Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар


ІІ тақырып. Оттегі топшасы. Химиялық реакция жүруінің негізгі заңдылықтары



бет7/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#95310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
ІІ тақырып. Оттегі топшасы. Химиялық реакция жүруінің негізгі заңдылықтары
Жұмыс 1. Оттегі. Күкірт. Күкірт қышқылы
І нұсқа

  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің оттегімен Б) күкірттің литиймен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі магниймен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі кальций оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі барий гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)
2. Оттегі мен азонның молекулалық құрылысы мен қасиетін салыстырыңдар. Аллотропияның бар екенін түсіндіріңдер.
3. Пробирканың біреуінде натрий сульфатының ерітіндісі бар, ал екіншісінде күкірт қышқылының ерітіндісі бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.
ІІ нұсқа



  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің алюминиймен Б) күкірттің көміртегімен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі мырышпен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі магний оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі мысгидроксидімен (молекулалық және иондық формада)



  1. Табиғатта күкірт қандай түрінде кездеседі? Оны қолданудың негізі облысын сипаттаңдар

  2. Пробирканың біреуінде күкірт қышқылы бар, ал екіншісінде тұз қышқылы. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.



ІІІ нұсқа



  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің сутегімен Б) күкірттің мырышпен(элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі темірмен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі мыс (ІІ) оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі натрий гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)

  1. Оттегі мен күкірт-химиялық элементтерін, түзетін жай заттардың атауларын жазыңдар. Бұл құбылысты түсіндір.

  2. Пробирканың біреуінде калий сульфаты бар, ал екіншісінде тұз қышқылы. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.



ІVнұсқа

  1. Әрекеттесетін реакция теңдеуін жазыңдар:

А) күкірттің натриймен Б) күкірттің фтормен (элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар)
В) күкірт қышқылының ерітіндісі алюминиймен
Г ) күкірт қышқылының ерітіндісі темір (ІІІ) оксидімен
Д) күкірт қышқылының ерітіндісі кальций гидроксидімен (молекулалық және иондық формада)

  1. Күкірт қышқылының өнеркәсіпте және ауылшаруашылығында қолданылуының негізгі облысын сипаттаңдар.

  2. Пробирканың біреуінде натрий хлоридінің ерітіндісі, ал екіншісінде натрий сульфаты бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады. Сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет