Астрономия Мазмұны


Ғарыштық қызметтің ішкі аймақтық нарықтары мен қатысушылары



бет8/12
Дата23.10.2016
өлшемі0,69 Mb.
#11
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



Ғарыштық қызметтің ішкі аймақтық нарықтары мен қатысушылары



Ғарыш нарығы дамуының тағы басқа ерекше үрдісі оның қатысушылар санын белсенді түрде арттыру болып табылады. Ғарыш нарығы қатысушыларының бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін зерделеу мақсатында ғарыштық клуб құрылымын қарастыру және нарықтағы бәсекеге қабілетті ірі ойыншыларының ғарыштық бағдарламасын дамыту және жүзеге асыру спецификасын анықтау қажет болып отыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде ғарыш нарығы монополиядан олигополияға және жетілген бәсекелестікке дейінгі сара жолдан өтті, бұл туралы 1990-шы жылдардың өзінде нарық қатысушылары санының күрт өсуі растап отыр. Өткен онжылдық ішінде әлемдік ғарыш нарығының дамуы шынтуайтында әлемнің барлық аймақтарын қамтыды, және-де жаңа ғарыштық бағдарламалар әзірлеу, ғарыштық қызметке жаңа мемлекеттердің кіруі және, соның нәтижесі ретінде, бәсекелестіктің табиғи күшеюі космонавтиканың коммерциялық потенциалын арттырып, жаңа технологиялық әзірлемелерді дамыта отырып және оларды қолданудың жаңа салаларын аша отырып, оның дамуын біршама дәрежеде ынталандырады. Euroconsult 2007 жылға арналған талдамалық есеп деректері бойынша ғарыштық қызметке белгілі бір шамада 79 мемлекет қатысқан. Сондай-ақ бұлардың ішінен өздерінің ұлттық ғарыштық (азаматтық және әскери) бағдарламаларын белсенді әрі мақсатқа лайық дамытып отырған, меншікті ғарыштық аппараттары бар, коммерциялық негізде белгілі бір ғарыштық қызметтер көрсететін, халықаралық ғарыштық жобаларға белсенді түрде ат салысатын 30 мемлекетті ерекше атауға болады. Жалпы бұл мемлекеттер ғарыш нарығының жоғары бәсекеге қабілетті ойыншылар тобын құрайды. Бұл қатысушыларды географиялық орналасуы бойынша саралап жіктеу мүмкін болып отыр: Солтүстік Америка (АҚШ, Канада), Латын Америкасы (Бразилия, Аргентина), Батыс Еуропа (Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания, Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария), Орталық Еуразия (Ресей, Украина), Таяу Шығыс және Африка (Израиль), Азия (Жапония, Үндістан, Қытай, Австралия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, Вьетнам). Қалған 49 мемлекетті сарапшылар дамушы және тұтастай алғанда ғарыштық қызметі дамудың бастапқы сатысында болғандықтан, не болмаса ғарыштық бағдарламаларын қаржыландыру аз және дамымағандықтан немесе саланың енді ғана қалыптасуынан, не болмаса басталған жобалары талдау жүргізілген сәтте аяқталмай қалуы және т.б. себептермен бәсекеге қабілеттілігі аз мемлекеттер қатарына жатқызып отыр. Бұл топқа келесі географиялық аймақтарда орналасқан елдер жатады: Латын Америкасы (Чили, Мексика, Перу, Венесуэла), Батыс Еуропа (Люксембург, Греция), Орталық Еуразия (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Чехия, Эстония, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Польша, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Өзбекстан), Таяу Шығыс және Африка (Алжир, Египет, Иран, Кот-д’Ивуар, Кения, Ливия, Марокко, Намибия, Нигерия, Сауд Аравиясы, ОАР, Тунис, Түркия, БАӘ), Азия (Бангладеш, Камбоджа, Фиджи, Индонезия, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Непал, КХДР, Пәкістан, Филиппины, Сингапур, Шри-Ланка, Вануату).



2.4. Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары



Ғарыштық қызмет саласы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым секторы болып саналады. «Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті дамыту» - 2010-2014 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтсек.



«KazSat-3» ғарыш аппаратын әзірлеу жобасы халықаралық Ле Бурже (Франция, Париж қаласы) авиациялық ғарыштық салонында академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ ресейлік компаниясы мен Ғарыштық байланыс республикалық орталығы арасындағы келісім-шартқа қол қою нәтижесінде өмірге келген болатын. Келісім-шарт ережесіне сәйкес ресейлік компания басты орындаушы да, ал Thales Alenia Space еуропалық компаниясы оның әріптесі ретінде белгіленген. «KazSat-3» ғарыш аппаратын 2013 жылдың соңына таман ұшыру көзделген. Бұдан басқа, Алматы облысының Іле ауданы аумағында ғарыштық аппараттарды жерден басқару резервтік кешені салынып жатса, ол 2012 жылдың басында іске қосылады деп күтілуде.



Жерді арақашықтықтан зондтау жүйесіне арналған жобаның құрылысы да басталды. «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағының аумағында 30 гектар жерге ғарыштық аппараттарды жинақтау-сынақтан өткізу кешені құрылысы жүргізілуде. «Ғалам» ЖШС негізінде қазақ-француз бірлескен кәсіпорны құрылып, франциялық «EADS Astrum» компаниясы тарапынан қажетті құрал-жабдықтар қойылуы бойынша келісім де жасалды. Ғарыштық аппараттарды жобалау, жинау және сынақтан өткізуде тәжірибе жинақтау үшін 24 қазақстандық инженер франциялық кәсіпорынға жіберілді. Сонымен, Ақмола мен Алматы облыстарында 10 дифференциалды стансалар және мобильді дифференциялды станса, сондай-ақ Астана қаласында Өңірлік орталықты іске қосу қолға алынды.



«Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағында «Бәйтерек» зымыран ұшыру кешенін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі қазір Экономикалық даму және сауда министрлігінде екені белгілі болды. Оның құны 223 миллион доллардан 1 миллиард 248 миллион долларға дейін артқан. Сондай-ақ еліміздің «Днепр» және «Зенит» ғарыштық зымыран кешені жобасына қатысатыны да белгілі болды. Ал «Зенит» зымыран ұшырғышы бойынша «Наземный старт» жобасына Қазақстанның Ресеймен және Украинамен бірге қатысуы бойынша жұмыс тобы құрылып, осы мәселе жан-жақты пысықталуда. Ғарыш мамандарын даярлауға еліміздің 5 жоғары оқу орны жұмылдырылып отыр. «Болашақ» халықаралық бағдарламасына сәйкес Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Канада және Қытайда 9 мамандық бойынша 58 қазақстандық студент білім алуда. Байқоңыр қаласындағы «Восход» Мәскеу авиация институтының филиалында 205 Қазақстан азаматы оқуда. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қазіргі кезде туындап отырған әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу жолдары, «KazSat-2» жер серігін тиімді пайдалану, әсіресе, халыққа қызмет көрсетуде оның бағасын төмендету; ғарыш саласындағы ғылыми орталықтарды жаңғырту, мақсатты қаражаттарды қарастыру, осы салада еңбектенетін мамандарды дайындау мәселелері өткір саналады. Қазір Мәжілісте талқыланып жатқан «Ғарыш қызметі туралы» заң жобасын жан-жақты пысықтап, жылдың аяғына дейін қабылдауға күш салатын болады». Қазақстанның ғарыш саласындағы үлесі. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бірқатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерттеулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыштық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласындағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді.


Каталог: wp-content -> files
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Ілияс жансүгіров
files -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Мерекелер мен атаулы күндер Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
files -> Өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады
files -> Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар
files -> Мәдениеттану
files -> Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады
files -> Шымкент қаласы туралы ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет