Тез бүлінетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде тасымалдаушылар тез бүлінетін тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімнің (СПС) (1970 жылғы 1 қыркүйекте Женевада жасалды) (бұдан әрі – СПС) ережелерін сақтайды.
Тасымалдаушы автокөлік құралдарын пайдалану процесінде жүргізушілердің "жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін көлік құралдары жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі міндетті медициналық тексеріп-қарауды жүргізу қағидаларына сәйкес рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ автокөлік құралдарын рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз етеді.