Қақтығыстағы мінез-құлықтың негізгі стратегиялары



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата27.11.2022
өлшемі19,62 Mb.
#160007
1   2   3   4   5
Байланысты:
0 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті

1
2
3
Конфликтіде үшінші жақтың іс-
әрекетінің нәтижелі болуына
ықпал ететін бірқатар
факторлар бар:
негізгі фактор болып екі жақтың да
бірлескен жұмысқа ынталануы,
делдалдың пікірін ескеруге, олар
ұсынған шешімді қабылдауға әзірлігі
табылады;
медиацияның тиімділігі үшінші
жақтың іс-әрекет сипаттарының
ерекшеліктерімен анықталады;
үшінші жақтың әрекеттеріндегі
табандылық қатысушылардың
алауыздығы олар үшін принципті
мәселелермен байланысты
болғанда және конфликтінің
шиеленісушілігі ерекше жоғары
болғанда нәтижелі болады (Кохен,
1978; Колб, 1983);


конфликтінің шиеленісу дәрежесі;
конфликтінің ұзақтығы. Ұзақ созылатын конфликтілерді реттеу жылдам
өтетіндерге қарағанда қиынырақ.
жақтардың арақатынастарының сипаты. Өзара қатынастар неғұрлым
күрделі, шиеленісті болса, делдалдық соғұрлым аз тиімді болады;


1. Бірлескен кездесуде кезектесіп тыңдау тактикасы.
Жақтардың ажырауы мүмкін емес болғанда, өткір
конфликт кезеңінде ситуацияларды анықтау және
ұсыныстарды тыңдау үшін қолданылады.
2. Ымыраласу. Оның спецификасы мынада: делдал екі
жақтың да қатысуымен келіссөздерді ұзақ уақыт
жүргізуге талпынады. Бұл кезде келісімді шешімдер
қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.
3. Челночтық дипломатия. Медиатр конфликтіге
түсуші жақтарды бөледі және келісімге келудің әр
түрлі аспектілерін қиыстыра отырып олардың
арасында үнемі жүріп тұрады.
Келіссөздер барысында медиатрдың
оппоненттермен өзара әрекеттесу
тактикалары әр түрлі болуы мүмкін:


Психологтың конфликтіні реттеуге байланысты іс-әрекеті тек медиациямен
ғана емес, сондай-ақ, қатысушыларға психодиагностика, кеңес беру және
писхотерапиялық жұмыс элементтерінен тұратын психологиялық көмек
көрсетумен сипатталады.
Қорытынды ретінде, конфликтіні шешу ситуацияны талдау мен бағалаудан,
конфликтіні шешу тәсілдерін таңдаудан, әрекеттердің операционалдық
құрамын қалыптастырудан, жоспарды іске асырудан және оны түзетуден,
әрекеттердің тиімділігін бағалаудан тұратын процесс болып табылатындығын
айтып өту қажет. Конфликтіні шешудің негізгі тәсілдері бақталастық,
ынтымақтастық, ымыраға келу (компромисс), бейімделу және проблеманы
шешуден кету болып табылады.


Конфликтіні іштей басқару көп сатылы процесс, ол ситуацияны талдау мен 
бағалаудан, конфликтіні аяқтау тәсілін таңдаудан, әрекеттер жоспарын
құрудан, оны іске асырудан, өз әрекеттерінің тиімділігін бағалаудан тұрады.
А.Я.Анцупов конфликтіні басқарудың алгоритімін келтіреді.


Аналитикалық кезең келесі мәселелер
бойынша ақпараттар жинау мен оған баға
беруден тұрады:
конфликтінің пәні (материалдық, әлеуметтік, бөлінетін немесе
бөлінбейтін);
қатысушы (ол туралы оның психологиялық ерекшеліктері
туралы жалпы мәліметтер; қатысушының басшылықпен
арақатынасы; өз рангін күшейтуге байланысты мүмкіндіктері;
оның мақсаттары, мүдделері, позициясы; оның талаптарының
құқықтық және адамгершіліктік негіздері; конфликтідегі
әрекеттері, жіберген қателіктері);
өзіндік позиция (мақсаттары, құндылықтары, мүдделері,
конфликтідегі әрекеттері; өз талаптарының құқықтық және
адамгершіліктік негіздері, олардың негізділігі мен дәлелдігі;
жіберген қателіктері мен оларды қатысушылар алдында
мойындау мүмкіндігі және т.б.);


конфликтіге алып келген себептер және тікелей сылтау;
әлеуметтік орта (ұйымдағы әлеуметтік топтағы ситуация; ұйым, оппонент
қандай міндеттерді шешеді, конфликт оларға қалай ықпал
етеді;қатысушылардың әрқайсысын кім және қалай қолдайды, конфликт
жөнінде олар не біледі;
қосымша рефлексия (субектінің өз қарсыласы конфликтілі ситуацияны
қалай қабылдайтындығы, өзін қалай қабылдайтындығы жөніндегі елесі,
колнфликт жөніндегі менің түсінігім және т.б.). Ақпарат көздері болып 
жеке бақылау, басшылық пен, бағынушылармен, ресми емес
лидерлермен, өз достарымен және конфликтіге қатысушылардың 
достарымен, конфликтінің куәгерлерімен әңгімелесу табылады.


құқықтық
нормалар;
Конфликтіні басқару процесіне
ықпал ететін факторларды
анықтаған жөн, әрі оларды 
қатысушылардың екі жағыда
мойындауы тиіс оларға мынылар
жатады:
адамгершілік
принциптері;
беделді тұлғалардың пікірі;
бұрын болған осы тәріздес мәселелерді шешу
прецеденттері.


Конфликтінің сәтті аяталуы конфликтіге қатысушы жақтардың осы процеске әсерін
тигізетін факторларды қалай ескеретіндігіне байланысты.Оларға мыналар жатады:
-мәселені талқылау үшін уақыттың болуы, позициялармен мүдделерді анықтау шешім 
жасау:
- үшінші жақ;
-күштердің теңдігі;
- мәдениет:
-құндылықтар бірлігі;
-тәжірибе;
- қатынас.


Әдебиеттер:
Вердербер Р., Вердербер К. Психология общения. – СПб: «Прайм-ЕВРОЗНАК», 2003. –
318 с.
Этика делового общения. Юнита 1. Для студентов Современного Гуманитарного
Университета. – М.: СГУ, 2002. – 88 с.
Психология и этика делового общения. Юнита 1. Теоретические основы психологии и
этики делового общения. Для студентов Современного Гуманитарного Университета.
– М.: СГУ, 2002. – 57 с.
Психология и этика делового общения. Юнита 2. Технологмческие аспекты
психологии и этики делового общения. Для студентов Современного Гуманитарного
Университета. – М.: СГУ, 2002. – 57 с.
Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник&

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет