Ақтөбе облыстық білім басқармасы Ақтөбе облыстық ғылыми -тәжірибелік орталығы



бет4/15
Дата21.12.2021
өлшемі399,88 Kb.
#104529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
00061254-02625ca6
Документ Microsoft Office Word, Документ Microsoft Office Word, 00061254-02625ca6, 00061254-02625ca6, pptx1548262649 (1), !ОШ доп СО Информатика 5кл каз, 1589521164, 1589521164, 332f37c92ad33a836058f376ebf7a4c1, inst kaz, Inzhenerli-pedagogika, Inzhenerli-pedagogika, Inzhenerli-pedagogika, тест
Сапалық есептер шығару

Берілген мөлшердегі ертінділерді дайындау

І Проценттік концентрациясы берілген ерітінді дайындау

Есеп: Кристаллогидраттар негізінде ертінділер дайындаған кезде оның құрамындағы суды ескере отырып есептеулер жүргізу керек.

Мысалы, мыс купоросын пайдаланып массасы 200г 0,08 мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайындау



  1. Алдымен қажетті сусыз мыс сульфатының массасын табамыз.

m (CuSO4) = 200×0,08=16

  1. Оған сәйкес мыс купоросының массасын есептейміз.

3.16г хг

CuSO4——— CuSO4×5Н2О

160г 250г

= х= =25(г)

3.Қосатын судың массасы

m(H2 O)=200-250 = 175г немесе 175 мл (судың тығыздығын 1г/мл деп аламыз)

Қажетті ертіндіні дайындау үшін 25 г мыс купоросын таразыға өлшеп алып , оны 175 мл суда ерітеміз.

6 – есеп: ІІ Концентрлі ерітіндіден сұйытылған ерітінді дайындау.

Концентрлі күкірт қышқылынан (96 % H2SO4) оның 500 мл 10 %ерітіндісін дайындау.

1.Анықтамалық кестелерден күкірт қышқылының сулы ерітінділерінің тығыздықтары мен оларға сәйкес концентрацияларын табамыз.

Мысалы , анықтамалық кестелер бойынша 96 % H2SO4 ертіндісінің тығыздығы 1,836 г/см3

2.Көлемі 500мл 10% ерітінді дайындау үшін есептеу жүргіземіз

Ертіндінің массасын табу

m(ерітінді) = V ерітінді× 500мл × 1,066 г/ мл =533г

Ондағы сусыз H2SO4 массасы

533 г——100% х= =55,3г

хг——10 %


17

Құрамында 53,3 г H2SO4 болатын концентрлі ерітіндінің массасы

100г —— 96г х= =55,3

хг ——53,3г

Оның көлемі

V= = ==30,23г

3) Шамамен 450 мл суға концентрлі ертіндінің есептелген көлемін 30,23 мл аз – аздан араластыра отырып қосамыз. Ерітінді бөлме температурасына дейін суыған соң оның көлемі 500мл дейін жеткенше дистильденген су қосып араластырамыз сосын ыдыстың сыртына заттың формуласын концентрациясы және дайындалған күні жазылған этикетка жапсырамыз.

III Молярлық концентрациялары берілген ертінділерді дайындау

Есеп: Мыс купоросынан концентрациясы 0,1 моль/л , көлемі 500мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайындау


  1. Кристаллогидраттың (CuSO4×5Н2О) қажетті массасын есептейміз

m= C×M×V = 0,1 моль/л × 250г/ моль ×0,5 л = 12

Кристаллогидраттың өлшендісін сыйымдылығы 500 мл колбаға воронка арқылы саламыз және дистильденген сумен шаямыз. Шайынды колбаның ішіне бару керек. Үстіне колбаның белгі сызығына сәл жеткізбей су құямыз. Ертіндінің менискісі өлшеуіш колбаның белгі сызығына сәйкес келу керек.

І Ертінділерді сұйылтуға есеп шығару

Ерітінділерді сұйылтуға арналған есептерді шығаруда қолданылатын формула

W(ер.зат)=

Есеп: Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10% немесе (0,1) массасы 45г ерітіндісіне 105г су қосылды.Алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі қандай?

W(NaOH)= = =0,03 немесе 3%

Жауабы:W(NaOH) =3%

V. Ерітінділерді араластыруға есеп шығару

Ерітінділерді араластыруға байланысты есептерді мына формулаларды пайдаланып шығаруға болады.

W(ер.зат) =

18

Есеп: Натрий хлоридінің массалық үлесі 0,05 массасы 100г ерітіндімен құрамында натрий хлоридінің массалық үлесі 0,15 массасы 300г ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер



Берілгені:

W1(NaCL)=0,05 W(NaCl)= = = =0,125

W2(NaCL)=0,15 Жауабы: W(NaCl)=0,125немесе 12,5%

m1(ері)=100г

m2(ері)=300г

табу керек: W(NaCl)

Есеп: Тұз қышқылының массалық үлесі 15% массасы 300г ерітіндісін дайындау үшін тұз қышқылының массалық үлесі 20% және 12% екі ерітіндісінің қандай массаларын араластыру қажет

Есепті “Крест ережесі,” немесе “Пирсон квадраты,” әдісімен шығару жеңілдеу 1.Диагональдың сол жағындағы жоғары және төменгі бұрыштарына бастапқы есептің шарты бойынша берілген екі ерітіндінің массалық үлестерін W1 мен W2 (20% және 12%) диагональдың қиылысқан ортасына дайындалатын ерітіндінің (3-ерітінді) массалық үлесін W3(15%) жазамыз.

2. Диагональдың оң жақтағы бұрыштарына, диагональдың бойына орналасқан сандардың (массалық үлестердің) айырымдарын(үлкен саннан кішісін алып)жазамыз:

2 0 3 W1 W3 - W2



15 яғни W3

12 5 W2 W1 – W3

3. Бұл айырым сандар бастапқы ерітінділердің салмақ бөліктерін (c.б.) көрсетеді, яғни 20 ерітіндінің 3 c.б. мен 12% ерітіндінің 5 c.б. алып, барлығы.

3 c.б.+5 c.б.=8 c.б. ерітінді дайындау керек олай болса 8 c.б.=300г

1 c.б.= =37,5г

4.Тапқан c.б. мәндерін c.б. санына көбейтіп, бастапқы ерітінділердің массасын табамыз:

m1(ері)=37,5×3=112,5г

m2(ері)=37,5×5=187,5г

19

Есепті тексеру:



m3(ері)= m1(ері)+ m2(ері)=112,5+187,5=300г

Жауабы: m1(ері)=112,5г

m2(ері)=185,7г

Химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білуге эксперименттік есептер шығару

1.Тұз ерітінділері кұйылған сынауықтардың қайсысында темір(ІІІ) хлориді, мыс(ІІ) хлориді, кальций хлориді бар екенін анықтаңдар.

Әр ерітінді құйылған сынауыққа аммоний тиоцианатын тамызамыз. Нәтижесінде қызыл-қан түске өзгерген сынауықта-темір(ІІІ) хлориді, қара түске өзгергені –мыс(ІІ) хлориді ал ешқандай эффект байқалмаған сынауықтағы кальций хлориді

FeCl+3NH4CNS=Fe(CNS)3+3NH4Cl

қызыл қан тусті

CuCl2+2NH4CNS=Cu(CNS)2+2NH4Cl

қара түс

Немесе:

Әр сынауыққа NaOH тамызамыз.Қызыл-қоңыр тұнба түзілген сынауықтағы темір(III) хлориді, қөгілдір түсті тұнба түзілген мыс(II) хлориді ал реакция жүрмей, өзгеріссіз қалған сынауықта- кальций хлориді болған

F eCl3+3NaOH=Fe(OH)3 +3NaCl

қызыл-қоңыр

C uCl2+2NaOH=Cu(OH)2 +2NaCl

көгілдір

СaCl2+NaOH=

Түзілген темір(ІІІ) гидроксидін қыздырсақ күрең-қоңыр түсті темір(ІІІ) оксиді, ал мыс(II) гидроксидін қыздырсақ қара түсті мыс(II) оксиді түзіледі



2Fe(OH)3=Fe2O3+3H2O

күрең-қоңыр

Сu(OH)2=CuO+H2O

қара 20

Заттың сапалық құрамын анықтауға эксперименттік есептер шығару

1.Хлорид ионға сапалық реакция

Төрт сынауыққа 5-7 тамшыдан мынадай: бірінші сынауыққа-кальций хлориді, төртіншісіне-натрий хлориді ерітінділерін құйыңдар.

Әр сынауыққа 2 тамшыдан күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар.

Барлық сынауықтағы нәтижелерді салыстырыңдар.

Ұқсастық байқала ма? Оны немен түсіндіруге болады? Барлық жүрген реакциялардың молекулалық және иондық түрде теңдеулерін жазыңдар.Барлық иондық теңдеулекрді өзара салыстырыңдар.

Әр сынауыққа 1 тамшы концентрлі азот қышқылын қосыңдар.

Өзгеріс байқала ма? Күміс хлоридінің қышқылдық ортадағы жай-күйі туралы не айтуға болады? Хлор анионына Cl қандай ион реактив болатынына қорытынды жасаңдар.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: кальций хлориді, барий хлориді, калий хлориді, күміс нитраты, концентрлі азот қышқылы ерітінділері, сынауықтар.K

Сынауықтарға ерітінділерді құйып, оларға күміс нитратының ерітіндісін қосқанда төрт сынауықта да бірдей ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі. Себебі, реакция нәтижесінде төрт сынауықта да түзілген зат бірдей-күміс хлориді AgCl.

Реактив

CaCl2

BaCl2

KCl

NaCl

+AgNO3

AgCl

AgCl

AgCl

AgCl

Жүрген раекция теңдеулері:

Бірінші сынауықта:

CaCl2+2AgNO3=2 AgCl + Ca(NO3)2 молекулалық теңдеу

2Cl-+2Ag+ =2AgCl қысқартылған иондық теңдеу

Екінші сынауықта:

BaCl2+2AgNO3=2AgCl + Ba(NO3)2 молекулалық теңдеу

2Сl-+2Ag+=2AgCl қысқартылған иондық теңдеу

21

Үшінші сынауықта:



KCl+AgNO3=KNO3+AgCl молекулалық теңдеу

Cl-+Ag+=AgCl қысқартылған иондық теңдеу

Төртінші сынауықта:

NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl молекулалық теңдеу

Cl+Ag=AgCl қысқартылған иондық теңдеу

Бұдан әрі, сынауыққа концентрлі азот қышқылын қосқанда ешқандай өзгеріс байқалмайды. Демек, күміс хлориді азот қышқылында ерімейді.

Хлор анионына Cl- күміс ионы Ag+ реактив болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет