Автокөліктердің экологияға зияны



Дата07.02.2022
өлшемі3,47 Mb.
#84219
Байланысты:
Автокөліктердің экологияға зияны

Автокөліктердің экологияға зияны

  • Автокөліктер – экологияның ең өзекті проблемаларының бірі. Барлық көліктер түрлерінен келетін зиянның 90% автокөліктерге жатады. Түтін газдары ауаны белсенді ластап, өсімдіктерге де, жануарларға да, адамдарға да зиянды. Сонымен қатар, Жердің озон қабаты да жұқарып келеді. Бұл әлемдік проблемалар өте өзекті және қайтымсыз
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясында: Көлік өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз болуы тиіс; Жоғары техногендік және экологиялық қауіптілік көзі ретіндегі көліктің әсері ең аз шамаға жеткізілуі тиіс; Көлік оқиғаларының саны мен ауырлығын және көліктің халық денсаулығы мен қоршаған ортаға келеңсіз әсерін төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асыру көлік жүйесін дамытудың саяси басымдықтарының бірі болуы тиіс деп атап көрсеткен болатын.
  • Әлемдік автоиндустриядағы қазіргі басты бағыттардың бірі - экологиялық таза көліктер шығару болып тұр. Оның түрлі жолдары бар. Еуропа арнайы стандарттар (Еуро-3, Еуро-4) белгілеп жатса, үздік көлік шығарушы компаниялар жанар-жағармайдың экологиялық таза түрлеріне (спирт, табиғи газ) көшуде. Күн сәулесінен қуат алатын, электр тоғы арқылы жүретін көліктермен қатар, бензинді тұтынса да, жоғары сапалы нейтрализаторы болғандықтан, ауаға тым аз мөлшерде зиянды қалдықтар бөлетін автомобильдер де шығарылып жатыр. Жалпы, әлемдік автоөндірістегі экологиялық бағыт негізгілердің бірі болып табылғанымен, Қазақстанды былай қойғанда, батыстың өзінде де өте жай дамуда.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет