынша кедей, көзінен сорасы аққан  сорлы бола ма екен? Өзгесін 

былай қойғанда, Есенейдің аулы дейтін санатқа қосылатын қырық үйлі қарашының 

қайыршыға айналып бара жатқанына ұялу керек емес пе!..» 

6-

жұп 



 

«Ұлпан Тілеміске қарап: 

-

Сен бұл кісіге менің айтарымды түгел жеткізші. Ертеңнен бастап сол кірпіш іргесінің 



үстіне үйді қайта сала бастасын.  Әлдекім «өртке ұрынған жаман ырымнан» қорқып, 

Ұлпан қонысын басқа жерге аударар деп дәмеленетін болар. Жоқ, мен қорықпаймын. 

Ырым-жырымды көрмей жүрген мен жоқ. Үйді сол орынға салдырамын,- деді»  

«Екінші, әмеңгерліктің қай түрі болса да жойылғаны дұрыс болар еді. Сіздер әмеңгерлікке 

ұшыраған әйелдің бақытты болған біреуін  атай аласыздар ма?...» 

 

 



Бөлім 

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж7  Әр  түрлі  жағдайда  және  топта  түрлі  пікір,  идеялармен  келісіп  не  келіспеу 

барысында спикер ретінде шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданады.   

 

 

Жетістік критерийлері 

Мәтіндегі әрекеттерге байланысты құптау немесе қарсы пікірлерді білдіре алады, спикер 

ретінде шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданып, пікірін дәлелді жеткізеді, сыни пікір 

білдіре алады. 

 

 

Тапсырма 

 

Топта құндылықтарды ортаға салып, тақтаға «Құндылықтар тақтасын» әзірлеп, тізімін 



жасаңыз.  

Төмендегі берілген үзінділерді топта талқылап,өз тұжырымдарыңызды ұсыныңыздар. 

1. 

Есенейдің «Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде тұрады. Арамыз, құдайға 



илансаң, жеті жылдық жол» деген жұмбағының мәнін түсіндіріңіз. Қазіргі адамдар 

осылай жұмбақтап сөйлеу тән  бе? Неліктен? 

2. 

Мәжілісте Ұлпан қабылдатқан екі ұсынысты тауып оқыңыз. Өз көзқарасыңызды 



білдіріп сөйлеңіз. 

3. 


Ұлпан Сырым батырдың кісесін неге ұрпақтарына тапсырды? Сіздер осы әрекетті 

қалай бағалайсыздар? 

4. 

Ұлпанның өмірінің соңындағы трагедиялық жағдайды сипаттаған жазушы 



32 

шешімімен келісесіз бе? Неліктен? 

Әр топ өз  тұжырымдарын ұсынады, сыныптық талқылау жасайды. Басқалардың 

сұрақтарына жауап береді.  

 

«Бұрыш» стратегиясы 

Торсан  - Ұлпанға опасыздық жасаған жан. 

Торсан - адамның баласы  емес, атаның баласы деген атауға лайық бейне. 

Торсан  - күйеу бала ретіндегі өз міндеттерін толық атқарған жан. 

Екі ойлымын. 

 

 



 

 

Бөлім 

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

БС5 Көркем шығармадағы белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіре отырып, ғылыми 

еңбектермен салыстырып, кең көлемді эссе жазады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Өз  көзқарасын  білдіре  отырып,  пікірін    ғылыми  еңбектермен  салыстырып  жазады, 

тақырып  бойынша  жауап  толық,  нақты,  негізделген  және  күрделі  идеяларды  тиімді 

ашады,  сөздік  қоры  мол,  лексикалық  тұрғыдан  сөздерді,  тілдік  құрлымдарды  орынды 

қолдана біледі, дербес көзқарасы бар, мазмұны анық, толық  және ой қорыта біледі, қазақ 

тілінің емле және тыныс белгi ережелерiн толығымен сақтайды. 

 

 

1-

тапсырма 

 

Рецензияны түсініп оқыңыз. 



Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романына рецензия 

       


Қазақ ұлттық әдебиетінің «алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі 

шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғабит Мүсіреповтің 

«Ұлпан»  атты  романын  айта  кетсек  еш  жаңылмасымыз  белгілі.  Шығарма  мазмұнына 

тоқталар  болсақ,  «Ұлпан»  -  тарихи  роман,  онда  бір  ғана  Керей-Уаққа  қарасты  Сибан 

елінің  тыныс  тіршілігін  суреттеу  арқылы  сол  замандағы,  атап  айтқанда  ХІХ  ғасырдағы 

жалпы  қазақ  елінің  шежіресі  мазмұндалады.  Шығармада  ғасыр  бойындағы  қазақи 

тіршілік,  оның  тұрмысы,  салт-дәстүрі,  өзіне  тән   әдет-ғұрпы  кеңінен  қамтылған. 

Толығырақ  айтар  болсақ,  бұл  шығармада  да  Мұхтар  Әуезовтың  «Абай  жолы» 

эпопеясындағыдай сол заманғы қазақ халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, 

жесір дауы, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру,  жарлы мен жақсының күресі 

тәрізді құбылыстар терең сипатталып, суреттеледі. 

         

Шығарманың  бас  кейіпкері  -  Ұлпан,  ол  шын  мәнінде  өмірде  болған  тарихи  тұлға. 

Романның  екінші  бас  кейіпкері  Есенейден  қырық  жасқа  кіші  бола  отырып,  тұлымы 

желбіреген  жас  қыздан  бір  рулы  елдің  басын  біріктіріп,  атын  шығаратын  ұлы  тұлғаға 

дейін  қөтеріле  білген  қайраткер  жан.  Романның  мазмұнына  орай,  Керей-Уақтың  Сибан 

елінің  билігін  қолына  ұстап  тұрған  әйгілі  биі,  «мың  жылқылы»  байы  Есеней  жер  дауы 

мәселесімен  өз  алдына  жігіт  кейпінде  келген  Ұлпанмен  кездейсоқ  ұшырасады.  Оның 

қалың жылқысы аз үйлі кірме Күрлеуіттің жеріне түсіп кетеді де,   сол елдің  уәжін айта 

келген топтың басшысы бір кездері өзімен үзеңгілес жүрген және де өмірін сақтап қалған 

ескі  досы  Артықбайдың  қызы  болып  шығады.   Бес  жасында  Есенейдің  арқасына  мініп, 

33 


«Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз, енді ел 

сөзін  сөйлеп,  ат  құлағында  ойнайтын  батыр  қызға  айналғанын  көрген  Есеней  жас 

алшақтығына  қарамастан,  Ұлпанға  деген  көңілі  оянып  араға  өзінің  әрі  досы,  әрі 

ағайындасы «Түрікпен» Мүсірепті салады. Аздап сыбызғы тартып, серілік құрып жүретін 

«Түрікпен»  Мүсіреп,  Есеней  досының  емеурінін  шебер  жеткізе  отырып,  Ұлпанға  қолқа 

салады. 


Ұлпан болса, Есенейдің сөз салысын алғашында есеңгірей тыңдағанымен де, «Есенейдің 

құрығы мойныма түсе қалса, оны алып кететін күш біздің аз ғана ауыл кірме Күрлеуітте 

жоқ. Құдай салды  біз көндік. Бірақ ағаңның есінде болсын  Ұлпан арзанға түспейтін қыз», 

деп жауап береді. Осылайша, ол өзін роман сөздерімен суреттегендегідей «Таңданарлық 



қыз  әрі  есті,  әрі  сұлу  болу  керек  емес  пе?  Сұлулығы  жеңсе,  есінен  айрылып  қалатын, 

естілігі  жеңсе,  сұлулығынан  айрылып  қалатын  қыздар  аз  болмайды.  Естілігі  толыққан 

сайын, сұлулығы да толыға беретін қыз болады»,- дегендей қырынан таныта алған еді. 

Қатал  да  озбыр  Есенейдің  жан  жүрегін  жібіте  отырып,  бір  кездері:  «Қырыққа  келгенде 

біздің елдің Есенейі сен болып қаларсың», - деп өзі  айтқандай айналасы аз жылда дүйім 

елге билігін айта алар дана тұлға түрінде таныла алды.  Бір кездері жас өмірін қиып келген 

Ұлпанның жолы ақталып, Есенейдің көзі тірісінде-ақ, Ұлпан бес болыс Сибанның қамқор 

анасына айналды. 

Артта  қалған  қазақ  аулына  жаңалықтың  жаршысындай  бола  отырып,  осыған  дейін 

болмаған монша, қыстық үй салуды енгізу арқылы елін алға жетектеді. Әйтпесе, қыс бойы 

киіз үйде отырған қазақ жұртының жас баласы қысқы аязға төзе алмай, суық тиіп, шетінеп 

жататын  еді.  Ел-жұртының  қамын  ойлап,  мұң-мұқтажын  сезіне  алған  Ұлпан  Есенейдің 

қалың  жылқысын  қарауындағы  елге  бөліп  беру  арқылы  өзінің  кісі  ақысын  жеуді  ар 

санайтын  бекзат  адалдығын  танытады.  Бұл  қасиет  екінің  біріне  беріле  бермейтін 

имандылық, теңдік белгісі. 

Қосымша оқуға  ұсыну. 

 

Жазылым барысында  қосымша әдебиет зерттеушілерінің пікірін басшылыққа алыңыз. 



 

2-

тапсырма 

Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап алып, өз көзқарасыңызды білдіре отырып,  

ғылыми еңбектердегі пікірлермен  салыстырып, кең көлемді эссе жазыңыз. 

«Ұлпан –  ел тізгінін  бекем ұстаған ,халық қамқоршысы болған  тарихи тұлға. 

Ел анасы болған Ұлпан – қазақ әйелдерінің жарқын бейнесі 

Ұлпан – өз заманының реформаторы. 



 

 

 



 

Бөлім 

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж5 Өз пікірін білдіре отырып, шығармадағы   ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін 

әдебиет қайраткерлері берген бағамен салыстырады, суреттейді. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Мәселелерді анықтап, себебін мазмұны бойынша аргументтер келтіре отырып жаза  

алады, романдағы құндылықтарға  өзіндік баға бере алады. 

 

 

34 


Тапсырма  

Романдағы жұмбақтап айтылған «өрелі» мен «сөрелі» сөздерінің астарлы мағынасы не деп 

ойлайсыз? 

 

 – 


Ол үйде отырған бәйбішеңіз бар емес пе? – Жоқ. Мен Өреліде тұрамын, ол кісі Сөреліде 

тұрады. Арамыз құдайға илансаң, жеті жылдық жол.» 

    

Есенейдің жұмбағын Ұлпан  тапқырлықпен түсінді...  



 

 

 



 

Бөлім 

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

АИ7Мәтіндегі  қажетті, қажетсіз ақпараттарды таңдайды, салыстырады, өзіндік ой 

қорытындысын жасайды. 

 

 



Жетістік критерийлері 

Тақырыпты ашады, сөз шеберлігін сақтайды, қажетті, қажетсіз ақпараттармен жұмыс 

жасай алады. 

 

 



Тапсырма 

Шығарма желісі бойынша сахналаңыз. 

Есеней мен Ұлпанның алғаш кездесуі. 

Есенейдің Ұлпанды Мырзаш құрығынан құтқаруы. 

Пәуеске ішіндегі Есеней мен Ұлпан. 

Қысқы үйге орын іздеп жүрген Есеней мен Ұлпан. 

 

Әр топ тарау бойынша өзіне қажетті мәліметті алып оны сахналауға қолданады. 



 

 

 



 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж3  Шығармадағы  көркемдегіш  және  стилистикалық  құралдардың  ерекшеліктерін  

ажыратады, өз пікірін басқа пікірмен байланыстырады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Көркемдегіш және стилистикалық құралдардың ерекшеліктерін ажырата алады, автор 

ойын жеткізудегі орнына баға береді. 

 

 



Тапсырма 

35 


Төмендегі  кестені  толтырыңыз.    «ЖИГСО  2»  бойынша  өзге  топқа  барып,    жазған 

ақпараттарыңызбен бөлісіңіз. 

Көркемдегіш  және  стилистикалық  құралдардың  (эпитет,  теңеу,  метафора,  диалог, 

монолог,  шегіністер,    суреттеулер  мен  сипаттаулар)  ерекшеліктерін    ажыратып,  талдау 

жасаңыз. 

Мәтіннен мысал 

Көркемдік сипаты 

Идеяны ашудағы орны 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жазушының тіл көркемдігіне баға беріп, жұпта  қорытынды пікір шығарып, топта ортаға 

салып сөйлеңіздер. 

 

 



 

 

 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

БС3  Көркем  шығармадан  алынған    білімдерін  қолдана  отырып,  әдеби  көркемдегіш 

құралдарды  (метофора,  метанимия,  психологиялық  параллелизм,    суреттеу, 

сипаттауларды) пайдаланып, өзгеше стильмен күнделік, естелік жазады. 



 

 

Жетістік критерийлері 

Шығарманың негізгі мазмұнын біледі, кейіпкерлерге мінездеме беріп, өз пікірін білдіреді, 

олардың әрекетінің салдарын анықтап, қорытынды пікір  ұсына алады, пікірге өз 

көзқарасын білдіреді. 

 

 

1-

тапсырма 

Шығарманың 2-бөліміне қандай тақырып арқау болған?  

Жеке ойланып, көтерілген тақырыпты жазыңыз. 

Ойымызды  топта    ортаға  салып,    тараудың  ішіндегі  бір  оқиғаның  дамуын  «Цицерон» 

тәсілімен  беріңіз.  Тарау  бойынша  кейіпкерлерді    топтастырып,  басты  кейіпкерлерге 

мінездеме  беріңіздер.  Кейіпкерлер  әрекетінің  салдарын  анықтап,  қорытынды  пікір 

айтыңыз. Шығарма мазмұнына қатысты мына мәселелерге талдау жасаңыз. 

 1-

сарапшы парағы 

 

 

 



 

 



36 


 

 

 



Қоңырқұлжа кім?  Дәулеті қандай адам? Өз міндетін қалай атқарып жүрген адам? 

(Қарааөткелдің аға сұлтаны, жиырма мың қылаң мен бараны бар, парақор, қара ниетті 

адам) 

Қоңырқұлжаның  ел билеу туралы  төмендегі айтылған ойын сараптап, талдап 



Қоңырқұлжаға мінездеме беріңіз. «  Ал маған ... Сексен жылқы  сегіз ауылдың  игі 

жақсысын  сатып алуға жарайды. Әңгіме сексен жылқыда емес, елді билей білуде ғой... 

Халық деген бір кеще жас бала, оны алдай алсаң болғаны,  соңыңнан ере береді» 

Қоңырқұлжаның  Ақтау  бекінісі  туралы    ойларына  талдау  жасаңыз.  Указдың  мазмұнын 

талдаңыз: «Ақтау бекінісіне шіркеу салынсын. Шіркеуде бір поп, екі дьякон, бір күзетші 

ұстауға  рұқсат  етілсін.  Поптың  жылдық  жалақысы    мың  сом  болсын...»  Осы  қаражат 

кімнің  еңбекақысымен  салыстырылады?  Бұл  жайлы  пікіріңіз  қандай?  (94-беттің  3-

азатжолын қоса талдаңыз) 

Қоңырқұлжаның  тоқалы  Зейнеп  қандай  адам?  Қоңырқұлжаның  Зейнепке,  ұлдарына 

қарым-қатынасы қандай?  

Шыңғыстың  ісі, өлім құшуы туралы пікіріңізді білдіріңіз. 

Тарау бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. 



 

2-

сарапшы парағы 



Кенесары кім? Қабылдаған шешімдеріне баға беріңіз. 112-113-беттегі Кенесарының 

жазған хатының мазмұнындағы  Кенесары бейнесін ашатын маңызды мәселелерді  

анықтаңыз. 

Кенесарының Әшіраппен әңгімесі, оған қатысты ұстанымын талқылап, баға беріңіз. 

125-

беттегі Жүсіптің ойларына баға беріңіз. 



Бопайдың қайын жұртын шабуға аттануына өз көзқарасыңызды білдіріңіз. 

Наурызбай мен Ақбөкеннің тобық тығып ойнауы олардың қандай қарым- 

Тарау бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. 

 

3-

сарапшы парағы 



Зейнептің үйін қорғау  

Тарау бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. 

 

4-

сарапшы парағы 



Кейіпкерлер әрекетінің салдарын анықтап, қорытынды пікір айтыңыз. 

3. 


Тарау бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. 

 

Шығармада көтерілген 3 маңызды мәселені анықтап, оның шешілу  жолдарына сыни пікір 



айтыңыз. 

Шығармада қандай басты мәселелер көтерілген? 

4-

тарау бойынша  жазушы  қандай  маңызды идеяны ұсынады? 



 

2-

тапсырма 

Шығармашылық жұмыс 

Кенесарының  «Біздің  бабамыз  хан  Абылайға  тиісті  жерлерде  сіз  дуан  салдырдыңыз 

және  қазақ    халқынан алым-салық  аласыз,  сөйтіп  бізді  қыспаққа  салып  отырсыз.  Біз 

бұған риза емеспіз және алым-салық төлеп, сіздің қарауыңызда тұра алмаймыз.Біздің 



37 

басымызға  туған  күн  Ресейдің  басына  туса    сендер  қандай  күнде  болар  едіңдер? 

Сондықтан  біздің  жай-күйімізбен  санасуларың    керек»  деп    патшаға  хат  жолдаған 

хатының  мазмұнындағы  ойларды  негізге  алып,  халықтың  отарлаудан  көрген 

әділетсіздіктерін баяндап, Кенесарының атынан естелік жазыңыз. (Көлемі- 180 сөз). 

Халқының тәуелсіздігі жолында  жан аямай күрескен Кенесарының атынан қабылдаған 

маңызды  шешімдерін танытатын  күнделік жазыңыз. 

 

 

 



 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж7  Әр  түрлі  жағдайда  және  топта  түрлі  пікір,  идеялармен  келісіп  не  келіспеу 

барысында спикер ретінде шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Өз ұстанымын ұтымды түрде дәлелдей алады, нақты аргумент келтіре алады, ұлы 

тұлғалардың философиялық ойларын ұтымды қолдана алады. 

 

 



Тапсырма 

 

https://www.youtube.com/watch?v=Y_obxpLenRU



 

сайтындағы  хан Кене туралы  деректі 

фильмді көріңіз.  Сынып «Қаһар»  романындағы  Кенесары туралы ақпаратты негізге ала 

отырып,  жақтаушы  әрі  даттаушы болып екіге бөлініңіз.  

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

38 


 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

БС3  Көркем  шығармадан  алынған    білімдерін  қолдана  отырып,  әдеби  көркемдегіш 

құралдарды 

(метафора, 

метанимия, 

психологиялық 

параллелизм, 

суреттеу, 

сипаттауларды) пайдаланып, өзгеше стильмен күнделік, естелік жазады. 

 

 



Жетістік критерийлері 

Кейіпкер образына еніп, көркемдегіш құралдарды орнымен пайдалана отырып, күнделік 

немесе естелік жаза алады, өз ойын контекспен байланыста жеткізе алады. 

 

 



Тапсырма 

 

Төмендегі кейіпкерлердің  портреттерін қолдана отырып, әдеби көркемдегіш құралдарды 



табыңыз.  

 

Сейтен:  "Бұлардың  ішінде  қайыңның  безіндей  берік,  қазан  тастай  шомбал,  төртпақ 

келген біреу ерекше көзге түседі. Астында есік пен төрдей, ай табанды жайма жал қара 

көк айғыр. Тақымында келте шоқпар, қарына темір бауырлы қайың сойыл ілген. Үлкен 

өткір қара көзді, ұзын, қою қара мұртты адам. Таңмен бірге ашыла түскен қара сұр жүзі 

ақ сұпыдай. Бұл осы көштің басшысы, Баянауылдағы Қаржастан шыққан Азнабай ұлы 

Сейтен." 

Алтыншаш: "«Адам баласының да мұндай әдемісі болады екен!» деді ішінен таңданған 

Байтабын. Ойламаған жерден жүрегіне оқ тигендей аяғын баса алсайшы енді ол. Жуан 

қос  бұрымы  жерге  шұбатылған,  аппақ  бетінің  ұшы  сәл  қызара  үлбіреген,  танадай  көзі 

қарасудай  қап-қара  боп  тұна  мөлдіреген  Алтыншаш  есік  алдында  сәл  тұрды  да  бұлт 

астына қайта кірген күміс айдай жоқ болып кетті". 

Күнімжан:  "Күнімжан  биыл  жиырма  алтыға  шыққан.  Оймақ  ауыз,  құмай  көз,  қара 

торының  сұлуы.  Екі  бала  тапқанына  қарамастан,  сұңғақ  бойына  жарасқан  тіп-тік  қос 

жұмырықтай  қос  анары  алтын  жамбылы  алқасын  тырсылдата  керіп,  аш  белі  үзіліп 

кетердей  талып,  мықынынан  төменгі  бура  санды  бөксесін  мейлінше  айқындап  тұр. 

Үстінде шытырма ақ жібек көйлек, көгілдір торқа оқалы қамзол, оның сыртынан шетін 

құндызбен  әдіптеген  дүрия  қызыл  шапан,  басында  ақ  меруерт  өрген,  алтын  теңгелері 

көзіне  түсе  салбыраған  қызыл  барқыт  сәукеле.  Сыртынан  ақ  торғын  шәліні  көмілдіре 

жамылған.  Құлағына  таққан  үш  буынды  сырғалары  мен  арқасына  төгіле  түскен 

тоқпақтай қалың шашының ұшындағы төрт қатар шолпысы патшаның кілең бір сомдық 

алтын ақшасынан қиыстырылған. Батырдың алдында өзін-өзі қымсынбай ұстауы, былқ-

сылқ  басып  қасына  бұрала  келуі,  ерке  бәйбіше  екенін  аңғартады. Расында  да  «жазығы 

қатын  демесең,  қыздан  артық  салдығы»  деп  Жүсіп  қожа  ақын  айтқандай,  Күнімжан 

Кенесарыға ақылымен де, сұлулығымен де әбден ұнаған әйелі. Шыққан төркіні де Қасым 

төреден салтанаты мен байлығы кем емес, арғынның шонжарларының бірі әлке Байдалы 

тұқымы...." 

 

Теңеу  



Эпитет 

Кейіптеу 

 

 

 



 

 

 



 

39 


 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

БС5  Белгілі  бір  шығармадан  тақырыпқа  байланысты    өзінің  көзқарасын  басқа 

ұстанымдармен салыстырады, кең көлемді жоба жазады. 

 

 



Жетістік критерийлері 

Эссе жазудың талаптарын біледі, берілген тақырыпқа өз көзқарасын ғылыми еңбектерді 

салыстыра отырып білдіре алады. 

 

 



Тапсырма 

 

«Қаһар» романын оқығаннан кейінгі пікіріңіз.  



«Қосу» (+) «Несі ұнамды?» сұрағына жауап беретін  5 дәлел табыңыз. 

«Алу» (-) «Несі ұнамсыз?» сұрағына жауап беретін  5 дәлел мен ойға мысалдар келтіріңіз. 

«?» 

«Несі қызық?» сұрағына жауап беретін дәлелдер мен ойларды дәлелдеңіз. 



 

«Қосу» (+) «Несі ұнамды?»  «Алу» (-) «Несі ұнамсыз?»  «?» - «Несі қызық?» 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж3  Шығармадағы  көркемдегіш  және  стилистикалық  құралдардың  ерекшеліктерін  

ажыратады, өз пікірін басқа пікірмен байланыстырады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Берілген мәтіндерге ортақ стилистикалық ерекшеліктерді  анықтай алады, өз көзқарасын 

басқалардың көзқарасымен байланыстыруды біледі. 

 

 



Тапсырма 

 

Төмендегі кейіпкерлерді  оқиға желісі,  сезім, құндылықтар мен  жазушының  тіл 



шеберлігіне талдау жасай отыра  баға беріп,  кейіпкер табиғатын аша түс.  

 

 



 

40 


Қоңырқұлжа, Зейнеп, Шыңғыс 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



 

Сейтен, Ожар, Таймас 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



 

Наурызбай, Ақбөкен, Байтабын 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



 

Кенесары мен Күнімжан 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



 

 

 



 

 

 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж5 Өз пікірін білдіре отырып, шығармадағы   ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін 

әдебиет қайраткерлері берген бағамен салыстырады, суреттейді. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Мәселелерді анықтап, себебін мазмұны бойынша аргументтер келтіре отырып жаза  

алады, романдағы құндылықтарға  өзіндік баға бере алады. 

 

 



Тапсырма 

«Қаһар» романы бойынша  мына  4 тақырыптың бірін таңдап эссе жазыңыз.  

Қаһар романындағы әйел тағдыры 

Төрелер мен сұлтандар арасындағы қарым-қатынас 

Романдағы салт-дәстүрлер 

Кенесары - ұлт-азаттық күрестің батыл қайраткері 

 

 

 

 

41 


 

Бөлім 

І. Есенберлин «Қаһар» романы 

 

 

Оқу мақсаты   

Т/Ж4 Прозалық, драмалық шығармадан, поэзиядан кең көлемді өлең, үзінділерді мәнерлеп  

жатқа  айтады. 

 

Жетістік критерийлері 

Үзіндінің тақырыбы мен идеясын анықтай алады, әдеби көркемдегіш құралдарды  

түсінеді, үзіндіні мәнерлеп жатқа айта алады. 

 

Тапсырма 

Үзіндіні оқып шығып, төмендегі кестені толтырыңыз. 

 

"Күнімжан  биыл  жиырма  алтыға  шыққан.  Оймақ  ауыз,  құмай  көз,  қара  торының 



сұлуы.  Екі  бала  тапқанына  қарамастан,  сұңғақ  бойына  жарасқан  тіп-тік  қос 

жұмырықтай  қос  анары  алтын  жамбылы  алқасын  тырсылдата  керіп,  аш  белі  үзіліп 

кетердей  талып,  мықынынан  төменгі  бура  санды  бөксесін  мейлінше  айқындап  тұр. 

Үстінде шытырма ақ жібек көйлек, көгілдір торқа оқалы қамзол, оның сыртынан шетін 

құндызбен әдіптеген дүрия қызыл шапан, басында ақ меруерт өрген, алтын теңгелері 

көзіне түсе салбыраған қызыл барқыт сәукеле. Сыртынан ақ торғын шәліні көмілдіре 

жамылған.  Құлағына  таққан  үш  буынды  сырғалары  мен  арқасына  төгіле  түскен 

тоқпақтай қалың шашының ұшындағы төрт қатар шолпысы патшаның кілең бір сомдық 

алтын ақшасынан қиыстырылған. Батырдың алдында өзін-өзі қымсынбай ұстауы, былқ-

сылқ басып қасына бұрала келуі, ерке бәйбіше екенін аңғартады. Расында да «жазығы 

қатын  демесең,  қыздан  артық  салдығы»  деп  Жүсіп  қожа  ақын  айтқандай,  Күнімжан 

Кенесарыға  ақылымен  де,  сұлулығымен  де  әбден  ұнаған  әйелі.  Шыққан  төркіні  де 

Қасым төреден салтанаты мен байлығы кем емес, арғынның шонжарларының бірі әлке 

Байдалы тұқымы...." 



Наурызбай:  "Бұл  жиырма  екіге  жаңа  шыққан  келбетті  жігіт.  Бір  әке,  бір  шешеден 

туса  да,  бітімі  Кенесарыға  мүлде  ұқсамайды.  Сұңғақ  бойлы,  екі  иығына  екі  кісі 

мінгендей  құлаш  жаурын,  тіп-тік  келген,  ат  жақты,  екі  бетінен  қаны  тамған  аққұба 

түсті.  Мұрын,  көз,  қас-қабақтары  қазақ  жігіттерінікінен  көрі  мол  пішілген,  танадай 

жалтыраған  сопақтау  келген  үлкен  қоңыр  көздері  адамға  ілтипатпен  қарайды. 

Қызылды-жасылды меруерт өрілген айдары самай тұсынан салбырап түсіп тұр. Жаңа 

тебіндеп келе жатқан қоңыр мұртты. Басында қызыл барқытпен тыстаған құндыз бөркі, 

үстінде  құйыршықтары  мен  тырнақты  аяқтары  салбыраған  қара  қасқа  күзен  ішік. 

Ішігінің  жағасына,  жеңіне,  шетіне  қара  қоңыр  құндыз  ұстаған.  Беліндегі  күміс 

белбеуіне былғары қынды селебе таққан. 

Наурызбай ұрысқа да осы киімімен шығатын. Білегіне дейін сыбанып түріп алған оң 

қолында бауыры қорғасын, бес батпан зілдей ауыр қара найзасын тудай көтере ұстап, 

астындағы  сарғылт  қылшықты  ақбоз  атын  ойнақтата  «Абылайлап!»  шапқанда,  жан 

қарсы келе алмайтын. Және зілдей қара найзамен ешкімді қос қолдап шаншып көрген 

емес.  Оң  қолында  төрт  жігіттің  күші  бар  дейтін  жұрт.  Наурызбай  асқан  найзагер, 

заманында бұл соғыс қаруынан өзіне пара-пар келетін жан кездестірмеген. Және жауға 

шапқанда қабағы қарс жабылып, жүзінде ерекше қаһар пайда болатын. Ал жайшылықта 

Наурызбайдан ақ жарқын жан жоқ." 

  

 

 



42 

«Қаһар» романы 

 

І үзінді 



ІІ үзінді 

Идеясы 


 

 

Тақырыбы 



 

 

Әдеби көркемдегіш құралдар 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

43 


4-

тоқсан 

 

 



Бөлім 

Әзілхан Нұршайықов  «Махаббат қызық мол жылдар» романы 

 

 

Оқу мақсаты  

АИ1Ұсынылған шығарманың тақырыбы мен мазмұнына  анализ  жасайды. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Шығарманың тақырыбы мен идеясын толық біледі, шығармаға толық анализ жасай алады. 

 

 

Тапсырма  

Соло таксономиясы бойынша  «Махаббат,  қызық мол жылдар» романын   талдайды.    

А) Ерболдың  соғыстан қайтуы 

В) Салиманың тағдыры 

С) Меңтайдың мінезі 

Д) Ерболдың Бүркітбаймен кездесуі 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бөлім 

Әзілхан Нұршайықов  «Махаббат қызық мол жылдар» романы 

 

 

Оқу мақсаты  

АИ2  Көркем  шығармалардағы  автор  көзқарасын    және  кейіпкердің  көңіл-күй 

психологиялық өзгерісінің  себептерін дәлелдейді. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Кейіпкерлердің психологиялық жағдайын нақты дәлелдермен сипаттай алады, табиғат 

суреттемелерінің адам мінезін ашудағы маңыздылығын түсінеді. 

 

Тапсырма  

«Мәселе мен жағдайдың  төркіні» кестесін толтырыңыз.  

Сұрақ  


Ербол 

Меңтай 


Кім қызығушы тарап 

болып табылады? 

 

 

Әрбір қызығушы 



тараптардың көзқарасы 

қандай? 


 

 

Сипатта 



Түсіндір  

Жалпы 


бағала 

44 


Осы көзқарастардың 

ұйғарымдары қандай? 

 

 

Осы көзқарастардың 



салдары қандай? 

 

 



 

 

 



 

Бөлім 

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» романы 

 

 

Оқу мақсаты  

Т/Ж7  Әр  түрлі  жағдайда  және  топта  түрлі  пікір,  идеялармен  келісіп  не  келіспеу 

барысында спикер ретінде шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Шығарма  авторының  философиялық  ойын  түсінеді,  өмірден  нақты  мысалдар  келтіре 

отырып, тыңдаушыға өз ойын мақұлдата алады. 

 

 



Тапсырма  

https://www.youtube.com/watch?v=V3WaDa7wvPc

 

сілтемедегі  Ә.Нұршайықовтың   өмірі 

жайлы  деректі фильммен танысыңыз. 

  

Оқушылар,   осы фильмдегі  жазушының өмірлік  жолы неліктен «Махаббат, қызық мол 

жылдар »   шығармасын  жазуға алып келді?  (Өз ойыңызды 5 түрлі дәлелмен  білдіріңіз) 

1.   


2.   

3.   


4.   

 

 



 

 

Бөлім 

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» романы 

 

 

Оқу мақсаты  

АИ4  Қазақ  әдебиетіндегі  шығарма    тақырыбы  мен  мазмұнын    оқиды,  әлем  әдебиеті 

үлгілерімен салыстырады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Берілген шығарманы салыстыра алады, ерекшеліктерін тиімді жеткізе алады. 

 

Тапсырма  

«Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген пікірге қатысты Ербол қандай көзқарас білдірді. 

Оның бойында қандай құндылық бар деп ойлайсыз? Өз көзқарасыңызды жаһандану 

заманындағы  ер-азаматтардың құндылықтарымен салыстыра отырып  білдіріңіз. 

 

45 


 

 

 



Бөлім 

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» романы 

 

 

Оқу мақсаты  

АИ5 Автордың негізгі ойын  сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман  көрінісін 

түсінеді. 

 

 



Жетістік критерийлері 

Автор көзқарасы мен заман мәселелерін байланыстыра алады. 

 

Тапсырма  

Кестені толтырыңыз. 



4-

топ. 

         

Саған  дегенде  менің  жүрегімнің  салқын  болғаны 

рас.  Сен  күткен  орын  онда  болған  жоқ.  Ал  қазір  менің 

жүрегім  Күн  қайта  оралған  кездегі  көктемгі  қар  секілді. 

Онда  бәрі  еріп  жатыр,  түкпір-түкпірінде  сылдырап  ақ 

бұлақтар  ағады,  жағасында  жасыл  құрақ  желкілдеп 

төрінде  қызғалдақтар  құлпырады,  жағасында  жасыл 

құрақ желкілдеп, төрінде қызғалдақтар құлпырады. Мен 

одан  бұлбұлдың  сайрағанын,  құрлардың  құрқылдап 

ойнағанын,  алыстан  әупілдеп  еліктің  шақырғанын 

естимін, өйткені менің жүрегімнен мұз еріді, тоң жібіді. 

Мен  қазір  әйел  махаббатының  құдіретіне  бас  иіп 

жатырмын.    

Кімнің 

сөзі? 


Қашан 

айтты? 


Неге айтты? 

Неге 


бұрын 

олай 


айтпады? 

Сенің 


ойыңша 

осы 


сөздерден  кейін  әйел  тірі 

қалса,  оқиға  қалай  болар 

еді? 

Осы  цитатаны  оқығанда 



сізде  қандай  сезімдер 

болды? 


Әйел  осы  сөздерге  лайық 

па? 


Неге?  

5-

топ.  

         

Өмір  деген  бір  жұмбақ  құбылыс  қой.  Мен  бұл 

туралы  көп  ойладым,  көп  толғандым,  бірақ  күн  өткен 

сайын бұл маған тіптен түсініксіз бола түскен. Біз бәріміз 

неге  оған  сонша  құлай  береміз.  Шындығында  біз  өліп-

өшіп  сүйген  өміріміз  –  әншейін  бір  ойын  емес  пе,  ол 

ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар? Өмір сүру 

атымен  ғұмыр    бойы  ит  болып  еңбек  етесің,  жаныңды 

шүберекке  тиіп    тәуекелге  барасың,  бұның  ортасында, 

қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар. Осы 

да  қызық  па?  Осы  да  өмір  ме?  Жоқ  өмір  сүру  –  тозақ. 

Туғаннан  өлгенге  дейін.Өйткені  адам  жылап  туады, 

жылап  өледі.  Сөйте  тұра  ешкім  өз  еркімен  өлгісі 

келмейді. Егер көзіңді ашып қарасаң мұндай ит тірліктен 

өлім әлдеқайда артық қой. Жоқ, біз бәрібір өмірді жақсы 

көріп,  өлімге  нәлет  айтамыз.  Бұны  қалай  түсінеміз  өзі? 

Бұл неткен жұмбақ сонда? 

Кімнің сөзі? 

Қай  кезде  айтты?  Неге 

олай 

айтты? 


Қандай 

қиындықтарға тап болды? 

Кейіпкердің 

ойымен 


келісесің бе? 

Кейіпкердің 

орнында 

болсаң, сенің өмір туралы 

пікірің қандай болар еді? 

 

 



 

46 


 

Бөлім 

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» романы 

 

Оқу мақсаты  

Т/Ж5  Өз пікірін білдіре отырып, шығармадағы   ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін 

әдебиет қайраткерлері берген бағамен салыстырады, суреттейді. 

 

Жетістік критерийлері 

Құндылық  деген  ұғымды  сипаттай  алады,  кейіпкерлердің  құндылыққа  деген  түрлі 

көзқарастарын салыстыра алады. 

 

Тапсырма  

Шығарма желісі бойынша сахналаңыз. 

Ерболдың  аудиторияға кірген сәті 

Меңтай мен Ербол арасындағы  достық 

Қазақ  жастарының арасындағы достық 

Ерболдың  қызметке орналасуы 

Әр топ  тарау бойынша өзіне қажетті  мәліметті алып, оны сахналауға қолданыңыз. 

 

 



 

 

47 



 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

 

БС2  Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады. 



 

 

Жетістік критерийлері 

Шығарманың мазмұны мен тақырыбын салыстыра алады, көтерілген мәселелерге өзіндік 

пікірін білдіре алады. 

• 

Құндылықтарға деген  өз көзқарасын жеткізеді. 



•   

Тапсырма  

Топтық жұмыс. 

1-

топ.Ситка Чарли 



2-

топ. Пассук 

3-

топ. Ұзынтұра Джефф 



Негізгі оқиға 

Кейікерлер сезімі 

Құндылықтар 

Жазушы шеберлігі 

Оқырман сезімі 

 

 



 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

Т/Ж7  Әр  түрлі  жағдайда  және  топта  түрлі  пікір,  идеялармен  келісіп  не  келіспеу 

барысында спикер ретінде шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Шығарма  авторының  философиялық  ойын  түсінеді,  өмірден  нақты  мысалдар  келтіре 

отырып, тыңдаушыға өз ойын мақұлдата алады. 

 

 



Тапсырма  

«Әйел қырық жанды» повесінің сюжеттік желісін    суретпен жеткізіңіз.  



Ситка Чарлидің  Пассукке сезімін білдіруі 

Саған дегенде менің жүрегімнің салқын болғаны рас. Сен күткен орын онда болған жоқ. 

Ал  қазір  менің  жүрегім  Күн  қайта  оралған  кездегі  көктемгі  қар  секілді.  Онда  бәрі  еріп 

жатыр, түкпір-түкпірінде сылдырап ақ бұлақтар ағады, жағасында жасыл құрақ желкілдеп 

төрінде  қызғалдақтар  құлпырады,  жағасында  жасыл  құрақ  желкілдеп,  төрінде 

қызғалдақтар  құлпырады.  Мен  одан  бұлбұлдың  сайрағанын,  құрлардың  құрқылдап 

ойнағанын, алыстан әупілдеп еліктің шақырғанын естимін, өйткені менің жүрегімнен мұз 

еріді, тоң жібіді. Мен қазір әйел махаббатының құдіретіне бас иіп жатырмын 

Ал,  сіз Ситка Чарлидің орнында болсаңыз өз махаббатыңызды қандай  символдық 

бейнемен  жеткізер едіңіз? 

48 


 

 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

АИ4  Қазақ  әдебиетіндегі  шығарма    тақырыбы  мен  мазмұнын    оқиды,  әлем  әдебиеті 

үлгілерімен салыстырады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Берілген шығарманы салыстыра алады, ерекшеліктерін тиімді жеткізе алады. 

 

 

Тапсырма  

Әңгіменің  түпнұсқасымен  жұмыс.  «Әйел  қырық  жанды»  повесіндегі  кейіпкерлердің 

сипаттамасы  мен  мінезін  тауып  алыңыз.  Төмендегі  кестеге  сәйкес  көркемдегіш 

құралдарды орналастырыңыз.  

 

Теңеу  


Эпитет 

Кейіптеу 

 

 

 



 

 

 



 

 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

БС2 Шығарманың тақырыбы мен мазмұнын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Шығарманың мазмұны мен тақырыбын салыстыра алады, көтерілген мәселелерге өзіндік 

пікірін білдіре алады, құндылықтарға деген  өз көзқарасын жеткізеді. 

 

 



Тапсырма  

«Әйел қырық жанды» повесін  оқығаннан кейінгі пікіріңіз.  

«Қосу» (+) «Несі ұнамды?» сұрағына жауап беретін  5 дәлел табыңыз. 

«Алу» (-) «Несі ұнамсыз?» сұрағына жауап беретін  5 дәлел мен ойға мысалдар келтіріңіз. 

«?» - 

«Несі қызық?» сұрағына жауап беретін дәлелдер мен ойларды дәлелдеңіз. 



«Қосу» (+) «Несі ұнамды?»  «Алу» (-) «Несі ұнамсыз?»  «?» - «Несі қызық?» 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



49 

 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

АИ1Ұсынылған шығарманың тақырыбы мен мазмұнына  анализ  жасайды. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Шығармаларда көтерілген мәселелерге өзіндік пікірін білдіре алады. 

 

 

Тапсырма  

Төмендегі кейіпкерлерді  оқиға желісі,  сезім, құндылықтар мен  жазушының  тіл 

шеберлігіне талдау жасай отыра  баға беріп,  кейіпкер табиғатын аша түсіңіз.  

 

Пассук 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



Ситка Чарли 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



Ұзынтұра Джефф 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



Пассуктің ағасы 

• 

Негізгі оқиға 



• 

Кейікерлер сезімі 

• 

Құндылықтар 



• 

Жазушы шеберлігі 

• 

Оқырман сезімі 



 

 

 



 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

Т/Ж7  Әр  түрлі  жағдайда  және  топта  түрлі  пікір,  идеялармен  келісіп  не  келіспеу 

барысында спикер ретінде шешен, тапқыр, ұтымды сөздерді қолданады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Шығарма  авторының  философиялық  ойын  түсінеді,  өмірден  нақты  мысалдар  келтіре 

отырып, тыңдаушыға өз ойын мақұлдата алады. 

 

 



Тапсырма  

Әйел қырық жанды»  романы бойынша  эссе жазыңыз.  

Пассуктің  бойындағы  әйел махаббаты мен адалдығын  қазіргі замандағы  әйел 

махаббатымен салыстыра отырып жазыңыз.   

 

 

50 



 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

АИ3 Көркем шығармадағы автордың тілдік ерекшеліктерін жанрлық сипатына қарай 

анықтайды. 

 

 



Жетістік критерийлері 

Кейіпкер портретін аша алады, көркем сөзді қолданып  көркем әдеби стилін сақтайды. 

 

 

Тапсырма  

«Қаһар» романынан  бір сұлу  қыз  және батыр азаматты таңдап алып,  автордың 

портреттеу шеберлігіне еліктей отырып өз сөзіңізбен  көркем  жазып беріңіз. 

 

 



 

Бөлім 

Әлем әдебиеті, Д.Лондон «Әйел қырық жанды» 

 

 

Оқу мақсаты  

Т/Ж4 Прозалық, драмалық шығармадан, поэзиядан кең көлемді өлең, үзінділерді мәнерлеп  

жатқа  айтады. 

 

 

Жетістік критерийлері 

Үзіндінің тақырыбы мен идеясын анықтай алады, әдеби көркемдегіш құралдарды  

түсінеді, үзіндіні мәнерлеп жатқа айта алады. 

 

 



Тапсырма  

Мәтінді оқып шығып, төмендегі кестені толтырыңыз. 

Өмір деген бір жұмбақ құбылыс қой. Мен бұл туралы көп ойладым, көп толғандым, бірақ 

күн өткен сайын бұл маған тіптен түсініксіз бола түскен. Біз бәріміз неге оған сонша құлай 

береміз.  Шындығында  біз  өліп-өшіп  сүйген  өміріміз  –  әншейін  бір  ойын  емес  пе,  ол 

ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар? Өмір сүру атымен ғұмыр  бойы ит болып 

еңбек  етесің,  жаныңды  шүберекке  тиіп    тәуекелге  барасың,  бұның  ортасында,  қаншама 

қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар. Осы да қызық па? Осы да өмір ме? Жоқ өмір 

сүру – тозақ. Туғаннан өлгенге дейін.Өйткені адам жылап туады, жылап өледі. Сөйте тұра 

ешкім  өз  еркімен  өлгісі  келмейді.  Егер  көзіңді  ашып  қарасаң  мұндай  ит  тірліктен  өлім 

әлдеқайда  артық  қой.  Жоқ,  біз  бәрібір  өмірді  жақсы  көріп,  өлімге  нәлет  айтамыз.  Бұны 

қалай түсінеміз өзі? Бұл неткен жұмбақ сонда? 

Сипаты 

Мазмұны 


Идеясы 

 

Тақырыбы 



 

Әдеби көркемдегіш құралдар 



 

 

51 



 

52 

Document Outline

  • 1-тоқсан
  • 2-тоқсан
  • 3-тоқсан
  • 4-тоқсан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет