Ата-аналар жиналысы Күн тәртібі


Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы



бет4/4
Дата26.12.2021
өлшемі30,74 Kb.
#105928
1   2   3   4
Байланысты:
ата аналар жиналысы Буденова С
Ежелгі дүние тарихы ДО, Ежелгі дүние тарихы ДО, социология СӨЖ УиА К1 Тәуекел Гауһар. (копия)
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы

Бала тәрбиесінің негізі-оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ-бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана-баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.

Тәрбие дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, соған сай мінез-құлық қалыптастыру. 

Бала тәрбиесі-баршаға ортақ. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата-ана мен мұғалімнің басты міндеті. «Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс»,-деп В.Г.Белинский айтқандай, тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды. Әрбір ата-ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады. Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөз соның айғағы. Саналы тәрбие, сапалы білім баланың ертеңіне даңғыл жол ашады. Адам өмірінің алтын бесігі-мектеп қабырғасында өткен жылдар. Бұнда бала жаңа өмірдің заңдылықтарын үйренеді. Мектеп ұжымына ата- ананы көмегі ауадай қажет. Мектеп пен ата-ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса, бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз-бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы. Оқушы - мұғалім, оқушы - ата - ана, мұғалім - ата - ана - адамгершілікке бағытталған тұлғааралық қатынасты қалыптастыруға күш салатын үштік одақ. Ата-ана мектеппен байланысын күшейтуі арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы жетістікке қол жеткізе алатыны ақиқат. Ата-ана мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынасынан біз тамаша нәтиже күтеміз. Бар әдемілік пен әдептілікті бойына  жинаған, халықтық тәрбиемен сусындаған, өз отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі қалыптасқан  жеке тұлға қалыптастыра аламыз.

Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықпен тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады.




  • 2 -

Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:

  • ақпараттық;

  • тәрбиелік-дамытушылық;

  • қалыптастырушылық;

  • қорғау-сауықтырушылық;

  • бақылаушылық;

  • тұрмыстық.

Аталған өзара әрекеттің міндеттері:

  • ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;

  • ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;

  • бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.

Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары:

  • отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу;

  • отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;

  • олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.

Ата - аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары:

  • ата- аналар жиналысы;

  • жалпы сыныптық және жалпы мектепішілік конференциялар;

  • ұстаздың жеке  ақыл-кеңесі, әңгімесі;

  • оқушылардың үйін аралау;

  • ата - аналар университеті;

  • ашық есік күні.

Ата - аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары:

  • тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме;

  • ата-аналар оқуы;

  • ата-аналар кеші;

  • ата- аналар тренингі.

Қазіргі заманымыз өркендеп дамыған дәуірде еліміздің туын желбіретіп, көкке көтерер жас ұрпағымызды тәрбиелеуде мектептің орны ерекше. Дегенмен, дана халқымыз айтқандай «Отан - отбасынан басталады», «Тәрбие - тал бесіктен» екендігіне ешкім де шек келтірмейді. Себебі, барлық бала тәрбиесінің бастауы отбасында. Балаға ең бірінші тәрбие беріп, тұлға етіп қалыптастырушы ата-ана. Мектептің міндеті - ата-аналармен тығыз байланыста бола отырып, балаларды біріге отырып тәрбиелеу. Ата-аналарды баласының тәртібімен, сабақ үлгерімінен хабардар етіп отыру. Баланың

  • 3 -

мінез-құлқындағы немесе басқа да қиындықтарды бірлесе отырып жеңе білу. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру мұғалімнің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге мұғалім бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді. Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да мұғалімнің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата -аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет