Аубакирова ф. Х. 5В072900 (6В07320, 6В07321, 6В07322) – «Құрылыс»


Тақырып 5. Ғимараттардың канализация жүйелері



бет9/22
Дата28.12.2022
өлшемі9,34 Mb.
#164759
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
ОПТИКА НЕГІЗДЕРІ ДӘРІС, osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz, биопэма әдісі, Ананың ыстық алақаны», Ағартушылық дәуірі, №5 Ғылыми жұмыс, pdf 20220918 221827 0000, Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен б…
Тақырып 5. Ғимараттардың канализация жүйелері
6 дәріс
1. Ішкі канализация жүйелерінің негізгі элементтерінің қызметі
2. Торапты бағыттау. Ішкі канализация торабының құбырлары, материалдары мен жабдықтары.
3. Ішкі канализация торабын гидравликалық есептеу

1. Ішкі канализация жүйелері деп ғимараттарда пайдаланған кірленген суларды қабылдап, оны тазартып сыртқы канализация тораптарына әкетуге арналған инженерлік құрылымдар мен ғимараттардың жиынтығын айтады.


Ішкі канализация жүйелері тағайындалуы бойынша мына жүйелерге бөлінеді:

  • Тұрмыстық жүйе;

  • Өндірістік жүйе;

  • Жаңбыр жүйесі.

Тұрмыстық жүйе – тұрмыста пайдаланған кірленген суларды әкетуге арналады.
Өндірістік жүйе – өндірісте технологиялық процестерде пайдаланған суларды әкетеді. Ондағы кірленген сулардың сапасы және құрамы әртүрлі болғандықтан, оларды араластырмай бірнеше канлизация жүйелерін құрып әкеткен дұрыс.
Жаңбыр жүйесі – жаңбыр және қардың еріген суларын әкетеді.
Ішкі канализация жүйелері біріккен және бөлінген жүйелерге бөлінеді. Ішкі канализацияның біріккен жүйелері шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр суларын жинап үй сыртына әкетуге арналған. Егерде кірленген сулардың құрамына байланысты оларды бірге әкетуге рұқсат етілмеген жағдайда бөлінген жүйені қолданады. Пайдаланған суларды тасымалдау үшін құбырларды немесе науаларды қолданады. Өндірісте пайдаланған сулардың сапасы төмен болса,онда кірленген суларды жергілікті қондырғыларда тазарту керек,өйткені ол сулар сыртқы канализация тораптарын зақымдауы немесе тазарту құрылымдарының технологиялық режимін бұзуы мүмкін. Жергілікті тазарту қондырғыларына тұндырғыштар, мұнай-май ұстағыштар, керегелер жатады.
Ішкі канализация жүйесі мына элементтерден турады: су қабылдағыштар
(санитарлық құралдар), гидрозатвор, этаждардағы әкететін құбырлар, тік құбырлар, жинайтын және шығратын құбырлар, желдеткіш құбыр, фасонды жалғағыш бөлшектер, тексергіш, тазалайтын тығын және бақылау құдығы.
2. Ішкі қанализация тораптарын құру үшін шойын, пласмасса, асбестоцемент, бетон, темірбетон және шыны құбырларды қолданады. Шойын құбырлар бір қонышты диаметрі 50, 100. 150 мм , ұзындығы 500-ден 2100 мм-ге дейін, іші тотықпау үшін мұнай битумымен жағылып шығарылады.
Канализациялық шойын құбырлар тегеурінсіз жұмысқа арналғандықтан, олар сынақ қысымы 0,1 МПа-ға дейін шыдайтын жұқа қабатты болады. Шойын құбырлардың бір шеті қонышты, ал екінші шеті тегіс болып келеді. Құбырларды бір-бірімен қонышпен немесе фасондық бөлшектер арқылы жалғайды. Құбырмен қоныштың арасындағы саңлауды смоланған кендір жіппен, асбестоцементпен немесе асфальтті желіммен толтырады. Қонышты жапсады бітеуді тездету үшін резиналы нығыздағыш сақинаны, тез қататын және кеңейетін цементті немесе каолин қосылған ерітілген күкірт қоспасын қолданады. Шойын құбырларды жалғағанда олардың қоныштарын судың ағысына қарсы қою керек.
Жалғағыш бөлшектерге тексергіш, бұрмалар, иіндер, үштіктер, төрттіктер, муфталар және т.б. жатады.
Пласмасса құбырларды және фасонды бөлшектерін жоғары тығыздықты плиэтиленнен және поливинилхлоридтан (винипласт) жасап шығарады. Пласмасса құбырлар агрессивті сұйықтарға төзімді, олардың салмағы жеңіл және гидравликалық кедергілердің аздығына байланысты өткізу қабілеті жоғары. Пластмасса құбырларын мына әдістермен жалғайды: 230-260 0С-ға дейін қыздырып дәнекерлейді, күшті еріткіші бар желіммен желімдейді, сақина тәрізді резина нығыздағышы бар алынбалы қонышты қосылыс арқылы жалғастырады.
Ішкі канализация тораптарын жобалау кезінде типтік қабаттардың жоспарында 1:100 немесе 1:200 масштабпен пайдаланған суларды қабылдағыштардың, әкететін құбырлардың және тік құбырлардың орналасу орындарын көрсетеді. Жертөленің жоспарында барлық тік құбырларды, жинағыш құбырларды және аулалық канализация торабының бақылау құдығына дейінгі шығаратын құбырды орналастырады. Сонымен қатар жоспарларда тексергіштердің, тазартқыштарлың және жертөледегі ысырманың орналасқан орындарын көрсетеді. Канализация тораптарының барлық элементтерін үй қабаттарының жоспарында көрсету мүмкін емес, сондықтан аксонометриялық схемасын немесе қимасын жасайды. Қимада немесе схемада барлық горизонталь құбырларды, әрбір участкенің шетіндегі белгілерін, ылдилығын және диаметрін көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Қабаттардағы әкететін құбырларға су қабылдағыштардың гидрозатворларын жалғастырады. Әкететін құбырлардың диаметрін су қабылдағыштың шығаратын диаметріне байланысты конструктивті 50 немесе 100 мм етіп қабылдайды. Әкететін құбырды тік құбырға қарай бір ылдилықпен еденнің үстіне жатқызады және оған үштік арқылы жалғастырады. Тұрмыстық және өндірістік канализацияның әкететін құбырларында бітелуді болдырмау үшін участкенің басында, кірленген сулардың қозғалу бағыты өзгерген бұрылыстарда тазалайтын тығын немесе тексергіш қарастырылады. Горизонталь участкелерде: диаметрі 50 мм құбырларда 6-15 м дейінгі ара қашықтықта, диаметрі 100-150 мм құбырларда 8-20 м дейінгі ара қашықтықта тазалайтын тығындар және тексергіштер орнатылады. Тік құбырлар барлық қабаттардан әкететін құбырлармен жиналған кірленген суларды үйдің төменгі бөлігіне тасымалдауға арналған. Оларды су қабылдағыштардың ең көп орналасқан жеріне орнатады. Тік құбырлардың диаметрін жалғастырылатын су қабылдағыштардың шығаратын тесіктерінің ең үлкен диаметрінен немесе әкететін құбырдың диаметрінен кем болмауы керек. Тік құбырларды сантехникалық кабинада, монтаждық шахталарда, блоктарда қабырғаның бұрышына жақын орналастырады. Тік құбырлардыа бітелуді болдырмау үшін екі қабаттан қейін үшінші этажда еденнен 1 м биіктікте, және де ең жоғарғы және бірінші қабатта, жертөледе міндетті түрде тексетгіш орнатылады. Канализация торабын желдету үшін тік құбырдың жоғағы жеріне желдеткіш құбыр орнатады. Желдеткіш құбырды үйдің пайдалынбайтын шатырынан 0,5 м , ал пайдалаынатын шатырдан 3 м жоғары шығарады. Тік құбырдың желдеткіш бөлігі гидрозатвордың турақтылығын қамтамасыз етеді. Желдеткіш құбырдың диаметрі тік құбырлың диаметрінен кем болмайтын шойын, асбестоцемент,пласмасса құбырлардан жасалуы мүмкін. Үйдің төменгі жерінде бірнеше тік құбырларды біріктіріп, кірленген суларды шығаратын құбырға әкету үшін жинайтын құбырды жертөледе, техникалық этажда немесе еден астындағы каналда орналастырады. Канализация тораптарын жоспарда мүмкіндігінше тіке жүргізген жөн. Жинайтын құбырдың диаметрі тік құбырлардың ең үлкен диаметрінен кем болмауы керек.
Шығаратын құбыр кірленген суларды тік құбырдан немесе жинайтын құбырдан үй сыртындағы аулалық канализация торабына әкетеді. Шығаратын құбырлардың санын жинайтын горизонталь құбырлырдың ең аз ұзындығының және тазарту тығындарының ең аз санының вариантын таңдап, тік құбырлардың орналасуын ескере отырып таңдайды. Шығаратын құбырлардың санын мүмкіндігінше аз етіп қабылдайды. Шығаратын құбырдың тереңдігін жердің тоңазу тереңдгінен 0,3 м жоғары қабылдайды, бірақ жер бетінен 0,7 м-ден кем болмауы керек. Шығаратын құбырдың диаметрін есептеу арқылы анықталады. Оның диаметрі жинайтын құбырдың немесе оған қосылатын тік құбырдың диаметрінен кем болмауы керек. Тік құбырдан немесе тазалайтын тығыннан байқау құдығының осіне дейін шығаратын құбырдың ұзындығы құбырдың диаметрі 50 мм болған да 8 м-ге дейін, диаметрі 100 мм болғанда 12 м-ге дейін және диаметрі 150 мм болғанда 15 м-ге дейін болуы керек. Шығаратын құбырдың ұзындығы үйдің іргетасынан байқау құдығының осіне дейіе 3 м-ден кем болмауы керек.
3. Ішкі канализация тораптарын есептеудің мақсаты құбырлардың диаметрін, толысу дәрежесін, қозғалу жылдамдығын және еңісін анықтау болып табылады.
Тұрмыста пайдаланған салқын және ыстық сулар канализация торабына түседі. Егерде салқын және ыстық сулардың жалпы есептік мөлшері   болса, онда секундтық максималь пайдаланған су мөлшері мына формуламен анықталады
  (6.1)
мұнда   секундтық максималь пайдаланған су мөлшері;
  – ең көп су әкететін су қабылдағыштың нормативтік пайдаланған су мөлшері, оны 1,6 деп қабылдайды.
Ал  болса, онда секундтық максималь пайдаланған су мөлшері мына формуламен анықталады
  (6.2)
Канализацияның тік құбырын есептеу үшін , ең алдымен тік құбырға қосылатын санитарлық құралдардың жалпы саны анықталады ( .
  P – ға көбейтіп кестеден   коэффициентін анықтайды. Онан кейін тік құбырдағы салқын және ыстық сулардың жалпы есептік мөлшері анықталады
(6.3)
Тік құбырдағы секундтық максималь пайдаланған есептік су мөлшері (6.1) формуламен анықталады. Тік құбырдың диаметрін этаждардан әкетететін құбырдың диаметріне тең етіп алып, тік құбырды есептік пайдаланған су мөлшерін өткізуге тексереді. Кесте бойынша этаждардан әкететін құбырлардың диаметрін және оның тік құбырға қоылу бұрышын ескеріп, тік құбырдың өткізетін рұқсат етілген су мөлшерін (  анықтайды. Егерде   болса, онда тік құбырдың тағайындалған диаметрін қабылдайды, ал  болса, онда тік құбырдың келесі үлкен диаметрін қабылдайды. Канализацияның жинайтын және шығаратын құбырларын есептеу үшін тік құбырды есептегендей, олардың әрбір учаскесіндегі секундтық максималь пайдаланған су мөлшерлерін анықтайды. Жинайтын және шығаратын құбырлрдың диаметрін тік құбырлардың ең үлкен диаметріне тең етіп алады. Олар өзін-өзі тазалайтын жылдамдықпен  есептік пайдаланған су мөлшерін өткізуді қамтамасыз ету керек. Пайдаланған судың жылдамдығы онан аз болса, онда қатты заттардың тұнбаға түсуі және канализацияның бітеліп қалуы мүмкін. Сонымен қатар құбырдың сумен толысу дәрежесі (  0,3-тен кем болмауы керек. Мұнда h - құбырдағы судың тереңдігі; d- құбырдың диаметрі.
Канализация тораптарын есептеуге арналған Федоровтың кестесін пайдаланып есептік пайдаланған су мөлшері бойынша құбырдың диаметрін, толысу дәрежесін, жылдамдығын және еңісін қабылдайды. Канализация құбырларының есебін мына шарттың орындалуы бойынша жүргізеді
  (6.4)
Егерде бұл шарт орындалмаса, онда ол участок есепсіз участок деп есептейді. Есепсіз участоктың құбырларын диаметрі d=50 мм болса i=0,03 еңіспен, ал диаметрі d=100 мм i=0,02 еңіспен салу керек. Ол участоктың басына және бұрылыстарда тексергіш немесе тазалайтын тығындарды орнату керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет